Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_2013 ОБЖ_каз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
226.3 Кб
Скачать

Қр білім және ғылым министрілігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасы

Силлабус

OBZh 1111 Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша

Халықаралық қатынастар, филология факультеттерінің 1 курс студенттеріне арналған

Астана

2013

ҰЕУФ 703-01-11 Силлабус. Екінші басылым

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Уақыты: _______ 2011 ж.

Басылым: екінші

Силлабус

УҰУ

7 ден 2

1.Түсіпова Жазгүл Болатқызы, биология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультеті Қоршаған ортаны қорғаудағы басқару және инжиниринг кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылыми қызығушылығы: адамның өмір қауіпсіздігі, физиология және экология.

Байланыс телефоны: 60-58, Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасы.

2. Пәннің аты:OBZh 1111 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі».

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны: Семестр 1, сабақ кестесі бойынша.

4. Оқу пәнінің деректемелері:

4.1 Пререквизиттері: оқылатын пәнді игеру үшін – «Тәнтану», «Биология», «География», «Химия» (мектеп бағдарламасынан) тәрізді пәндер бойынша қалыптасқан білімдері қажет.

4.2 Постреквизиттері: осы пәнді теориялық және практикалық жағынан меңгеру барысында студенттер алынған білімдер мен дағдылар жүйесін күнделікті өмірде, төтенше жағдайлар кезінде, алғашқы көмек көрсетуде қолдана алады.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты

«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәні университеттің барлық мамандықтағы студенттері үшін міндетті пән болып табылады және адам өміріне төнетін жалпы қауіп – қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Сонымен бірге адам тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігін, төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында жасалатын жұмыс түрлерін, азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттерін, әртүрлі зақымдануда көрсететін алғашқы көмек түрлерін, аса қауіпті әлеуметтік аурулар және оны алдын алудың тиімді шараларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін қарастырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты

Қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері

- адамның еңбек қызметінде және демалысында қолайлы жағдай тудыра білу;

- адамды және оның өмір сүру ортасын зиянды әсерлерден қорғау;

- қауіп – қатерлерді тани білу: оның түрлерін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.;

- болғалы тұрған қауіп – қатердің алдын алу;

- қауіп – қатер болғанда, төтенше жағдай кезінде алған білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана білу және білікті іс – әрекет жасай білу.

    1. Оқу тәртібінің мазмұны

Қауіпсіздік түсінігі, Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, әсері күшті улы заттардың түрлері, тұрғындарды қорғау шаралары, терроризммен күресу шаралары, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, Қазақстандағы аса қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар, салауатты өмір салтын түзу.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Уақыты: _______ 2011 ж.

Басылым: екінші

Силлабус

УҰУ

7 ден 3