Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

саясат шпор 500

.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
168.96 Кб
Скачать

“Саяси процесс” ұғымының мәні?кеңістік пен уақыттағы қоғамдық саяси жүйесінің функционалдық формасы

«Адам - саяси жануар» -деген сөздің авторы?Аристотель

«Билеуші аңға тән дөрекі күшті қолдана отырып, өзінің бойына арыстан мен түлкінің қасиеттерін сәйкестендіре алуы керек» деген ойшыл?Н.Макиавелли

«Билеуші» шығармасының авторы?Н.Макиавелли

«Екінші» модернизация варианты кайда жүзеге асты?Түркияда

«әлемдік азаматтық» идеясының идеологиясы, оның негізгі мазмұны – ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттен, патриотизмнен бас тартуды дәріптейді?Космополитизм

«Заңдар» атты еңбектің авторы?Платон

«Идеология» терминін ғылыми айналымға енгізген ғалым?А.Дестют де Траси

«Консерватизм» терминінің мәні?сақтау, қорғау

«Қазақстан жолы» еңбегінің авторы?Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан Республикасы 2006-2011жж. азаматтық қоғам дамуының тұжырымдамасы» бойынша дамуының 3 сатысын көрсет?1.2006-2008 2.2009-2010 3.2011-….

«Қазақстан халқы Ассамблеясынан» Қазақстан Республикасы Мәжілісіне неше депутат сайланады?9

«Қоғамдық келісім» теориясы?мемлекеттің пайда болуын азаматтардың келісімі негізінде түсіндіретін тұжырымдама

«Левиафан» саяси трактатының авторы?Т.Гоббс

«Мемлекеттік билік құдайдан, ал барлық монархтар тек құдайдың қалауының орындаушылары ғана»-деп түсіндіретін биліктің тұжырымдамасы?теологиялық

«Мәңгі бейбітшілікке» атты еңбек қай ойшылдың шығармасы?Кант

«Олигархияның темірдей заңының» авторы кім? Р. Михельс

«Процесс» сөзінің мағынасы?Жалғасу

«Саясат» терминінің грек тілінен аударғандағы мағынасы ?мемлекеттік және қоғамдық іс

«Саяси жүйе» терминінің ғылыми айналымға еңген кезеңі?ХХ ғ. 50-60 жж

«Саяси мәдениет» терминін алғашқы рет ғылыми айналымға енгізген?И.Гердер

«Саяси мәдениет» терминің ХХ ғ. 50 ж. саяси ғылымда алғашқы болып қолданған ғалым?Г.Алмонд

«Саяси партиялар туралы» ҚР-сының заңына өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, ресми тіркеуден өту үшін саяси партияларға қажетті мүше саны?40 мың мүше

«Саяси партиялар туралы» ҚР-сының заңына сәйкес, ресми тіркеуден өту үшін саяси партияларға қажетті мүше саны?50 мың мүше

«Тарих соңы» атты еңбекке жауап ретінде шыққан С.Хантингтонның еңбегі қалай аталады?Өркениеттер қақтығысы

«Халық үшін, халық сайлаған жәнехалық билігі» деген сөздің авторы? А. Линкольн

2007жылғы саяси реформаларға сәйкес ҚР-сы Президентінің өкілетті мерзімі?5 жыл

2008ж. Президент жолдауы бойынша азаматтар үшін «әлеуметтік көтергіш» ролін атқаратын?«Нұр Отан» партиясы

2008ж. Президент жолдауы бойынша әкімшілік реформаның басты мақсаты?басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру

2008ж. Президент жолдауы бойынша әкімшілік реформаның негізгі элементтерінің бірі?елдегі жаңа кадр саясаты

2009ж. Президет Н. Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдауы?Дағдарыстан дамуға

20ғ. 70 жылдары шиеленістерді реттеуде қандай жаңашылдық байқалды:?шиеленістерді реттеу ұйымдар негізінде жүзеге асырыла бастады

Абсентеизм-бұл?азаматтардың сайлауға қатысудан жалтаруы

Абсолюттік көпшіліктің мажоритарлық жүйесінде жеңіске жету үшін қажетті минимум дауыс саны?50%+1дауыс

Авторитаризмнің мәні?билік негізен бір адамның немесе бір топтың қолында болатын, оппозицияға төзімсіздікпен қарайтын, бірақ саяси емес сфераларда жеке тұлға мен қоғамның автономдығын сақтайтын саяси режим

Авторитаризмнің мәні?биліктің бір адамның қолына шоғырландырылуы

Ағарту дәуірінің әлеуметтік-саяси ойларының негізгі жетістіктері?адамның шынайы құқығы, өзінің еркіндігі мен заң және сот алдындағы теңдігі

