Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Будда діні

.doc
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
33.28 Кб
Скачать

ДӘРІС №9

Тақырыбы: Әлемдік діндер. Будда діні

Буддизм Солтүстік Үндістанда, ең дұрысы Непалдағы Лубини деген жерде туылған Сидхартха Гаутама (б.д.д. 563-483) атты философ тарапынан құрылған философиялық дін болып табылады.

Құрушысы Гаутама жастық шағы мен жігіттік өмірін сарайда өткізген бір патшаның баласы екен. Буддизм тарихына қарағанда анасы оны тумастан бұрын түс көреді. Түсінде келешекте туылатын баласының ұлы бір ұстаз болатынын хабарлайды. Кейін Гаутама туылып, жігіт болғаннан кейін, әкесінің сарайында молшылықта өмір сүргенін рухани қанағат тұтпай, сарай өмірін тастап, орманға қаңғырып кетеді. Ол бұл өмірдің қайғыға толы екенін көріп, жалғыз өзі өмір сүруге көшеді.

Буддизм аңызы бойынша Буддаға бір күні «Білім ағашы» деп аталатын Ботхи (Інжір) ағашының астында төтенше шабыт келіп (Нирванаға жетіп), халыққа уағыз айта бастайды. Ол қалған 40 жылғы өмірін уағызға арнап, 80 жасында Кушингарада бір талдың астында қайтыс болады.

Будданың өлімінен кейін, буддизмнің монахтары буддизм дінін уағыздай бастайды. Буддизмнің кең түрде таралуына қолғабыс жасаған үнді патшасы Ашок (б.д.д. 273-236) болып табылады.

Ашок патша өзі будда дінін қабылдағаннан кейін, будда діні бүкіл Үнді түбегіне таралды. Ашоктан кейінгі патшалар да, Ашок тәрізді буддизмнің таралуына көп қолғабыс жасады. Тіпті кейін, буддизм дінін Қытай, Монғол, Жапон патшалары да қабылдайды. Түркілер арасында алғаш буддизмді қабылдаған қаған, То-По (Топа) қаған (572-588 жылдары арасында билік құрған) болып табылады. Буддизм б.д. 1-ші ғасырда Батыс Түркістанға тарала бастады. Бұл дін Орта Азия арқылы шығысқа, яғни Қытай, Корея, Жапония, Монғолия, Тибетке таралды.

Қазір бұл дін Қытай, Монғолия, Корея, Жапония, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Цейлон, Бирма, Тайланд, Непал т.б. елдерде кең түрде таралған.

Сенімдері. Буддизм құдай түсінігі кездеспейтін атеистік бір дін. Бұл дінде құдай сенімінің орнына «Буддаға сиынамын», «Дхаммаға сиынамын (дін, доктрина) », «Сангхаға (монахтар) сиынамын» деп айтып, оларға сенсе, буддизм дініне кірген болып есептелінеді. Ал бұлардың біреуін немесе барлығын мойындамаған адам буддизм дінінен емес. Сондай-ақ бұл дінде «карма», «реинкорнация», «нирвана» (туылу, өлу, қартаю қайғыларынан құтылу жетістігі) нанымдары бар. Буддистер тағы бір құтқарушы, «Меттеяның» келуін күтеді.

Ғибадат. Буддизмде Будда мүсіні, Будда естеліктері, Бодхи ағашы қасиетті саналады.

Бір буддист ғибадат жасағанда, ғибадатханаға (Вихара, Погода) кіргенде немесе үйде будда мүсінін құрметтеп, оған гүл т.б. нәрселер ұсынады. Жалпы ғибадаттары Будда мүсініне табынып, оған дұға, діни өлеңдер оқумен тұрады. Қасиетті зиярат жерлері: 1. Будданың туған жері; 2. Бодхи Гая (нұрланған жері); 3. Будданың алғаш уағыз айтқан киік паркі (Сарнадх); Будданың өлген жері (Уттар Пардес); Ганг өзені.

Ахлақ негіздері. Буддизм діні бойынша дүние мына 4 ақиқаттан тұрады: өмір туғаннан өлгенге дейін қасыретке толы; Бұл қасіреттер адамнын қалау-тілектерінен туындаған; Адам бұл қайғы-қасіреттен құтылу керек. Әйтпесе өмірі азаппен өтеді. Ал оның құтылу жолы – нирвана; Адам бақытқа яғни нирванаға жету үшін, Будданың мына сегіз тармақты жолын ұстану керек.

Буддизмнің сегіз тармақты жолы:

Тура сөз; Тура іс; Тура сөз бен тура істе әрбір буддистің мойын ұсынуы керек бес әмір бар: Еш нәрсені өлтірмеу немесе еш нәрсеге зиян тигізбеу; Ұрламау; өзін қате жолға бой ұсындырмау; өтірік, қате сөйлемеу; Ішімдік ішпеу; Тура өмір сүру. Бұл мына бес тыйымды қамтиды: Қасаптықпен (мал соймау) айналыспау; Шарапхана ашпау; Нашамен айналыспау (наша екпеу, сатпау); Қару-жарақ жасамау; Улы заттар жасап, оларды өндірмеу.Тура шешім; Тура қарау; Тура түсінік;Тура ой; Тура ниет.

Қасиетті кітаптары. Буддизмде қасиетті кітап қазақша “үш себет” деген мағынаға келетін, “Три-питака” немесе “Ти-питака” деп аталады.

Ти-питака “Виная питака”, “Сутта питака” және “Абхитхамма питака” деген бөлімдерден тұрады. Бұл аталған бөлімдерде монахтарға арналған қағидалар, діни рәсімдер, киіну әдептері, Будданың (Гаутама) өмірі, оның сөздері мен уағыздары, сөздері мен уағыздарына түсіндірмелер және буддизм философиясы т.б. тақырыптар баяндалған.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі кездегі буддизмнің үш ағымын атаңыз.

  2. Будда дінінің пайда болу тарихына тоқталыңыз

  3. Будда дінінің уағыздарында не туралы айтылады?

  4. Діни детерминизм дегеніміз не?

  5. будда дінінен бөлініп шыққын ағымды қалай түсінеміз?