Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
95 surak.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
73.5 Кб
Скачать

24. Rixos Prezident Astanа қонақ үйі. Ұйымдық құрылымы. Қонақ үйдің ұйымдық құрылымын қалыптастырудың маңызды мәселесі толықтай құрылым ғана емес, сонымен қатар басқарушылық бөлімдер қызметі болып табылады:

I. Басшылық;

II.Қызметтік құрылым;

III.Көмекші құрылым.

Қонақ үйде бас менеджер басты тұлға болып табылады. Әрбір құрылымдық бөлім жеке менеджерлерге бағынады. Одан бөлек, сапа бойынша менеджер, оқыту менеджері, бас менеджер орынбасары, түнгі менеджерлер бар. Жәнеқонақ үйдің құқықтық қатынастарын зерттейтін заңгер маман бар. Әрбір менеджер өзі басқаратын бөлімнің жұмысына жауап береді. HR менеджер барлық бөлімдерге қажетті мамандарды қызметке ала алады. Бірақ бөлім менеджерлерін бас офис тағайындайды.

25.

1.Ыңғайлылық сатысы

2.Нөмірлік қордың сыйымдылығы

3.Функционалды қызмет

4.Орналасуы

5. Жұмыс ұзақтылығы

6.Тамақтану мен қамтамасыздандыру

7.Келудің ұзақтылығы

8. Баға сатысы.

26. Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирмаішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты.

27. Жоспарлау (Планирование; scheduling) — уақыт бойынша процестерді реттеу, процестердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру. Тәжірибені жоспарлау - параметрлер мөлшеріне байланысты тәжірибені рационалды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін математикалық статистика бөлімі.

28.Жоспарлау тәсілдері - кәсіпорынның (фирманың, компанияның), оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері. Неғұрлым әмбебап және басқарудың барлық деңгейінде таралған түрі — жоспарлаудың теңгерімдік тәсілі. Оның мәнісі ресурстардың бары-жоғынан немесе олардың құралу көздерінен және тиісті қажеттіліктерден құралатын өзара теңгерімді кестелер нысанындағы теңгерім жасауда. Теңгерім заттай тұлғада, олардың кейбіреулері, мыс., өндірістің көлемін қаржымен байланыстыру кезінде немесе кіріс пен шығыс теңгерімі — ақшалай тұлғада әзірленеді. Болжауда (жоспарлауда) нормативтік әдіс т е қолданылады. Оның мәнісі бірқатар жоспарлық (болжамдык) есептердің ғылыми негізделген нормалар мен нормативтерді шикізат пен материалдардың, отын мен энергияның, еңбек және қаржы ресурстарының бір енім өлшеміне шаққандағы нормаларын, салықтар мен алымдардың, бюджетке төленетін төлемдердің мөлшерлемелерін, тозымпұл (амортизация) нормаларын, т. б. қолдана отырып орындалатынында.

29. Ұым қызметінің мәні басқару тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту, тиімділік факторларын кешенді түрде көрсететін ұйымдық-техникалық шараларды дайындап, жүзеге асырғанда ғана мүмкін болады. Сондықтан ұйым деңгейінде тиімділік факторларының классификациясы ұсынылады.Ұйым қызметінің тиімділігін арттыруды көздейтін бағыттарға анықтама беретін теориялық жолдарға талдау жасағанда, оларды екі топқа бөлуге болады: 1-топ – ұйым қызметінің нәтижесінің өсуіне байланысты шаралар; 2-топ – ресурстар шығындарын азайтумен байланысты шаралар (ресурстарды сақтау, фирманың шығындарын азайту).

30.Ынталандыру басқару қажеттілігі адамдардың дұрыс немесе теріс реакциясы пайда болуына байланысты мәселе. Егер де осы қойылған сұраққа жауап оң болса, өндіріс жоғарылайды, ал теріс болған жағдайда өндіріс іркіледі. Менеджердің тұрақты мақсаттарының бірі — өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып табылады. Тиімділікті өсірудің шегі бар, бірақ еңбек бірлігінің құндылығын үнемдеуге әрбір қызметкерге шаққандағы өнімді арттыру арқылы жетуге болады.

31. Бақылаудың үш түрін ажыратуға болады: алдын-ала бақылау, күнделікті бақылау, кейінгі бақылау. Алдын-ала бақылау шешімдердің дайындалуын бақылайды. Бір жоспарды орындау кезінде көптеген жағдайлар себебінен жоспарды өзгертуге тура келеді. Оеы себептерді уақытында анықтау күнделікті бақылаудың негізгі міндетіне жатады.

32.Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (фирманың‚компанияның‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Оны орындау кезінде оперативтік‚статистикалықжәнебухгалтерлікесепматериалдары‚ олардың есептемелері‚ нормативтік және жоспарлы деректер‚ техникалықақпаратпайдаланылады;техникамен технологияның‚ өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың‚ жоспарлау мен басқарудың‚ қаржыландырудың‚ несие-ақшақатынастарының шаруашылық қызметтің тиімділігіне әсері анықталады.Талдау жалпы экономикаталдау және техника-экономиканы талдау түрінде болып келеді. Біріншісі шаруашылық қызметтің қорытындылаушы құндықкөрсеткіштерінзерделеуге бағытталған; екіншісі кәсіпорынныңтехникадеңгейін және оныңэкономикалықкөрсеткіштерге әсерін зерделеп‚ бағалауға бағытталған. Зерделенетін мәселелердіңкөлемінеқарай толық талдау (бүкіл шаруашылық қызметті талдау) және тақырыптық талдау (шаруашылыққызметтің жекелеген жақтары мен көрсеткіштерін талдау‚ мысалы‚ еңбек өнімділігін‚ негізгі қорлардың пайдаланылуын‚ жалақыны‚ пайданы‚ пайдалылықты‚ тағы басқаларды талдау) түрлеріне бөлінеді. Талдауматериалдарыарнаулы тәсілдер мен әдістер (салыстыру‚ топтастыру‚ математикалықстатистика‚ тізбекті ауыстырымдар‚ тағы басқалар) арқылы зерделеніп‚ қорытындыланады.

33. Мақсатталған қонақ үйлер келесілерге бөлінеді:

Командировкаға және іс сапармен келген адамдарға қызмет ететін іскерлікке бағытталған қонақ үйлер. Бұл топтағы қонақ үйлер конгресстік қызмет қонақ үйлер ретінде таралған: симпозиум, съездер, жиналыс, конференция және т.б. қызмет ұсынады.

Демалысқа арналған қонақ үйлер (курорттік, туристік). «Іскерлік бағыттағы қонақ үйлер» концепциясының даму негізі 1908 жылы АҚШ-та «Буффало Стаплер» қонақ үйдің иесі Элсворт Статлер бастады, ол қонақ үй бизнесмендер мен коммерсанттарға қызмет етуге бағытталған

Қазіргі уақытта бұл концепция қонақ үйлер қызметінің нарығында алдыңғы қатарда жүреді, бұл жағдайды  қонақ үйге орналастыру сұранысының ерекшелігінен көруге болады:

—         іскерлік жол сапарға шығу 50% -дан астам;

—         демалыс және емдеу мақсатындағы сапар 40 %;

—         басқа мақсаттағы сапар (жұмыс іздеу, достарды іздеу және т.б.) 10 % шамасын құрайды.

Әр түрлі елде комфорт жіктелу критериясы ретінде әр түрлі болады. Дәл осы жағдай факторлармен, мәдени-тарихи және мемлекеттік ұлттық дәстүрі,  әлемдегі қонақ үйлерді бірегей жіктелінуін ендіруге қиындық туғызады. Бұл бағытта халықаралық туристік ұйым (ВТО), Еуропа еліндегі қонақ үй және мейрамхана индустриясының комитеті, Халықаралық қонақ үй ассоцияциясы (МГА) қызметтері нәтижесіз болып отыр.

Еуропалық қонақ үй нарығында стандаттандырылған бірегей хабарлама жүйесі бар (SIS – Standardized Information System), 23 желтоқсан 1986 жылы Еуропадағы Министрлер Кеңесінің бірлестігімен құрылды, ол өте көп пиктограмм санынан тұрады (Қосымша В).

Стандартталған хабарлама жүйесінің мақсаты еуропаға  туристердің сапарын жеңілдету, жол көрсеткіштердегі, катологтағы, проспекттегі бар проблемаларды жоғалту. Бұл жүйе ыңғайлы және бір қатар артықшылықтары көп. Ол обьективті информативті, басқаруда жеңіл, тұтынушыларды заң жүзінде қорғауға қолданылатын бақылаулар [10].

Қонақ үй кәсіпорындарының комфортын жіктеу негізінде халыаралық тәжірибеде бірнеше құжаттарды өңдеуді талап етеді.

34. Таяу шетел ғалымдары О.П. Ефимова мен Н.А. Ефимова еңбектерінде қонақ үй кешені ғимарат ішіндегі тұрғын жайға орналастыру қызметімен байланысты, барлық жиһаз жабдықтарымен қамтамасыз етілген, бір немесе бірнеше қонақ үй қызметі ұсынылатын кәсіпорын қызметінің негізігі құралы ретінде қарастырылады. Осыған байланысты қонақ үй әрекетінің маңызы қажетті жиһазбен толықтырылған тұрғын жайда азаматтардың уақытша мекен ету кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырумен түсіндіріледі, сонымен қатар мекен ету кезіндегі өзге де қызмет түрлері қамтылады. Бұдан басқа қонақ үй кешенінің ерекшелігі ретінде пайда түсірмесе де «қонақ үй қызметінің» құрамдас бір өнімі болып табылатын міндетті қосымша қызмет түрлерімен де жасақталады. Бұл пікірді А.С. Запесоцкий бөлісе отырып қонақ үй кешенінің алғышарты ретінде көрсетілетін қызмет түрлерінің жалпы кешенділігін атап айтады. Негізгі қызмет түрлерінен басқа олар қосымша бірқатар қызметтерді – мәдени бағдарламалар ұсыну, симпозиум, съезд, мәжіліс, конгресс өткізуге арналған жайларды ұсыну, спортпен айналысуға, емделуге, такси шақыруға және жалға алу қызметін ұйымдастыруға міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет» туралы Заңының 1бабының 4 бөліміне сәйкес төмендегідей анықтама қолданылады: «туристерді орналастыру орындары – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және басқа да туристердің мекен етуіне және оларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар [53,3б.]. Заңда орналастырудың барлық түрлеріне бірдей анықтама беріледі, онда «орналастыру орны», «қонақ үй» ұғымдарына толықтай түсінік берілмейді. Мұның өзі қазақстандық тәжірибеде «қонақ үй кешені», «туристік қонақ үй кешені», «қонақ үйдің кешені» және тағы басқа ұғым-түсініктер туралы, жалпы орналастыру құралдары жайлы бірізді көзқарастардың болмауы туралы күмәнді ойға итермелейді. Қонақ үй кәсіпорнының қызметтерінде «турист», «саяхатшы», «тұтынушы», «клиент», «қонақ», «тұтынушы», «келуші» және «мекен етуші» терминдері қолданылады. Г.И. Зорина, Е.Н. Ильина және Е.В. Мошняги еңбектерінде «туристер ғана саяхат жасамайды, сонымен қатар саяхатшылар, келушілер, түнейтін келушілер, бір күндік келушілер де саяхаттауға ықыласты». Туризммен айналысатын аталған саяхатшылардың барлық типтеріне келушілер деген анықтама беріледі. «Клиент», «келуші» және «қонақ» терминдерінің арасындағы айырмашылық кәсіпорнынның корпоративтік мәдениеті мен қызмет көрсету концепциясынан білінеді. Тұтынушылардың қажеттілік құндылықтарындағы басымдылық, қонақ үй қызметкерлері тарапынан болатын оларға деген бауырмалдық қарым-қатынасы «келуші» терминін қолданудың қажеттілігін байқатады. Осы орайда «келуші» (visitor) термині туризм және қонақ үй секторындағы барлық жүйелер статистикасының негізгі концепциясын бере алады. Біздің пікірімізше қонақ үй кәсіпорны бірнеше типтерді – мейрамханасы бар қонақ үй, мейрамханасы жоқ қонақ үйлер, жастар туристік лагерлері және таулы туристік базалар, кемпингтер және өзге де мекен ету жайларын қамтуы тиіс. Олар мекеме балансында болумен қатар, өз бетінше дербес баланста тұруы да ықтимал, яғни құқықтық ұйымдастыру нысандары мен жекшелендіру нысандарына тәуелді болмауы мүмкін. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет» туралы Заңының 1бабының 4 бөліміне «туристерді орналастыру орындары» терминін «қонақ үй кәсіпорындары» терминімен ауыстырып, өзгерту енгізген және осы жерде мынадай анықтама ұсынған жөн: «қонақ үй кәсіпорны – бұл орналастыру, тамақтандыру және қосымша қызмет түрлерімен маманданған кәсіпорын», сонымен қатар дефинициялардың ҚР Статистика бойынша Агенттігінің мәліметтерімен бірлікте болуы үшін 1 бабының 1 бөліміне «келуші» терминін енгізу керек. Халықаралық қонақ үй тәжірибесінде орналастыру, тамақтандыру және өзге де қызмет түрлері бірін бірі толықтырады, көп жағдайда олар біріне бірі тәуелді болып келеді, сондықтан қонақ үшін үлкен бүтіннің бөлшектері ретінде қабылданады. Олар негізгі, қосымша және кезекті қызмет түрлері болып бөлінеді [55]. Соңғысы ақылы не ақысыз болуы мүмкін.                  Негізгі қызмет түрлеріне мекен ету мен тамақтану кіреді. Мекен етушілерді тіркеу мен оларды шығару тәулік бойында жүзеге асырылуы тиіс. Қонақ үй тұрғындарына қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық және байланыс қызметін көрсету орындарында кезексіз қызмет көрсетіледі. Қонақтар үшін қосымша ақысыз мынадай қызмет түрлері ұсынылады:  жедел жәрдем шақыру;  медициналық дәрі қобдишасын қолдану;  корреспонденция келген жағдайда оны нөмірге жеткізу;  белгілі бір уақытта ояту;  қайнаған су, ине, жіп, бір бүтін ыдыс-аяқ жиынтығын ұсыну. Қонақ үйлердің міндетті түрдегі көрсетуге тиісті қызметтер жиынтығы: төсек жабдығын күнделікті ауыстыру, нөмірлер мен санитарлық орындарды жинау, тағы басқа қосымша және кезекті қызмет түрлері: кондиционер, дыбысты изоляциялау, бэби-ситтинг, нөмірдегі сервис, фитнес орталық, сұлулық салоны, бау-бақша, сылап-сипау, сувенир дүкені, бассейн, мейрамхана, бар, кір жуатын орын, ойынхана, жағажай, паркинг, автомобильді және велосипедті жалға алу, минимаркет, турбюро және т.б. [48,42б.]. Міндетті және ақысыз қызмет түрлерінен басқа қонақ үй әр түрлі қосымша қызмет кешенін ақылы түрде ұсына алады. Ақылы қосымша қызмет түрлерін ұсыну сапасы мен олардың тізімі категориялық қонақ үй талаптарына (ҚР МЖСТ 28681.4-95 Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлердің классификациясы) сәйкес келуі тиіс. Отандық тәжірибеде нөмірлерді – жоғарғы («сюит», апартамент», «люкс», «студия»), бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші категорияларға бөлу орын алған. Қонақ үйлерді категорияларға жіктеу төмендегідей талаптар кешеніне негізделген: - материалдық-техникалық қамтамасыздық; - ұсынылатын қызмет түрлерінің сапасы мен номенклатурасы; - қызмет көрсету деңгейлері. Орта және ірі туристік кешендері (туристік қонақ үйлер, толық сервистік отельдер және т.б.) өздерінің орта және жоғарғы деңгейдегі жайлылық сипаттарына қарай көптеген қосымша қызмет түрлерінен тұрады. Кезекті қонақ үй қызметінің өнімдері ретінде негізгі өнімді қолдану үшін қажет болатын барлық тұтынушы мұқтаждықтары ескеріледі. Жоғарғы класты қонақ үйлер үшін бұлар – нөмірдегі телефондар, мейрамханалар, барлар, кір жуатын орындары мен химиялық тазалау қызметтері, шаштараз қызметі, транспорт ұсыну қызметі, дәретхана (косметика) жабдықтары және т.б. Демалыс және экскурсиялық қызмет Байланыс қызметтері Орналастыру қызметтері Тұрмыстық қызметтер Тамақтандыру қызметтері Қонақ үй қызметтері Банктік және қаржылық қызметтер Медициналық қызметтер Транспорттық қызметтер Қосымша қонақ үй қызметтері – негізгі өнімге қосымша пайда түсіретін және аталған өнімді өзге бәсекелес компания өнімдерінен ерекшелеуге көмектесетін өнім. Қосымша өнім ретінде – ірі кешенді бизнес орталығын, кеңейтілген сұлулық салонын, қызмет түрлері сан алуан сауықтыру орталығын, кино-концерт залын, қоры бай кітапхананы, көрме алаңын және т.б. атауға болады. Әлемде қосымша қызмет түрлерінің 300-ге жуық түрі бар.

