Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

физика сурактар

..docx
Скачиваний:
84
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
29.83 Кб
Скачать

1. Молекулалардың жылдамдықтары бойынша үлестірілуі. Барометрлік формула. Больцман таралуы. Молекуланың еркін жүрген жолының орташа ұзындығы.

2. Жылулық сәуле шығару. Заттың сәуле шығару және жұту қабілеттері мен олардың қатынастары. Абсолют қара дененің моделі. Стефан-Больцман заңы, Вин ығысу формуласы. Рэлей-Джинс формуласы.

3. Импульстары 0,10, 1,0 және 10 ГэВ/с -қа тең протонның кинетикалық энергиясын есептеңіз.

1. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жүйенің ішкі энергиясы. Газ көлемі өзгергенде істелетін жұмыс. Идеал газдың ішкі энергиясы, жылу сыйымдылығы.

2. Жарықтың шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырауы. Шашыраған жарық интенсивтілігінің жиілікке тәуелділігі (Рэлей формуласы) және шашыратудың бұрыштық диаграммасы.

3. Комптон эффектісі бойынша электронмен соқтығысқаннан кейін 900-қа шашырайды. Шашырағын фотонның энергиясы 4·10-5 эВ. Фотонның шашырағанға дейінгі энергиясын табу керек.

1. Термодинамиканың бірінші бастамасын әртүрлі изопроцестерге қолдану. Адиабаттық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Оралымды процестер (циклдер). Жүйенің энтропиясы,

2. Люминесценция құбылысы: негізгі заңдылықтары, спектрлік және уақыттық сипаттамалары, кванттық ұғымдар тұрғысынан интерпретациясы. Фотолюминесценция. Фотоэффект.

3. Электролиттік ванна тізбектей жалғанған. Бірінші ваннада 3,9 г цинк, осы уақыт ішінде екінші ваннада 2,24 г темір бөлінді. Цинк екі атомды. Темір неше атомды екенін анықтаңыз.

1. Термодинамиканың екінші және үшінші бастамалары. Жылу машинасы. Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті. Карно теоремасы. Карно циклы. Тоңазытқыш машина.

2. Фотондар мен олардың қасиеттері. Фотондар қатысатын процестердегі энергия мен импульстың сақталу заңдары. Комптон эффектісі.

3. Кварцтың сындыру көресткішінің дисперсиясы λ=486,1 мм сәйкес n=15497 тең. Осығвн сәйкес фазалық жылдамдығының группалық жылдамдыққа қатынасын анықтаңыз.

1. Сұйықтардағы молекулалық құбылыстар. Молекулалық қысым. Беттік керілу. Капиллярлық құбылыстар. Ерітінділер. Осмостық қысым.

2. Қоспалы (электрондық және кемтiктiк) өткiзгiштiк. Донорлар мен акцепторлар. Шала өткiзгiштер өткiзгiштiгiнiң температураға тәуелдiлiгi. Металдағы шығу жөмысы.

3. Бірінші ретті спектрдегі 6,68·10-7 м ұшін берілген дифракциялық решетканың бұрыштық дисперсиясын анықтау керек.

1. Булану және конденсация. Сұйық пен қаныққан будың тепе-тендігі. Кризистік күй. Аса қаныққан бу және аса қыздырылган сұйық.

2. Жылулық электроқозғаушы күш. Зеебек, Пельтье және Томсон қөбылыстары. Металл емес қатты денелердiң өткiзгiштiгi. Электролиттердiң электрөткiзгiштiгiнiң механизмi және оның температураға тәуелдiлiгi

3. Толқын ұзындығы 400 нм жарықты цезийге түсірсек, одан шыққан электрондардың ең үлкен жылдамдығы 6,5·105 м/сек. Фотоэффектінің қызыл шекарасын табу керек.

1. Балқу жэне кристалдану. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Үштік нүкте. Күй диаграммасы. Фазалық ауысу. 1 және 2 шекті фазалық ауысу.

