Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-67.doc
Скачиваний:
118
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.93 Mб
Скачать

Хамзин с.Қ. Абдушкуров ф.Б.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША

ЗЕРТХАНАЛЫҚ – ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Колледждер мен бакалавриаттар құрылыс

мамандықтарының студентеріне арналған

А С Т А Н А 2 0 0 4

К I Р I С П Е

Құрылыс материалдарының өнеркәсібі өзімен оның дамуына Республикмыздың экономикалық потенциалы байланысты орасан зор саланы көрсетеді. Материалдарға жұмсалатын шығындар құрылыс-құрастыру жұмыстарының жалпы құнының жартысынан астамын құрайды. Құрылыс материалдарының өндірісі толып жатқан шикі заттар шығару және өндірумен байланысты. Құрылыс кешенінде күн сайын жаңа технологиялар, материалдар мен бұйымдар пайда болады, олар Қазақстан Республикасының Стандарттының (ҚР СТ) және Мемлекетаралық Стандарттарының (МСТ) талаптарын қанағаттандыру керек.

Құрылыс материалдарына ҚР стандарттары және МСТ-тар дайындаушыларға заң болып саналады, олардың талаптарын барлық көрсеткіштер бойынша қатал орындауды ескереді. Материалдардың зертханалық санауларында сандық сипаттамалары сынау әдістеріне байланысты болғандықтан, студенттермен оларды оқып білу және көрсеткіштерді бағалау негізіне Қазақстан Республикасының стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарына сәйкес біріңғай әдістеме қабылданған.

“Құрылыс материалдары мен бұйымдары” пәнін оқып білу студенттерге іс жүзінде негізгі құрылыс материалдарымен, олардың қасиеттерімен, осы қасиетерді анықтау әдістерімен, оларды құрылыста дұрыс бағалап пайдалну мақсатымен танысуға мүмкіндік беретін зертжханалық жұмыстар орындаумен қоса жүреді.

Оқу құралын жасағанда Қазақстан Республикасының стандарттары (ҚР СТ), мемлекетаралық стандарттар (МСТ) және құрылыс мөлшерлері мен ережелері (ҚМЕ) пайдаланылған.

“Жаттықтыру” құрылыс материалдары бойынша негізгі оқылыққа оқу құралы болғандықтан, мұнда студенттер оқитын көп жалпы мағлұматтар жоқ.

Қазақстан республикасының стандарттары (қр ст), мемлекетаралық стандарттар (мст), олардың атқаратын міндеті мен құрылуы Стандарттардың міндет атқаруы

Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 19 шілдесінде “Стандарттау туралы” заң қабылданған, ол стандарттау саласында қоғамдық қатынастарды тәртіпке салады, мемлекеттік жүйенің, құқықтық негізін және стандарттау бойынша мөлшерлік құжаттар жасаумен қолдану арқылы өнім саласы, процестер (жұмыстар) және қызмет көрсету мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін қорғау шараларын анықтайды.

Құрылыс материалдарының стандарттары берілген қасиеттерімен өнімдер шығаруды қамтамасыз етуге және жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы өзара қатынастарын реттеуге арналған. Стандарттар құрылыс материалдары өндірісінің технологиясы саласындғы жетістіктерді қамтып көрсетеді, құрылыс материалдары өндірісінің техникасы өзгеруі мен жетілуімен бірге өзгереді және жетіледі.

Кәсіпорындары берілген қасиеттерге сәйкес келетін өнім шығаруға міндетті. Бұл мақсат үшін біріңғай республикалық мөлшерлер болуы керек. Мұндай мөлшерлер мемлекетаралық стандарттарда және Қазақстан Республикасының стандарттарында келтіріледі. Стандарттармен қатар – құрлысшылар үшін негізгі басшылық құжат әрекеттегі “Құрылыс мөлшерлері мен ережелері” (ҚМЕ) болады, оларда құрылыс материалдары, бұйымдары және құралымдарының номенклатурасы мен негізгі өлшемдері, олардың сапасына қойылатын негізгі талаптар, ғимараттар(үймереттер) тобына байланысты құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құралымдарды іріктеу және қолдану бойынша нұсқаулар және де құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құралымдарды тасымалдау мен сақтаудың негізгі ережелері келтіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]