Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
72 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.

Қазақстан халқының саны 17 миллионнан асады. 2009 жылғы ұлттық санақ бойынша Қазақстан қоғамының ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар - 63,07 %, орыстар - 23,70 %, өзбектер - 2,85 %, украиндар - 2,08 %, ұйғырлар - 1,40 %, татарлар - 1,28 %, немістер - 1,11 %, өзге ұлттар - 4,51 %.

2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан еліміз әлем елдері арасында жерінің көлемі бойынша тоғызыншы орында. Солтүстігі мен батысында еліміз Ресеймен – 7 591 шақырым (әлемде құрғақтағы ең ұзын үзіліссіз шекара), шығысында Қытаймен – 1 783 шақырым, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 242 шақырым, Өзбекстанмен – 2 351 шақырым және Түркіменстанмен – 426 шақырым шекара арқылы шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым.

Қазақстан – әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел. Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр. Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда үлкен және шағын 48000 көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді.

Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен алтыншы орын алады.

Сонымен қатар, Қазақстан батыс облыстарда шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай мол (анықталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр) қорына ие. Сонымен қатар, республикамыз көмір қоры бойынша 8- орында және уран қоры бойынша 2-орында.

Қазақстан әлемдегі ең жетекші астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорттаудан да көш бастаушылардың бірі саналады. Егін шаруашылығы солтүстікте дамыған – егістіктің 70 %-ы бидай, арпа, тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарға тиесілі. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің бауларымен, жүзімдіктерімен және бақша өнімдерімен де мәлім. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып саналады

Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ІЖӨ) 20 есеге – 700 АҚШ долларынан 14 мың долларға дейін өсті. Британдық мамандардың бағалауынша, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы ең қарқынды 25 дамушы экономика арасынан Қазақстан тек Қытай мен Катарды ғана алға салып, 3-орын алады. Бүкіләлемдік банктің жіктемесіне сәйкес, республикамыз табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына енді.

Ғибратты ғұмыр иесі

Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы Ташкент қаласында әйгілі ағартушы Шамғали атаның отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №12 қазақ орта мектебі оны үнемі өз әсеріне бөледі. Қалалық жеткіншектердің жаппай орыстануынабет бұрған сол заманда ол қатар-құрбысынан ерекше, ана тілін ардақтай білді.

Ол тіл ғылымы жолына біржолата ден қойды. 1974 жылы «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Осы саланың жетік білгірі профессор С.Аманжоловтың тілдер диалектісін зерттеудегі ізденістерін әрі қарай сәтті жалғастырды. Ғалым көп тілдік аядағы алтайтану мәселесіне де батыл араласып, «Қазақ-моңғол тілдерінің туыстығы жайлы» деген еңбек жазды. Екі халық арасындағы ежелгі жақындықтардың тылсым құпиясын дәлелдеді.

Шора ағамыз тіл саласын зерттеуге ерінбейді. «Кен асылы – жерде, сөз асылы - елде» дейді халқымыз. Шора Шамғалиұлы да тірнектеп жүріп сөз тереді. Бір ғана күлкінің өзін 70 жікке бөліп, сұрыптаған. Әйелдер жайлы 250-ге жуық мақал-мәтелді ел аузынан жинақтап алған. Халық емшілігі туралы материалдардың саны 600-ге жетеді. Шоқан Уәлиханов өміріне негізделген 60 альбомы тағы бар.

Ш.Сарыбаев – тіл байлығын ел байлығы деп түсінген. Ғалым бүкіл саналы ғұмырынтілдің қасиеттерін зерделеуге арнаған филология ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Лев николаевич гумилев

Әйгілі ғалым Лев Николаевич Гумилев 1912 жылы орыстың көрнекті ақындары Николай Степанович Гумилев пен Анна Ахматованың отбасында туды. Бұл отбасына 20-30 жылдардағы қуғын-сүргін көп қиындық әкелді. Әкесі «халық жауы» атанып, атылды, анасы қудалауға түсті.

Л.Н.Гумилев есімі қазақ жұртшылығы үшін аса құрметті. Ол өзінің саналы өмірін біздің тарихымызды зерттеуге арнады. Оның «Этногенез және жер биосферасы» атты еңбегі тарих, биология, психология, география салаларын қамтыған және бұл еңбек оның есімін әлемге әйгілі етті. «Қиял патшалығын іздеу» атты еңбегі Түркі қағанатынан бастап монғол империясының құлауына дейінгі дәуірді қамтыған. Ал «Ғұндар», «Ежелгі түріктер» атты кітаптары көшпенділердің ұзақ жылдық тарихын жүйеледі. Осылайша Еуропа мен Азияның ұлан-ғайыр даласында тіршілік еткен халықтардың тұтастай тарихы жасалды. Бұл еңбектер түркітану ғылымына қосылған қосылған елеулі еңбектер болып табылады.

Бір сөзбен «Еуразиялық» ұғымның, идеяның түп қазығын біз Гумилев шығармаларынан кездестіреміз.

Отаншылдық – ұлы қасиет.

2. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыз.

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Бауыржан Момышұлы

Мен елімнің патриотымын

Өзінің туған елін, жерін сүю – табиғи құбылыс. Әрбір адамның бойында осындай қасиет болғанда, елде мықты болады. Әсіресе, өркениетті елдердің барлығында ол елдердің азаматтары өз мемлекеттерін мақтан етеді. Осындай мақтаныш сезімнің аясында үлкен сенім жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайған сайын азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түсуде. Патриоттық сенім бар жерде мемлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан ¬- баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік , болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында.

Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.

Көшпенділер өркениеті.

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді