Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тест тарих 500

.doc
Скачиваний:
252
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
686.08 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы пәнінен сұрақтар үлгілері

1

Адамзат тарихында қай кезең ең ежелгі деп есептеледі? тас ғасыры

2

Жер бетінде алғашқы адам қашан пайда болды? 2,5-2 жыл бұрын

3

1927 жылы жердің қай аймағында синантроп табылды? Қытайда

4

Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі

5

Қазақстан террриториясын ежелгі адамдар қай уақыттан бастап қоныстанды? Б.з.д. 800-700 жыл бұрын

6

Қазақстаннның қай аймағынан адамдардың ең ежелгі тұрақтары табылды? Қаратау жотасынан

7

1958 ж. қай облыста Х.Алпысбаев жетекшілігімен ең ежелгі палеолит тұрақтары табылды? Жамбыл

8

Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған

9

«Экзогамия» термині нені білдіреді? өз қауым топтарының арасында некелесуге тиым салу

10

Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: терімшілік, аң аулау

11

Матриархат термині нені білдіреді? әйелдердің қоғамдағы дәрежесінін жоғарылауы

12

Микролит дегеніміз не? Мезолиттегі құрал тас пластина

13

Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді қай кезеңде үйренді? Неолит

14

Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолитте

15

Қай дәуірде матриархат орнына патриархат келді? Неолит

16

«Патриархат» термині қандай мағынаны береді? Еркектер беделінің өсуі

17

Қазақстанда қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. XVIII-VIII ғасырдың басы

18

«Андронов мәдениеті» атауы қайдан шыққан? Оңт. Сібір Ачинск қаласы, Андронов селосы

19

Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанға қандай мәдениет таралды? Беғазы Дәндібай

20

Қола неден құралады? Мыс пен қалайы қоспасынан

21

Көшпелі мал шаруашылығына өтуде малдың қай түрі басым болды? Жылқы мен қой

22

Қазақстанның қай аймақтарында ежелгі металлургия дамыған? Орталық Қазақстан

24

Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралды? Қазақстан, Сібір, Орта Азия

25

Қазақстан территориясында қай тайпалар алғашқы бірлестіктерді құрды сақ

26

Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.б. VII-IV ғасырлар

27

Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз:Қазақстан, Орта Азия

28

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолын мамандар қалай атайды? Дала жолы

29

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта сақтардың жерінен өткен Дала жолы материктің қай аймақтарын байланыстырды?

Қытай мен Қара теңіз жағалауы

30

Қазақстанның қай бөлігінде сақ-парадарайа тайпалары мекен етті? Сырдария мен Арал теңізі

31

Қай тайпаларды шошақбөріктілер деп атады? Сақ тиграхаудалар

32

Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу

33

Ежелгі авторлардың қайсысын «Тарихтың атасы» деп атайды? Герадот

34

«Тарих» атты 9 томды еңбектің сақтарға арналған 4-ші томын ежелгі грек авторларынан кім жазды? Герадот

35

«Алтын адам» табылған Есік қорғаны Қазақстанның қай облысында орналасқан? Алматы

36

Археологтардың қайсысы «Алтын адам» табылған Есік қорғанын тауып, зерттеді? Ақышев

37

Акинак дегеніміз не? Сақтардың қысқа қылышы

38

Аңыз бойынша сақ патшасы Томиристің бұйрығымен жаулап алушылар ішінен кімнің басы шабылды? Кир

39

Александр Македонскийдің бұйрығымен сақтардың жерінде салынған қала қалай аталады? Шеткі Александрия

40

Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? А. Құнанбаев «Ескендір»

41

Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль

42

Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: гуньмо

43

Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Б.з.б. 177 жылы Жетісуда

44

Шыңғысханды император етiп жариялаған бүкiл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206

45

Отырар қаласының монғол әскерлерiнен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5-6 ай

46

Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар елiне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан

47

XII-XIVғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi: оң және сол қағанаттарға бөлу

48

Жошы ұлысы мен Алтын Ордада империя кiмнiң меншiгiнде деп есептелдi? Хан тұқымдарында, Шыңғыс

49

1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiм қабылданды. Ол жорықты кiм басқарды? Батый

50

Көшпелi Өзбек мемлекетi қашан құрылды? XV ғасырдың 20 жылдары 1428 жылы

51

Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық Жайықтың төменгі ағысы

52

XIV ғ. орта кезiнде Шағатай мемлекетi екiге бөлiндi. Батыс бөлiгiн Мәуераннахр деп атаған, ал Шығыс бөлiгі қалай аталды? Моғолстан

53

Атақты “Тарихи Рашиди” атты еңбектiң авторы: М.Х Дулати

54

Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзген: Мұхаммед Шайбани

55

XIV ғ. орта кезінде Моғолстанның саяси өмiрiнде қай тайпалардың басшылары ерекше рөл атқарды? Дулат

56

Ақ Орда мен Көк Орда атаулары қай ұлыстың әртүрлi бөлiгiн құрады? Жошы ұлысы

57

Өзiнiң қарсыластарымен ұзақ күрестен кейiн, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеушi болған кiм? Ә.Темір