Адам табиғатының анализі және олардың саясатқа ықпал ететін саяси мәдениетті зерттейтін әдісті көрсетіңіз?Антропологиялық

Адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау?Геноцид

Адамды саясаттың субъектісі ретінде не анықтайды? белсенді саяси қызмет

Адамзат қауымдастығының табиғи жағдайын «бәрінің бәріне қарсы соғысы» ретінде анықтаған ойшыл?Т.Гоббс

Адамның қай түрі саясатқа байланысты конформизмге жақын?пассивті азамат

Адамның, топтың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы, рухани өмірдің ерекшелігі, ойдың бағыты?Менталитет

Азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндетін формальды түрде атқаратын қызмет адамы?Бюрократ

Азаматтардың шиеленіске түсуінің ең алғашқы концепциясын ұсынушылардың бірі?З.Фрейд

Азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау қатынасы?Бейсаясаттық (аполитичность)

Азаматтық қоғамның басты сипаты?адамдардың жалпы теңдігі туралы түсініктерін негіздеу

Ақпарат билігі, немесе көпшіліктің ақпаратты шоғырландыру арқылы қол жеткізген саяси билігі?Инфократия

Ақсақалдардың билік жүргізу принципі?Геронтократия

Алға қойған мақсатқа жету үшін амал айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі?Макиавеллизм

Алға қойған мақсатқа іс жүзінде тез жету үшін көбіне адамгершілік қағидалармен санаспай, нақтылы нәтижеге жетуге тырысатын бағыт?Прагматизм

Алғаш рет саяси лексиконға ''тоталитаризм'' терминің енгізген кім?Б. Муссолини

Алғашқы рет демократиялық шаралар қандай мемлекеттерде қолданылған?грек қала-мемлекеттерінде

Анархизмнің негізгі идеясы?қоғам мемлекеттің міндеттеу билігінсіз-ақ ұйымдаса алады

Аралас басқару формасының басты белгісін анықтаңыз?үкімет президенттің де, парламенттің де алдында жауапты

Аристократияның мәні?билік ақсүйектердің қолында болатын басқару формасының түрі

Аристотель бойынша мемлекеттің дұрыс емес формалары?тирания, олигархия, демократия

Аристотель бойынша мемлекеттің дұрыс формалары?монархия, аристократия, полития

Аристотель бойынша саяси басқару?адамдардың емес, заңның басқаруы

Аталған ғалымдардың қайсы саяси этика тұжырымын жасады?Г. Моска

Аталмыш функциялардың қайсы сот билігінің функциясына жатады?сот төрелігін жүзеге асыру

Ашықтығымен, формальды талаптардың аздығымен және кандидаттардың жеке қасиеттерін ескеруімен ерекшеленетін элитаға тандаудың жүйесі?антрепренерлік жүйе

Бағынудың қандай мотивациясында билік ең тұрақты және күшті?объектінің билік субъектісімен идентификациясы

Бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы?Аристократия

БАҚ билік ресурсінің қандай түріне жатады?Ақпараттық

БАҚ-тың ықпалына негізделген билік?Медиакратия

Басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау?агрессия

Басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, не бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып беру?Аннекция

Басқа пікірге төзімділік саяси ғылымда қалай аталады?толеранттық

Басқаларға өзі туралы белгілі бір пікір тудыру үшін жасаған субъекттің сыртқы бейнесі?имидж

Басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, плюрализмді жақтайтын партиялар?Демократиялық партиялар

Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті қолдау, оппозицияның жұмысына мүмкіндік беру?Толеранттылық

Басқару түрі бойынша Қазақстан ?Президенттік республика

Басқару формасы бойынша парламенттік республика ?Германия

Батыс саяси ғылымының негізін қалаған болып есептелетін?Н.Макиавелли

Баяу айналым мен теңсіз мүмкіндіктердің болуы басқару элитасына қайсысына тән?дезинтеграцияланған элита

Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың мақсат-мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамадардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі?Идеология

Белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым?Лобби

Белгілі бір индивидтің, көп жағдайда мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің ерекше қабілеттілігі, өзгелерден оны даралайтын қасиет харизма

Белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар?Маргиналдар

Билеуші элитаға қарсы саясатты ұстанатын элитаның атауы?контрэлита

Билік бөлінісі-бұл?заң шығарушы, атқарушы және сот билігі арасындағы өкілеттіліктің институционалдық бөлінуі

