Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелі кешені

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Ақпараттық технологиялар

факультетінің деканы

Ж.К. Нурбекова

_______________________

________________2013ж.

5B070300 - Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

Inf 1106 Информатика пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

INFS 1206 Информатика

(модульдін атауы және шифры)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Астана 2013

Силлабус

1 Баегизова Айгулим Сейсенбековна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Информатика кафедрасында доцент қызметін атқарушы

Байланыс ақпараты: 35-38-06(34-211); baegiz_a@mail.ru; бас ғимарат, кафедра 405а.

Ғылыми қызығылушылығы: Білімді ақпараттандыру. Білім берудегі инновациялық үрдістер. Жоғары білімді мамандарды тәжірибелі дайындау.

Ғылыми мектебі: Ғылыми академияның математика институты. Жетекшім - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Алексеева Л.А.

2 Информатика. Код: Inf 1106. Кредиттер саны 3.

3 Өткізу орны және уақыты: 1 семестр; сабақ кестесі бойынша.

4 Пәннің пререквизиттері: орта мектепте информатика негізі, математика, физика сабақтарында алынған білімдеріне негізделген.

Пәннің постреквизиттері: пәнді оқыту барысында алынған білімдер барлық пәндерді оқытуда қолданылады.

5 Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнінің қызметі.

Қазіргі кезеңде компьютер және компьютерлік программалардың күнделікті өмірде жұмыс құралдары ретінде қолданылу аясы кеңейіп келеді. Себебі дербес компьютерді (ДК) ғылымның, білімнің, өнердің және т.б. әртүрлі салаларында пайдалану оның техникалық және программалық жабдықтамаларын күннен-күнге арттырудың нәтижесінде үнемі кеңейіп отыр. ДК негізінде жұмысты автоматтандыру сапалы жаңа деңгейге көтеріледі, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарын жаңа информациялық технологияның базасында ұйымдастыруға мүмкіндігі артады. Информатика- болашақ мамандарды қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарына сай даярлау үшін және олардың болашақ мамандықтарына сәйкес ақпараттық технологияларды оқып- үйренуі үшін қажет базалық білімдерінің болуын қамтамасыз етуге арналған пән.

5.2 Оқу пәннің оқыту мақсаты

Информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру, пәндік салада қазіргі заманғы программаалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз ету, деректер базасын жобалау негіздерімен, желілік технологиялар негізгі концепцияларымен, “Электронды үкімет” инфрақұрылымымен, “E-Learning” электронды оқыту әдістерімен таныстыру.