58

Алтын Ордада хан жарлықтары қай тiлде жазылды? Түрік тілінде

59

Ақ Орданың астанасы қай қала? Сығанақ

60

Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс

61

XVғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі кімдердің арасында болды? Жошылықтар мен Шайбанилердің арасында

62

1480 ж. Жәнiбектiң орнына хан болған: Бұрындық

63

XV-XVІІ ғғ. қазақ қоғамы қандай екi әлеуметтiк топтан тұрды? Ақ сүйек, қара сүйек

64

Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан

65

Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға қолдау жасап, көмек көрсеткен қолбасшы: Жалаңтөс батыр

66

“Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан, көптеген толғаулардың авторы, Ұлы Жүздің биі:

Төле би

67

ХУІ-ХУІІ ғғ. “Ұлыстың ұлы күні” деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз мейрамы

68

Жошының ұлы Орда Ежен Ордасы қай жерде орналасты? Ертісте

69

Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Барлық жауап дұрыс

70

Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек

71

Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір

72

ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІУ ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәденитеттің құлдырауының себептері: Барлық жауап дұрыс

73

Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет

74

Қазақ хандығының құрылуының объективті алғышарттары: Барлық жауап дұрыс

75

Билігінің соңғы жылдарында Бұрындық хан қайда кетуге мәжбүр болды? Мәуеренахр

76

1594 ж. Мәскеу патшасы Федорге қазақ елшілігін бастап барған кім? Құл Мұхаммед

77

Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздармен

78

Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан

79

Қандай оқиға1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? Отырар апаты

80

Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221

81

Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224

82

Қазақстан территориясы Монғолдың 3 ұлысының құрамына енді, кіші ұлы Төлеге қай жерлер берілді? Монғолия

83

Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227 жыл

84

Алтын Орда мемлекетінің негізін салған кім? Батый

85

Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық

86

Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Сығанақ қаласы қандай рөл атқарды? Астана

87

Неге Баласағұн қаласы Шыңғысханға соғыссыз берілді? Күшліктің мұсылмандарға қысымынан құтқарушы деп қабылдады

88

Деректерде Бату әскері қалай аталды? Татар

89

Алтын Ордада салықты кім жинады?Басқақтар

90

Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан

91

Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428 жыл

92

Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза

93

Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді ? Князь

94

Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? XV-XVI ғасыр

95

Көрсетілген Қазақ хандығының қалаларынан діни орталықты көрсетіңіз: Йассы

96

Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды Орыс хан

97

Батыста феодалдық жер үлесі бенефиций, Ресейде – поместье, ал Шығыста қалай аталды? Сойырғал

98

Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457 жыл

99

Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468 жыл

100

ХҮІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасым хан

101

Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510 жыл

102

ХҮІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан

103

Ағасы қайтыс болғанда оның әйелі інісіне тұрмысқа берілетін дәстүр қалай аталады? Әмеңгерлік

104

Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым

105

Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен, Қызыл аңғар

106

Қай жазба дерегі үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет береді? Цыма сянь, қытай «Тарихи жазба»

107

«Кангюй» термині тарихи деректерде алғаш қашан айтыла бастады? Б.з.б 2 ғасыр, қытай деректерінде

108

Көптеген деректердегі пікірлер бойынша ғұндар: Түркі тілдес

109

Бұмын қаған титулын қай жылы алды? 552 жыл

110

Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553 – 572 жыл

111

582-603 жылдар қандай кезең? Түрік қағанатын ыдыратуға алып келген бүлік

112

Батыс Түрік қағанатының астанасы: Суяб

113

Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715 – 738 жылдар

114

Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақтар

115

Иқта, (Издольщина), уакф (вакф), коммендация. Жер иеленудің бұл түрлері қай мемлекетте кеңінен таралды?

Қарахан әулетінде

116

Қай халықтың жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ

117

Кімдердің әскери қолбасшысына сюбашы титулы берілді? Оғыз

118

Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз

119

Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен

120

Ертедегі түрікілерде «мемлекет» сөзінің баламасы: Эл (ел)

121

«Он оқ бұдын» деп: VII ғ Батыс түрік қағанаты

122

Қара.. және Сары ... – бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түркештер

123

Бірінші Түрік қағанатынның ақсүйектері арасында таралған әлемдік діндердің бірі: Буддизм

124

ХІ ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керей

125

Алғаш ежелгі түркі жазбасы ескерткіштері қашан ашылды? 1721 – 1722 ж

126

Түркі сына жазбасын оқыған: С.Томсон

127

Ежелгі түркі алфавиті қанша белгілерден тұрады? 37 – 38 таңба

128

В.В.Радлов алғаш түркі ескерткіштерінің мәтінін қай жылы жарыққа шығарды? 1894 жыл