2. Диа- және парамагнетиктер. Диа- және парамагнетиктердiң магниттелу механизмдерi. Лармор прецессиясы. Парамагниттiк қабiлеттiктiң температураға тәуелдiлiгi. Кюри заңы

3. Қарамен боялған бетке нормаль бағытта толқын үзындығы 0,65 мкм монохромат жарық түсіп, оған 0,5·10-5 Па қысым түсіріледі. 1 м2 ауданға 1 с уақыт ішінде түсіп жатқан фотондардың санын және концентрациясын табу керек.

1. Электростатика. Кулон заңы. Электрстатикалық өрісі, оның кернеулігі. Гаусс теоремасы. Электр диполі.

2. Жылулық сәулелену. Жылулық сәулелену, оның сипаттамалары. Қара дене. Кирхгоф заңы. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары. Фотоэффект. Сыртқы фотоэффект зандары.

3. Ұзындығы 12 см жіңішке стержень 200 нКл/м сызықтық тығыздықпен зарядталған. Стерженнің центрінен 5 см қашықтықта орналасқан нүктенің электр өрісінің кернеулігі қандай?

1. Электрстатикалық өрісітегі диэлектриктер. Электрстатикалық индукция векторы. Екі диэлектриктердің шекарасы. Электрстатикалық өрістегі еткізгіштер. Кулон күштерінің жұмысы.

2. Фотондардың энергиясы мен импульсі. Жарықтың қысымы. Комптон эффекті. Жарықтың екі жақтылығы. Бор теориясы. Атом құрылысының Томсон және Резерфорд модельдері.

3. Қысымы 105 Па және температурасы 300 К болатын, азоттың ішкі кедергісін және диффузиялық коэффициентін анықтау керек.

1. Потенциалды энергия Потенциал. Электрлік сыйымдылық. Конденсаторлар және оларды қосу. Электр өрісінің энергиясы.

2. Спектрлік сипаттамалар. Бор постулаттары. Бор жасаған сутегі атомының моделі.

3. Қисықтық радиусы 30 см және сыну көрсеткіші 1,5 жазық-дөңес линза нәрсенің кескінін екіге тең үлкейтіп береді. Нәрсенің және кескіннің линзадан қашықтығын табу керек.

1. Электр тогы. Электр тогы және оның күші мен тығыздығы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштердің кедергісі, олардың температураға тэулділігі. Асқын өткізгіштік.

2. Кванттық механиканың негізі. Де Бройль гипотезасы. Толқындық функция, оның физикалық қасиеттері. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы.

3. Жазық конденсатордың пластиналарының арасындағы потенциал айырмасы 90 в-қа тең. Әрбір пластинаның ауданы 60 см2 және заряды 10-9 к. Пластиналардың бір-бірінен ара қашықтықтары қандай?

1. Ток көздерінің ЭҚК. Толық тізбек үшін Ом заңы. Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері, Ом жэне Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрі.

2. Физикалық шамалар операторлары. Шредингер теңдеуі. Потенциалдық шұңқырдағы электрон. Шредингер теңдеуін сутегі атомына қолдану. Кванттық сандар.

3. 2 кмоль көмір қышқыл газы тұрақты қысымда 500-қа қыздырылады. Мыналарды: 1) оның ішкі энергиясының өзгерісін, 2) ұлғаю жұмысын, 3) газға берілген жылу мөлшерін табу керек.

1. Магнитостатика. Токтардың магнит өрісі. Магнит индукциясы. Токтың магнит моменті. Магнит өрісінің кернеулігі. Био-Савар-Лаплас заңы. Ампер күші. Параллель токтардың өзара әсерлері. Магнит ағыны.

2. Паули принципі. Күрделі атомдардың электрондық қабықшалары. Менделеевтің приодты жүйесі. Химиялық байланыс. Молекулалардың энергетикалық деңгейлері. Оптикалық атомдық спектрлер. Молекулалық спектр. Лазерлар.

