Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК прак по пси.doc
Скачиваний:
971
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.93 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым: екінші

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

ЕҰ У ПОӘК

2-ден __бет,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кафедра _______Психология_______________

(кафедра атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Pp 2209 психология бойынша практикум (2)

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

5B050300 - Психология________мамандығының(тарының)

(мамандық атау және шифрі) студенттеріне арналған

Астана

2012

СИЛЛАБУС

1. Курс оқытушысы: Ақымбек Гулазира Шардарбекқызы,

психология магистрі

Байланыс телефоны: 87012869581. (эл.жәшігі: gulia-akimbek.81@mail.ru)

2. Пәннің аты: PP 2209 Психология бойынша практикум. 4 кредит

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны: 4 семестр, сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері

4.1. Пререквизиттер: «Жалпы психология», «жоғарғы математика», «психологиядағы математикалық әдістер», «эксперименталды психолгия» көлеміндегі арнайы білім қажет.

4.2. Постреквизиттер: Мамандану практикумы, заң психологиясы, психодиагностика негіздері.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты. Психология бойынша практикум курсы кеңес беру, коррекция, психодиагностика салаларында психологтың кәсіби әрекетінің білім, дағды, іскерліктер жүйесіне бағытталған.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.

Тәжірибеде теориялық білімді қолдануда студенттердің дағдысын дамыту, анализ, синтез және психологиялық деректерді жалпылау, тұлғаның психикалық ерекшеліктерін сипаттайтын кәсіби ойлаудың сапаларын қалыптастыру және дамыту; дұрыс қорытынды жасау және әдістің көмегімен алынған нәтижелерді логикалық салыстыру іскерлігін қалытасыру; студенттерде ғылыми зерттеу мәдениетін дамыту болып табылады.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері

 психологиялық экспериментті ұйымдастыру және жоспарлау туралы білімдерді студенттерге бері және практикада бекіту;

 практикалық және эксперименталды психологияның дамуының тарихи алғышарттарымен таныстыру;

 психологиялық зерттеулердің методологиялық негіздерін оқыту;

 психологиялық зерттеулерде пайдаланылатын әдістемелерді құрастыру;

практикада эксперименталды әдістемелерді және олардың математикалық өңдеуін жасау;

 кәсіби іскерлік пен дағдыларды жинау.

5.4. Оқу тәртібінің мазмұны

Курс психологиялық зерттеуді шешу үшін психологтарды дайындауды қамтамасыз етеді.

5.5. Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Апталар

Тақырыптар аты

Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары

БӨЖ үшін тапсырмалар

(СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ)

1 апта

Тұлғаны зерттеу. Тұлға құрылымын, психологиялық феномендерді және тұлға көріністерін, тұлғалық ерекшеліктерді, тұлғаның қалыптасуы және дамуын зерттеу.

Прак-4, БӨЖ-12. Шолу жасау

Зерттеу әдістерін классификациялаудың критерилері.

2 апта

Тұлға дамуының теориялары. Тұлғаның түрлі тұжырымдамалары және анықтамалары (іс-әрекеттік, психоанализ, индивидуалды психология және гуманистік психология және т.б. бағыттар).

Прак-4, БӨЖ-12. әдіснамалық түсінік беру

Тұлға типтері мен тұлға типологиясы жөніндегі теориялар (Гиппократ, И.П.Павлов, К.Юнг және т.б.).

3 апта

Психологиялық зерттеудегі тәжрибеші мен зерттелушінің рөлі. Психологиялық зерттеу туралы ұғым. Зерттеуді жүргізу барысында тәжірибеші мен зерттелуші ұстанатын негізгі ережелер.

Прак-4, БӨЖ-12. әдіснамалық түсінік беру

Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары.