129

Көпшілікке танымал түркі сына жазба ескерткіштерінің орналасқан жері: Монғолия

130

М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029 – 1101 ж.ж

131

Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870 – 950 ж.ж

132

Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу алқабы

133

Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан

134

«Түрік» сөзі нені білдіреді? Күшті, мықты

135

Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс

136

Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581 – 583 жылдар

137

Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603 – 704 жылдар

138

Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552 – 603 жылдар

139

Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары

140

«Түрік» этнонимі қай жылнамаларда кездеседі? Қытай

141

Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704 жыл

142

«Халықтар шайқасы» қай жылы болды? 751 жыл

143

Керей мемлекеті қай ғасырда құрылды? X ғасырдың басында

144

Керейлер христиан дінін қай жылы қабылдады? 1007 жылы

145

Найман тайпалық одағы қалай аталды? Сегіз оғыз

146

Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756 – 940 жылдар

147

«Тәңірі» дегеніміз: Аспан

148

Б.з.д. УІ-ХІІ ғасырлар Қазақстан тарихында қандай кезең? Түрік кезеңі

149

Тұтық дегеніміз: Аймақ

150

Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20

151

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: IX – XI ғасырдың басы

152

Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942 – 1210 жылдар

153

Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: XI ғасырдың басы – 1219 жыл

154

Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: IX – XI ғасырдың басы

155

Қимақ қағанатының астанасы: Имақия

156

Қарахандар мемлекетінің астанасы: Шығысында – Баласағұн, батысында – Бұқара

157

Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент

158

“Түрік” этнонимі алғаш қашан атала бастады? 542 жыл

159

Түрік қағанатының негізін қалаған: Бумын

160

Батыс Түрік қағанатының негізін неше тайпа құрады: 10 тайпа

161

Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603 жылы

162

УІІ ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Тон жабғу

163

704 ж. Жетісудағы билікті алған түркі тайпалары: Түркеш

164

Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үш елік

165

Шыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4 ҰЛЫС

166

Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек пен Жәнібек

167

Шыңғысханның заңдар жинағы: Жасақ, Ясса

168

Алтын Ордада қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды? Өзбек хан

169

Бұл қаған елді әрқайсысы 7 мың әскерден тұратын 20 түтікке бөлген: Үш елік

170

Қыпшақтар шаруашылығының негізгі түрі: мал шаруашылығы

171

«Жүз» термині нені білдіреді? Тарихи шаруашылық аймақ

172

Ақ Орданың құлауы қай мемлекеттермен байланысты? Ноғай Ордасы және Әбілхайыр хандығы

173

Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Еділ мен Жайық арасы

174

Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348 жыл, Тоғылық Темір

175

Бөгенбай батыр басшылығындағы орталықтанған қазақ қолын құру туралы шешім қабылдаған 1710 жылғы құрылтай қай жерде болды? Қарақұм

176

ХҮІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті жарғы

177

“Жеті жарғы” заңдар жинағы бойынша көп жағдайда қандай жазалау шаралары қаралды? Құн төлеу

178

Қазақ қоғамының қай тап мүшелері би сотының қарауында болмады? Сұлтандар

179

“Жеті жарғы” заңдар жинағы қай хан тұсында жасалып, қабылданды? Тәуке

180

“Жеті жарғы” заңдар жинағын жасауға төмендегі қайраткерлердің қайсылары ат салысқан? Төле, Қазыбек, Әйтеке билер

181

Қазақ қауымының қай тобы “ақ сүйек” қауымына жатқан? Шыңғыс ұрпақтары

182

Қазақ қауымында кімдерді “қожалар” деп атаған? араб тұқымдары

183

Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Ақсүйектер

184

Қазақ қоғамында сот билігі қызметін кім атқарды? Билер

185

ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғарлар

186

Қай жыл “Ақтабан шұбырынды” деп аталды? 1723 – 1727 жыл

187

1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр хан қандай мақсатпен Еділ қалмақтарына қарсы жорық жасады?

Қалмақтар мен жоңғарлар арасында одақ құруға жол бемеу

188

Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім ай

189

1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып кім сайланды? Әбілхайыр хан

190

1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы шайқаста қазақтар кімге қарсы соғысты? Қалмақтар

191

ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті?

192

1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы

193

Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720 жыл

194

Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730 жыл 1 қыркүйек

195

Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731 жыл, 19 ақпан, Кіші жүз

196

1731-жылы 10-қазанда Кіші Жүз ханының ордасына Анна Иоановнаның елшісі ретінде орыс шенеунігінің қайсысы келді? Тевкелев

197

Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731 жыл, қаңтар

198

Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734 жыл

199

Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734 жылы

200

Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кирилов

201

Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды? XIX ғасырдың 50 – 60 жылдары

202

А.И. Тевкелеев кім еді? Сыртқы істер коллегиясының тілмашы

203

Қай қазақ ханы ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр

204

Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы

205

Қазақ жерін отарлау саясатын Ресей патшалығы неден бастады? Қамалдар, бекіністер салудан

206

Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748 жылы

207

1748-жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші Жүздің ханы болып кім сайланды? Нұралы хан

208

Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы қашан қабылданды? 1742 жылы 2 қыркүйек

209

Абылай ханның билік құрған жылдары: 1771 – 1781 жылдар

210

Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр

211

ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай хан

212

Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің қай бөлігінің билеушісі ретінде таныды? Орта жүз ханы

213

Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүзде билік басына кім келді? Уәли

214

ХІХ ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Ш. Уалиханов

215

Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758 жылы, Цинь империясы

216

Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев көтерілісінен

217

«Көрінбес қозғалысының» (партизан қозғалысының) ұйымдастырушысы кім болған? Сапура деген қазақ қызы

