Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD 2 кредит Kalenova.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
996.86 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелі кешені

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк

Еуразиялық зерттеулер кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік ғылымдар

факультетінің деканы

Т.С. Садықов

_______________________

________________20____ж.

Гуманитарлық мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

ЕТР 21 12 Еуразияшылдық: теория және практика

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені

Астана 2013

Пәннің оқу-әдiстемелiк кешенін (поәк) рәсiмдеуге қойылатын талаптар тiзiмi

1. Силлабус (Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша білім алушыларға арналған оқу пәнінің бағдарламасы);

1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы

1.Пән оқытушысы: Қаленова Теңгеш Серікбайқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті.

Кафедраның байланыс телефоны: 8 (7172) 434886; kalenovats@mail.ru

Ғылыми мектеп: «Семей» мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы аспиратураны бітірген.

Ғылыми қызығушылығы аясы: Алаш қозғалысы тарихы, қазақ мемлекеттілігі, ұлттық идеология, қазіргі кездегі ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас мәселесі, Еуразия халықтары тарихы мен мәдениетін зерттеу.

2. Пәннің коды, атауы және кредит саны

ЕТР 2112- Еуразияшылдық: теория және практика, 2-кредит

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны- сабақ кестесіне сәйкес, 4 семестр.

4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері

4.1.Пәннің пререквизиттері. Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Философия, Саясаттану.

4.2.Пәннің постреквизиттері. Әлем тарихы, Еуразия халықтарының тарихы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, Орталық Азия елдерінің мәдениеті.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнінің аты- Еуразияшылдық: теория және практика.

Аталған пәнде еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері толық қамтылады. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразияшылдық идеясының мән-маңызы мен жүзеге асырылу жолдары қарастырылады.

Еуразияшылдық идеясының туындауының тарихи кезеңдері, әртүрлі ағымдары, қоғамдық-саяси ой-пікірлері туралы, Еуразиялық эконо­ми­калық интегра­ция­ның болашағы, Еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері, ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелері туралы және еуразияшылдыққа қатысты қазақстандық жоба жайында оқытылады.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты: еуразияшылдық идеяның тарихын және оның қазіргі замандағы тәжірбиелік мәнісін зерттеу.

Типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелері болжамдалады.

5.3 Пәнді оқыту міндеттері

1.Еуразияшылдықтың теориясы мен практикасы және осы идеяға қатысты қазақстандық жоба туралы жүйелі білім игеру.

2. Еуразияшылдық туралы алған іргелі білімдерін ғылыми зерттеулерде қолдану.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны

Еуразияшылдық: теория және практика курсы еуразияшылдық идеясы мен оның қайнар көздері хақындағы басты тұғырнамалар турасында ең негізгі және қажетті мәліметтер беру мақсатындағы дәрістер мен практикалық сабақтар беруді көздейді. Еуразияшылдық идеясы бұған дейінгі түрлі еуразиялық зерттеулер бағытында – негізінен орыс қоғамдық – саяси ғылыми ойының жемісі болып табылатын ойлар жүйесі мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық жаңа жобасы негізінде жаңа үрдістер мен түрленулерге ие болды.

5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары

Апта

Тақырыптың аты

Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны

БӨЖ тапсырмалары

1

Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні.

Еуразия- жағрапиялық кеңістік.

Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.

Еуразиялық кеңістік түсінігі мен «Еуразия идеясының» тарихи өзегі.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Пән бойынша әдебиеттер картотекасын жасау. Табиғи-климаттық ерекшеліктері бойынша кескін-карта жасау.

2

Еуразия халықтары және олардың жағрафиялық орналасу ерекшелігі.

Еуразия халықтарының шығу тарихы.

Орта Азия халықтарының этногенезі.

Еуразиялық халықтардың тарихына шолу жасау.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Еуразия халықтарының ежелгі мекендеген аймақтарын карта негізінде айқындау. Кесте-конспект жасау.

3

Еуразиядағы көне өркениеттер.

Көшпенділер мәдениеті.

Көне қытай мәдениеті.

Көне үнді мәдениеті.

Көне грек мәдениеті.

Еуразиялық көне өркениеттердің өзара саяси-мәдени байланыстарының ерекшелігін айқындау.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Көне өркениеттердің өзіндік ерекшелігі мен жалпы ұқсастықтарын кесте негізде көрсету. Реферат-баяндама жазу.

4

Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды

орнықтыруы.

Түркі өркениетінің ерекшеліктері.

Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті.

Орта ғасырлық түркі өркениетінің Еуразиялық кеністіктегі тарихи орнын ашып көрсету.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Орта ғасырлық түркі елдерінің тарихы мен өркениеті туралы тарихи деректерден жазбаша конспекті жасау. Реферат-баяндама жазу.

