Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык лекция.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Нормативтік құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы,

1995ж.30 тамыз.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заңы

1995жыл 26 желтоқсан.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңы. 1995 ж, 16 қазан.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы»

Заңы, 1995 ж, 29 желтоқсан.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Заңы 1995 ж,18 желтоқсан.

  2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңы. 1993 ж, 10 желтоқсан.

  3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі

туралы». Қазақстан Республикасынынң Конституциялық Заңы, 2000 ж, 25 желтоқсан.

  1. Қазақстан Республикасының әкімшіліктің құқық бұзушылық кодексі.30

қаңтар 2001 жыл.

  1. Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңы.

1999 жыл 10 желтоқсан.

  1. Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы Қазақстан

Республикасының Заңы 1996 жыл 8 шілде.

  1. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының

Заңы. 2001 жыл 23 қаңтар.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жылғы 27

желтоқсан Жалпы бөлім, 1999 жылғы 1 шілдеЕрекше бөлім.

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж.

Глоссарий

  1. Теология – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,

дамып келеді деген мағынаны білдіреді.

  1. Антагонист– қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды

қанауға негізделген қоғамдық экономикалық формацияда болады.

  1. Нормативтік құқықтық акт– биліктік құқық нормаларын

белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.

  1. Патриархалдық теория– бұл теорияның отбасы басшысы әке,

мемлекеттің басшысы – монарх.

  1. Материалистік теория– мемлекет пен құқықтың пайда болуын

экономикалық тұрғыдан түсіндіреді.

  1. Күштеу теориясы– күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап

алудын нәтижесі.

  1. Құқықтық дәстүр– адамдардың санасында болатын, ұдайы

қолданудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс-тұрыс ережесі.

  1. Сот прецеденті– нақты іс бойынша қабылданған және кейінде осыған

ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын соттың шешімі.

  1. Құқықтың қайнар көздері– мемлекеттің ресми түрде бекітіп

белгіленген және санкцияланған құқық нормалары.

  1. Гипотеза- диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті

қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді.

  1. Диспозиция– мінез- құлық (жүріс-тұрыс) ережелерінің мазмұнын

көрсететін, яғни субъектілердің құқықтар мен заңды мінедеттерін анықтайтын құқық нормасының бөлігі.

  1. Санкция– диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның

жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы.

  1. Құқықтық норма– құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-

құлықтарын анықтайтын жалпы ереже.

  1. Құқықтық қатынас– мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары

мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.

  1. Салыстырмалы айқын санкция – минимум мен максимумның

арасындағы жауапкершілік.

  1. Альтернативтік санкция– санкцияның көрсетілген түрлерінің

қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

  1. Демократия– грек тілінен халық билігі деген мағынаны білдіреді.

  2. Конституция – латын тілінен жарғы, заң деген сөзден шыққан.

  3. Декларация– мемлекеттің негізгі қағидаларын жариялайтын, оны

анықтайтын саяси құқықтық акт.

  1. Ведомство – орталық атқарушы органның қызметінің негізінде

арнайы атқару және бақылау - қадағалау міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласына салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның комитеті.

  1. Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты

жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерің орындау үшін жіберу.

  1. Өтемақылар – жұмыс режимі мен жағдайларына, жұмысты

орындаған кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер.

  1. Біліктілік разряды – қызметкердің өзі орындайтын жұмыстарының

күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.

  1. Абырой мен қадір-қасиет – азаматтың немесе ұйымның жағымды

әлеуметтік бағасы, қадір-қасиеті тұлғаның өзін-өзі бағалауы.

  1. Жеке тұлға– Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа

мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдары жеке тұлғалар болып ұғынылады.

  1. Заңды тұлға– меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару

құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

  1. Объект– заң бойынша қол сұғушылықтан қорғалатын қоғамдық

қатынастарды айтамыз.

  1. Объективтік жақ– құқық бұзушылық объектісіне бағытталған

құқыққа қарсы іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

  1. Субъективтік жақ– субъективтік жағы бұл кінәнің қасақана не

абайсызда жасалған көрінісі.

  1. Субъект –өзінің іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) жауап бере алатын жасы

16 толған жеке тұлға.

  1. Суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт

бойыша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.

  1. Репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға

қабілетін көрсететін денсаулығы.

  1. Патронат– уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге

алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.

  1. Алимент– алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті

болатын асырау қаражаты.

  1. Инвестициялық жоба – белгіленген тәртіппен ресімделген

құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдық объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені.

  1. Бюджет шығындары – бюджеттен қайтарымсыз негізде бөлінетін қаражат.

  2. Субсидия – заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен берілінетін тегін және қайтарымсыз төлемдер.

  3. Субвенция– жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң

актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері.

  1. Дивиденд – акционердің меншігінде акция санының мөлшеріне тең

келетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі.

  1. Салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары.

  2. Қаржылық құқықтық жауапкершілік – қаржылық құқықтық нормалардың әмірді талаптарын атқаруға байланысты өз міндеттерін орындамағандары үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, негізінен алғанда, материалдық сипатта болатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.

  3. Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.

  4. Сақтандыру оқиғасы –туындаған кезінде сақтандыру шартында сақтандыру өтемін төлеу көзделінген жағдай.

  5. Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектілері сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.

  6. Уақытша жер пайдаланушылар– бастапқы жер пайдалану мәртебесін сақтап қалатын пайдаланушылардан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.

  7. Сервитут – бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану және басқа да мұқтаждар үшін пайдалану құқығы.

  8. Жер иелену құқығы – жерді нақты иеленуді жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

  9. Банктердің ақша қорлары – жарғылық қор, резервтік қор, банкті дамыту қоры, валюталық аударым қоры, қысқа мерзімге несиелеу қоры, ұзақ мерзімге несиелеу қоры, материалдық марапаттау қоры жатады.

  10. Банктік операциялар– депозиттерді қабылдау, кассалық операциялар, аудару операциялары, есептеу операциялары, ссудалық операциялар, трастық операциялар, клирингтік операциялар, факторингілік операциялар, форфейтингілік операциялар сияқты қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

  11. Банктердің ақша қорлары-жарғылық қор, резервтік қор ,банкті дамыту қоры, валюталық аударым қоры,қысқа мерзімге несиелеу қоры, ұзақ

мерзімге несиелеу қоры,материалдық марапаттау қоры жатады

Дәріс мазмұны

Тақырып 1. Мемлекет туралы негізгі түсініктер

Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.

Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері бар:

1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы.

2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.

3. Тұрғындардан салықтарды жинау.

4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.

5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.

6. Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыстағы құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану ғылымдарының өмір сүру барысында әр түрлі теориялар пайда болған. Діни (теологиялық) теорияның негізін салушылар Августин (354-430жж.) мен Фома Аквинский (1225-1274жж.) болды. Олар дүниені, ондағы барлық жан-жануарларды, адамдарды, өсімдіктер әлемін құдай жаратқан. Өмірдегі барлық құбылыстар құдайдың құдіретімен пайда болады деп түсіндіреді. Мемлекет – тәңір еркінің жемісі, сондықтан да мемлекеттік билік мәңгі және мызғымас, ол діни ұйымдар мен қайраткерлерге бағынышты.

Патриархалдық теорияның негізін салушылар ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д 384-322жж.), Михайловский(1842-1904 жж.) және Фильмер ілімдері бойынша мемлекет тікелей отбасының пайда болу және өсіп дамуы нәтижесінде туындайтын табиғи дамудың өнімі болып табылады. Отбасының басшысы сияқты мемлекет басшысы – монарх болады. Сондықтан атаның билігіне қаншалықты дәрежеде бағынатын болса, мемлекет басшысының билігіне де соншалықты бағыну міндеті жүктелген.

Келісімдік теориясы XYII-XYIII ғғ. пайда болған. Өкілдері: Г.Гроций, Дж.Локк, Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Д.Дидро, Жан-жак Руссо. Бұл теория бойынша адамдар мемлекет қалыптасқанға дейін табиғи жағдайда өмір сүргендіктен, адамдар тағылық дәуірде қауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін өзара ымыраға келіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде ұйым құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады деп түсіндіреді.

Психологиялық теорияның негізгі өкілдері Г.Тард және Л.И.Петражицкий. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі себептерін айнала қоршаған экономикалық, әлеуметтік және басқа саладан емес, адам психикасы, көңіл-күйінен іздейді, яғни бағыну қажеттігі, еліктеу, алғашқы қауымдық қоғам зиялылыларына бағынышты болуды сезіну, анықталған әрекеттердің әділеттілігін сезіну және т.б.

Күштеу теориясы батыста көп тараған теориялардың біреуі. Бұл теорияның көрнекті өкілдері неміс философы және экономисі Е.Дюринг(1833-1821), Л.Гумплович (1838-1909), К.Каутский (1854-1939) және тағы басқалар. Осы теория мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және таптардың пайда болуында емес, бір тайпалардың басқаларды жаулап алуы, күш қөрсетуінде деп уағыздайды.

Тарихи материалистік теорияның ізін салушылар К. Маркс, Ф. Энгельс, Морган. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуын әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіреді. Яғни, қоғамдық еңбектің бөлінуі, артық өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы таптарға бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы.

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

Мемлекет қызметі – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары.

Мемлекет қызметі әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет қызметін ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды..

Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет қызметін төрт топқа жіктеу танылған:

- мемлекеттің экономикалық қызметі. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

-саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады

- мемлекеттің әлеуметтік қызметі. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған қызметіне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.

Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

Басқару нысаны деп – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесін айтамыз. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

Монархия – жоғарғы мемлекеттік биліктің бір әулетке мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар:

- жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі;

- шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

- сайлаушылар еркінен тыс жүзеге асырылады.

Монархия екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия.

Республика дегеніміз – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі. Белгілері:

- мемлекет басшысы және басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарының белгілі мерзімге сайланатындығы;

- мемлекет азаматтары мүдделерінің басым түрде қорғалуы, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика.

Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы.

Мемлекеттің аумақтық құрылымының бірнеше түрін көрсетеді :

- біртұтас мемлекет

- федерация

- конфедерация

Саяси режим - мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, оның мазмұндық қасиеті.

Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болып екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим – халықтың басқаруға қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға негізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократиялық саяси режимде заң шығару органдары халық сайлаған алқалы органнан тұрады.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.

  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.

  3. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

  4. Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.

Тақырып 2. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының, таптардың арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Құқық нормасы – мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін жалпыға бірдей міндетті әрекет тәртібі.

Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері.

Құқық нормаларының тағайындалуына байланысты екіге бөлінеді:

1. реттеуші;

2. қорғаушы.

Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады.

Құқықшығармашылық - заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған мемлекет органдарының арнаулы қызметі. Субъектілерінің сипатына байланысты былай бөлінеді:

  1. Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады.

  2. Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді қабылдау құқығына Қазақстан Республикасының Парламенті, Президенті, үкіметі ие.

  3. Қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы немесе санкцияланған құқықшығармашылық. Мемлекет белгілі бір жағдайларда қоғамдық ұйымдардың актілерін немесе әдет-ғұрып нормаларын мемлекеттің рұқсат беру күшімен заңдастыруы мүмкін.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы:Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» // Парламент Жаршысы, 1998. №2-3.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.

  2. Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.

  3. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

  4. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы, 2001.

Тақырып 3. Құқық қайнар көздері, құқық жүйесі және заңнама жүйесі туралы білімдер жүйесі.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі.

Құқық түп нұсқасы құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторлар.

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: нормативті акт, сот прецеденті, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті келісім.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

  • заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

  • дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

  • халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет,

  • жоғарғы заңдық күші болады;

  • барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: Конституция, конституциялық заңдар, заңдар.

Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

  • Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

  • үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

  • Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің бұйрық, нұсқау, ережелері;

  • Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

  • Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Сот прецеденті құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімі осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны.