218

Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды? 1773 – 1775 жылдар

219

Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? С. Датұлы

220

Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783 – 1797 жылдар

221

Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан

222

Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы хан

223

1786-жылы Кіші жүз ханы Нұралының биліктен кету себебі неде? Барон Игельстром реформасына байланысты Екатерина II грамотаға қол қоюы

224

С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797 жылы Есім хан

225

1783 – 1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары: Нұралыны биліктен тайдыру, Жайықтың оң жағалауын қайтару, қазақтарды тонауды тоқтату

226

Кіші жүздегі Игельстром реформаларының негізгі мақсаты? Хандық билікті жою

227

Барон Игельстромның реформасының нәтижелері қандай болды? Реформа жүзеге асқан жоқ

228

Ішкі (Бөкей) Орда қай жылы құрылды? 1801 жыл

229

Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Жайық өзені бойында, бекініс тылында орналасты

230

Ішкі (Бөкей) Орда Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Еділ мен Жайық аралығында (Орал)

231

1801 жылы Ішкі Ордасының билеушісіне тағайындалған кім? Бөкей

232

Қай жылдары Ішкі (Бөкей) Орданы Жәңгір хан биледі? 1823 – 1845 жыл

233

1812 жылы Наполеонға қарсы Отан қорғау соғысында қазақтар қандай әскери-ұлттық құраманың қатарында болды? Башқұрт полкі

234

ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір хан

235

Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады

236

Жәңгір хан саясатының қай мәселелердегі әрекеті Ішкі Орда тұрғындарының наразылығын туғызып, көтеріліске итермеледі? Жер реформасының жүргізу әдістері

237

Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін кім басқарды? Махамбет пен Исатай

238

1836 – 1838 жылдары Бөкей ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Шаруалар

239

Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің ең ірі шайқастары қай жерлерде болды? Тастөбе түбінде, Ақбұлақ өзені

240

Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ

241

1822 – 1824 жылдары бір орталықтан басқаруға арналған реформаның негізгі мақсаты қандай? Кіші және Орта жүздегі хандық билікті жою

242

1822 – 1824 жылдардағы реформа қандай құжаттар негізінде жүргізілді? Сібір және Орынбор жарғысы

243

«Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» авторы кім? Сперанский

244

«Сібір қырғыздары туралы Жарлығына» байланысты Орта жүз жері қалай атала бастады? Сібір қырғыздарының аймағы

245

Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822 жылы

246

«Сібір қырғыздары Жарғысы» бойынша дәстүрлі билер соты қандай өзгеріске ұшырады? Билер сотының билігі шектелді

247

«Орынбор қырғыздарының Жарғысы» қай жылы қабылданды? 1824 жылы

248

«Орынбор қырғыздарының Жарғысына» қандай жаңа жоспарлар еңгізілді? Арақашықтыққа бөлу

249

Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824 жылы

250

Ішкі (Бөкей) Ордадағы хандық билік қашан жойылды? 1845 жылы

251

Ішкі (Бөкей) Ордасының соңғы ханы кім болды? Жәңгір

252

Ішкі (Бөкей) Ордасында хандық билік жойылғаннан кейін жоғарғы билік кімнің қолына көшті? Орыс шенеуніктерінің басқару кеңесі

253

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1837-1847 жылы

254

К. Қасымұлы бастаған көтеріліске қай жүздің қазақтары қатысты? Үш жүз

255

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? Бүкіл Қазақстанды

256

Қай жылы К. Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841жылы

257

К. Қасымұлы кімдердің қолынан қаза тапты?қырғыз манаптарының

258

Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836 жылдардағы көтеріліске қатысқан Кенесарының ағасы, Абылайдың немересі

259

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұқхамбетұлы

260

Верный әскери бекінісінің негізі қай жылы қаланды? 1854 жылы

261

1853 жылы орыс әскерлері жаулап алғаннан кейін Ақмешіт бекінісі қалай аталды? Перовск

262

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысы басталды

263

1864 жылы Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерін біріктіру шараларында полковник Черняевтың экспедициялық корпусы құрамында қазақтың қай ақсүйегі болды? Шоқан

264

Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864 жылы Шымкенттің алынуы

265

«Сырдария және Жетісу обылыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы қабылданды? 1867 жылы 11 шілде

266

1867 жылғы уақытша Ереже бойынша Сырдария және Жетісу обылыстары қай генерал-губернаторлыққа бағынды? Түркістан генерал губернатырлығына

267

Батыс - Сібір генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Омбы

268

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлыққа өтті? Батыс Сібір

269

1868 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Ташкент

270

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасы қай әкімшілік аймаққа еңгізілді? Астрахань

271

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтарды әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызмет етуге шектелуі неден көрініс алды? Қазақтар болыстан жоғарғы лауазымда болмады

272

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша соттар жүйесінің төменгі сатысы қалай аталды? Билер мен қазылар соты

273

1870-1873 жж. қазақ шаруалырының көтерілістері Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды? Маңғыстау үстірті

274

Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару қашан басталды? XIXғасырдың 80 жылдары

275

«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1886 жылы 2 маусым

276

1891 ж. қабылданған облыстарды басқару туралы Ережеге сай қандай генерал - губернаторлық құрылды? Дала генерал губернаторлығы қосылды

277

1891 ж. құрылған Дала генерал-губернаторлығының орталығы қай қала болды? Омбы

278

ХІХ ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? 15 жылға салықтан босатылды

