Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
113-160.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.8 Mб
Скачать

8.

АҒАШ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

Құрылыста ағаштың кең қолдануы оның бір қатар жақсы қасиеттерімен байланысты: құралымдық қасиетінің жоғары коэффициенті (төмен орташа тығыздықта жоғары беріктік), аз жылу өткізгіштігі, өңдеу жеңілділігі, жоғары аязға төзімділігі, химиялық тұрақтылығы. Ағашта кемшіліктерде бар: құрылымының анизотропиялығы, ылғал тартқыштығы, төмен биотұрақтылығы, шамалы отқа төзімділігі, ақаулар болуы.

Ағаш құрылыста жүк көтеретін құралымдар (арқалықтар, тіреулер, итарқалар және т.б.) дайындау, ағаш бұйымдарын (терезе жақтаулары, есік тақталары, маңдайшалар, кенерелер және т. б.) өндіру, дайын индустриалды құралымдар (жеңімделген арқалықтар, фермалар) дайындау, синтездік материалдарын (ағаш-қабатты пластиктер, ағаш-талшықты, ағаш-жоңқалы, тақталар және т. б.) өндіру үшін пайдаланылады.

Терең өңдегенде шикі зат шығуын ұлғайту, қабықты қоса барлық қалдықты өңдеуге қатыстыру есебімен ағашта ең толық пайдалану мақсатына жеткізеді .

Синтездік шатырлар, полимерлер, минералды байланыс-тырғыштарды қолдану арқылы ағаш қалдықтарынан қаситтері бойынша бастапқы шартқа сәйкес ағаштан кем түспейтін материал алуға мүмкіндік береді. Бұнымен қымбат тұратын кесілген материалдарды үнемдеуге және ормандар қорын сақтауға жетуге болады.

Ағаш құрылымы үш кесіндіні зерттеп білінеді: көлденең тарамдалған және тангельталды (8.1.- сурет). Ағаш тұқымы, оның жасы көлденең кесіндісін қарағанда айқындалады (8.2- сурет).

Кеш ағаштың тым тығыз және ерте ағаштың борпылдақ қабаттарынан тұратын көлденең центрлес­ шеңберлер жылдық будақтар (қабаттар) деп аталады.

Материалдар сапасы бірнеше физика-механикалық сынаулармен және ағашта а‹аулар болуымен анықталады.

8.1. Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау

Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқым түрін анықтауды негізгі және қосалқыға бөлуге болады.

8.1- сурет. ДiЊнiЊ негiзгi кесiндiсi

а) – кЌлденеЊ (дЌЊбек), б) – радиалды, в) – тангенталды

Негізгі белгілерге ағаштың макроскопиялық құрылысының ерекшеліктері жатады: шел қабық пен өзегінің болуы және жалпы түрі; жылдық будақтардың көруге мүмкіншілік дәрежесі және олардың келбеттері; ерте және кеш ағаштардың жылдық қабаттарының арасындағы ерекшеклік, оралмалы сәулелердің өлшемі және көруге мүмкіншілік дәрежесі; тамырлардың өлшемдері, таралуы және күйі; тік смола ағымының шамасы мен саны.

Қосалқы белгілеріне түсі, текстурасы жалтырағы, исі, массасы, беріктігі жатады.

Аспаптар : жиналмалы лупа.

Материалдар : ағаш тұқымдарының коллекциясы.

8.2-сурет. ѓЌлденеЊ кесiндi

1 – ‹абы‹ , 2 - камбий, 3 – ‹абы‹шы, 4 – ядро, 5 – Ќзек

Лупаны және айтылған белгілерді пайдаланып, ағаш тұқымдарымен танысу, жүргізілетін тәртіп бойынша 5-6 нұсқаларды баяндау және ағаш тұқымдарының атын анықтау керек (8.1-кесте) .

8.1-кесте

Ағаштың сыртқы белгілері бойынша тұқымын анықтау

Негізгі белгілер

Қосалқы белгілер

Тұқымдар тобы

Тұқымдар аты

1

2

3

4

5

8.2. Жылдық қабаттардың санын және кешкі ағаштың пайызын анықтау

Жылдық қабаттарының орташа ені және кеш (жазғы ) ағаштың пайыздық мөлшері айтарлықтай ағаштың физика-механикалық

қасиеттерін анықтайды. Механикалық сынақтар арқылы ағаштың сапасын зертханада анықтауға мүмкіншілік болмаған жағдайда 1 см2 жылдық қабаттардың санын және кеш (жазғы) ағаштың пайызын біле отырып, қолданылатын эмпиризм формуласы бойынша ағаш беріктігін жуық анықтауға болады.

Аспаптар : жиналмалы лупа, микроскоп МП6-2.

Материалдар : өлшемі 30х30х10 мм ағаш нұсқасы

8.2.1. Жылдық қабаттардың санын анықтау

30х30х10 мм нұсқаның дөңбек басына тарамдалған бағыты бойынша қарындашпен сызық түсіреді және онда керткен таңбамен бүтін жылдық қабаттарының шекаралары (а-а1) белгіленеді.

Керткен таңбалар арасындағы аралықты 0,5 мм дәлдікпен өлшейді.

N таңбаларының арасындағы жылдық қабаттарының санын есептейді. Радиустың 1 см жылдық қабаттарының санын мына формула бойынша анықтауға болады

n = N / l ,

мұндағы N – жылдық қабаттарының жалпы саны;

l – тарамдалған бағыттағы аралық.

8.2.2. Кеш ағаштың пайызын анықтау

Кеш ағаштың пайызы былай анықталады. Әр жылдық қабатта, белгіленген нүктелер аралығындағы 0,1 мм дейін дәлдікпен (8.1-сурет). МПБ-2 өлшеу микроскобымен кеш жерінің енін өлшейді Сосын осы бөліктегі кеш жері енінің барлық шамаларын жинақтайды және кеш ағаштың пайызын мына формула бойынша есептейді

m = (∑α / l) 100% ,

мұндағы α – жылдық қабаттардың жалпы саны,

l - тарамдалған бағыттағы аралық.

Талшықты бойлай сығуға ағаштың беріктік шегі онда кеш ағаштың пайыздық мөлшеріне байланыстылығы келесі эмпризм формулалары бойынша айқындалады:

Д12= 6,0 m + 300 кгк/см2 - қарағай үшін;

Д12 = 3,2 m + 295 кгк/см2 – емен үшін,

мұндағы Д12 – талшықты бойлай сығуға ағаштың беріктік шегі, кг/ см2 (ылғалдылығы 12%);

m - кеш ағаштың пайызы.

8.2 -сурет. Кеш ағаш мөлшерін анықтау үлгісі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]