4 апта

Темпераментті зерттеу. Темпераментті анықтауда Айзенктің тұлғалық сауалнама тесті және К.Леонгард–Г.Шмишектың бейімделеген мінездемелік сауалнамасын өткізудің сипаттамасы мен процедурасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Темпераментті анықтауда Айзенктің тұлғалық сауалнама тестінің интерпретация нәтижесі. Экстраверсия-интраверсия және нейротизм туралы ұғымдар.

5 апта

Тұлға құрылымын зерттеу. Субъективтік қадағалау деңгейін, өзіндік бағалауды, мінез ерекшеліктерін зерттеу. Рокич әдістемесі бойынша құндылықтық бағдарларды зерттеу.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Рокич әдістемесі бойынша алынған нәтижелер итерпретациясы, хаттама толтыру.

6 апта

Тұлғаның өзара қатынастарын зерттеу. Т.Лири әдістемесі: мақсаты, міндеттері, жүргізу процедурасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Т.Лири әдістемесінің 8 октантасының сипаттамалары және мәліметтерді интерпретациялау тәсілдері.

7 апта

Тұлғалық ерекшелікерді зерттеу. MMPI. Тұлғаны зерттеу әдістемесі ретінде.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

MMPI. Мәліметтерін интерпретациялаудың үш түрі.

8 апта

Дж. Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сауалнамасынығ негізгі қағидалары: қолдану мақсаты және міндеттері.

Прак-4, БӨЖ-12.

Психологиялық әдісті жүргізу

Кэтеллелдің 16-факторлық тұлғалық сұрақтамасын интерпретациялау ерекшеліктері

9 апта

Тұлғаның агрессивтілік деңгейін зерттеу. Агрессивтілік тұлға қасиеті ретінде. Басса Дарки сауалнамасы: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, өткізу процедурасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Басса Дарки сауалнамасын интерпретациялау ерекшеліктері.

10 апта

Тұлғаның мазасыздық деңгейін зерттеу. Мазасыздық деңгейі туралы ұғым. Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі. Фрустрацияны зерттеу. Фрустрация туралы ұғым. Розенцвейг әдістемесі: мақсты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесін жүргізу, алынған мәліметтерді интерпретациялау ерекшеліктері. Розенцвейг әдістемесінен алынған мәліметерді интерпретациялау ерекшеліктері.

11 апта

Конфликт жағдайындағы мінез-құлық стратегияларын зерттеу. Конфликт жағдайындағы мінез-құлық стратегиялары: бәсекелестік, бірлескен іс-әрекет, компромисс, қашу, бейімделу. Т.Томас суалнамасы әдістемесінің сипаттамасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Т.Томас суалнамасын интерпретациялау ерекшеліктері. Мәліметтерді өңдеу.

12 апта

Тұлғаны зерттеудің прективтік әдістері. Р.Бернстің «Автопортрет» әдістемесі. «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі. «Үй. Ағаш. Адам» әдістемесі.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Суреттік тесттерді қолдану ерекшеліктері

13 апта

Тұлға мотивациясын диагностикалау. Мотивация туралы ұғым. Х.Хекхаузенің тесті: мақсаты, міндеттері, қолдану мүмкіншіліктері, жүргізу процедурасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

Х.Хекхаузенің тестін интерпретациялау ерекшеліктері. Мотивациялық тенденциялар: сәттілікке ұмтылыс, сәтсіздіктен қорқу.

14 апта

Тұлғаның ядролық құрылымдарын жан-жақты зерттеу. Роршах тесті, ТАТ жасалу тарихы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

ТАТ әдістемесінің стимулдық материал ерекшеліктері, өткізілу процедурасы және мәліметтерді интерпретациялау ерекшеліктері

15 апта

М.Люшердің тұлғаны зерттеудің проективтік әдістемесі. “Люшердің түстік тесті” әдістемесінің сипаттамасы.

Прак-4, БӨЖ-12. Психологиялық әдісті жүргізу

“Люшердің түстік тесті” әдістемесінің интерпретациялау ерекшеліктері.