Құқық жүйесі – құқықтың заңдық нормаларының ішкі өзара сәйкестігі мен бірлігін көрсететін және сонымен бірге оны объективті түрде салалар мен институттарға бөлетін, қоғамның экономикалық құрылысына негізделген құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін анықтау құқықтық реттеу пәні мен әдістеріне негізделеді. Құқықтық реттеу пәні – заңдық нормалар арасында өзгешеліктеріне байланысты ерекше жүйе құрайтын қоғамдық қатынастар. Құқықтық реттеу әдістері – мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер етудің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Құқық саласы – біртектес қоғамдық қатынастарды ерекше тәсілмен реттейтін құқық жүйесінің жеке бөлігін құрайтын нормалар жиынтығы. Қазақстан Республикасында құқықтың мынандай салалары танылғаны:

  • конституциялық құқық

  • азаматтық құқық

  • қылмыстық құқық

  • отбасылық құқық

  • әкімшілік құқығы

  • еңбек құқығы

  • экологиялық құқық және т.б.

Құқықтық институт деп құқық саласы тәртіпке салатын қоғамдық қатынастар ішінде ерекше жекеленген қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтер жиынтығын айтамыз.

Заңдар жүйесі заң шығарушының және өзге де мемлекеттік органдардың қабылдаған құқықтық нормаларын топтастыру.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

Әдебиеттер:

    1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.

    2. Зивс С.Л. Источники права. Москва, 1981.

    3. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы, 2001.

    4. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1995.

Тақырып 4. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері.

Құқық - өзінің кең мағынасында, адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекетпен бекітілген, жалпыға ортақ міндетті ережелер жүйесі әрі жиынтығы. Осындағы қоғамдық қатынастардың айырмашылықтары мен олардың өзара байланысына қарай, әртүрлі салаларға бөлінеді. Конституциялық құқық, қай мемлекетте болмасын, барлық құқық салаларының ішінде негізгі, бастаушы құқық саласы болып табылады. Оны оқып-білу маңыздылығы осында. Конституциялық құқық – жетекші құқық саласы. Сондықтан да оған басқа құқық салаларының (азаматтық, еңбек, отбасы, қылмыстық, іс жүргізу, экологиялық және т.б) ережелері қайшы келмеуі әрі оған негізделуі керек. Конституциялық құқық – мемлекет пен қоғам өмірінің негізгі бастауларын реттейтін ережелер жиынтығы(жүйесі).

Конституция, басқа заңдарға қарағанда, мемлекеттің негізгі заңы болып табылады. Онда қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жағы бастапқы құқықтық нысанға ие болады. Осыған байланысты, өз мазмұны бойынша конституциялық нормалар жалпыланған ережелер болып табылады. Ал өмірде жүзеге асуында қоғамдық қатынастарды қамтуы бойынша және өкілетті міндетті субъектілер шеңберінің кеңдігіне байланысты әрекет етуінде бастапқы орынға ие. Бұл Конституция нормаларының басқа да заңшығармашылық салаларына норма – қағида ретінде ықпал ететінін көрсетеді, яғни ол құқықтық нақтылау базисі болып табылады.

Конституцияның заңдық қасиеттері, оның өзге нормативтік – құқықтық актілерден ерекшеліктері:

  1. Контитуция мемлекет пен қоғам өмірінің ұйымдасу қағидаларын бекітіп, мемлекеттілікті жариялайды;

  2. мемлекеттік билікті заңды түрде құжаттайды;

  3. ол жоғарғы заңдық күшке ие;

  4. Конституцияға басқа заңдар және заңға бағыну актілер қайшы келе алмайды. Біздің елде бұл жағдайдың сақталуына ҚР Конституциялық Кеңесі атты мемлекеттік орган ықпал етеді;

  5. Конституция – тікелей әрекет ету актісі. Ол қоғамдық қатынастарды тікелей реттейді және толықтырма нормативтік актілерді қажет етпейді;

  6. Конституция мемлекет территориясының барлық жерлеріне бірдей таралады;

  7. ол құқық субъектілерінің барлығына бірдей міндетті;

  8. Конституция ережелерін бұзушылар әртүрлі құқықтық жауапкершілік түріне тартылуы мүмкін;

  9. Қазақстан Конституциясы тұрақтылығымен, өзгерістердің ерекше қатаң тәртіппен енгізілуімен ерекшеленеді.

Конституция түрлері:

  1. толықтырулар мен түзетулер енгізу тәртібіне қарай – қатаң және икемді. Икемді Конституциялар жай заңдар сияқты заң шығарушы органмен қабылданып және онымен оңай өзгертіле алады. Ал қатаңдарын өзгерту үшін, мысалы, референдум сияқты кедергілер қойылған. ҚР Конституциясы – қатаң;

  2. мемлекеттік ерікті сипаттау әдісі бойынша – жазылған және жазылмаған. Жазылғандары біртұтас нормативтік – құқықтық акт болып табылады (мысалы, ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. ). Жазылмаған – Конституциялық сипаттағы Бірқатар жүйеленбеген актілердің, сот прецеденттері мен құқықтық әдет - ғұрыптардың жалпы сипаты (мысалы, Ұлыбританияда) ;

  3. федерациялық мемлекеттерде екі түрлі Конституция болуы мүмкін – федералдық, яғни бүкіл федерация территориясына міндетті, негізгі Ата Заң және оған көбіне қайшы келмейтін федерация субъектісінің Конституциясы.

Осы пәнді оқу барысында тәлімгерлер «адам», «тұлға», «азамат» деген сөздерді кездестіреді. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болса да, ұқсас емес ұғымдар. Бұл ұғымдардың заңдық мағнасын білу белгілі бір заң ережелерінің кімге бағытталғандығын анықтауға көмегін тигізеді. «Адам» түсінігі оны биологиялық түрдегі индивид ретінде көрсетеді. Адам туралы айта отырып, біз оның физиологиялық қасиеттерін сөз қыламыз. Бұл мәнінде, ол – тірі әлемнің өкілі ғана. «Азамат» - заңдық ұғым. Нақты адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты саяси әрі құқықтық байланысын білдіреді. Осы ұғымға қатысты адамдар үш топқа бөлінеді:

  1. өз азаматтары;

  2. шетел азаматтары;

  3. апатридтер(азаматтығы жоқтар).

Соңғы екеуінің кейбір саяси және әлеуметтік – экономикалық құқықтары шектелген. Мысалы, сайлау, сайлану, әлеуметтік қамсыздандырылу және т.б.

ҚР Конституциясы 30 тамызда 1995 жылы қабылданған, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Соның ішінде II бөлім «Адам және азамат» (10-39-б.б) деп аталады. Онда азаматтардың негізгі құқықтық жағдайы баян етілген. Мұндағы адам құқықтары мен бостандықтарын тәлімгерлерге білу шарт, оларды төмендегідей төрт топқа бөлеміз:

1) жеке бас бостандықтары мен құқықтары (өмір сүру, ар-намыс, бостандыққа және жеке басқа тиіспеу, жеке өмірге қол сұғылмау, ақпаратқа ие болу, тұрғын-жай, өз ұлтын анықтау, өз ана тілін қолдану, жүріп-тұру, мекен-жай таңдау құқықтары мен бостандықтары);

2) саяси құқықтары мен бостандықтары (сөз бостандығы, бірігу, манифестация, мемлекет ісіне араласу, сайлау, сайлану, петиция құқықтары);

3) әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтары (меншік құқығы, еңбек бостандығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу, тұрғын – жай, денсаулық сақтау және медициналық көмекке құқықтар);

4) мәдени құқықтары мен бостандықтары (білім құқығы, әдеби, көркем өнер, ғылыми, техникалық және т.б. шығармашылықпен айналысу бостандықтары).

Сонымен қатар, Конституциямыздың 27,30,34-38 б.б. азаматтардың негізгі конституциялық міндеттері көрсетілген (балаларды қамқорлыққа алу, тәрбиелеу, еңбекке жарамсыз ата – анасына қамқорлық жасау, Конституцияны және заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, ар-намысын құрметтеу, салықтар мен алымдарды төлеу, отанды қорғау, әскери қызмет, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, табиғатты сақтау міндеттері).

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы,1998.

  2. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.

  4. Қазақстан Республикасының заңы «Азаматтық туралы» 20 желтоқсан 1991 жыл // Егемен Қазақстан, 1992. 8 қаңтар.

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Астана: Фолиант, 2001.

  2. Кубеев Е.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы. Қарағанды, Болашақ-баспа, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы: схемалы альбом / Құрастырғандар: В.В. Мамонов, С.А. Табанов. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  5. Қопабаев ө.Қ. Шетелдердің конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  6. Масатов Б. Құқықтық демократия әліппесі. Алматы:Жеті Жарғы, 2000.

Тақырып 5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары.

Билікті бөлу қағидасының негізгі талабы бойынша, саяси бостандықты бекіту үшін, заңдылықты қамтамасыз ету және қандай да болмасын әлеуметтік топтың, мекеме мен жеке адамдардың тарапынан билікті бас пайдасына лайықтауды болдырмау үшін, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қажеттілігі анықталынады. Заң шығару билігі халықпен сайланған және қоғам дамуының стратегиясын заңдар қабылдау жолымен жасауға арналған топтың қолына беріледі. Атқару билігі биліктің өкілді органдарымен тағайындалады және заңдарды жүзеге асырумен және жедел-шаруашылық әрекеттерімен айналысады. Сот билігі бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, кінәлілерді әділ жазалауға кепіл болады. Биліктің әр тармағы дербес, тәуелсіз, бірін-бірі тежеуші билік тармақтары болғандықтан, өз қызметін органдардың ерекше жүйесі көмегімен және арнаулы нысандарда жүргізуге тиісті.

Қазіргі таңда Негізгі заңымыздың 3 бабына сәйкес: «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.»

Парламентке Конституцияның 61 бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негізгі қоғамдық қатынастарды реттеп, мына салаларды қамтитын негізгі қағидалар мен нормаларды бекіту жүктеледі:1)жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне; 2)меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 3)мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4)салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 5)республикалық бюджетке; 6)сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 7)білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 8)кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 9)айналадағы ортаны қорғауға; 10) республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісіне; 11)мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.

Парламент өкілеттілігі тек заң шығарумен шектеліп қана қоймайды. Заң қабылдау мен конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басқа ол мемлекеттік билік органдарына әр түрлі жолдармен ықпал ете алады:

-үкіметтің дербес құрамын қалыптастыруға қатысады.(53 баптың 5 тармағы, 55 баптың 1,2 тармағы және 56 баптың 33 тармағы). Атап айтатын болсақ, Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді. Республика Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы сотының Төрағасын, Жоғарғы сот Алқаларының төрағаларын және судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдаумен айналысады. Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын, және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беруді жүзеге асырады. Республика Президентінің ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін сайлау және қызметтен босату қызметімен айналысады.

-бюджеттік өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Республикалық бюджетті және Үкіметпен бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды.

-қорғаныс және сыртқы саясат аймақтарында өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Палаталардың бірлескен отырысында соғыс және бітім мәселелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.

-парламенттік бақылауды қолданады: Үкіметті, есеп комитетін бюджеттің атқарылуына байланысты бақылайды, Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды.

Сондай-ақ, Үкімет Премьер-Министр арқылы өз бағдарламасын Парламенттің қарауына ұсынады, бұл оның жоғарғы өкілді орган алдында есептілігін көрсетеді. Парламент екі түрлі жағдайда Үкіметке сенімсіздік көрсете алады:

-Үкімет бағдарламасын әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен екінші мәрте қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді.

-әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді.

2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізуі мемлекеттік билік тармақтарының арасында атқару билігінің алатын орны мен жауапкершілігін арттырады. Бұнда Үкімет атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқарушы дербес орган ретінде танылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – салалық және салааралық мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен өзге де орталық және жергілікті атқару органдары жүйесін басқарушы лауазымды тұлғалардан құралған, Президентке жауапты, Парламентке есепті, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Президент жарлықтарын орындауды қамтамасыз ету бойынша өкілеттіліктерді иемденген, еліміздің барлық аумағында жалпыға бірдей міндеттілік күші бар заңға бағынышты актілерді қабылдау құқығы бар атқару билігінің жалпы құзіреттегі алқалы органы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылу тәртібіне тоқталатын болсақ, ол Президентпен Конституцияда көрсетілген тәртіпте құрылады. Премьер-Министрдің кандидатурасы келісім алу үшін Парламенттің қарауына ұсынады, келісім алынғаннан кейін Президент өз жарлығымен тағайындайды. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныспен Президентке кіреді. Президент Премьер-Министр мен оның орынбасарларын, Үкімет Аппараты басшыларын, Министрлер мен мемлекеттік комитеттер төрағаларын тағайындайды. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде әрекет етеді. Президент өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін, оның кез келген мүшесін лауазымынан босатуға хақылы. Премьер-Министрді орнынан босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтату дегенді білдіреді. Үкімет немесе оның кез келген мүшесі Президентке өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Президент оны он күндік мерзім ішінде қарастырып, оны қабылдауы да, қабылдамауы да мүмкін. Үкімет мүшесі өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық әрекеттен басқа ақылы лауазымда болуға, кәсіпкерлікпен айналысуға,коммерциялық ұйымның басқарушы органы құрамына немесе бақылаушы Кеңесіне кіруге құқығы жоқ.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Үкімет әрекетінің бағдарламасын дайындап, Парламенттің қарауына ұсынады. Парламент оны қолдаудан бас тартса, екінші мәрте әзірлеп, екі ай ішінде қарауға ұсынады.