35. Қонақ үй өнімінің мәні неде?

Қонақ үй өнімі – қонақ қабылдау тәжірибесінде кеңінен қолданылады. “ Қонақ үй өнімі” – бұл эканомикалық теория тұрғысынан алып қарағанда, ол адамның материалдық-заттай, рухани, ақпаратты нысандық жұмыстар мен қызметтер түріндегі шаруашыдық іс-әрекеттерінің ”нәтижесә” болып табылады.

36. Қонақ үй өнімінің 4 деңгейді моделі туралы айтыңыз?

  • өндірілген өнім;

  • күтілетін өнім;

  • кеңейтілген өнім;

  • әлеуетті өнім.

Ядроны қоршайтын:

1-ші шеңбер күтілетін өнім, яғни бұл клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтер.

2-ші шеңбер, кеңейтілген өнім, яғни нарықтың аналогтардан ерекшелендіретін қасиеттерін, меншік формасының сипаттамалары жатады.

Соңғы шеңбер әлеуетті өнім, яғни болашақ туристерді тарту, ұстап қалу, қолжетімді, мүмкіндігі бар қызмет түрлері кіреді.

37. Қонақ үй кәсіпорынының сараптау қызметі қандай міндеттерді атқарады?

Сараптау нәтежелері қонақүй немесе туристік мекеме әкімшілігіне және басқа қолданушыларға сараптама субъектілеріне сарапталған объектінің жағдайын туралы қажетті ақпаратты береді. Сараптама субъектілерінің мақсаты әр түрлі болу, бірақ олардың барлығы бір нәрседе ұқсасады – объектінің ағымдық жағдайы секілді, оның даму келешегінен күтілетін нәрселерді дәл бағалауға мүмкіндік беретін шешу өлшемдер алуда. Егер мекеме мүддесі бұрын тек қонақ үйді жүктеу мәселелері мен ғана анықталса, онда шаруашылықтың жаңа жағдайында ҚТК (Қонақүй туристік кешен) ұйымдастыру жұмысына қызыққан сараптама субъектілерінің мақсаты мен мүддесін есепке алу қажет.

38. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары қалай жіктеледі?

Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары 5 топқа жіктеледі:

  1. Қызметтік дайындалуы бойынша:

  • Өндірістік:

  • Өндірістік емес.

  1. Салалық сипаттар бойынша :

  • Өндірістің негізгі құралдары:

  • Ауыл шаруашылық және т.б.

  1. Натуралды заттық құралдар бойынша:

  • Ғимараттар;

  • Құрылыстар;

  • Құрылғылар:;

  • Техникалық заттар;

  • Құрал-жабдықтар.

  1. Меншік нысаны бойынша:

  • Жеке меншік;

  • Нарыққа арналған.

  1. Қолдану үдерісіне байланысты:

  • Қолданыста;

  • Қорда сақталады.

58. Қонақ үйдің функционалдық тағайындалу құрылымы

59. Кәсіпорын құрылымына әсер ететін негізгі факторлар

1. адамдар мен атқарылатын жұмыстар арасындағы байланыстың болмауы;

2.түрлі басқару деңгейіндегі ұйым қызметтерінің функциялары мен құдіреттілігі (төмен, орташа, жоғары);

3. адами тәртіпке әсер ететін басшылықтың саясаты мен әдісі

60. Еңбекті тік басқару деігейінің бөлінісі

Еңбек бөлінісі тікелей және көлденең болып бөлінеді. Тікелей еңбек бөлінісі ұйымның арнаулы тапсырмалары бойынша өнімді көбірек өндіреді. Шағын ұйымдарда тікелей еңбек бөлінісі айқын орындалмай қалуы мүмкін. Мысалы, шағын мейрамхана иесі кезекпен ас дайындап, тамақтанушыларға да қызмет көрсетуі мүмкін. Кең көлемді ұйымдар өндіріс мақсаттарын толықтай орындау үшін тікелей еңбек бөлінісіне сүйенеді.

 байланыс 2 түрлі болуы мүмкін: тігінен (басшылар және бағынушылар) және көлденеңінен (теңқұқылық элементтер кооперациясы). Тігінен байланыс бөлінеді:

—         сызықтық (басқарушылардың барлық сұраныстары бойынша міндетті бағыну);

—         функционалдық (кейбір мәселелер ғана бойынша бағыну).

Көлденең байланысты сипаттама беру үшін жұмыскердің жалпы санының көрсеткіші қолданылады, олармен басқару процессі кезінде байланыс орнатылады.

1. Басқарушылық деңгей­­----> бас жетекші(президент,директор)

2. Басқарушылық орта деңгей----> департамент жетекшілері

3. Басқарушылықтың төмен деңгейі----> топ, бригада, бөлім, аймақ ерекшеліктері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]