279

Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871 жылы

280

1881-1884 жж. қандай акт негізінде Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуі жүзеге асырылды? Санкт петербург келісімі 1881 жылы

281

1881 ж. Санкт-Петербор келісімінде Іле аймағының ұйғыр және дұнған тұрғындары үшін қандай артықшылықтар қарастырылады? Қытай Ресей бодандығын еркін таңдау

282

1881-1884 жж. Шығыс Түркістаннан Жетісуға қандай халықтардың өкілдері қоныстанды? Ұйғырлар мен дүнгендер

283

Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептер алғаш рет қашан және қайда ашылды? 1841 жылы Бөкей ордасында

284

ХІХ ғ. Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды? Отарлаушы аппарат үшін қазақ жастары арасынан ұсақ шенеуніктер тағайындау

285

ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медреселер ашуға

286

Ш.Уәлиханов өмір сүрген жылдары: 1835-1865 жылдары

287

Ш.Уәлиханов аталған оқу орындарының қайсысын бітірді? Омбыдағы Сібір кадет корпусы

288

Ш.Уәлиханов өзінің еңбек жолын бастауда аталғандардың ішіндегі қандай лауазымда болды? гасфорт Адъютант

289

Ш.Уәлиханов ориенталистика саласындағы еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды? Ресей империясының географиялық қоғамының алтын медалімен

290

Қандай ғылыми еңбек Ш.Уәлихановқа бүкіл әлемдік танымдылық әкелді? Қашқарияға сапары

291

Ш.Уәлиханов қай орыс жазушы - демократымен дос болды? Достаевский

292

Ы.Алтынсарин Қазақстанның қай облысында мектеп инспекторы лауазымын атқарды? Торғай облысында

293

Ы.Алтынсариннің бастамасымен Торғай облысында қандай түрдегі оқу орындары ашалды? Қазақ орыс мектеп училищелері

294

ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қай қазақ қайраткерінің бастамасымен қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орны ашалды? Алтынсарин

295

«Қырғыз хрестоматиясының» авторы кім? Алтынсарин

296

Ы.Алтынсарин төменде көрсетілген қай шығарманың авторы? Қырғыз хрестоматиясы

297

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары: 1845-1904 жылдары

298

Абай Құнанбаевтың шын аты: Ибрахим

299

Абай Құнанбаев қандай оқу орнында оқыды? Семейдегі Ахмет Риза медресесі

300

Көрсетілген шығармалардың қайсысын Абай жазды? Ескендір

301

Абайдың қай шығармасында оның философиялық - этикалық көзқарастары толық бейнеленген? Қара сөздер

302

Қай орыс жазушыларының шығармаларын Абай қазақ тіліне аударды? Пушкин, Лермонтов, Крылов

303

ХІХ ғ. екінші жартысындағы қай қазақ композиторлары «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерінің авторы? Құрманғазы

304

Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбеттер кім болды? Көрнекті күйші, домбыра музыка классиктері

305

ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбектің авторы: Левшин

306

ХІХ ғ. қай Ресей ғалымы Жетісудың табиғатын зерттеді? Семенов Тянь Шанский

307

А.С.Пушкин 1833 ж. Пугачев көтерілісіне материалдар жинау үшін Қазақстанның қай қаласына келді? Орал

308

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? Дулатов

309

Қазақ тіліндегі мерзімді басылым қашан шықты? 1870 жылы XIX ғасырдың аяғы

310

1888-1902 жж. қазақ тілінде қандай газет шығарылды? Дала уалияты

311

ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда қандай өндіріс саласы дамыды? Тау кен

312

Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы қашан салынды? 1901 -1905 жылы

313

ХХ ғ. басында Қазақстанда қандай темір жол торабы болды? Орынбор Ташкент

314

1905 ж. желтоқсанда қандай өнеркәсіпте тау - кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы болды? Успен кеніші

315

1905 ж. желтоқсандағы толқулар барысында Успенск руднигінің жұмысшылары қандай ұйым құрды? Оыс қазақ жұмысшылар одағы

316

Патша үкіметі атына петиция қабылданған қазақтардың Қоянды съезі қашан болды? 1905 жылы 25 шілде

317

Қандай оқиға қазақ зиялыларын ұлт - азаттық көтеріліс сахнасына шыққандығы жөнінде хабардар етті? Қоянды съезі

318

Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар: Тынышбаев, Бөкейханов, Қаратаев

319

Қазақ қайраткерлерінің қайсысы Выборг қаласындағы І Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелерінің жиналысына қатысты және халыққа үндеу жазып, сол үшін үш ай түрмеге қамалды? Бөкейханов

320

ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алып сөйлеген қазақ депутаты: Бөкейханов

321

Столыпин реформасы қай жылдары жүзеге асырылды? 1906-1910(12) жылы

322

ХХ ғасырдың басындағы Столыпин реформасы қандай мәселеге арналды? Аграрлық

323

ХХ ғ. бас кезінде Столыпин реформасы кезінде қазақтардан қанша жер Көші-қон қорына алынды? 17 млн

324

1917 жылға дейін Қазақстанда жалпы шарулар қоныс аударуы басталған кезеңнен қазақтардан қоныс аударушылар қорына қанша жер үлесі тартылып алынды? 45 млн