Үкімет құзіретін экономикалық; әлеуметтік; ғылым, техника, білім беру және мәдени; әкімшілік-саяси басқару; заңдылық пен құқықты тәртіпті нығайту, сыртқы саясат аймағында деп бөліп қарастыруға да болады. Мысалы, экономика саласындағы өкілеттіліктеріне жоғарыда аталғандармен қатар мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстардың құрылуы мен пайдалануы барысында заңдылықты сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға қалыптастырудағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекетпен реттелінетін баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенклатурасын бекіту де жатады. Үкіметтің әлеуметтік саладағы құзіретіне аймақтардың әлеуметтік дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз ету, жастар мәселесін шешуге ықпал ету дегендер жатады.

Әкімшілік-саяси басқарма саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды құрады және таратады, министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқару органдарының әрекетін басқарады, министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады, жергілікті атқару органдары әрекетіне басшылық жүргізеді.

Заңдылықты нығайту және құқықтық тәртіп саласында құқықтық реформаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келісімдер жүргізу туралы және үкіметаралық келісімдерге қол қоюға шешім қабылдайды; республиканың шет елдік мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру шараларын әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту шараларын қабылдайды; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.

Үкімет әрекетінің құқықтық қайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңды, өзге де заңдар мен Президент жарлықтарын атауға болады. Үкімет өз құзіреттілігінің шегінде нормативті және өзге де актілерді қабылдайды, заңдардың, Президент жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, халықаралық келісімдер жасайды, атқару билігінің барлық органдарына басшылық жасайды, олардың әрекетін бақылайды, заңдарды бұзуды жою үшін тиісті шараларды қабылдайды.

3. Биліктің жіктелуі теориясына сай тәуелсіз билік тармақтарының келесі түрі – сот билігі. Сот билігі Қазақстанда Жоғарғы соттың басшылығымен сот органдарының жүйесімен жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүргізіледі, негізгі міндеті адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.

Тәуелсіз сот органдарының құрылу тәртібіне келетін болсақ, Жоғарғы Соттың Төрағасын, алқаларының төрағаларын және судьяларын Жоғарғы сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқаларының төрағаларын және судьяларын Жоғарғы сот Кеңесінің кепілдемесімен Республика Президенті қызметке тағайындайды. Аудандық соттардың төрағалары мен судьялары Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет Министрінің ұсынуымен Республика Президентімен тағайындалады. Сот билігі азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғайды.

Соттардың шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылдың 25 желтоқсанында жаңа негіздегі заң қабылданды.

4. Республика Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы әрекетінің негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға, мемлекет басшысы. Сонымен бірге ол мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін төреші ролін атқарады. Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттік билік тармақтарына қатысты белгілі дәрежедегі өкілеттіліктерге ие. ҚР Президенті Парламентке Премьер-Министрді тағайындау туралы ұсыныс енгізеді және оны орнынан алып тастауға құқылы. Президент үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ел басшысы заң шығару үрдісіне қатысады, кері вето /тыйым салу/ құқығына ие, яғни Сенат қол қоюға және жариялауға ұсынған заңды қол қоймай Парламентке оны тұтастай немесе жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтаруға құқылы. Парламент келісімімен ¦лттық банкінің төрағасын, Республиканың Бас Прокурорын және ¦лттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады. Сенатқа ҚР Жоғарғы Сотының Кеңесі кепілдемесіне сүйене отырып, Жоғарғы Соттың Төрағасының, алқа төрағаларының, судьяларының кандидатурасын ұсынады. Қауіпсіздік кеңесін, жоғарғы Сот Кеңесін және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады. Республика Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

5. Қазақстан Республикасында Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық шарттарды бекіткенге дейін Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешетін, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы мемлекеттік орган Конституциялық Кеңес әрекет етеді. Конституциялық қадағалау органы өкілеттілігі алты жылды құрайтын жеті мүшеден тұрады. Республика Президенті оның Төрағасы мен екі мүшесін, екі мүшесін Сенат төрағасы, қалған екеуін Мәжіліс төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңестің мүшелерінің жартысы әр үш жыл сайын жаңарып отырады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі мынандай жағдайлармен анықталады:

  • оның шешімдері мен талаптарының елдің барлық аумағындағы міндеттілігі;

  • оның әрекетіне қол сұғуға жол берілмейтіндігі;

  • шешім, қаулы, қорытынды, жолдамаларды қараудан немесе орындаудан бас тарту не болмаса бұлтару үшін заңды жауапкершіліктің туындауы;

  • тек құқықтың аймағына кіретін мәселелерді ғана қарау және бекітілген мерзім ішінде қарастырып, шешім шығару қажеттігі.

6. Қазақстан Республикасы прокуратурасы – мемлекет атынан ел аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де заңға бағынышты нормативті-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы бас болып, облыстық және оларға теңестірілген арнаулы прокуратуралар, аудандық прокуратуралар қоштаған аталмыш органдар заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Прокуратура органдары жүйесі бірыңғай орталықтандырылған, ол өз өкілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді. Бас Прокурорды Парламент Сенатының келісімімен Президент бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

Прокуратура органдары сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды. Сондай-ақ, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды іске асырады. Прокуратура органдарының аталған өкілеттілігі қазіргі кезеңдегі қазақстандық заң әдебиетінде қызу қарастырылып жатқан келелі мәселенің бірі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

  4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

  5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

  6. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №12.

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 // Егемен Қазақстан, 1996. 13 қаңтар.

  8. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.

  9. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.

Әдебиеттер:

  1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.

  2. Нәрікбаев М. ¦лы билерімізден Жоғарғы сотқа дейін. Алматы: Атамұра, 1999.

  3. Президент және Парламент. Алматы; Атамұра, 2000.

  4. Сартаев С.С. ҚР билікті бөлу және оларды жүзеге асыру принциптерінің қалыптасуы. Алматы: Жеті Жарғы, 2002.

Тақырып 6. Әкімшілік құқық негіздері.

1. Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Оның белгілері:

  • құқықтың дербес саласы;

  • мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеуші;

  • негізгі мазмұны – қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдарының басқару қызметі болып табылады.

Әкімшілік құқықтың пәнін басқарушылық қоғамдық қатынастар құрайды. Құқықтың қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынандай үш мүмкіндіктерді пайдаланады: өкілеттіліктер беру, тыйым салу, міндеттеу. өкілеттіктер беру – құқықтық нормада көрсетілген жағдайда осы немесе басқа іс-қимылды өз еркіне байланысты жасауға заңды түрде рұқсат беру. Тыйым салу – құқықтық нормада танылған осы немесе басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Міндеттеу – әрекеттің белгілі бір түрін жасауға міндет жүктеу.

Әкімшілік құқық қызметтері:

  1. Реттеушілік қызметі, онда атқару билігінің орталық және жергілікті органдарының әрекеті тәртіпке келтіріледі.

  2. Құқық қорғау қызметі, тағайындалған құқықтық режимдерді сақтау және субъектілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқығы өз қызметтерін мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асырады: бақылау, қадағалау, тексеру, әкімшілік мәжбүр ету.

Әк!мш!л!к құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті мен үкіметі туралы, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдар қарастырылады. Онда әкімшілік құқықтық нормалар бекітіледі. Олармен реттелетін басқармашылық қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқықтық қатынас деп аталады. Ол субъектілерден, объектіден және субъективті құқықтар мен заңды міндеттерден құралады.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері мемлекет, жеке тұлға, мемлекеттік орган, мекеме, кәсіпорындар. Олар өзара әрекеттестік дәрежесіне байланысты екіге бөлінеді: вертикалды, горизонталды.

2.Атқару билігі біртұтас мемлекеттк биліктің заңға бағынышты тармағы. Оның құрамына үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынның әкімшілігі жатады. Оның белгілері:

-жан-жақты, әмбебап сипатта болады;

-заң негізінде және соған сүйене отырып жүргізіледі;

-мемлекеттік қызметкерлер көмегімен іске асырылады;

-қаржылық, мәліметтік, экономикалық, техникалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық ресурстарға ие.

Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарының құрылу және әрекет ету тәртібі туралы 5 тақырыптағы лекцияда толығырақ көрсетілген.

3.Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері 16 жастан асқан азаматтар болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері мен оларға қатысты қолданылатын жауапкершілік шараларына тоқталу керек.

Әкімшілік мәжбүр ету деп әкімшілік билікті жүзеге асырудағы арнаулы өкілеттілігі бар атқару органдары мен лауазымды тұлғалардың ұйымдастырушылық, психологиялық және тікелей әсер ету шараларын айтамыз. Ол мемлекеттік мәжбүр етудің құрамдас бөлігі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, жою үшін немесе оған сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін жүргізіледі.

Әкімшілік мәжбүр ету шараларының түрлері:

1). Әкімшілік ескертпе шаралары: тексеру, бақылау, мүлікті немесе жеке тұлғаны қарау, құжаттарды тексеру, әкімшілік қамауға алу, карантин шараларын енгізу, қоғамдық қауіпсіздік жағдайында көлік жүретін жолдарды жабу, мемлекеттік шекараны жабу.

2). Әкімшілік алдын-алу шаралары: құқық бұзушылықты тоқтату туралы талап қою, қару қолдану, ауру адамды мәжбүрлеп емдеу, техникалық түзу емес көліктерді жолдан алу, мекеме мен кәсіпорынды жабу.

3). Әкімшілік қалпына келтіру шаралары: бұзылған құқықты қалпына келтіру (өз бетінше салынған құрылысты жою, өздігінен кірген үйден шығару), кәмелетке толмаған балалардың келтірген зияндарын әке-шешесінің өтеуі.

4). Әкімшілік жауапкершілік шаралары: ескертпе, айып, мүлікті тәркілеу, арнаулы құқығынан айыру, әкімшілік тұтқынға алу, лицензиясынан немесе патентінен айыру, кәсіпкерлік әрекетке бақылау тағайындау.

4.Жергілікті өзін-өзі басқару органы ретінде аудандық, облыстық мәслихаттар танылады. Оның депутаттары әкімшілік-аумақтық бөліністің халқымен төте және жасырын дауыс беру жолымен төрт жыл мерзімге сайланады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мәселелері шешіледі, Конституцияны, заңдарды орындау, Президент, үкімет актілерін іске асыру мәселелері қаралып шешімін табады.

Жергілікті атқару билігі органдарына әкімияттар жатады. Ол бөлімдерден құралады. өкілеттілігіне Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің, үкіметтің актілерін жүзеге асыру кіреді. Әкімдер жоғарғы органдармен тағайындалады. Қазіргі кезде жергіліті әкімдерді сайлау қажеттілігі туралы мәселе көтерілуде.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

  4. Қазақстан Республикасының кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы. Алматы: Баспа, 2001.

  5. Қазақстан Республикасының заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 // Егемен Қазақстан, 1999. 6 тамыз.

  6. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баянов Е. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығы курсының бағдарлама құжаттары. Алматы, 2001.

  2. Қызылов М.А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: схемалар. Алматы:Жеті Жарғы, 2002.

Тақырып 7. Азаматтық құқық негіздері.

Азаматтық құқық құқық саласының дербес түрі болып табылады. Бұл оның өз пәні мен құқықтық реттеу әдісі бар екендігін және жалпы құқық жүйесінде арнайы қызметтерді атқаратынын білдіреді. Азаматтық құқық қоғамдық қатынастардың келесі түрлерін реттейді:

  1. мүліктік қатынастар, яғни белгілі бір мүліктің нақты бір тұлғаға тиістілігімен немесе мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуымен қатысты қатынастарды реттейді;

  2. мүліктік қатынастармен байланысты және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Олардың пәні тұлғадан ажырамайтын материялдық емес құндылықтар жатады(есім, ар-намыс, қызметтік репутация, ұйымның фирмалық атауы, оның өндірістік маркасы, тауар белгісі және т.б).

Бірақ бұл қатынастар теңдік, ерік автономиясы және оның қатысушыларының мүліктік дербестігі қағидаларымен негізделген жағдайда ғана азаматтың құқықтың әрекет ету аумағына жатады.

Әкімшілік немесе бір жақтың екінші жаққа бағынуымен негізделген мүліктік қатынастар азаматтық құқықпен (азаматтық заңмен) реттелмейді. Олар басқа құқық салаларының реттеуіне жатады.

Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушыларына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар (әртүрлі ұйымдар) жатады. Сонымен қатар, азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға мемлекет және өзін - өзі басқару органдары қатысуы мүмкін.

Азаматтық – құқықтық қатынастарда заңдық теңдік қатынасы сақталады. Бұл құқық жүйесіндегі азаматтық құқықтың бәрінен бұрын қалыпты экономикалық – қоғамдық қатынастарды реттеу ролі мен түсіндіріледі. Азаматтық құқықтың негізгі әрекет ету аумағы болып тауар айналымы, тауарлық және өндіріп алу қатынастары табылады.

Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші құқықтық нормалар жиынтығы ретінде азаматтық құқыққа азаматтық заң сәйкес келеді. Азаматтық заң ҚР ерекше дербес қызметіне жатады, яғни азаматтық құқық нормаларын құрайтын қандай да бір актілерді оның субъектілері және жергілікті өзін - өзі басқару орғандарының қабылдауына жол берілмейді. Осындай бағытпен ҚР барлық территориясында экономикалық кеңістіктің тұтастығын қамтамасыз етеді.

ҚР азаматтық заңдарының ішінде ҚР Азаматтық кодексі басты роль атқарады. Бірақ ол басқа да азаматтық заңдарды жоққа шығара алмайды. Мысалы, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және т.б. көптеген азаматтық заңдар бар.

Азаматтық қатынастардың көптігіне және кең ауқымдылығына байланысты олардың кейбіреуі әрекет ететін құқық нормасымен реттелмеуі мүмкін. Мұндай кезде құқықтың көмекші қайнар көзі ретінде қызметтік айналым дәстүрі қолданылуы ықтимал. Ол қандай да бір кәсіпкерлік қызмет аясында кең қолданылатын, қалыптасқан, заңмен қарастырылмаған тәртіп ережелерін білдіреді. Олар құжатта көрсетілуі де, көрсетілмеуі де мүмкін.

Азаматтық заң бірыңғай оқиғаларға негізделген. Бірақ өмірде құқық нормаларымен реттелмеген бірыңғай емес оқиғалар да кездесуі мүмкін. Осыған орай азаматтық заңды ұқсастыққа байланысты қолдануға жол беріледі. Заң жүзінде заң ұқсастығын және құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі көрсетілген.

Заң ұқсастығын қолдану үшін:

  1. қатынастың заңмен немесе тараптар келісімімен реттелмеуі;

  2. қызметтік айналым дәстүрінің болмауы;

  3. ұқсас қатынастарды реттейтін заңның болуы және оның аталмыш қатынастарға қайшы келмеуі қажет.

Құқық ұқсастығы заң ұқсастығын қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заңның ортақ негіздері мен мәнінен, әділдік, теңдік қағидаларымен анықталуы тиіс. Заң мен құқық ұқсастығын қолдану құқық қолданушы органдармен негізделуі керек.

Азаматтық - құқықтық қатынастар - құқықтық қатынастардың бір түрі. Олар мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқықтық нормалармен реттеу нәтижесінде пайда болады. Оның басқа құқықтық қатынастардан ерекшелігі:

  1. азаматтық – құқықтық қатынас субъектілері бір – бірінен мүліктік жағынан тәуелсіз;

  2. азаматтық – құқықтық қатынастардың қатысушыларының заңдық жағыдайы теңдік қағидасына негізделеді;

  3. азаматтық – құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтататын негізгі заңдық факті болып шарттар (субъектілердің еркін ерік білдіру актілері) табылады;

  4. азаматтық құқықтар мен міндеттердің шынайы жүзеге асуының құқықтық кепілі ретінде мүліктік сипаттағы шаралар қолданылады.

Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұнына субъективтік құқықтар мен міндеттер жатады. Субъективтік азаматтық құқық – бұл азаматтық – құқықтық қатынас қатысушысының мүмкін деген , жол берілетін мінез – құлық шегі. Субъективтік құқықтың мазмұнын құқықтық қатынас субъектісіне берілген заңдық мүмкіндіктер құрады. Олар құқықтылық (правомочие) деп аталады.

Сонымен қатар азаматтық – құқықтық қатынастар мазмұнына заңдық міндеттер кіреді.

Мұндағы қарапайым құқықтық қатынастар – қатысушылардың біреуіне ғана құқық, ал екіншісіне бір ғана міндет тиісті болатын қатынастар (мысалы: процентсіз қарыз алу).

Күрделі құқықтық қатынастар – субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаға тұлғалардың анықталмаған шеңбері қарсы тұратын қатынастар (меншік құқықтық қатынастары, жеке мүліктік емес қатынастар). Салыстырмалы құқықтық қатынастар - өкілетті тұлғаға тұлғалардың бұрыннан қатаң анықталған шеңбері қарсы тұратын құқықтық қатынастар (сатып алу – сату шарты, тапсырма, тасу, сақтау шарттары және т.б).

Азаматтық – құқықтық қатынас түрлерін төмендегі схемамен сипаттауға болады:

Міндеттемелер – бір тұлға (қарыз алушы) екінші тұлғаның (қарыз беруші) пайдасына белгілі бір заңдық әрекеттерді жасауға тиісті болатын салыстырмалы мүліктік қатынастар.

Міндеттеме субъектілері – кредитор мен борышқор міндеттеме тараптары деп аталады.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары:

1) айыппұл; 2) кепілпұл; 3) кепіл болу; 4) банк кепілдігі; 5) алдын ала құн.

Шарт - азаматтық құқықтық қатынастар пайда болуына, барысына, тоқтауына әсер ететін ерік білдіру актісі, келісім.

Шарт мазмұнын талаптар құрады: 1) мәнді талаптар – нақты шарт түріне қажетті талаптар. Оларға шарт пәні, бағасы, мерзімі жатады; 2) Нұсқама талаптар – енгізілуі заңмен қарастырылған талаптар. 3) сілтеме талаптар – заңға, т.б. сілтеніп жасалған талаптар.

Шарт оферта (ұсыныс) және оның акцепті (ұсынысты қабылдау) арқылы жасалады.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1994. №23-24.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасы парламенті Жаршысы, 1999. №16-17.

  3. Қазақстан Республикасы заңы «Бәсеке және монополиялық әрекетті шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 жыл// Егемен Қазақстан, 25 қаңтар 2001ж.

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» // Парламент Жаршысы, 1997. №12.

  5. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң // Жаршы, 1991. №23.

  6. Қазақстан Республикасының заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 жыл // Парламент жаршысы, 1997. №12. 185 бап.

  7. Қазақстан Республикасы заңы «Банкроттық туралы» 21 қаңтар 1997 жыл // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1997. №1-2. 7 бап.

  8. Қазақстан Республикасы заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 16 мамыр 2003 жыл.

  9. Қазақстан Республикасы заңы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2 шілде 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 10 шілде 2003 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы, 1998.

  2. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Алматы: ҚазМЗУ, 2002.

  3. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы: Экономика, 1999.

  4. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Құрастырған ө.Ақыпбекұлы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

  5. Нәрікбаев М.С. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Алматы, 1998.

  6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы. Том 1. 2001.

  7. Шарттар жинағы / Құрастырған Темірғалиева Р.А. Алматы:Аян Әдет, 2000.

Тақырып 8. Азаматтық құқықтың субъектілері және объектілері.

Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушыларына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар (әртүрлі ұйымдар) жатады. Сонымен қатар, азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға мемлекет және өзін - өзі басқару органдары қатысуы мүмкін.

Азаматтық – құқықтық қатынас субъектілері болу үшін арнайы қасиеттер жинағына ие болуы қажет. Оны құқықсубъектілік деп атайды.

Азаматтық құқыққабілеттілік – бұл азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттер атқару қабілеттілігі.

Азаматтық әрекетқабілеттілік - өз әрекеттерімен тұлғаның құқықтар мен міндеттерге ие болу және оларды жүзеге асыру қабілеттігі. Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттігі бірнеше деңгейлерге (түрлерге) бөлінеді:

  1. толық әрекетқабілеттілік (18 жастан жоғары);

  2. жартылай әрекетқабілеттілік (14 – 18 жас);

Сонымен қатар әрекетқабілетсіздік және шектелген әрекетқабілеттілік деген бар. Оны сот тағайындайды.

Құқықсубъектілік туралы тәлімгерлер көрсетілген арнайы әдебиеттерден толық мәліметтер ала алады.

Заңды тұлға – шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында дербес мүлкі бар және өзінің міндеттері бойынша осы мүлкімен жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес шарттарды жасап, жүргізе алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлғаның белгілері:

  1. ұйымдық біртұтастық;

  2. жеке дербес мүлкі болуы;

  3. өз міндеттері бойынша өз мүлкімен жауап бере алуы;

  4. өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие бола алуы.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттігі оның ұйымдық – құқықтық нысаны мен құрылу мақсатына байланысты жалпы және арнайы болып бөлінеді. Коммерциялық ұйымдар жалпы, ал коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқарудағы кәсіпорындар арнайы құқыққабілеттікке ие. Заңды тұлғаның құқыққабілеттігі ол құрылған кезден бастап пайда болады. Оны оның арнайы органы жүзеге асырады.

Заңды тұлғалар келу нормативтік және рұқсат ету тәртібінде құрылуы мүмкін.

Заңды тұлғаның қызметі қайта құрылумен немесе жойылуымен аяқталады.

Заңды тұлғалар қызмет мақсатына байланысты коммерциялық (пайда табу мақсатындағы) және коммерциялық емес (пайда табуды көздемейтін) болып екіге бөлінеді.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі – субективтік құқықтар мазмұнын құрайтын мүмкіндіктерді жүзеге асыру. Оның әдістерінің түрлері:

  1. фактілік;

  2. заңдық (заңды көрсетілген). Мысалы, мүлік сату, мұрадан бас тарту.

Азаматтық құқықтар өкілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оның себептері:

  1. Заңдық себептері – бұлар тұлғаның толық емес әрекетқабілеттілігі, шектелген әрекетқабілеттілік, әрекетқабілеттің және ұйымның заңды тұлға мәртебесінің болмауы;

  2. Фактілік себептері - бұларға, мысалы, ауыру, тұрақты мекен – жай болмауы, қолы бос болмауы және т.б. жатады.

Өкілдік түрлері:

  1. ерікті өкілдік;

  2. міндетті өкілдік (заңды көрсетілген). Ерікті өкілдік сенімхат негізінде жүзеге асаыралыды.

Сенімхат түрлері:

1) генералды (әртүрлі шарттарды, тұлғаның барлық азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға беріледі);

2) бірреттік (қатаң анықталған мәмле мен әрекеттерді жасауға беріледі).

Сенімхаттың әрекетінің тоқтау негіздері: а) уақыттың өтуі; ә) берген тұлғаның тоқтатуы; б) алған тұлғаның бас тартуы; в) сенімхат берген заңды тұлғаның жойылуы; г) сенімхат алған заңды тұлғаның жойылуы; д) берген азаматтың қайтыс болуы, әрекетқабілетсіз деп немесе хабар – ошарсыз кетті деп танылуы.

Мерзімдер түрлері: а) нормативті мерзімдер – заңды анықталған; ә) шарттық мерзімдер; б) соттық мерзімдер.

