Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по фран 19.06.2012.doc
Скачиваний:
74
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.26 Mб
Скачать

Галамбец н.А., Жүсіпова г.М., Mұханова б.Х.

Тіл мамандығынан басқа мамандықтарға арналған француз тілінің

оқу-әдістемелік құралы

Астана, 2012

Тіл мамандығынан басқа мамандықтарға арналған француз тілінен оқу-әдістемелік құрал

(жоғарғы оқу орнының тілдік емес мамандықтарының студенттеріне арналған)

- Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012. – 258 б.

Рецензенттер:

Сыздықова Г.О. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Тяжина Е. Б.- С. Сейфуллин атындағы КазАТУ ағылшын және француз тілдері кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты

Бұл оқу-әдістемелік құрал француз тілін университетте оқытудың несиелік жүйесі бойынша тіл мамандығынан басқа мамандықтарда оқитын 1 курс студенттеріне арналған. ОӘҚ тіл үйренушілердің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу үрдісін көп деңгейлі етіп ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Оқу құралының мақсаты француз тілінен алған білімдерді жүйелеу мен тереңдету және түпнұсқалық әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болып табылады.

© Галамбец н.А., Жүсіпова г.М., Mұханова б.Х. © л.Н.Гумилев атындағы еұу, 2012

Алғы сөз

ОӘҚ-да студенттер үшiн француз тiлiнен барлық оқу дағдыларының түрлерi алдын ала жоспарланады, мақсаты қойылады, қысқаша тақырыптық шолу түрiндегi ақпараттар берiледi, ақпаратты қабылдау деңгейiн анықтау үшiн бақылау сұрақтары және тест тапсырмалары берiледi, оқу үрдiсiнде жеткен нәтижелерге байланысты оқытуды жақсарту мақсатымен әдiстемелiк нұсқаулар жасалады.

Студенттерге арналған ОӘҚ әлеуметтiк тәжiрибенi жинақтауға, өз бiлiмi мен iскерлiктерiнiң деңгейiн бағалау дағдылары мен мамандығы бойынша жұмыс iстеуге даярлық деңгейiн қалыптастыруға ықпал етедi.

ОӘҚ құрылымындағы бiлiм мен iскерлiкті репродукциялау, бiлiмдi бекiту және бақылау, жалпылау және жүйелеу, оқу ақпараттарының игерiлуi бойынша студенттердiң өздiк жұмыстары оқыту үрдiсiнiң жаңа жүйесіне негізделген.

СИЛЛАБУС

Шетел тілі (Француз тілі)

Тіл мамандығынан басқа мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған

Оқу формасы - күндізгі

Силлабус

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1) Галамбец Н.А., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 35-38-06 (54-07), (жұм.); ngalambets @ mail.ru

Ғылыми қызығушылығы: Білім ақпараты. Шетел тілін оқытудағы инновациялық технологиялар

2) Жүсіпова Г.М., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 35-38-06 (54-07), (жұм.); shussupowa@mail.ru

Ғылыми қызығушылығы: Білім ақпараты. Шетел тілін оқытудағы инновациялық технологиялар

3) Мұханова Б.Х., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 35-38-06 (54-07), (жұм.); bayan_2573@mail.ru

Ғылыми қызығушылығы: Білім ақпараты. Шетел тілін оқытудағы инновациялық технологиялар

2) Француз тілі. Коды: IYa1103, SHT1103 IYa1103, IYa1104

Кредит саны – 1 семестр-3, 2 семестр-3

3) Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны (сабақ кестесіне сәйкес)- семестр кестесімен сай келу керек

4) Оқу пәнінің деректемелері: Пән мазмұнын тиімді игерудегі француз тілін жалпы білімдік бағдарлама көлемінде меңгеру міндеті.

Алғышарттары: Кәсіби бағыттағы шет тілі.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу тәртібінің бағыты. Тіл үйренушінің мәдениаралық және кәсiби қарым-қатынас туралы интеллектуалды және эмоционалды дамуын ынталандыру, оны бөгде мәдениеттi объективтi қабылдауға және техникалық, экономикалық бiлiм жүйесiн гуманизациялау мен гуманизация принциптерiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн жалпы адамгершiлiк құндылықтарға араласуға даярлау әдiсi болып табылады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің бiлiмі мен iскерлiк дағдыларын қалыптастыра отырып, оларды коммуникативтi және кәсiби iс-әрекеттерде қолдана бiлуге үйрету. Интегративтi негiздегi коммуникативтi құзыр аясында лингвистикалық (тiлдiк), дискурсивтiк және әлеуметтiк- мәдени құзыры қалыптастырылады. Студенттердiң өз елi мен ағылшын - америка елдерінің мәдениеті, салт-дәстүрін игеруде тiлдiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, мәдениаралық қарым-қатынас жасау қабiлеттерiн қалыптастыру.

  1. - ЖОО-да алған бiлiмдi кәсiптiк iскерлiкте ары қарай жетiлдiру үшiн, өздiгiнен бiлiмдi тереңдету iскерлiгiн қалыптастыру;

  2. - тiлдiң базалық, кәсiби лексика-грамматикалық және фонетикалық минимумдарын тұрмыстық, кәсiби және iскерлiк қатынастарда коммуникативтiк-бағыттық мақсатта қолдану.

  3. 5.4.Оқу тәртібінің мазмұны

  4. -студент сөйлеу барысында алфавит әрiптерiнiң, әрiп қосындыларының негiзгi оқу ережелерiн меңгеруі тиiс;

  5. - француз тілінің лексика - грамматикалық белгілеріне қарай белгілі бір дыбыстың орфографияға сәйкес әріп және әріп қосындысы түріндегі жазылуын меңгеруі тиіс;

  6. - оқытылатын мамандықтың кәсібилігіне сәйкес қолданылатын көп мағыналы сөздердің, терминдердің, лексикалық құрылымдардың контекстік мағыналарын меңгеруі тиіс;

  7. Студенттер міндетті түрде білуі тиіс:

  8. - мәтінді оқу және сөздікпен, сөздіксіз аудару; қажетті ақпаратты табу, оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну;

  9. - бланк толтыру, резюме құрастыру, жеке және іскерлік сипатта шағын хат жаза білу;

  10. - тақырып көлемінде неміс тілінде айтылған сөздерді түсіну;

  11. - тілдің сөйлеу нормасына сәйкес өзінің ойын француз тілінде айта білу, сұрақ қою және оған жауап беру, оқытылған тақырыптық сөздердің көлеміне қарай және қарым-қатынас саласына байланысты неміс тілінде әңгіме жүргізе білу, осы және басқа коммуникативтік рөлді адекватты орындай отырып, оқылған, естіген және көрген ақпарат негізінде мазмұндай білу.

    1. Оқу пәнін оқытудың жоспары.

Француз тілін толық оқыту жалпы, арнаулы және кәсіби деңгейден тұрады. Бірінші деңгей бірінші семестрде, екінші, үшінші деңгей екінші семестрде оқытылады. Пән болашақ бағдарламашыларды неміс тілін жалпы гуманитарлық білім беру аясында үйретуге есептелген, сонымен бірге жалпы «Ақпарат» және іскерлік қатынастар барысында ғылыми ақпарат тақырыптарын ауызша, жазбаша түрде көрсетуге негізделген.