3. Сутегінің қысымын 200 мм.сын.бағ.-на, ал берілген жағдайда молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын 2400 м/с-қа тең деп алып, 1 см3-дегі сутегі молекуласының санын табу керек

1. Магнит өрісіндегі механикалық жұмыс. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Лоренц күші.Магнит индукция векторының вакуумдегі циркуляциясы. Құйынды магнит өрісі. Соленоидтың магнит өрісі.

2. Фазалық тепе-теңдік және ауысулар. Газ молекулаларының өзара әрекеттесу күштері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Нақты газдың изотермасы. Гелийдің аса аққыштығы. Нақты газдың энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі.

3. Горизонталь жазықтықтың бетімен сырғанаусыз дөңгелеп келе жатқан шар 4 айн/с жасайды. Шардың массасы 0,25 кг. Дөңгелеп келе жатқан шардың кинетикалық энергиясын табу керек.

1. Заттың магниттік қасиетгері. Магнетиктер. Диамагнетизм парамагнетизм, ферромагнетизм. Электрмагниттік индукция, Максвелл теңдеулері.

2. α-бөлшектердің шашырауына Резерфорд тәжірибесі. Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптар мен изобаралар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы.

3. υ1=1 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан допты ракетамен соққанда, ол қарама-қарсы бағытқа υ2=20 м/с жылдамдықпен лақтырылып тасталады. Осы уақыттағы кинетикалық энергияның өзгерісін ∆W=8,75 Дж-ға тең деп алып, доптың қозғалыс мөлшерінің өзгерісін табу керек.

1. Электрмагниттік индукция. Фарадей-Ленц заңы. Өздік және өзара индукция. Магнит ерісінің энергиясы. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулері.

2. Атом ядроларының нықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.

3. Жарығы барлық бағытта біркелті тарайтын киноэкранның жарықталыну Е, жарықтылық В және жарқырау R шамасын анықтаңыз. Егер киноаппараттың (кинолентасыз) объективінен экранға түсірілген жарық ағыны 1,75·103 лм болса. Экранның өлшемі 5 х 3,6 м, шағылу коэффициенті ρ=0,75.

1. Тербелістер мен толқындар физикасы, толқындардың әр түрлі ортада таралуы. Механикалық тербелістер мен толқындар. Еркін механикалық тербелістер. Гармониялық тербелістер. Тербелмелі қозғалыстың энергиясы. Гармониялық тербелістерді қосу.

2. Ядролық реакциялар. Тізбекті реакциялар. термоядролық реакциялар.

3. Горизонтпен 450 бұрыш жасаған көлбеу жазықтықтың бетімен дене сырғанайды. Дененің s жүрген жолының t уақытқа тәуелділігі s=Ct2 теңдеуімен көрсетіледі, мұндағы C=1,73 м/с2. Дененің көлбеумен жасайтын үйкеліс коэффициентін табу керек.

1. Толқындар теңдеуі. Толқынның энергия ағыны. Умов векторы. Толқындарың интерференциясы. Дыбыстық тербелістер. Допплер эффектісі.

2. Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Бөлшектердің электрмагниттік, күшті және әлсіз әрекеттесу.

3. Маховик дөңгелегі бастапқы айналудан t=1 мин уақыт өткеннен соң ν=720 айн/мин-қа сәйкес келетін жылдамдыққа жетеді. Осы минуттың ішіндегі дөңгелектің бұрыштық үдеуін және дөңгелектің айналым санын табу керек. Қозғалысты бір қалыпты үдемелі деп аламыз

1. Механикалық қозғалыс. Кеңістік және уақыт Санақ жүйесі. Траектория, жол, орын ауыстыру векторы. Түзу сызықты қозғалыс. Орташа және лездік жылдамдық. Үдеу. Қисық сызықты қозғалыс. Нормаль және тангенциал үдеулер.

2. Электрмагниттік тербелістер мен толқындар. Еркін электрмагниттік тербелістер. Айнымалы электр тогы. Электрмагниттік толқындар. Электрмагниттік толқындар шкаласы. Радиобайланыс принциптері.

