Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Bukhgalterlik_balans_t_1199_rleri

.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
26.5 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Эканомика факультеті

Туризм кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Бухгалтерлік баланс түрлері.

Орындаған: Айтқулов Н.Б.

Тексерген: Аханова Н.Е.

Астана 2015ж.

Бухгалтерлік баланс түрлері.

Бухгалтерлік баланс (французша balanсе —таразы) — шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін

Бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады.

Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді.Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады.

Бухгалтерлік баланс — қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың келесідей түрлері бар:

  • Кіріспе баланс - әсіпорынның жаңадан құрылған уақытында жасаланған бухгалтерлік балансы кіріспе балансы деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы. Бұл баланстағы негізгі өрсеткіштер кәсіпорын иелерін, яғни құрылтаййшыларының, акционерлерінің осы ұйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал;

  • Қосу немесе біріктіру балансы - бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасалынатын баланс болып табылады;

  • Жеке баланс - кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері ( цехтар, филиалдар және тағы басқалар ) жасайды;

  • Дербес баланс - заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады;

  • Ағымдағы баланс - ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни йдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәкес кәсіпорынның өз қызметі барысынада әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлік баланс болып есептеледі;

  • Бөліну баланстары - ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атаумызға болады;

  • Бір текті баланс - тек бір ғна кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады;

  • Топтастырылған жинақ балансы - экономикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланстарын қосу жолымен жасалады;

  • Жинақтық баланс - бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады;

  • Жойылу баланс - кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді;

  • Нетто балансы - реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс. Ол итал. "таза" деген мағына береді;

  • Брутто балансы - реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс ( Негізгі құралдардың тозуы. Материалдық емес активтердің амортизациясы ) ол итал. "таза емес" деген мағына береді.

«ПАРАСАТ» фирмасының 2009 1 қаңтарын БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ (өлшем бірлігі мың теңге)

Активтері

Сомасы

Пассивтері

Сомасы

1

2

3

4

Ұзақ мерзімді активтер:

Меншікті капитал:

Материалдық емес активтер

2000,0

Жарғылық қор

50000,0

Негізгі қорлар

27000,0

Резервтік қор

Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция)

3000,0

Бөлінбеген пайда немесе зиян

3500,0

Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш

4500,0

Жиыны

59000,0

Жиыны

36500,0

Ағымдағы активтер:

Ұзақ мерзімді міндеттемелер:

Матералдық қор

3500,0

Ұзақ мерзімді несие

9000,0

Дайын өнімдер

7000,0

Ұзақ мерзімді қарыз

2000,0

Тауарлар

2500,0

Жиыны

11000,0

Аяқталмаған өндіріс

10000,0

Қысқа мерзімді міндеттемелер:

1

2

3

4

Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

6500,0

Бюджетпен есеп айырысу

2500,0

Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция)

5000,0

Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу

15000,0

Алдағы уақыт шығындары

1000,0

Жабдықтаушылармен есеп айырысу

7000,0

Берілген аванс

1500,0

Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу

2000,0

Ақша қаражаттары

9500,0

Жиыны

13000,0

Жиыны

46500,0

Барлығы

93000,0

Барлығы

83000,0

Осы жоғарыда келтірілген «ПАРАСАТ» фирмасының бухгалтерлік балансынан көретініміз – бұл ұйымнгың активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы – 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері – 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңгенің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.

Актив=меншікті капитал + міндеттеме

83000000,059000000,0+24000000,0

Біз бұл мысалымызға, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір Батыс елдерінде баланстағы тауарлардың, баптардың орындары ауысып та келтірілуі мүмкін.

Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы  активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктерін қарай кезекпен қарастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста актив пен міндеттемелер баланстың сол жағында корсетіліп (орналастырылып), оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:

Актив-міндеттеме=меншікті капитал

83000000,0-24000000,059000000,0

Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Байболтаева Н.Ә., Юсупжанова А.Х, Аграрлық жоғарғы оқу орындарының «Есеп және аудит» мамандығы үшін «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша Практикум, Алматы-2002 ж.

2. http://kk.wikipedia.org/wiki/Бухгалтерлік_баланс.

3. http://referatkaz.kz/buxgalterlik-balanstyn-tyrleri/.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]