325

«Айқап» журналының алғашқы саны қашан жарық көрді? 1911 жылы 11 қаңтар Тройцкіде

326

«Айқап» журналының редакторы және шығарушысы кім болды? Сералин

327

«Қазақ» газетінің алғашқы саны қашан жарық көрді? 1913 жылы 2 акпан Орынборда

328

«Қазақ» газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? 1913-1917 жылдар

329

«Қазақ» газетінің бас редакторы кім ? Байтұрсынов

330

1916 ж. қазақтар көтерілісінің шығуына не себеп болды? 1916 жылы25 маусымдағы тыл жұмысына алу туралы жарлық

331

Қазақстанда ер адамдарды тыл жұмысына алу туралы патша жарлығы қашан шықты? 1916 жылы 25 маусым

332

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан қашан жойылды? 1920 жылы мамыр Солт. Жетісу майданы

333

Біртұтас қазақ Кеңес мемлекетіне қазақ жерінің бірігуі қашан аяқталды? 1924 жылы

334

1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін кім басқарды? Радус Зенкович

335

Сырдария облысында ең алғаш рет Кеңес өкіметі қай қалада орнады? Перовскіде

336

Ресей қол астындағы Түркістан автономиясын жақтаған, сталинизмді сынап бірнеше еңбек жазған ірі қоғам қайраткері? Мұстафа Шоқай

337

Өзін қазақ елінің үкіметі атаған «Алашорданы» тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1919 жылы қазан

338

Күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі Қазақстанда қай жылдары болды? 1929-1931 жж

339

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққандар қандай идеяны талап етті? өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату

340

Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмысын кім басқарады? Рысқұлов

341

Қай жылы Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен өзгерту» туралы қаулы қабылдады? 1925 жылы

342

Қашаннан бастап БК П (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды? 1925 жылы қыркүйек

343

Ф. Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды? 1925-1933

344

1932 ж. шілдесінде республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты» кімге жолданған еді. Голощекин

345

«Алжир» деген лагерьде қандай адамдар қамауда болды? Халық жауларының әйелдері

346

Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған: Мирзоян

347

Айтылған халықтардың ішінде Қазақстанға алғашқы көшірілгені қайсысы? Кәрістер

348

Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді? әкімшілік әдіспен

349

«Үш жүз» партиясының басшылары қандай саяси бағыт ұстады? Социалистік

350

Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? Орынбор

351

Қазақ халқының 1000 әні мен «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» жинағын шығарған композитор, әрі этнограф кім? Затаевич

352

Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай елдің құрамына енуі қажет еді? Үлкен Түркістан

353

«Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру» деген ұғым нені білдіреді? өндірісті соғыс бұйымдары ретінде шығаруға бейімдеу

354

1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның қай аймағында соғыс жағдайы енгізілді? Орал, Гурьев

355

Қазақ ҚСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? Сатпаев

356

Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш? Бигельдинов

357

Кеңестер Одағы Батыры атағын алған ең жас қазақ? Елеусізов

358

Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі: XIXғасырдағы 20-40 жылдардағы Қазақстан

359

Қай жылы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық- ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылды? 1952 жылы

360

Қай жылы Семей полигонында алғаш ядролық сынақ өткізілді? 1949 жылы 28 қаңтар

361

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы? 1954 жылы

362

Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж. Шаяхметовтың орнынына Қазақстан Компартиясының ОК І хатшысы болып сайланған: Пономаренко

363

КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон қандай үш облыстың түйіскен жерінде болды? Семей, Қарағанды, Павлодар

364

1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерінің қанша мөлшері жыртылды? 6,5 млн гек

365

Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз:барлығы

366

1953 жылы 27 қазанда темір жол тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады. Осы жол төсемін атаңыз: мойынты шу

367

1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігін құрушылардың бірінің есімін атаңыз: Әуезов

368

КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қандай баға берілді? Қазақ ұлтшылдығының көрінісі

369

Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград (Ақмола) жастары қашан қарсы шықты? 1979 жылы маусым

370

Алғаш кеңестік «Невада - Семей» қозғалысының бастамасы қашан салынды? 1989 жылы ақпан

371

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қашан қабылданды? 1991 жылы 16 желтоқсан

372

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан бекітілді? 1992 жылы 6 маусым

373

Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің қызмет орны туралы қаулыны қашан бекітті? 1990 жылы 24 сәуір

374

1990 ж. 25 қазанында қандай тарихи оқиға болды? Қазақстан Республикасның егемендігі туралы декларациясы

375

Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына мүше болдып қашан қабылданды? 1992 жылы 2 наурыз

376

ҚР Президенті Қазақстанның астанасы Акмола болуы жөніндегі қаулыға қашан қол қойды? 1995 ж қыркүйек

377

Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? 1995 жылы 1 наурызда

378

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес басқарудың қай түрі бар? Президенттік

379

Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14 облыс

380

«Кіші Қазан» идеясын ұсынған кім? Голощекин

381

Қазақстанда индустрияландыру неден басталды табиғат байлықтарын зерттеуден

382

Ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына қай облыстар кірді? Сырдария мен Жетісу