Нормативті мерзімдер императивті (жақтар келісімімен өзгертуге болмайды) және диспозитивті (диспозитивті нормалармен анықталған, тараптармен өзгертіле алатын)болып екіге бөлінеді.

Айқындалуына байланысты: а) абсолютті айқындалған (календарь датасымен, уақыт кезеңімен); ә) салыстырмалы айқындалған (бір оқиғаның басталуын күтетін); б) анықталмаған (мысалы, талап ету сәтіне дейін).

Құқық туғызатын мерзімдер – басталуы немесе өтуі азаматтық құқықтар туғызатын мерзімдер. Мысалы жариялы, үздіксіз және адал түрде өзгенің мүлкін иеленуі иеленген тұлғаның сол мүлікке меншік құқығын туғызады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері : а) тиісті құқықтарды іске асыру уақыты (мысалы, авторлық құқық тұлғаның өмірі бойы және өлген соң 50 жыл сақталады); ә) алдын алу (пересекательные) мерзімдері (мысалы, лотореяда); б) кепілдік мерзімдері.

Сонымен қатар міндеттерді жүзеге асыру мерзімдері және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері (мысалы, талап арыз ұзақтығы мерзімі).

Жоғарыда айтылған мерзімдер түрлері туралы тәлімгерлер «Азаматтық құқық» курсы бойынша арнайы әдебиеттерден таныса алады.

Меншік құқығы субъективтік мәніндегі:

1) иелену құқығы; 2) пайдалану құқығы; 3) өкім ету құқығынан және объективтік мәніндегі меншікті қорғайтын құқықтардан құралады.

Меншік құқығы екі жолмен пайда болады:

1) бастапқы және 2) өндірістік.

Бастапқыға шаруашылық және еңбек нәтижесі, жеміс жинау, жалпыға рұқсат етілген жолмен балық, аң аулау, тауып алу (қазына), иелену ұзақтығы (ұзақ мерзім бойы адал иеленуден пайда болады) жатады.

Өндірістікке, мысалы, сатып алу, айырбас, сыйға алу, мұра және т.б. жатады.

Меншік құқығы мынадай негіздер болған жағдайда тоқтайды: а) Өндіріп алу; ә) заң бойынша тиесілі емес мүліктің даулануы; б) қозғалмайтын мүліктің учаскені алуға байланысты алынуы; в) шаруашылық мәдени құндылықтарды сатып алу; г) реквизиция; д) конфискация – бұл көрсетілгендердің барлығы (а - д) мәжбүрлі негізге жатажы.

Ерікті түрде, мысалы, сату, беру, әкімшілік акт негізінде беру болғанда меншік құқығы тоқтайды. Еріксіз түрде – бүліну, жоғалу, меншік иесінің өлуі және т.б.

Меншік мемлекеттік және жеке меншік нысандары бөлінеді.

Меншік құқығын қорғау виндикациялық және негаторлық талаппен жүзеге асырылады.

Виндикациялық талап - өзгенің заңсыз иелігіндегі меншігін талап ету. Негаторлық талап – иелігі сақталуының, бірақ пайдалану мен билік етуге кедергі келтіруге байланысты оны жоюды сұрау.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1994. №23-24.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасы парламенті Жаршысы, 1999. №16-17.

  3. Қазақстан Республикасы заңы «Бәсеке және монополиялық әрекетті шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 жыл// Егемен Қазақстан, 25 қаңтар 2001ж.

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» // Парламент Жаршысы, 1997. №12.

  5. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң // Жаршы, 1991. №23.

  6. Қазақстан Республикасының заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 жыл // Парламент жаршысы, 1997. №12. 185 бап.

  7. Қазақстан Республикасы заңы «Банкроттық туралы» 21 қаңтар 1997 жыл // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1997. №1-2. 7 бап.

  8. Қазақстан Республикасы заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 16 мамыр 2003 жыл.

  9. Қазақстан Республикасы заңы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2 шілде 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 10 шілде 2003 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы, 1998.

  2. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Алматы: ҚазМЗУ, 2002.

  3. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы: Экономика, 1999.

  4. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Құрастырған ө.Ақыпбекұлы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

  5. Нәрікбаев М.С. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Алматы, 1998.

  6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы. Том 1. 2001.

  7. Шарттар жинағы / Құрастырған Темірғалиева Р.А. Алматы:Аян Әдет, 2000.

Тақырып 9 Еңбек құқығы негіздері.

Еңбек құқығының пәніне өндірістік қызметте жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан туған қоғамдық қатынастар., яғни еңбек қатынастары мен олармен тығыз байланысты еңбектік емес қатынастар жатады, соңғыларына а) ұйымдық басқару қатынастары; ә) қызметке орналасу мен қызметті қамтамасыз ету қатынастары; б) өндірісте мамандарды тікелей дайындау; в) зиян орнын толтыру; г) еңбек дауларын қарау бойынша процесуальдық қатынастар; д) еңбекті қорғау және еңбек заңын сақтау бойынша қатынастар жатады.

Еңбек құқығының қағидалары:

1. Еңбек шартының бостандығы;

2. Жұмысқа негізсіз қабылдамаудан және жұмыстан заңсыз шығарудан қорғау;

3. Еңбектің саламатты және қауіпсіз талаптарын қамтамассыз ету.

4. Мемлекетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне құқық;

5. Еңбек күнін заңдық шектеу, демалыспен қамтамасыз ету;

6. Заңмен бекітілген жеңілдіктермен еңбекті біріктіру;

7. Еңбек тәртібін жұмысшылардың сақтауы, мекеме мүлкін сақтау;

8. Ауыру, мүгедектікке шығу, қамқоршысынан айырылу кезінде әлеуметтк қамтамасыз ету. Жас бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру;

9. Өндіріс басқаруында еңбек ұжымының және жұмысшылардың қатысуы;

Еңбек құқығының қайнар көздеріне Конституция, ҚР «Еңбек туралы» заң және еңбек шарттары, т.б. актілер жатады. Еңбек шарты (контракт) – жұмыс беруші (мекеме) мен еңбекші арасындағы шарт. Ол бойынша жұмысшы еңбек етуге, еңбек тәртібіне бағынуға тиіс, ал жұмыс беруші (мекеме) еңбекақы төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетті. Еңбек шартының талаптары; 1) қажетті талаптар, яғни, а) қабылдану бойынша өзара келісім мен жұмыс орны туралы келісім; ә) жұмысының еңбек функциясы туралы талап; б) жұмыстың басталу сәті, ал қысқа мерзімділер үшін жұмыстың аяқталу сәті де; в) еңбекақы төлеу шарттары туралы талаптар. 2) факультативті (қосымша, толықтырма) талаптар – бұлар еңбек шартын жасау фактісіне әсер етпейді. Тағайындалуы бойынша әртүрлі болады. Мысалы, жұмысты орындау тәртібін қосымша регламентациялау, міндеттер көлемін нақтылау, мамандық пен лауазымды сәйкестендіру, сынау мерзімі және т.б.

Еңбек шарты тек жазбаша жасалуы тиіс. Еңбек шартының тоқтатылу негіздері; 1) жақтардың өзара еркі арқылы (мысалы, тараптар келісімі басқа жұмысқа жұмысшы келісімімен ауыстыру, сайланбалы лауазымға ауысу) 2) әкімшіліктің инициативасы бойынша; 3) жұмысшы өтініші бойынша; 4) өзгенің инициативасы бойынша (әскерге шақыру, кәсіподақ органының талабымен жұмыстан босату, сотталғанда заң үкімінің күшіне енуі).

Жұмыс уақыты еңбектің экстенсивті мөлшері болып табылады. Оның мынадай түрлері бар:

1) қалыпты жұмыс уақыты (заңмен бекітілген ортақ, жалпы жұмыс уақыты) – аптасына 40 сағат;

2) қысқартылған (заңмен қарастырылған жағдайда тағайындалады) – аптасына 36 сағаттан аспау керек. Бұл уақыт кәмелетке толмағандарға, зиянды, ауыр жағдайда жұмыс істейтіндерге, жекелеген жұмысшылар категориясына (мұғалімдер, дәрігерлер және т.б);

3) толық емес, яғни тараптар келісімі бойынша жүктеме бекітілетін және еңбекақы істеген уақытқа пропорционалды түрде төленетін жұмыс уақыты;

4) нормаланбаған жұмыс күні – қызметтің ерекше қажеттілік жағдайында атқарылатын уақыты. Ол қалыпты және қысқартылған жұмыс уақытымен істейтіндерге қолданылуы мүмкін.

Жұмысты уақыттық жағынан шектеу – еңбек құқығының қағидасы. Оған сәйкес мынадай жалпыға ортақ демалыс түрлері бар: а) жұмыс уақытындағы үзілістер; ә) күнаралық үзілістер; б) апта аралық демалыс күндері; в) мейрам күндері; г) жыл сайынғы демалыс.

Еңбекақы төлеу ешқандай кемсітусіз болуы тиіс. Еңбекақы төлеуді реттеу негізінде еңбекақы төлеу тарифтері жатады. Тәртіп бойынша еңбекақы тарифтік жүйе негізінде төленеді. Бірақ, тарифсіз жүйелер де пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, шартты коэфиценттер: 1) еңбектік қатысу коэфиценті; 2) еңбектік үлес коэфиценті; 3) еңбек тиімділігі коэфиценті; қолданылуы мүмкін. Басшылардың, мамандардың , қызметкерлердің еңбегін төлеу лауазымдық кесімді қызметақы негізінде жүргізіледі.

Бюджеттік ұйымдар жұмысшыларына еңбекақы төлеу негізінде біріңғай тарифтік тор жатыр. Ол 18 категориялардан тұрады. Әрбір категорияға тарифтік коэфицент сәйкес келеді. Мұнда жұмысшының атқаратын қызметі, лауазымы , жұмыс стажы есепке алынады.

Еңбек қауіпсіздік және гигиена талаптарына сәйкес жүзеге асуға тиісті.

Кең мағнасында еңбекті қорғау бүкіл еңбек құқығының барлығы саналады, өйткені олардың бүкіл нормалары барлық жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз етеді.

Ал тар мағнасында еңбекті қорғау еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тікелей бағытталған нормалардан тұратын еңбек құқығының құқықтық институтын білдіреді. Ол келесі нормалар тобынан тұрады:

  • техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарий ережелері;

  • ауыр, зиянды және қауіпті өндірістік жағдайларда жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегін қорғайтын арнайы нормалардан;

  • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекқабілеттігі төмен тұлғалардың еңбегін қорғау бойынша нормалардан;

  • еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзғандық үшін жауапкершілік жүктейтін және мемлекеттік қадағалау мен қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын органдардың қызметінің ұйымдасуын реттейтін нормалардан.

Бұл нормалар орталықтандырылған тәртіпте немесе жергілікті деңгейде қолданылуы мүмкін.

Еңбекті қорғау туралы талаптар жұмысшылармен сақталуы үшін, олармен инструктаж жүргізіледі. Инструктаж кіріспе, қайталама, жоспардан тыс (ағымдық) болып үшке бөлінеді. Кіріспе инструктаж жұмысқа қабылданған кезде жүргізіледі. Қайталама инструктаж бекітілген мерзімдерде, периодикалық түрде жүргізіліп отырады. Ағымдық инструктаж технологиялық үрдіс өзгергенде (немесе)құрал , еңбекті қорғау ережелері бұзылғанда жүргізіледі.

Еңбек тәртібі – бұл кәсіпорында, мекемеде және ұйымдарда бекітілген белгілі бір тәртіпке жұмысшылардың саналы, ерікті бағынуы, өндіріс үрдісі қатысушыларының өзара қатынас тәртібі. Оны сақтамағандар үшін тәртіптік және қоғамдық әсер ету шаралары қолданылуы мүмкін. Еңбек тәртібін реттейтін жалпы нормалар «ҚР еңбек туралы» заңда көрсетілген. Мұнымен қатар еңбек тәртібі жарғымен, шаруашылықтың жекелеген салаларындағы тәртіп туралы ережелермен, техникалық ережелермен, лауазымдық инструкциялармен және т.б. нормативті ережелермен реттеледі.