Билік бөлінісі-бұл?заң шығарушы, атқарушы және сот билігі арасындағы өкілеттіліктің институционалдық бөлінуі

Билік етуші топтың оппозиция қолына билікті беруге мәжбүрлігі?Абдикация

Билік институттарына мақсатты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер?Қысым көрсету топтары

Билік туралы ғылым?кратология

Билікке басқарудың, жоғары мәртебенің, әйгіліктің қайнар көзі ретінде қарау, қандай тұлға түріне тән? диктаторға

Билікті түсіндірудің мәндік аспектісін анықтаңыз?қоғамдық қатынастарды мәжбүрлеу негізінде қайта өзгерту

Биліктің 3 идеалды түрін бөліп көрсеткен саясаттанушы?Вебер

Биліктің бихевиористік тұжырымдамасының басты қарастыратын мәселесі?биліктік қатынастың мінез-құлықтық аспектісі

Биліктің легитимділігі?биліктің заңдылығы мен әділеттілігінің халық тарапынан мойындалуы

Биліктің легитимділігі?биліктің заңдылығы мен әділеттілігінің халық тарапынан мойындалуы

Биліктің өркениетті жүзеге асуының құралы? құқық

Биліктің ресурстары дегеніміз –?билікті жүзеге асыруда қолданылатын әдістердің жиынтығы

Бихевиоризмнің негізгі зерттеу объектісі?саяси мінез-құлық

Бійліктің бөлінуі негізінде қалыптасқан мемлекеттің басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады?Атқарушы билік

Бір адамға шексіз жоғары өкімет билігін беру арқылы басқаруды немесе осындай басқарушылық орын алған мемлекет?Автократия

Бір елдің немесе белгілі бір территорияның ең алғашқы түпкілікті халқы?Аборигендер

Бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі?Бипатридтер

Бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси, ұлттық құрылым?Автономия

Бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі жасау?Оппозиция

Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті?Бүлік (путч)

Бір халықтың басқа халықпен қатынасының нәтижесінде сол халыққа тән формалар мен мәдени белгілерін қабылдау?Аккультурация

Бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі?Ассимиляция

Бірқатар елдерде конституциялық ережелердің бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы?Конституциялық сот

Бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселелнің шешімін таңдап, біреуін ғана алу ?Альтернатива

Бірыңғай мемлекеттік құрылымды елді атаңыз?Қазақстан

Бұқаралық партиялардың пайда болуына ықпал еткен негізгі фактор?жалпылық сайлау құқығының енгізілуі

Бұқаралық партиялардың пайда болуына ықпал еткен негізгі фактор?жалпылық сайлау құқығының енгізілуі

Бұқаралық саяси партиялардың пайда болған кезеңі?ХІХ ғ. екінші жартысы

Бұл идеологияның жақтастары «Мемлекет-түнгі сақшы» принципін уағыздады?либерализм

Бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман-мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талапқа сай жаңғыртуға тырысқан батыс саясаттану ғылымындағы ағым?Неоконсерватизм

Бұрынғы пікірлерінен, көзқарастарынан айнып, дұшпандар жағына шығып кеткен опасыз, азғын адам?Регенат

В. Парето элитаның қандай басты екі типін көрсетеді?«арыстандар» мен «түлкілер»

Вето құқығы-бұл?парламентпен қарастырылып ұсынылған заңға президенттің қол қоймау құқығы

Г.Алмонд саяси жүйелерді қандай өлшем тұрғысынан жіктейді?саяси мәдениеттердің ерекшелігі тұрғысынан

Геосаясат дегеніміз ?Саяси тұжырым

Геосаясат теориясының негізін қалағандар?Ф. Ратцель, Х. Маккиндер

Геронтократияның мәні?ақсақалдардың билігі

Гильдий жүйесі және антрепренерлік жүйе-бұл?элитаға тандаудың жүйелері

Гильдия жүйесінің басты артықшылығы?Сабақтастық, консенсус

Гоббс пен Локктің пікірінше индивидтер кейбір өз құқықтарын үкіметке не үшін артады?бір-бірінен қорғау үшін

Ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым?Еуроцентризм

Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі?Мәміле (компромисс)

Демократия кезіндегі партиялардың дамуының негізгі бағыттары?партиялардың электоралдыққа айналуы

Демократияға революция арқылы өту қай елде жүзеге асырылды?Португалия

Демократияда билік көзі болып табылатын?халық

Демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс?Құқықтық мемлекет

Демократиялық режим мәні?халықтың өз еркін тікелей немесе өздерінің өкілдері арқылы жүзеге асыратын, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, оларға кепілдік беретін саяси режим

