Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД, микро, 2011-2012.doc
Скачиваний:
325
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым: екінші

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

ЕҰУ ОӘК

Бет 130,130-ден

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономикалық теория кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Экономикалық факультеттің деканы,

э.ғ.к., доцент Б.А. Алибекова

________________________

«____»_____________________2012 ж.

Микроэкономика пәні бойынша

5В050506 Экономика, 5в050507 Менеджмент, 5в050508 Есеп және аудит, 5в050509 Қаржы мамандықтары үшін

Оқу-әдістемелік кешен

Астана 2012

Оқу-әдістемелік кешенін дайындаған,

доцент ___________________А.Н.Доғалов

«Экономикалық теория» кафедрасы отырысында талқыланды.

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент___________________О.В.Лашкарева

Хаттама № , , 20 ж.

Экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданды.

Төрағасы, э.ғ.к., доцент ________________Г.С.Жансеитова

Хаттама № , , 20 ж.

Мазмұны

Бағыттың атаулары

Беттері

1

Силлабус. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (SyLLABUS)

4-бет

2

Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар

12-бет

3

Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

23-бет

4

Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі

56-бет

5

Семинар, практикалық және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

57-бет

6

Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

79-бет

7

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

127-бет

1. Силлабус

«Микроэкономика» пәні бойынша бакалавр үшін силлабус,

Мамандықтар: 5В050506 Экономика, 5В050507 Менеджмент, 5В050508 Есеп және аудит, 5В050509 Қаржы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

1) Доғалов Амангелді Нажмиденұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті.

Байланыс ақпараты: ж/т: 35-38-06 (ішкі 55-01).;

Ғылыми бағыты мен қызығушылығы: Кластерлік экономиканы қалыптастыру және дамыту (құрылыс материалдары өндірісінің негізінде). Қазақстан экономикасының қазіргі макроэкономикалық мәселелері.

2) Микроэкономика. Код: Mik 1202, 1203. Кредиттер саны – 2, 3.

3) Оқу пәнінің өткізілу уақыты мен орны: 23-семестр; сабақ кестесіне сәйкес.

4) Оқу пәнінің пререквизиттері: Философия, Экономикалық теория, Экономикалық ілімдер тарихы, Қазақстанның экономикалық тарихы, Жоғары математика, т.б.

Оқу пәнінің постреквизиттері: Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат, Мемлекет және бизнес, Ақпараттық экономика, Экономикалық-математикалық әдістер, Кәсіпорын экономикасы, т.б.

5) Оқу пәнiнiң сипаттамасы.

5.1 Оқу пәнiнiң бағыты: «Микроэкономика» жоғары оқу орындарының экономика факультетінің барлық мамандықтары үшін оқытылатын міндетті пән. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Индустриалдық-инновациялық стратегияны іске асыру үшін қазiргi кезеңде Қазақстан экономикасы үшiн бiлiктi мамандар қажет. Микроэкономика пәнiн оқытудағы ең басты бағыты ол студентердiң кәсiби деңгейi жоғары болуын қамтамасыз ету, нарықтық экономиканың тетiктерiн терең түсiндiру, оны iс жүзiнде қолдана бiлуге үйрету. Сол себептi, әсiресе, экономика саласында жұмыс атқаратын болашақ жас мамандарға ерекше жаңа талаптар қойылады.

5.2 Оқу пәнiнiң мақсаты: студент-экономистердің теориялық базасын нарықтық жүйеде жеке субъектілердің экономикалық қатынастарын, мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерінің заңдарын білу арқылы тиімді шешімдерді қабылдай алу үшін дайындау. Яғни, дамудың жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық саясатын, шекті көлемдер мен тәсілдерді, экономиканы реттестіру жолдарын теориялық және тәжірибелік әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыру және мемлекет тарапынан нарықтық үрдістерді бақылау. Оқу пәнi студенттерді жаңаша ойлауға, олардың нарықтық көзқарасын, психологиясын қалыптастыруға тиiстi. Мұндай мамандарды дайындауда аталған курстың орны ерекше. Себебі бұл пән, танымдық және практикалық қызметтердi атқарумен қатар, басқа қолданбалы экономикалық пәндер үшiн әдіснамалық рөлi ерекше, әсіресе фирманы басқарудың теориялық негізі ретінде.

5.3 Оқу пәнiнiң мiндеттерi:

- әдістерді үйрету және таныстыру, логикалық-зерттеу аппаратын қабылдау арқылы микроэкономикалық талдау жасау;

- микроэкономикадан алған бiлiмдерiн басқа қолданбалы экономикалық пәндерде, күнделiктi тiршiлiкте қолдана бiлу;

- болашақ маманның нарықтық ортаға икемделуi және дұрыс және тиімді экономикалық шешiм қабылдауы үшiн нарықтық жүйе мен оның қызмет ету заңдылықтарын білу. Экономикалық құрылымда тиiмдi жұмыс iстеуге бағыттау.

Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн микроэкономика курсының мазмұнын озық iлiмдерге сүйене отырып, Қазақстан экономикасындағы ерекшеліктерді ескере отырып оқытамыз. Сонымен қатар, оқу үрдісінде кредиттік оқу технологиясын қолдануды көздеймiз.