Еңбек тәртібінің негізгі бекітілімдері ішкі еңбек тәртібі ережелерінде мазмұндалады. Ол жұмысшылардың жалпы жиналысымен қабылданады. негізгі бекітілімдерді әкімшілік ұсынады. онда әкімшіліктің, ұжымның және жұмысшылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Жұмысшылардың негізгі міндеттері:

  1. шынайы және адал ниетпен жұмыс істеу;

  2. еңбек тәртібін сақтау;

  3. әкімшіліктің үкімдерін өз уақытында және нақты орындау;

  4. еңбек өнімділігін өсіру;

  5. өнім сапасын жақсарту;

  6. техникалық тәртіпті, еңбек қорғау талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитарий ережелерін сақтау;

  7. кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның мүлкіне күтіммен қарау.

Әкімшіліктің міндеттері: 1) жұмысшылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыру; 2) еңбектік және өндірістік тәртіпті қамтамасыз ету; 3) еңбек заңы мен өндірістік тәртіпті бұлжытпай сақтау; 4)жұмысшылардың қажеттіліктері мен сұраныстарына назар аудару, олардың еңбектік, тұрмыстық жағдайын жақсарту.

Тәртіптік жауапкершілік – жұмысшылардың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік өндіріп алу жолымен жүзеге асырылатын әкімшілік алдындағы жауап беру міндеті.

Тәртіптік теріс қылық – құқық бұзушылықтың ерекше түрі – бұл жұмысшының еңбек міндеттерін құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы немесе дұрыс орындамауы.

Тәртіптік жауапкершілік түрлері жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы түрлері « ҚР еңбек туралы» ҚР заңының 94 – бабында көрсетілген. Оларға: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) жұмыстан шығару (осы заңның 26 –б, 9 – 12 тармағына сәйкес). Бұл санақ толық болып саналады. Тәртіптік жауапкершілік шарасын қолданғанға дейін жұмысшы жазбаша түсініктеме береді. Одан бас тарту тәртіптік жауапкершілікті қолдануға кедергі болмайды. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін бір тәртіптік жауапкершілік қолданылады. Қолданған соң 6 ай ішінде қайталанбаса, тәртіптік жауапкершілігі жоқ деп есептелінеді. Тәртіптік жауапкершілік мерзімі өткенше алынып тасталуы мүмкін. Еңбек заңдылығын бұзғандық үшін жауапкершілік – еңбек құқығының нормасын бұзған тұлғаның мекеме, ұйым алдында жауап беруі және еңбек нормасының санкциясында мазмұндалған жағымсыз салдарды басынан кешуі. Оған: 1) еңбектік тәртіп жауапкершілік (алдында қарастырылды); 2) жұмысшының материалдық жауапкершілігі; 3) ұйымның мүліктік жауапкершілігі жатады.

Жұмысшының материалдық жауапкершілігін төрт шарт құрады: а) жұмысшымен тікелей келтірілген зиян; ә) жұмысшы әрекетінің құқыққа қайшылығы; б) жұмысшының келтірген зияны мен әрекеті арасындағы себептік байланыс болуы; в) жұмысшының кінәсінің болуы. Еңбек заңы мұның екі түрін ажыратады: 1) шектелген, яғни еңбекақы көлемінде және 2) толық.

Ұйымның жұмысшы алдындағы жауапкершілігі «ҚР еңбек туралы» ҚР заңына сәйкес ұйым әкімшілігі еңбектің саламатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс (аталған заңның 8 – б.). Бұл ережені сақтамау ұйым жауапкершілігіне әкеледі. Дау туған жағдайда тараптар келісімімен немесе соттық тәртіппен қарастырылады.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мынадай нысандарда жүзеге асырылады: а) зейнетақы; ә) әртүрлі көмекақылар; б) қамтамасыз етудің натуралды түрлері мен әртүрлі қызмет көрсету (медиктік - әлеуметтік сарапшылық алқада куәландыру, арнайы көлік беру, санатории – курорттық емдеу, лагерлер, жол жүруде жеңілдік беру, коммуналдық қызметті төлеудегі жеңілдіктер).

Зейнетақы түрлері: 1) еңбектік; 2) кәрілік; 3) мүгедектік; 4) қамқоршысынан айырылуға байланысты; 4) жылдар қызметі үшін.

Көмекақы түрлері: 1) уақытша еңбекқабілетсіздігі үшін; 2) бала туғанға дейін және туғандығы үшін; 3) айаралық; 4) біріңғай уақыттық: туу кезінде, қаза – жаназа кезінде.

Еңбек стажының түрлері: а) жалпы; ә) арнайы; б) үзіліссіз.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы». Алматы, 2002.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Еңбекті қорғау туралы» 22 қаңтар 1993 жыл // Егемен Қазақстан, 25 ақпан 1993 жыл.

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.

  5. Қазақстан Республикасының заңы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Алматы:Жеті Жарғы, 1996.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Айымханова Н.М. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2002.

  2. Абуярова Н.А. Еңбек құқығы. Алматы:Юрист, 2002.

  3. Қағазов О. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2000.

  4. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Алматы: Дәнекер, 1999.

Тақырып 10. Отбасылық құқық негіздері.

Адамдар арасында неке фактісімен, қандық туыстықпен, асырап алудан, балаларды тәрбиеге алудан туатын жеке және олардан шығатын мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын отбасы құқығы дейміз.

Отбасы негізгі қағидалары: неке қатынастарының еріктілігі, бірнекелік, жұбайлар теңдігі, балаларға отбасы тәрбиесін берудің басымшылығы, балалардың мүдделері мен құқықтарын сөзсіз қорғауды қамтамасыз ету және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерін қорғау.

Отбасы мүшелеріне заң тәртібімен некеде тұрған күйеуі мен әйелі, балалары және ортақ ата – анадан тараған туысқандар, асырап алушылар мен асырап алғандар және т.б. жатады.

Отбасы құқығының қарым – қатынасы объектілеріне отбасы мүшелерінің іс - әрекеттері және мүліктері жатады.

Отбасы құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерінде заңдық факілер, яғни іс-әрекеттер мен оқиғалар жатады. Бұлзаңдық фактілер отбасы құқығының нормалары көрсеткен нақты өмірлік жағдайлар жатады. Іс-әрекеттер құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Мысалы, заңға сәйкес, баланы мектепке орналастыру құқықтық, ал еңбекке қабілетсіз әке-шешесін бағып-қағудан бас тарту – құқықсыз іс-әрекет. Мұндағы заңдылық факт – бала асырап алу фактісі, қартайған әке-шешенің материалдық қажеттілігі.

ҚР Неке және отбасы заңдылығы азаматтарға отбасы құқықтарын үз қалауларынша пайдалануға рұқсат берілген. Бірақ оларды бұрыс пайдалануға немесе асыра пайдалануға тыйым салған.

Азаматтардың отбасы құқықтарын қорғау сотпен жүзеге асырылады, ал заңда қарастырылған жағдайда қамқоршылық пен қорғаушылықты жүзеге асыратын органдармен жүзеге асырылады.

Отбасы құқығының негізгі бір ұйымына неке түсінігі жатады. Неке -әйел мен ер адамның еркін, ерікті және тең құқықты одағы. Бұл одақ белгілі бір заңдық салдарды туғызатындықтан, белгілі бір ережелерді сақтау жолымен жасалуы тиіс. Жүбайлардың міндеттері мен құқықтары неке қиюды азаматтық хал актілерін жазу мекемесінде тіркеген кезден бастап туады. АХАЖ-да, сонымен қатар, туу, аты-жөнін өзгерту, адамның қаза болуы тіркеледі.

«Неке және отбасы туралы» заң неке қиюдың заңдық тәртібі мен шарттарын бекіткен. Неке қию кезінде жұбайлардың екеуі де қатысуы міндетті, отбасы одағын құруға өзара келісім болуы тиіс. Олар неке жасына (18 жас) жетуі тиіс. Белгілі бір себептерге байланысты бұл жас екі жылға дейін төмендетілуі мүмкін.

Неке тұлғалардың азаматтық әрекет қабілеттілігі болғанда ғана заңды деп танылады.

Неке мына жағдайларда заңсыз: тұлғаның вирустық жүқпалы аурумен ауыруы, туысқандарарасында, асырап алушы мен асыралушы арасында.

Ажырасу жұбайлар арасындағы отбасылық қатынастардың тоқтауына негіз болады.

Некеге отырған әйел мен еркек жеке мүліктік емес құқықтарға, сонымен қатар мүліктік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Некеге отыру бір жақтың құқықтарын шектеуге себеп бола алмайды. ҚР неке және отбасы заңдылығында «отбасы басшысы» деген ұғым жоқ. Неке қию кезінде ата-текті әйелінің немесекүйеуінің атына немесе егер екеуінің некеге дейінгі ататектері ұқсас болмаса, тектерін қосуға рұқсат.

Ата-аналарына тиісті мүлікке балаларының меншік құқығы болмайды. Заңда некедегілердің екі мүлкі ажыратылған: 1) некеге дейінгі, 2) неке кезінде пайда болған ортақ меншік.

Ортақ мүлікпен иелік ету жұбайлар келісімімен жүргізіледі. Бұл жағдай неке шартымен жұбайлардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Неке шарт нотериалдық куәландыруға жатады. Ол неке кензінің кез-келген уақытында жасалып , өзгертіле алады және тоқтатылуы мүмкін. Және де кез-келген азаматтық шарт сияқты заңсыз деп танылуы мүмкін. Неке шарты неке бұзылғанда өз әрекетін тоқтатады.

Ата-ана міндеттері: кәмелетке толмаған және еңбекқабілеттігі жоқ балаларын қамтамасыз ету, тәрбиелеу, физикалық дамуын , оқуын қамтамасыз ету, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау.

Баланың құқықтары:Отбасында өмір сүру,тәрбиелену, өз ата-анасын білу, олармен қатынасу, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау, аты-жөнге құқық, өз ойын білдіру,қамтамасыз етілу құқығы.

Неке бұзылғаннан кейін 300 күн ішінде туған баланың әкесі ратінде арыз беруші ер адам танылады. Егер ол өзінің биологиялық әкесі емес екеніне күманданса, дауласуға құқығы бар.

Ата-ана өз баласына қатысты міндеттерін орындамаса, тәрбиесіне , өсуіне теріс ықпал етсе олар сот арқылы ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Оны тек онжасқа толған баланың өз келісімімен қайтаруға болады.

Ата-аналық құқығын шектеу балаларды қамтамасыз ету міндетінен айырмайды. Егер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, қамқоршылық және қорғаушылық органы баланы алып қоя алады.

Алимент(лат –ауқат, қамтамасыз ету, асырау) міндеттілігі көбіне неке бұзылғанда туады. Ол балаға тиесілі. Алимент қолма қол, пошта арқылы. Есеп аудару арқылы, т.б. жолмен төлене алады. Алимент мөлшері туралы келісім болмаса, ол соттық жолмен алынады. Заңда бекітілген жалпы мөлшері мынадай: 1) балаға алимент төлеушінің табысының ¼ мөлшері, екі балаға - 1/3, үш және одан көп болса ½ . Сот алимент мөлшерін еңбекақы немесе өзге де табыс арқылы не болмаса қатаң ақша соммасында анықтауға құқығы бар.

Келісім бойынша алимент мүлік арқылы беріле алады (пәтер, үй, жер участогі және т.б).

Ата – ана қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің төмендегідей нысандары бар:

1) асырап алу; 2) қамқорлыққа алу; 3) өгей отбасында тәрбиелеу (тәрбиелеушілерге ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады).

Тәлімгерлер неке және отбасы заңдылығы туралы «Неке және отбасы туралы» ҚР заңынан (17 желтоқсан 1998 ж. бастап. Астана) таныса алады.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының заңы «Неке және отбасы туралы». Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

  2. Қазақстан Республикасының заңы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

  3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. Алматы, 1994.

  4. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Ерекше бөлімі. Алматы: Юрист, 2002.

  5. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баянов Е. Мем лекет және құқық негіздері. Алматы:Жеті Жарғы, 2001.

  2. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.

  3. Тұрғын үй кооперативтерін қалай ұйымдастыруға болады: Құжаттар жинағы. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

Тақырып 11. Қылмыстық құқық негіздері.

Қылмыстылықты және іс-әрекеттердің жазалылығын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, жаза жүйесін, оны тағайындау тәртібі мен шарттарын, сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату негіздерін анықтайтын, мемлекеттік жоғары органдарымен бекітілген заңдық нормалар жинағы қылмыстық құқық деп аталады.