Демократиялық саяси режимнің мәндік сипаты?таңдау еркіндігі және тұлғаның өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі

Дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды ХХ ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық-саяси ағым?Неолиберализм

Дж.Локк бойынша адамдардың негізгі құқықтары?өмір сүруге, еркіндікке, меншікке

Дуалистік монархияның абсолюттік монархиядан ерекшелігі?монархпен бірге заң шығарушы органның болуы

Еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның бір түрі?Антисемитизм

Екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі?Нейтралитет (бейтарапт)

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 80-жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастарының атауы?Қырғи-қабақ соғыс

Елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат?Автаркия

Ерекше қабілетті, құзыретті, таланттылардың билігі?Меритократия

Ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау?Плебисцит

Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме?Еуропарламент

Ешбірмемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды?Апатридтер

Әкімшілік қызметті іске асыратын адамдар тобы?Бюрократия

Әлемдік саясатта мемлекеттердің қарым-қатынасындағы бірінші кезекті принцип ?Территориялық тұтастық пен тәуелсіздікті құрметтеу

Әлемдік саясаттың негізгі 3 қатысушылары?Мемлекет, халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар

әлеуметтік-саяси жүйелердің, әскери одақтардың, мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі әр түрлі саяси күштердің қарама-қарсылығы?Конфронтация

Әр түрлі игіліктер, билік пен престиж жүйесі? әлеуметтік стратификация

Жазықсыз айыпталған адамды ақтап, жақсы атын қалпына келтіру?Реабелитация

Жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси тәртіптерді және т.б. жоққа шығару?Нигилизм

Жалпыұлттық бірігу жолында этникалық және әлеуметтік-құрылымдық айырмашылықтар кедергі болатын дағдарыс қалай аталады?Бірегейлік дағдарысы

Жаңа заманда жаңғыртылған ежелгі грек ойшылдарының ойлары?табиғи құқық пен табиғи жағдай

Жаңа конституцияны құрастырып, «конституция әкесі» атағына ие болған?Томас Джефферсон

Жаппай қарулану, соғысқа әзірлену ішкі және сыртқы мәселелерді қраулы күшпен шешуге тырысқан саясат?Милитаризм

Жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі?Парадигма

Жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген ХХ ғасырдың 20-30 жж. пайда болған әдістемелік бағыт?бихевиоризм

Жеке адамдарды, халықтарды, олардың бір бөлігін еркіксіз, күшпен жер аудару?Депортация

Жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екенін сезінуі, түсінуі?Идентификация

Жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып жаншып, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі?Деспотизм

Жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт?Либерализм

Жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның түрі?Азаматтық қоғам

Жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі?Адам

Жергілікті, түпкілікті халықтарды белгілеу үшін қолданылатын, абориген сөзіне ұқсас термин?Автохтон

Жетекшілік орындарға үміткерлерді дайындау мен елдің саяси элитасын қалыптастырудан көрінетін партияның функциясы?саяси рекруттау функциясы

Жоғарғы билік дінбасымен жүзеге асырылатын басқару формасы?теократия

Жоғарғы өкімет билігі шексіз жеке дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі?Абсолютизм

Жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жасалған жазбаша өтініш?Петиция

Жоғары лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіп?Импичмент

Заң шығару орындарына тиым салу, немесе заңның күшін тоқтату?Вето

Заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік?Заң шығарушы

Заң шығарушы және атқарушы билік монархтың қолында шоғырланған басқару формасының түрі?абсолюттік монархия

Заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші?Диктатор

И.Канттің пікірінше мемлекеттің мақсаты?құқықты қорғау

Идеологияның әсерінсіз еркін, таза, ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысуды белгілейтін термин?Деидеологизация

Инженерлерге, менеджерлерге, техника ғылымдарына иек артатын саяси тәртіп?Технократия

Ішкі және мемлекетаралық қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында қарулы зорлық күшін қолдануға қарсы әлеуметтік күштердің саяси қозғалысы?Антимилитаризм

Ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау?Мороторий

Іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарына икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу?Конформизм

К. Маркстің ілімін басшылыққа алатын партиялар?Коммунистік партиялар

Кандидаттың билік баспалдағымен баяу көтерілуін қарастыратың, жетекші посттар үшін ізденушілерге көптеген формалды талаптар қоятын элитаға таңдаудың жүйесі?гильдий жүйесі

Кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы?Муниципалитет

Кейбір этностардың немесе діни топтың сырт елде тұрақты тұратын бөлігі?Диаспора

Келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандағын мәлімдеу?Денонсация