383

Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болды? 1920-1924 жж

384

Түркістан - Сібір темір жолын салу қашан басталды? 1927 жылы

385

Қазақстанда ұжымдастыруды қай уақытта аяқтау жоспарланды? 1932 жылдың көктемінде

386

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай болды? Отаршылдықты тоқтату, дербестікті сақтау

387

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерін атаңыз? Садуақасов

388

“Алаш” партиясы қашан құрылды? 1917 жылы

389

ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет қалай аталды? Түркістан автономиясы

390

Азамат соғысы кезінде Ә. Жангельдин экспедициясы қай майданға қару-жарақпен жәрдем көрсетті? Ақтөбе

391

Алаш үкіметінің жетекшісі кім болды? Бөкейханов

392

«Үш жүз» партиясының басшысы кім болды? Көлбай Тоғысов

393

Қазақстандағы азамат соғысы қашан аяқталды? 1920 жылы

394

1941-1942 жылдары Қазақстанға қанша фабрика-зауыттар көшірілді. 220

395

Кеңес Одағының батыры Н. Әбдіров кім болды? Ұшқыш

396

Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституция қашан қабылданды? 1937 жылы наурыз

397

ХХ ғасырдың 80-жылдарында Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитетті кім басқарды? Шаханов

398

Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылданды? 1979 жылы

399

1975 жылы Олжас Сүлейменовтың қай кітабы жарық көрді? Аз и Я

400

Президенттің «Қазақстан-2030 бағдарламасында» айтқанындай болашақ ұрпақ қандай қасиеттерге ие болатынын таңдап алады? Барлығы

401

Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы қашан ұсынылды? 1994 жылы

402

1954 жылы Қазақстанда қандай оқиға болды? Тың және тыңайған жерлерді игеру

403

1920 жылы қандай оқиға болды? Қазақ АКСР құрылды

404

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда қандай оқиға болды? Бүкілхалықтық Президент сайлауы

405

1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастар не үшін бас көтерді? Колбиннің билікке келуі

406

Қазақстанда 30-жылдары жаппай аштық қандай саясаттың салдарынан болды? Ұжымдастыру

407

Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? 1946 жылы

408

1979 жылы Целиноградтағы бұқаралық толқудың себебі неде? Неміс автономиясын құруға қарсылық

409

1958 жылы Қазақстанның қай жерінде әлеуметтік мәселенің шешілмеуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік болды? Теміртауда

410

«Артымызда Мәскеу» атты кітаптың авторы кім? Момышұлы

411

Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан қанша адам қырылды? 2,1 (1,5) млн

412

Қазақстандағы көшпелі шаруашылық қашан түпкілікті жойылды? 1930 жылы

413

1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы кім? Жамбыл Жабаев

414

Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтар саны 497

415

Қазақстанда бірінші Педагогикалық институт қашан ашылды? 1928 жылы

416

Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандықтар саны қанша? 4

417

1964 - 1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы кім болды? Қонаев

418

Семей ядролық полигоны қашан жабылды? 1991 жылы 29 тамыз

419

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасы қай жылы жасалды? 1997 жылы 10 қазан

420

Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандар қандай идея таратты? Демократиялық

421

Қазақстан Республикасында 2005 жылы 4 желтоқсанда қандай оқиға өтті? Президент сайлауы

422

Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заң қашан қабылданды? 1989 жылы 22 қыркүйек

423

Қазақ КСР Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? 1990 жылы 25 қазан

424

Қай жылы Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып өзгертіліп, одақтас республика ретінде КСРО құрамына енді? 1936 жылы

425

Қазақ ақсүйегі, экономист, ұлттық либералды-демократиялық қозғалыстың жетекшісі: Садуақасов

426

1920 жылы құрылған Қаз АКСР Орталық Комитетін кім басқарды? Мендешов

427

1965 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы басшысы?

428

Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды? 1931 жылы

429

Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтіні қашан қабылданды? 2006 жылы 7 қаңтар 1992 11 желтоксан

430

Қай жыл ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы болып жарияланды? 1998

431

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1991 жылы 12 желтоксан

432

Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1997 жылы

433

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды? 2000 жылы

434

1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформалары Қазақстанның қай өңірінде көтеріліс тудырды? Орал, Торғай, Маңғыстау

435

1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзді басқарудың орталығын көрсетіңіз: Орынбор

436

1822 жылғы Жарғы бойынша Орта Жүздің территориясы қандай бөліктерге бөлінді? Округ, болыс, ауыл

437

Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды? 1865 жылы

438

Ірі ұлт-азаттық көтеріліске қолбасшылық еткен, ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны М.Өтемісұлы

439

ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның қай бөлігі Ресей империясының құрамына еңген жоқ? Оңтүстік

440

ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры немен айналысты? Қазақтардың жерін тартып алумен

441

Қазақ мәдениетінің дамуында Абайдың еңбегі неден көрініс тапты? Жазба әдебиетнің негізін қалады

442

ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты: қазақ жерін жаулап алу

443

1710 жылы Тәуке хан Ордасында үш Жүз өкілдері қандай мәселені талқылады? Жоңғарларға бірігіп соққы беру

444

Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі:Цеван Рабдан

445

Қандай тауар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресеймен саудада негізгі болып табылды? Мал

