Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп тіркемелеріні жіктелінуі

.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
20.85 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Эканомика факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп тіркемелерінің жіктелінуі

және бухгалтерлік есеп нысандары.

Орындаған: Айтқулов Н.Б.

Тексерген: Аханова Н.Е.

Астана 2015ж.

1. Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады. Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді. Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.

Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.

Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған. Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.

Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.

Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады. Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады. Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады. Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді. Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.

Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай:

  • хронологиялық ;

  • жүйелік .

1.Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.

2.Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.

Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты. Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметтер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.

2.Айдың соңында бас кітаптың қорытындысы негізінде синтетикалық (топтамалық) есептің шоттары бойынша жай немесе шахматты нысандағы айналым тізімдемесі (ведомосы) қүрылады. Бас кітаптың мәліметтері синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің айналым тізімдемелерін, бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру үшін қолданылады.

Мемориалдық-ордер формасы аналитикалық есептік кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық есеп тіркелімдеріндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге қоса берілген қүжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер – сәйкес синтетикалық шотпен біріктірілген аналитикалық шот тобына бір ведомость құрылады. Бүл тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық шоттармен біріктірілген аналитикалық шоттардың сальдосы мен айналымдарының қорытындыларын салыстыру үшін қажет. Мемориалдық-ордер есеп жазбаларының сызбасы 1-суретте көрсетілген.

Есептің мемориалдық-ордерлі нысаны есептік тіркелімдерінің жеңілдігімен және есеп жазбаларының техникасымен ерекшеленеді. Алайда бүл нысанының кемшілігі ретінде — қүжаттардағы бір ғана ақпараттық мәліметтердің  тізімдемелерге, мемориаддық-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық және аналитикалық есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дүрыс.

Басқа нысандарға қарағанда мемориалдық-ордер нысанын жүргізу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас-журнал нысаны. Бұнда негізгі есеп тіркелімі карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.

Журнал – ордерлі нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын тіркеудің негізгі принципі – жинақталымдық тізімдемелерде (ведомостерде) алғашқы (бастапқы) құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл нысанның негізгі есеп тіркелімі Журнал – ордер болып табылады. Журнал – ордерлерде алғашқы (бастапқы) құжаттардан немесе жинақталымдық тізімдемелерден алынатын хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп көрсетіледі. Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал-ордер ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебитіне жазылатын шаруашылық операциялар көрсетіледі. Құралдардың (қаражаттардың) қозғалысын бақылауды күшейту үшін журнал-ордердің жинақталымдық тізімдемелері бірге қолданады. Кейбір журнал-ордерлердесинтетикалық және аналитикалық есептердіңде жүргізілуі мүмкін. Бірақ аналитикалық есептің карточкалары қолданылмайды және айналым тізімдемелері құрылмайды. Журнал-ордерлерде типті шот корреспонденциясы қойылуы мүмкін. Бұл тіркелімдерді түсініктірек етіп көрсетеді және қателер санын азайтады.

Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Бұл келешекте ақпараттарды өндеудің қағазсыз технологиясын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде басқару және есеп аппаратының жұмыскерлері үшін автоматтандырылған жұмыс орның құрудың бірінші және екінші кезеңдерінің міндеттерін шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.

Электрондық есептеу машинасынан алынатын жүйелік және хрнологиялық жазулары бар кез келген құжат есеп регистрі бола алады. Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру бугалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Бугалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламаларпайдаланылады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қарапайым есепті жүргізуде де, қосарланған есепті жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С: Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңынан туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында жұмыс істей алады. “1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегінде, провдкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі түзету еңгізе алады.

Шағын кәсіпорындар бухгалтерлік есеп нысанының  жай  немесе  жеңілдетілген  (кәсіпорын мүлігін есептеу тіркелімдерін пайдалану арқылы) түрін қолдана алады. Есептің жай нысаны шаруашылық операцияларын есептеу кітабында қарастырылады. Ол кітап кәсіпорындарда қолданылатын барлық шоттарды қамтиды, сондай-ақ синтетикалық және аналитикалық есепті біріктіреді, яғни біріктірілген тіркелім болып табылады. Бұл қүжатқа жазылатын ақпараттар алғашқы құжаттардан алынып, хронологиялық тізбекте бір уақытта шоттар бойынша топтау арқылы жүргізіледі.