Келтірілген анықтаманың қайсы олигархияға сәйкес?ерекше құқыққа ие, бай топтың билігі

Кеңестік дәуірде туындаған шиеленістік жағдайлар олардың қатысушыларының идеялық-саяси жетілмегендігінің көрінісі деп бағаланатын. Оның себебі не?шиеленістерге деген ешқандай негіздің болмауымен түсіндіріледі

Кері шегінушілік, бір нәрсенің дамуында пайда болған құлдырау, өзегрістің нашар жағы?Регресс

Кімнің пікірінше көпшіліктің саяси тираниясы демократияның кемсіздігі?А. де Токвиль

Коалиция бұл -?саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-әрекеттерді іске асыру үшін құрылған одағы

Консерватизм дегеніміз -?қоғамдағы қалыптасқан тәртіпті және моральдік-құқықтық қатынасты сақтауға, қорғауға бағдарланған саяси идеология

Консерватизм қандай басымдықты қолдайды? адам қоғамының иерархиялығы

Консерватизмнің ''атасы'' кім?Э. Берк

Конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрі?Парламенттік республика

Конфедерация бұл?Нақты мақсатты жүзеге асыру үшін, егеменді мемлекеттердің тұрақты одағы

Конфедерацияның мәні?егемен мемлекеттердің одағын білдіретін мемлекеттің құрылыс формасы

Көне грек ойшылы демократияны дұрыс шешім қабылдай алмайтын, басқара алмайтын, жалпы игілікті ескере алмайтын демостын, төменгі таптың билігі деп білген? Аристотель

Көне қытай ойшылдардың қайсы: «Халықты бағындыруға, мәжбүрлеуге болады, бірақ не себептен екенін түсінуге мәжбүрлеуге болмайды» деген? Конфуций

Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзін бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы, бөлектенуге, оқшаулануға тырысу?Сепаратизм

Көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық азшылықтардың егемен мемлекетті немесе ұлттық автономияны құруына бағытталған ұмтылысы?сепаратизм

Көпшілік принципіне негізделген, яғни заңда қарастырылған көпшілік дауысты жинаған кандидат жеңіске жетті деп есептейтін сайлау жүйесінің түрі?мажоритарлық

Көпшілік саяси партиялар қашан пайда болды?XIX ғасырдың соңында

Кратология – бұлбилік туралы ғылым

Күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы?протекторат

Қазақстан Конституциясы Республикасының бойынша Конституцияның мызғымастығының нышаны әрі кепілі?Президент

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі?Президент

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша қандай органдарда партия ұйымын құруға жол берілмейді?әскери

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден бір бастау көзі?халық

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік тіл?қазақ

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша халық мен мемлекет билік бірлігінің нышаны әрі кепілі?Президент

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша халық пен мемлекеттің атынан билік жүргізуге құқылы?Президент

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл?1995

Қазақстандағы тәуелсіздік туралы Декларация қабылданған күн?1990ж. 25 қазан

Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелікке қабылданған жыл?1992 ж.

Қазақстанның партиялық жүйесі?Көппартиялық

Қазіргі әлемдегі кең тараған республика түрлері?Парламенттік, президенттік және аралас түрі

Қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат ерекшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар?Консервативтік партиялар

Қазіргі кездегі ғылыми түсінікте саясат дегеніміз – бұл?қоғамдағы билікке қатысты әлеуметтік қатынастар саласы

Қазіргі кезеңдегі саясат пен экономиканың өзара байланысының басты факторы?құқықтық реттеусіз және билік механизмінің ықпалынсыз ірі көлемдегі экономикалық мәселелерді шеше алмауға байланысты

Қазіргі өркениеттегі басым тенденция?Саяси және экономикалық құралдар арқылы сыртқы қайшылықтарды шешу

Қай жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқына ие?18 жастан

Қай кезеңде азаматтық қоғам қалыптасып, оның мемлекеттік институттардан айырмашылығы айқындалды?жаңа заманда

Қай теория өкілдері қоғамдық класстардың арасындағы антагонистік қарым-қатынастарды – шиеленістің қайнар көзі ретінде қарастырды?марксистік

Қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық?Мандат

Қайта Өрлеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс?Гуманизм

Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси ілімдерінің басты бағыты?гуманизм

Қандай анықтама өмірдің барлық салаларында батыстық үлгілерді көшіріп алуды болжайды?вестернизация

Қандай критерийлер арқылы саяси элита ашық және жабық болып жүзеге асады: Айналым интенсивтілігі