446

Қазақстанда өнеркәсіптің қалыптасуын қай кезеңге жатқызуға болады? XIX ғасыр

447

1867-1868 жылғы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына енді? Батыс Сібір

448

Қазақстанның Ресей империясының құрамына түпкілікті ену уақытын көрсетіңіз: 1864 жылы

449

1867-1868 жылғы реформаға дейін Қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 2

450

1867-1868 жылғы реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 3

451

Кіші Жүзде Ресей империясының отарлау саясаты неден көрініс тапты? әскери бекініс салудан

452

Жоңғарлармен күресте аты шыққан қазақ батырын атаңыз: Бөгенбай

453

Ұйғырлар мен дүңгендердің Жетісу өңіріне қоныс аударуына қандай жағдай мәжбүр етті? Цинь империясының қысымы

454

1867-1868 жылғы реформаға байланысты кімдер салықтан босатылды? Хан тұқымы

455

1731 жылы Әбілқайыр ханның Ресейге адалдық антын қабылдауы қай жерде болды? Хан ордасында

456

Қашан Кіші Жүз Ресей бодандығын түпкілікті қабылдады? 1731 жылы

457

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрін көрсетіңіз: 15 десятина

458

ХІХ ғасырдың ортасындағы Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңкелердің бірі Қоянды:

459

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі еңгізген шаңырақ басы салығы: 600 сом

460

1916 жылғы көтеріліс барысында Торғай облысында кім хан болып сайланды? Жанбосынов

461

Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоыныстандару қашан басталды? 1920жылы

462

Қай жылдан бастап қазақ жерлері Ресей империясының меншігі деп есептелді? 1864 жылдан

463

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға салды? Тау кен

464

ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның қай саласында шетел капиталистерінің белсенділігі артты? тау кен

465

Шоқан Уәлиханов қай сала бойынша көрнекті зерттеу жұмыстарын жүргізді? География орындарын

466

1756 жылы қазақтарға «ішкі жаққа» мал жаюға тыйым салу туралы Жарғысы шықты. Мәселе қандай территория туралы болды? Жайықтың оң жағалауы

467

1731-1864 жылдар аралығында Қазақстанда қандай процесс жүрді? Ресей құрамына ену

468

1758 жылы Цин империясы талқандаған: жоңғарлар

469

ХІХ ғасырдың басында Ұлы Жүздің шығыс аудандары кімге тәуелді болды? Қоқандарға

470

Бөкей Ордасының құрылуы қандай жағдайларға байланысты болды? Барлығы

471

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанның дамуына әсері қандай болды? Кері әсер еткен

472

1732 жылы Ресей бодандығын қабылдаған Орта Жүз ханы: Абылай

473

ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай мәні болды? Шикізат базасы

474

Абылайдың халық алдында беделінің артуына қандай жағдай әсер етті? Жоңғарлармен күресте басшылық жасауы

475

Кіші Жүздің Ресейге адалдық антын кім қабылдады? Анна Йоановна

476

Игельстром реформасы жобасының мәні неде? Хандық билікті жою

477

ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасында негізгі орталық болған қаланы атаңыз? Семей

478

Кіші Жүздің Ресей империясының құрамына қосылуына қарсы болған қазақ сұлтаны: Барақ

479

1756 жылы Абылай сұлтан қай мемлекетке бодандыққа ант берді? Қытай

480

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қандай қызмет мұрагерлікке берілді? Болыс сұлтаны

481

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша 10 жыл қызметінен кейін кім, дворян атағын ала алды? аға сұлтан

482

«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші Жүз территориясында неше дистанция құрылды? 54

483

1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзде қызметтік лауызымдарды кім тағайындады: орынбор генерал губернаторлығы

484

1916 жылы Қазақстаннан тыл жұмысына алынған ер адамдардың 55 %

485

«Қазақ» газетінің негізін салған: Байтұрсынов

486

1916 жылғы көтеріліс сипаты жағынан: ұлт азаттық

487

1916 интеллигенция өкілдерінің қай бөлігі көтерілісшілер жағына шықты? Радикалды революцияшыл өкілдері

488

Алаш-Орда үкіметінің орналасқан жерін көрсетіңіз: Семей

489

«Алаш» партиясының бағдарламасы қандай баспасөз берінде жарияланды? Қазақ газетінде

490

Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта теңге еңгізілді? 1993 жылы 15 қараша

491

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы: Ниязбеков

492

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы: Уалиханов, Мәлібеков

493

Жаңа өзен қаласында толқу қай жылы болды? 1989 маусым

494

Ж.Шаяхметов қай жылдары Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы болды? 1946-1956 жж

495

Аталған еңбектердің ішінен Л.Н.Гумлиев еңбегін көрсетіңіз:Көне түріктер

496

Қай жылы Алматы қаласы Қазақстанның астанасы болып бекітілді? 1929 жылы

497

Қашан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді?

1991 жылы 10 желтоқсан

498

Бірінші Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 1992 жылы, қыркүйек қазан Алматы

499

Екінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 2002 жылы, 23 қазан Түркістанда

500

Қазақ КСР-інде «Тілдер туралы Заң» қашан қабылданды? 1989 жылы, 22 қыркүйек