5

Алаш идеологиясы еуразияшылдық идея контексінде.

Алаш қозғалысының қалыптасуы

және дамуы.

Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі.

Қазақ зиялыларының Шығыс пен Батыс өркениеті ара-қатынасы туралы зерттеулері.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Ә.Бөкейханов

тың, М.Шоқайдың «Еуразиялық көзқарастары» деген тақырыптарда реферат жазу.

6

Еуразияшылдық идеясының қалыптасу

кезеңдері.

1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы.

КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы.

Еуразиялық идеяның негізін қалаушылардың басты идеяларына назар аудару және кейінгі сабақтастығын зерделеу.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Еуразияшылар

дың негізгі идеяларын кесте негізінде ашып көрсету.

7

Еуразияшылдық идеясының негізін салушы ғалымдар- Н.С.Трубецкой мен П.И. Савицкийдің шығармашылық қызметі.

Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы.

Н.С.Трубецкой мен П.И.Савицкидің «Еуразияшылдық идеясының» басты бағыттарын айқындау.

Дәріс-1

СӨЖ-2

Н.С.Трубецкой мен П.И.Савицкидің еуразиялық тақырыптағы еңбектерінен қысқаша конспекті жасау.

8

Классикалық еуразияшыл ғалымдар- Г.В. Вернадский және Н.Я. Данилевскийдің

еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі.

Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі.

Г.Вернадский мен Н.Данилевскийдің «Еуразияшылдық идеясының» басты бағыттарын айқындау.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Г.Вернадский мен

Н.Данилевский

дің еуразиялық тақырыптағы еңбектерінен қысқаша конспекті жасау.

9

Л.Н. Гумилевтің өмірі және

ғылыми мұрасы.

Л. Н. Гумилевтің өмір жолы.

Л.Н.Гумилевтің еңбектерінде көшпенді халықтар тарихының зерттелуі

Л.Н.Гумилевтің Еуразия халықтарының тарихын зерттеудегі үлесін ашып көрсету.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Л.Н.Гумилевтің өмірі мен ғылыми мұрасына ЕҰУ-дегі Л.Н.Гумилев мұражай-кабинеті қорындағы материалдар негізінде кесте жасау.

10

Л.Н. Гумилевтің ғылыми-теориялық

тұжырымдамалары.

Л.Н.Гумилевтің этногенез және пассионарлық теориясы.

Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.

Л.Н.Гумилевтің негізгі ғылыми-теориялық тұжырымдарына тоқталу.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Л.Н.Гумилевтің іргелі еңбектерінің біреуіне конспект жазу.

11

О.Сүлейменов еңбектеріндегі

еуразияшылдық идеясы.

О. Сүлейменовтің түркі-славян мәдени байланысы жөніндегі еңбектері.

О.Сүлейменовтің «АЗ и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеясы.

О.Сүлейменовтің еңбектеріндегі Еуразия халықтарының тарихи-мәдени байланысының ерекшеліктері.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

О.Сүлейменов

тің «АЗиЯ» кітабына тарихи эссе жазу.

12

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық тұжырымдамасы.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы.

Елбасы еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясының басты бағыттары.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Н.Ә.Назарбаев

тың «Еуразиялық жобасы» тақырыбында баяндама әзірлеу.

13

Еуразиялық интеграциядағы ТМД елдерінің ықпалдасу үрдісі

Посткеңестік кезеңдегі еуразиялық интеграциялық ықпалдасу.

ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК.

ТМД елдеріндегі интеграциялық процестердің ерекшелігін саралау.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

ТМД елдері арасындағы интеграциялық үрдістерге шетелдік дереккөздерін пайдалану арқылы салыстырмалы талдау жасау.

14

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және техногендік процес: жетістіктері мен болашағы

ЕурАзЭҚ: қалыптасуы, дамуы.

ЕурАзЭҚ қызметінің маңызы.

Қазіргі әлемдегі интеграциялық үрдістегі ЕурАзЭҚ-тың алатын орнын айқындау.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

ЕурАзЭҚ құрамын және қызметінің басты бағыттары бойынша кесте құру.

15

Кеден Одағы және Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістік: мәселелері және болашағы

Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы.

БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы.

Қазіргі кездегі мәдени, саяси және экономикалық еуразиялық ықпалдасу.

Кеден Одағының басты ерекшеліктері.

Дәріс-1

Семинар-1

СӨЖ-4

Кеден Одағының қалыптасуы және дамуы туралы конспект жазу.

Тест сұрақтарын жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]