Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП биол., химия.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
611.33 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу-әдістемелік құралы

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Филология факультетінің деканы

Жарқынбекова Ш.Қ.

_______________________

________________2013 ж.

5В060700 – биология; 5в060600 – химия, 5в070100 – биотехнолоия

мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

PK(R) Ya 2114; PK(R) Ya2211, PK(R) Ya2202 Кәсіби қазақ тілі

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

Астана, 2013

Силлабус

1) Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы, практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Байланыс телефоны: 70-95-00 (+32233); Ainura-1978@mail.ru.

Ғылыми қызығушылығы: Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.

Ғылыми мектебі: ҚР ҰҒА академигі, М.С. Серғалиевтің жетекшілігімен «Антонимдік қатынастрдың көркем прозадағы қолданысы (Ғ. Мұстафин шығармалары бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2) Практикалық қазақ тілі. Код: PK(R) Ya 2114; PK(R) Ya2211, PK(R) Ya2202 . Кредит саны – 2.

3) Өткізілу орны мен уақыты: 3 семестр; бекітілген сабан кестесіне сәйкес.

4) Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері

Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек (В2 - негізгі стандартты деңгей) және жоғары оқу орнындағы қазақ тілі курсының толық бағдарламасын меңгеруі тиіс (С1 – негізгі стандарттан жоғары деңгей);

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби бейімді лексикалар мен мамандыққа қатысты терминдік сала (С-2 – негізгі стандарттан жоғары деңгей).

5) Пәннің сипаттамасы:

5.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны:

Бүгінгі таңда қазақ тілін өзге аудиторияда оқыту-үйрету барысында барынша кәсіби бағдар беру, оқу материалын мамандыққа сай құру, өз саласына бейімдеу, бір сөзбен айтқанда, «кәсіби қазақ тілін» жетілдіру мақсаты – уақыт талабына айналып отыр.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар жүйесі тіл үйренушіні бастапқы кезеңде алған білімін тереңдетуге, жаңа лексиканы (кәсіби лексиканы) талдап-меңгеруге, өз көзқарасын танытуға бағыттайды, бейнелі, астарлы қазақ сөзінің байлығын меңгеруге жетелейді. Тілді – ой-пікір білдіру, түсінісу құралын – жетілдіру, коммуникативтік мақсатқа қол жеткізу үшін мәтінмен жұмыс, трансформациялық жаттығулар, диалогтық сөйлесу мен монологтық ой қорыту; кәсіби бағдар беру, мамандық тілін қалыптастыру мақсатында терминдер мен кәсіби сөздер, синтаксистік құрылымдарды меңгерту; ақпараттық-танымдық деңгейін көтеру мақсатында қосымша деректермен қамтамасыз ету.