3. Кедергісі 40 Ом-ға тең пеш алу үшін, радиусы 2,5 см фарфор цилиндрге оралған, диаметрі 1 мм нихром сымының қанша орамын орау керек болады?

1. Ньютонның заңдары. Инерциялық күштер, Серпімді күштер. Үйкеліс күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Космостық жылдамдықтар. Ауырлық күші және салмақ. Салмақсыздық күйі.

2. Жарықтың интерференциясы. Когерентті толқындар. Жарықтың жұқа қабыршақтарда итерференциялануы. Интерферометрлер, олардың қолдануы.

3. Кейбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шегі 2750 Å-ге тең. Мыналарды: 1) электронның осы металдан шығу жұмысын, 2) толқын ұзындығы 1800 Å жарықтың металдан жұлып шығаратын электрондарының максималь жылдамдығы

1. Сақталу заңдары. Импульс. Импульстің сақталу заңы. Жұмыс. Куат. Кинетикалық, потенциалдық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. Екі дененің соқтығысуы. Импульс моменті, оның сақталу заңы.

2. Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналар әдісі. Френельдің дөнгелек саңылаудағы дифракциясы.

3. Екі β-ыдыраудан және бір α-ыдыраудан кейін 92U238-нан қандай изотоп пайда болады?

1. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементгері. Галилей түрлендірулері. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Үдеудің сақталымы (инвариантылығы). Релятивистік механика. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері.

2. Фраунгоффердің дифракциялық тордағы дифракциясы. Рентгенқұрылымдық талдау негізі. Голография бойынша түсінік.

3. Қараңғыда көп болған адамның көзі жаттыққан соң, сәуле толқындарының ұзындығы 500 нм, ал қуаты 2,110-17 Вт жарық қабылдайды. Көздің торына 1 с-та түскен фотон санын анықтаңыз (с = 3108 м/с; h = 6,6210-34 Джс)

1. Инерция моменті және күш моменті. Қатгы дененің айналмалы қозғалысының негізгі теңдеуі. Айналған қатты дененін кинетикалық энергиясы. Қатты дененің серпімді деформациялары

2. Жарықтың поляризациясы. Табиғи және поляризацияланған жарық. Малюс заңы. Екі диэлектрик шекарасынан жарықтын өтуі. Жарық сәулесінің қосарланып сынуы. Поляризацияланған жарықты шығару.

3. Сфералық ойыс айнаның қисықтық радиусы 20 см-ге тең. Айнадан 30 см қашықтықта биіктігі 1 см нәрсе қойылған. Кескіннің орны мен биіктігі табу керек.

1. Сұйықтың қозғалысы. Ағынның сызыктары мен түтіктері. Ағыншаның үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Ішкі үйкеліс күштері. Ламинарлы және турбулентгі ағыс. Түтікшенің ішіндегі сұйықгың қозғалысы. Қуат және механикалық жұмыс. Газ бен сұйықтағы денелердің қозғалысы. Стокс формуласы.

2. Геометриялық оптика. Изотроптық ортада жарықтың таралуы, шағылуы, сынуы. Жұқа линзалар. Лупа. Микроскоп.

3. Электронның металдан шығу жұмысы 2,5 эВ тең болса, шыққан электронның жылдамдығын анықтау керек. Оның кинетикалық энергиясы 1010-19 Дж-ға тең.

1. Идеал газдың молекулалы-кинетикалық теориясы. Статистикалық жэне термодинамикалық зерттеу әдістері. Идеал газдың тәжірибелік заңдары. Идеал газдың теңдеуі. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.

2. Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың заттағы таралуының микроскопиялық бейнесі. Сызықты оптикалық осциллятор.

3. Термелбелі контурда Конденсатордағы кернеу В заңдылығы бойынша өзгереді. Конденсатор сыйымдылығы 12 мкФ болғанда, контурдағы ток күшінің амплитудасы кандай?