Қылмыстық құқық пәніне қылмыстың жасалуымен байланысты туатын қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстылықты, қылмыстың жасалуына заңдық тиым салу мен олардың жазалылығын анықтаудан тұрады.

Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім – бұл қылмыстық заңдылық пен оның қағидалары, қылмыстық жауапкершілік негіздері, қылмыстық заңның кеңістіктегі, уақыттағы, тұлғалар шеңберіндегі әрекетін анықтайтын, қылмыс түсінігі мен категорияларын, кінә нысанын, қылмыстық құқықтық жас мөлшерін, қылмысты жоққа шығаратын мән – жайларды, қылмысқа қатысуды, жаза мақсаттары мен түрлерін, олардың тағайындалу тәртібі мен мазмұнын, жауапкершіліктен босату негіздерін, сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жазасының ерекшеліктерін көрсететін бөлім.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс түрлері мен олардың жазалары, істеуші тұлғалар көрсетілген.

Қылмыстық құқық мынадай қағидаларға сүйенеді: заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі, кінә үшін жауаптылық, әділеттік пен гуманизм.

Қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі болып қылмыстық заң табылады. Тек қана қылмыстық заң қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің қылмыстылығын және жазалануын тағайындайды. ҚР – да қылмыстық заңды ҚР қылмыстық Кодексі құрайды. Жаңа қылмыстық заңдар қылмыстық Кодекске қосылуға жатады.

Қылмыс дегеніміз жазалаумен ескертілген, ҚР ҚК – мен тиым салынған, қоғамға аса қауіпті іс - әрекет. Іс - әрекетті қылмыс деп тану үшін оның мынадай белгілері болуы қажет:

а) қоғамға аса қауіптілігі;

ә) қылмыстың құқыққа қайшылығы;

б) кінәлілік;

в) жазалауға жататындығы.

Қылмыстар әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты сарапталады. Қылмыстарды сараптау – бұл қоғамға аса қауіпті іс - әрекеттерді олардың мәнді белгілеріне байланысты өзара байланысқан топтарға бөлу. Ол қоғамға аса қауіптііс - әрекеттердің қоғамға қауіптілік сипаты мен деңгейіне байланысты бөлінеді.

Қоғамға қауіптілік сипаты – бұл іс - әрекет қол сұғатын қоғамдық қатынастың маңыздылығы мен қылмысты жасау әдісі бойынша анықталатын қылмыстың әлеуметтік қасиеті.

Қоғамға қауіптілік деңгейі – бұл жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән – жайларды есепке ала отырып анықталатын қылмыстың әлеуметтік қасиеті.

Бұларға байланысты қылмыстар төрт категорияға бөлінеді:

1) жеңіл қылмыстар – қасақана жасалған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылатын қылмыстар;

2) орташа ауырлықтағы қылмыстар – 2 - 5 жыл;

3) ауыр қылмыстар – 5 – 12 жылға дейін;

4) аса ауыр қылмыстар – 12 жылдан көп және өлім жазасы қарастырылған қылмыстар.

Осында көрсетілген алғашқы үш категорияда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, соңғысында 14 жастан бастап қарастырылған.

Тәлімгерлер ҚР қылмыстық заңдылығы ережелері туралы толық мәліметті 1998 жылдың 1- қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР қылмыстық кодексінен және «Қылмыстық құқық » курсы бойынша арнайы әдебиеттерден таныса алады.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2000.

  3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 1998.

  4. Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару кодексі. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алауов Е. Қылмысқа тосқауыл. Алматы, 1997.

  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: жалпы бөлімі. Алматы, 1999.

  3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: ерекше бөлім. Алматы, 2000.

  4. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлімі. Алматы, 2001.

  5. Биебаева А.Ә. Әрекеттің мән-жайларын жоятын кейбір түрлері. Қарағанды, 2003.

  6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Алматы, 2001.

  7. Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2002.

  8. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Астана, 2001.

  9. Рахметов С.М., Бапанов Т.А. Қылмыс құрамы. Алматы: Баспа, 1998.

  10. Төлеубекова Б.К. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

Семинарлық сабақтар жоспарлары

Тақырып 1. Мемлекет туралы негізгі түсініктер

Сұрақнама:

  1. Мемлекеттің пайда болу заңдылықтары.

  2. Мемлекеттің, өкіметтің, құқықтың пайда болуын қарастыратын теорияларға сипаттама.

  3. Мемлекеттің түсінігі және негізгі белгілері.

  4. Мемлекет мәні, қызметі және типтері.

  5. Мемлекет нысаны: басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим.

  6. Мемлекеттік аппарат түсінігі, құрылу және әрекет ету қағидалары.

  7. Мемлекет органдары: түсінігі, түрлері.

  8. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі.

  9. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен практикасы.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасының басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын және саяси-құқықтық режимін теориялық негіздерге және заңнамаға сүйене отырып өз бетінше анықтау.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Дін тұтыну бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 15 қаңтар 1992 // Жаршы, 1992. №4.

  5. Қазақстан Республикасы заңы «Саяси партиялар туралы» 2002 // Парламент Жаршысы, 2002, №11-12.

  6. Қазақстан Республикасы заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 // Парламент Жаршысы, 1996. №8-9.

  7. Қазақстан Республикасы заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 // Егемен Қазақстан, 1999. 6 тамыз.

  8. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

  9. Қазақстан Республикасы Президенті өкімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, 1996. №9.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.

  2. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

  3. Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.

  4. Сейтасқаров М.А. Қазақстанда саяси жүйенің жаңғыруы жағдайындағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері. Алматы, 2000.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған жөн. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде мемлекеттің негізгі түсінігін шығару және оның негізгі белгілерін өз бетінше анықтау қажет. Мемлекетік өзге де құбылыстарға қатысты өзіндік ой қорытып тұжырымдау керек. Мемлекет мәні, маңызы, қызметі мәселелерін қарастырғанда басты назарды Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне аудару қажеттілігі бар.

Тақырып 2. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктер

Сұрақнама:

  1. Құқық түсінігі, белгілері және мәні.

  2. Нормативті реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.

  3. Құқық нормасы түсінігі, белгілері және түрлері.

  4. Құқық шығармашылық түсінігі, сатылары.

  5. Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылық органдарына сипаттама.

  6. Құқықтық қатынас түсінігі, құрамы.

  7. Құқықтық сана және мәдениет.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен лауазымды тұлғалардың құқықтық мәдениеттілігінің деңгейі туралы ой толғау.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы,1998.

    2. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» 24 наурыз 1998 // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1998. №3, өзгерістері мен толықтыруларымен қоса.

Қосымша әдебиеттер:

    1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.

    2. Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.

    3. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

    4. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы, 2001.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған дұрыс. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде құқықтың негізгі түсінігін қалыптастыру және оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталып қарастыру қажеттігі бар. Құқық мәні, тектері, нормалар тәріздес құқықтық құбылыстарға қатысты өзіндік ой қорыта отырып тұжырымдар жасай білу керек. Құқықшығармашылық мәселесін қарастырғанда басты назарды Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне аудару қажет. Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылық органдарының әрекетіне заңға сүйене отырып баға беру керек.

Тақырып 3. Құқық қайнар көздері, құқық жүйесі және заңнама жүйесі туралы білімдер

Сұрақнама:

  1. Құқық қайнар көздері түсінігі.

  2. Нормативті-құқықтық акт түсінігі, белгілері, түрлері.

  3. Прецедент түсінігі, түрлері.

  4. Әдет-ғұрыптық құқық. Іскерлік ғұрып.

  5. Нормативті келісім және оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролі.

  6. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде.

  7. Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы сипаттама.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасы құқығының негізгі қайнар көздеріне жалпы сипаттама беру.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы:Жеті Жарғы, 1998.

2. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» // Парламент Жаршысы, 1998. №3.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.

  2. Зивс С.Л. Источники права. Москва, 1981.

  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: ҚазМЗУ., 1998.

  4. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

  5. Табанов С.А. Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. Алматы, 2001.

  6. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1995.

Әдістемелік нұсқаулар:

Құқық қайнар көздері тақырыбын зерттеу барысында дүние жүзілік құқық теориясында анықталған құқық нысандарының жалпы сипаттамасына тоқтала отырып, Қазақстан Республикасында басым түрде қолданылатын құқық нысаны ретінде нормативті-құқықтық актілерге басты назар аудару қажет. Нормативті актілердің белгілерін қарастырумен бірге, оның негізгі түрлері заңдарға және заңға бағынышты актілерге ерекше тоқтала кету керек. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қолданыстағы құқық түсінігін анықтау қажеттігі бар. Сонымен бірге, қазақстандық құқықтың салаларына қысқаша сипаттама берілуі керек.

Тақырып 4. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері

Сұрақнама:

  1. Конституциялық құқық түсінігі, зерттеу пәні және әдістері.

  2. Конституция түсінігі, заңдық қасиеттері және түрлері.

  3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының жалпы сипаттамасы.

  4. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің түсінігі. Азаматтық.

  5. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтары.

  6. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері.

  7. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы.

  8. Мемлекеттік биліктің жүйесі.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына жалпы сипаттама беру.

  2. Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын жүзеге асыру кепілдіктеріне тоқталу.

  3. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы,1998.

  2. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.

  4. Қазақстан Республикасының заңы «Азаматтық туралы» 20 желтоқсан 1991 жыл // Егемен Қазақстан, 1992. 8 қаңтар.

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Астана: Фолиант, 2001.

  2. Кубеев Е.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы. Қарағанды, Болашақ-баспа, 1998.

  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы: схемалы альбом / Құрастырғандар: В.В. Мамонов, С.А. Табанов. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  5. Қопабаев ө.Қ. Шетелдердің конституциялық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  6. Масатов Б. Құқықтық демократия әліппесі. Алматы:Жеті Жарғы, 2000.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын мәселе Конституция түсінігі мен оның негізгі белгілері және конституциялық нормалар арқылы реттелінуге тиісті қоғамдық қатынастар болып табылады. Аталған мәселенің теориялық негіздерін ашып қарастырумен қатар, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына (өзгерістері мен толықтыруларымен қоса) шолу жасаған дұрыс. Ата Заң бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жүйесі және азаматтардың конституциялық міндеттері мәселесі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оларды жүзеге асыру механизміне және саяси-құқықтық кепілдіктеріне де тоқталу керек.

Тақырып 5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары.

Сұрақнама:

  1. Мемлекеттік орган түсінігі және жіктелу негіздері.

  2. Қазақстан Республикасындағы заң шығару билігі.

  3. Қазақстан Республикасы атқару билігі органдарына сипаттама.

  4. Қазақстан Республикасы сот билігі органдары.

  5. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі.

  6. өзге мемлекеттік органдардың құрылу және әрекет ету тәртібі.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бөліну қағидасына сәйкес билік органдарының схемасын қалыптастыру.

  2. «Жергілікті атқару билігі органдарының тағайындалмалылығы мен сайланбалылығына көзқарас» тақырыбындағы сөзжарысқа дайындық.

  3. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

  4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

  5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

  6. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №12.

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 // Егемен Қазақстан, 1996. 13 қаңтар.

  8. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.

  9. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.

  2. Кубеев Е.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы. Қарағанды, Болашақ-баспа, 1998.

  3. Нәрікбаев М. ¦лы билерімізден Жоғарғы сотқа дейін. Алматы: Атамұра, 1999.

  4. Президент және Парламент. Алматы; Атамұра, 2000.

  5. Сартаев С.С. ҚР билікті бөлу және оларды жүзеге асыру принциптерінің қалыптасуы. Алматы: Жеті Жарғы, 2002.

Әдістемелік нұсқаулар:

Мемлекеттік билік органдарының құрылу және әрекет ету тәртібін нақты анықтау үшін міндетті түрде жоғарыда көрсетілген нормативті-құқықтық актілермен танысу және оларды терең зерделеу қажеттілігі бар. Аталған актілерді білу Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы органдарының өкілеттігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз алдына студенттердің қоғамдық өмірде дұрыс бағыт алуына жол салады.

Тақырып 6. Әкімшілік құқық негіздері.

Сұрақнама:

  1. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, зерттеу әдістері.

  2. Әкімшілік құқықтық қатынастар.

  3. Әкімшілік құқықбұзушылық түсінігі, түрлері.

  4. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, түрлері.

  5. Қазақстан Республикасы атқару билігінің орталық және жергілікті органдары.

  6. Мемлекеттік қызмет: түсінігі, өткеру принциптері.

Тапсырмалар:

  1. Мемлекеттік қызметке тұру және оны атқару тәртібі туралы көзқарастарды пайымдау.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

  4. Қазақстан Республикасының кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы. Алматы: Баспа, 2001.

  5. Қазақстан Республикасының заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 // Егемен Қазақстан, 1999. 6 тамыз.

  6. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баянов Е. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығы курсының бағдарлама құжаттары. Алматы, 2001.

  2. Қызылов М.А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: схемалар. Алматы:Жеті Жарғы, 2002.

  3. Масатов Б. Құқықтық демократия әліппесі. Алматы:Жеті Жарғы, 2000.

Әдістемелік нұсқаулар:

Әкімшілік құқықтың қоғамдық өмірді реттеудегі маңызы зор. Студенттерге берілген заңдық актілермен жан-жақты жұмыс жасау міндеттілігі жүктеледі. Мысалы, әкімшілік құқықбұзушылықтардың жеке түрлерін білу және оларға қолданылатын заңдық жауапкершілік шараларын ұғыну оның алдын-алушы негізгі фактор болып табылады. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды оқу студенттерді мемлекеттік лауазым түсінігімен, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібімен таныстырады.

Тақырып 7. Азаматтық құқық негіздері

Сұрақнама:

  1. Азаматтық құқық түсінігі. Реттеу пәні және әдістері.

  2. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

  3. Азаматтық құқықтық қатынас мазмұны.

  4. Азамттық құқықтық қатынас түрлері.

  5. Мәмілелер түсінігі, жарамды болу талаптары.

  6. Міндеттемелер түсінігі.

  7. Шарт түсінігі және түрлері.

Тапсырмалар.

  1. Меншік құқығының пайда болу негіздері және меншік құқығын қорғау туралы көзқарастар.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1994. №23-24.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасы парламенті Жаршысы, 1999. №16-17.

  3. Қазақстан Республикасы заңы «Бәсеке және монополиялық әрекетті шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 жыл// Егемен Қазақстан, 25 қаңтар 2001ж.

  4. Қазақстан Республикасы заңы «¦сақ кәсіпқойлықты мемлекеттік қолдау туралы» // Парламент Жаршысы, 1997. №12.

  5. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң // Жаршы, 1991. №23.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы, 1998.

  2. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Алматы: ҚазМЗУ, 2002.

  3. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Құрастырған ө.Ақыпбекұлы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

  4. Нәрікбаев М.С. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Алматы, 1998.

  5. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы. Том 1. 2001.

  6. Шарттар жинағы / Құрастырған Темірғалиева Р.А. Алматы:Аян Әдет, 2000.

Әдістемелік нұсқаулар:

Азаматтық құқық тақырыбын қарастыру барысында міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен жұмыс істеу қажет. Заңның жеке нормаларын практикада қолдану тәжірибесіне де назар аудару керек. Меншік құқығын қорғау талаптарына ерекше тоқталу қажеттігі бар. Шарт түсінігі мен түрлеріне зер салу экономика саласы мамандарының қажеттілігіне жауап береді.

Тақырып 8. Азаматтық құқықтың субъектілері және объектілері.

Сұрақнама:

  1. Азаматтық құқық субъектілері. Құқыққабілеттілік, әрекет қабілеттілік. Құқық субъектілік.

  2. Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде.

  3. Жеке кәсіпқойлық түсінігі және түрлері.

  4. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынас субъектілері ретінде.

  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.

Тапсырмалар:

  1. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

  2. Заңды тұлғаның құқықсубъектілігін анықтау.

Негізгі әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1994. №23-24.

    2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасы парламенті Жаршысы, 1999. №16-17.

    3. Қазақстан Республикасы заңы «Бәсеке және монополиялық әрекетті шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 жыл// Егемен Қазақстан, 25 қаңтар 2001ж.

    4. Қазақстан Республикасы заңы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» // Парламент Жаршысы, 1997. №12.

    5. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң // Жаршы, 1991. №23.

    6. Қазақстан Республикасының заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 жыл // Парламент жаршысы, 1997. №12. 185 бап.

    7. Қазақстан Республикасы заңы «Банкроттық туралы» 21 қаңтар 1997 жыл // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1997. №1-2. 7 бап.

    8. Қазақстан Республикасы заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 16 мамыр 2003 жыл.

    9. Қазақстан Республикасы заңы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2 шілде 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 10 шілде 2003 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы, 1998.

  2. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Алматы: ҚазМЗУ, 2002.

  3. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы: Экономика, 1999.

  4. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Құрастырған ө.Ақыпбекұлы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

  5. Нәрікбаев М.С. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Алматы, 1998.

  6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы. Том 1. 2001.

  7. Шарттар жинағы / Құрастырған Темірғалиева Р.А. Алматы:Аян Әдет, 2000.

Әдістемелік нұсқаулар:

Азаматтық құқық тақырыбын қарастыру барысында міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен жұмыс істеу қажет. Заңның жеке нормаларын практикада қолдану тәжірибесіне де назар аудару керек. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқық субъектілері ретінде мәртебесі жеке талдауды қажет етеді. Заң актілеріне сүйене отырып жеке кәсіпкерліктің түрлеріне нақты тоқталу және заңды тұлғаларды ерекшелендіретін белгілерін ажыратып қарастыру керек.

Тақырып 9 Еңбек құқығы негіздері

Сұрақнама:

  1. Еңбек құқығының пәні және әдістері. Еңбек құқығының қайнар көздері.

  2. Жеке және ұжымдық еңбек шарты: жасалу және тоқтатылу тәртібіі.

  3. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

  4. Еңбекке ақы төлеу.

  5. Еңбек тәртібі түсінігі және тәртіпшілік шараларының түрлері.

  6. Еңбекті қорғау

  7. Еңбек даулары.

  8. Әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері.

Тапсырмалар:

  1. Заң актілерінің талаптарын ескере отырып жеке еңбек шартының жобасын дайындау.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы». Алматы, 2002.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Еңбекті қорғау туралы» 22 қаңтар 1993 жыл // Егемен Қазақстан, 25 ақпан 1993 жыл.

  4. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.

  5. Қазақстан Республикасының заңы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Алматы:Жеті Жарғы, 1996.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Айымханова Н.М. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2002.

  2. Абуярова Н.А. Еңбек құқығы. Алматы:Юрист, 2002.

  3. Қағазов О. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. Алматы, 2000.

  4. Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Алматы: Дәнекер, 1999.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған дұрыс. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде еңбек шартының негізгі түсінігін қалыптастыру және оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталып қарастыру қажеттігі бар. Еңбек уақыты және демалыс уақытының жұмыскерлердің әртүрлі категорияларына байланысты ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Көрсетілген нормативті актілерді міндетті түрде оқып-зерттеу қажет.

Тақырып 10. Отбасылық құқық негіздері

Сұрақнама:

  1. Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері және отбасы заңдары.

  2. Некеге отырудың тәртібі мен шарттары.

  3. Ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеттері.

  4. Некені тоқтату.

  5. Ата-ана мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар.

  6. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары.

Тапсырмалар:

  1. Неке шартының түсінігін анықтау және оған деген көзқарастар туралы ой қорыту.

  2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудегі қоғамның ролі туралы пікір өрбіту.

  3. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының заңы «Неке және отбасы туралы». Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

  2. Қазақстан Республикасының заңы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

  3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. Алматы, 1994.

  4. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Ерекше бөлімі. Алматы: Юрист, 2002.

  5. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жыл // Егемен Қазақстан, 13 тамыз 2002 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Баянов Е. Мем лекет және құқық негіздері. Алматы:Жеті Жарғы, 2001.

  2. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Алматы: Заң әдебиеті, 2002.

  3. Тұрғын үй кооперативтерін қалай ұйымдастыруға болады: Құжаттар жинағы. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

Әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сабағына дайындалу барысында «Неке және отбасы туралы» заңға тереңірек тоқталу қажет. Заң нормаларына сүйене отырып неке шарты түсінігін анықтау, неке жасын белгілеу, жұбайлар арасындағы құқықтар мен міндеттер, ата-ана мен баланың өзара құқықтары мен міндеттері көлеміне назар аудару керек.

Тақырып 11. Қылмыстық құқық негіздері

Сұрақнама:

  1. Қылмыстық құқық түсінігі. Қылмыстық заң.

  2. Қылмыс түсінігі, белгілері және түрлері.

  3. Қылмыс құрамы.

  4. Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен заңға қайшылығын жоятын мән-жайлар.

  5. Қылмыстық жаза түсінігі және түрлері.

  6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне жалпы сипаттама беру.

  2. Семинар сұрақтары бойынша лекциялық материалдарды, оқулықтарды және өзге әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Алматы, 1998.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2000.

  3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 1998.

  4. Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару кодексі. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алауов Е. Қылмысқа тосқауыл. Алматы, 1997.

  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: жалпы бөлімі. Алматы, 1999.

  3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: ерекше бөлім. Алматы, 2000.

  4. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлімі. Алматы, 2001.

  5. Биебаева А.Ә. Әрекеттің мән-жайларын жоятын кейбір түрлері. Қарағанды, 2003.

  6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Алматы, 2001.

  7. Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2002.

  8. Наумов А.В. Қылмыстық құқығы. Астана, 2001.

  9. Рахметов С.М., Бапанов Т.А. Қылмыс құрамы. Алматы: Баспа, 1998.

  10. Төлеубекова Б.К. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1. Мемлекеттің, құқықтың шығу тегін түсінідіретін теорияларға көзқарас

Тапсырма:

1.Мемлекеттің пайда болу процесстерінің саяси-құқықтық ойда бейнелену мәнін ашу

2.Мемлекет пайда болуының маңызды теорияларына сипаттама

а/ теологиялық және патриархалдық теория; б/ органикалық теория; в/ қоғамдық келісім теориясы; г/ озбырлық теориясы; ғ/ диалектикалық, материалистік теориялардың мәнін ашу

3. Құқық туралы зерттеушілердің көзқарасына байланысты ілімдердің мәнін анықтау

Әдістемелік нұсқау:

Мемлекет пайда болуының маңызды теориялары теологиялық, патриархалдық, органикалық, қоғамдық келісім, озбырлық теориясы және диалектикалық, материалистік теориалардың мәніне ерекше көңіл бөлген жөн. Құқық туралы зерттеушілердің көзқарасын марксистік, өркениеттік ілімдерді қарастырған жөн.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

2.Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.

Қазақстан Республикасы заңы «Дін тұтыну бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 15 қаңтар 1992 // Жаршы, 1992. №4.

Қазақстан Республикасы заңы «Саяси партиялар туралы» 2002 // Парламент Жаршысы, 2002, №11-12.

Қазақстан Республикасы заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 // Парламент Жаршысы, 1996. №8-9.

Қазақстан Республикасы заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 // Егемен Қазақстан, 1999. 6 тамыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

Қазақстан Республикасы Президенті өкімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, 1996. №9.

Қосымша әдебиеттер:

1.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.

2.Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

3.Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.

4.Сейтасқаров М.А. Қазақстанда саяси жүйенің жаңғыруы жағдайындағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері. Алматы, 2000.

2. Құқықтық мемлекет

Тапсырма:

1. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттарына, құқықтық мемлекет ұғымына көзқарас

2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктерін анықтау

3. Құқықтық мемлекеттің азаматтық қоғамның ерекшеліктерін, ұқсастықтарын, ара-қатынастарын айқындау

Әдістемелік нұсқау:

Құқықтық мемлекеттің мәніне негізгі сипаттарына құқықтық мемлекет ұғымына, құқықтық мемлекет ерекшеліктерін қарастырған жөн. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның ерекшеліктерінің мәнін ашу қажет.

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Егемендік туралы декларациясы. А., 1991

Қосымша әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.

2.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет теориясы. Дәрістер жинағы. Қарағанды,2003.

3.Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1998.

4.Мемлекет және құқық теориясы. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәукелев А.Н. Алматы: ҚазМЗУ, 1999.

5. Байқадамов А.Е. Правовое государство. А., 1999