Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

B.E.SRO

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
34.8 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Эканомика факультеті

Туризм кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп негіздері.

Орындаған: Айтқулов Н.Б.

Тексерген: Аханова Н.Е.

Астана 2015

Бухгалтерлік есеп негіздері.

1. Бухгалтерлік есептің даму тарихы.

Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.

Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

1. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін;

2. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;

3. XIX ғ. соңы -XX ғ. басы; 

4. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.

Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңіне екі  жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.     

Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек, онда "есептеу" ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін одан оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуан теориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда –материалистік, Германияда – камералдық.

Үшінші кезең, өз мәні бойынша бухгалтерлік есептің  ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің  бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.     

Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян  мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдердон тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айқан бухгалтерлік есептің  анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтік  нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.

Бухгалтерлік есептің төртінші даму кезеңі сыртқы нарықтық орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады.

Есептің ерекше маңыздылығын қуаттай отырып, 1946 ж. бухгалтерлердің халықаралық конгресі француз оқымыстысы Ж.Б.Дюмарше ұсынған күннен, таразыдан және Бернулли қисығынан тұратын әрі "Ғылым, сенім, тәуелсіздік" ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын бекітті. Онда көрсетілген күн бухгалтерлік есептің шаруашылық қызметтің қаржысымен сәулеленіп тұрғанын, таразы – балансты, яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисығы бір кезде жасалған есеп мәңгі өмір сүреді деген мағыналарды білдіреді.

Қазіргі бухгалтерлік есептің мақсаты – басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттармен белгілі бір пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік ақпараттар жалпыға бірдей сипаттағы негізгі басшылық қағидалардың базасында қалыптастырылып қабылданған. Бухгалтерлік есеп жүйесінің осындай мысалы ретінде бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын, сонымен қатар Европалық экономикалық қауымдастықтың  бухгалтерлік есеп бойынша Директивасын алуға болады. "Бухгалтерлік есеп" ғылымында жинақталған көптеген құндылықтар объективті сипатқа ие және біздің өмірімізде толығымен пайдаланылуы мүмкін.

Қандай ғылымның  болмасын  пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп сапасы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді» — деген болса, оның әріптесі П. Самуэлъсон «Біздің ғасырымыз — машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», — дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки«Есеп — бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»,— деп айтса, Л. Фон Мизес «Есеп — бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты», — деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның  қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың  қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін  иеленеді. Бұған  дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген  конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», — деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін  қажет.

Сонымен  қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістерімен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық  ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға  жеткізіп  отыратын  жүйе  болса, ал қаржылық есеп жоғарыда  айтылған  қаржылық  ақпараттарды  ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға   жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін  кәсіпорын  басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк  мекемелері, салық органдары және тиғы  да  басқалар  пайдаланады. Кез келген ұйым үшін  қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және  оның тәртібі  әрбір кәсіпорынның экономикасының  саясатына байланысты.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің  маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің  мазмұны  мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне, осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның  қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық  әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі  ұйымдардың экономикалық  жағынан тұрақты дамуына кепілдік  береді. Осыдан  да болар ғалым Дж, Мэйдің «Бухгалтерлік есеп эрасы басталды»,—деп  айтуы.

Жоғарыда аталған бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және  оның жүргізілуі жолдарымен оқырмандарды таныстыру мақсатында жазылған  бұл оқулық бухгалтерлік есептің теориясы мен негіздерін толық ашып көрсетеді. Жалпы, осы оқулық экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетииг, мемлекеттік және жергілікті басқару және тағы да басқа мамандықтар бойынша білім беретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар жоғарыда айтылып  өткен  әлемге аты белгілі ғалымдар Б. Де Солозано, П.Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р.А. Фиумкидің және Л. Фои Мизестердің сөздерін ескерсек, бұл оқулықтың жоғарыда аталған мамандықтардан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз. Өйткені «Кез келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін жалғыз ғана бухгалтерлік есеп», — деп данышпан ғалым Цирул  бекер айтпаған болар.

Казаңстан Республикасында бухгалтсрлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі. Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізеді.

Бухгалтерлік есеп: теорияға, қаржылық және басқару  есептеріне бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп теориясы – бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және  тәжірибелік негіздері.         

Қаржылық есеп – бұл шаруашылық әрекеттері,  сонымен қатар қаржылық есептілікті құруды бухгалтерлік ресімдеу мен тіркеуді қамтамасыз ететін есеп  ақпараттарын жинаудың жүйесі. Қаржылық есептің мәліметтерін кәсіпорынның ішіңде әр түрлі деңгейде  басқарушылар және сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несие берушілер, банктер, салық органдары,  қаржылық органдар және т.б.) көптеген әдістерді пайдаланады пайдаланады.

Қаржылық есеп бухгалтерлік есептің айтарлықтай бөлігін қамтиды, кәсіпорынның шаруашылық құралдары және міндеттемелері (материалдық емес активтер, негізгі құралдар,  жалға алынған мүліктер, қаржылық салымдар,  кәсіпорынның айналым мүліктері мен міндеттемелері, ақшалай қаражаттар, капиталдар, қорлар мен резервтер,  табыс пен зиян және т.б.) туралы ақпараттарды жинақтайды.

Басқару есебі әр түрлі деңгейдегі  басшылардың кәсіпорынның өз ішінде пайдаланатын  есеп ақпараттарын  жинауға арналған. Оның басты мақсаты – нақты өндірістік нәтижелерге жетуге аса жауапты менеджерлерді қажетті  ақпараттармен  қамтамасыз  ету. Басқару есебінің  жүйесінде көбінесе өндірісте жұмсалатын шығындар туралы ақпараттар жинақталады.

Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды. Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.

Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен. Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді, ойшыл адамдар болса керек. Бухгалтерлік есептің дамуы тарихындағы бірінші мың жылда есеп объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп өрісінде ғана өзгеріске түсіп отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде қарапайым «униграфиялық» есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері қайта құрылып, қызмет түрлерінің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін қажетті мүліктер мен мұның құрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп жүргізудің мақсаты өзгеріске түспейтіндігін мұның өзі қолда.

Бухгалтерлік есеп тарихын зертеушілердін зерттеуіне қарағанда шаруашылық фактілерінің мәліметтерін хронологиялық тіркеп жазу әдісі қолданылған.

Ертедегі Египетте материалдық есеп пен жүмсалған шығындардың сметалық есебінің элементтері біріктіріліп, негізінен материалды қүндыльщтар қозғалысының күнделікті есебі жүргізіліпті. Мүндай қарапайым есеп жүргізу мысалына: қүдық қазушыларға, жалдамалы жүмыскерлерге, дәрігерлерге, қүлдарға, күзетшілерге, үй қызметшілеріне, іс қағазын жүргізушілерге т.б. берілетін бір айлық тамақ нормалары, бидай, ет т.с.с. шығындар сметасын белгілеу фактілері жазылып отырған.

Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген қүқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби саудагер көпестердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін қүндылықтар мемлекеттік түрғыда қадағаланып, бүларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың кол қойып растауынсыз есепке алынбаған. Мысырлықтар мен вавилондықтар есеп ақпараттарын ең бірінші болып қағазға түсірді. Бүлар жиналған астық пен мал^ сандарын тексеріп отыру үшін жазулар (белгілер) ойлап тапқан.

1937 жылы Жорж Ифраның келтірген мәліметіне қарағанда-Чехословакияның Вестонисе аймағында осыдан 20 мың жылдан астам өмір сүрген қасқырдың сүйегіне елу бес таңба белгі қойып, бүл белгілерді екі қатарға топтастырып санағанда ерте заманғы «есеп приборының» қарапайым түрлері болғандығы дәлелденген3. Сүйек таяқшаларымен есеп жүргізуді ең әуелі аңшылар пайдаланса керек. Әрбір атылған аңдар санын сүйекті кесіп, арнайы таңба белгілер қою арқылы саналған. Бүдан, біздер бухгалтерлік есептің ең әуелгі элементінің пайда болғандығын болжай аламыз.

Ең әуелі ақша жасаушының аты күні, бүгінде дейін белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда саудаға түсетін ең бірінші ақшаны біздің жыл санауымыздың VII ғасырына дейін грек билеушісі Лидии Крез жасапты деген уәж бар. Ал ақшаны бірінші рет бедерлеуді бастаған Грек қаласында түрған Аргос болеа керек. Жасалған ақшаны шығыс Жерорта теңізі аймағына бірінші рет айналысқа түсірген Айгина деп аталып жүр.

Мәліметтерге қарағанда, біздің жыл санауымыздың 300 жылдарында Вавилонда алтын және күмістен қүйылған ақшалар болса керек. Тауар сатып алушылар алған тауарлары үшін мүндай ақшалардың белгілі бөлігін тауар сатушыларға кесіп беріп отырыпты. Кесілгеннен кейін қалған ақшалар қайта өлшеніп, бұлардың беттеріне басқа суреттер салынып отырған. Бедері мен белгілері бар ақшалар қозғалысы тек қана шаруашылық операцияларын іске асырып қана қоймай, ақшаның белгілі бір орындарға жинақталуына қазыналық байлықтың көбеюіне үлкен ықпал етіп отырған. Сонымен қатар, ақша қозғалысы арқылы мемлекет аралық есеп айырысуды, мемлекет қазынасын сақтауды, шіркеулер мен халық арасындағы ақшалар қозғалысы бақыланатын болған.

Ең бірінші қағаз ақша біздің эрамызға дейін 650 жылы Қытайда пайда болған. Европада ең бірінші жазу «төлеу міндеттемесі» үғымы XVII ғасырда жазылған. Өз аталуына қарағанда ақша үлкен бір қүндылыққа жатпайды. Ақша тауар қүнын төлеу, айырбас жасау, қүн, жинақтау және өлшеу бірлігіне келтіру үшін ғана керек. Банктердің пайда бола бастауына қарай мүндағы ақша айналысы бухгалтерлік есептің дамуына үлкен әсер ете бастады. I ің бірінші банк біздің жыл санауымыздың V ғасырында Грецияда иайда болды. Бастапқы кезеңдердегі банктер тек қана оалымшылардың ақшасын сақтайтын орынның ғана міндетін атқарды.

Касса есебі операцияларын қарапайым бухгалтерияда жүргізу үшін тиісті талаптар қойылған. Касса операцияларының есебін екі бухгалтер жүргізіп отырған. Ақшалар салынған сандықтардың кілті арнайы тағайындалған кассирдің колында сақталып, ақша салынған сандықтар ашылған кезде бухгалтер немесе келістіруші делдалдар қатыстырылған. Мысалға Жаңа Испанияда (1531 ж.) ақша сақталатын сандық-кассаның үш қүлпы болған. Мүндай сандық- кассаларды ашқан кезде қолдарында бір-бірден кілті бар үш адам түгелдей қатыстырылып, әр адам өз қолындағы кілтпен бір сандықтың қүлпын ашуға қүқылы болған.  Сандык—кассалардағы ақшалар есебін жүргізуге арналған кітаптың әр беттері алдын ала саналып, кітаптар түптеліп, тігілген касса қүжаты болып танылған. Касса кітаптарының әр беттеріне мөр басылып, жауапты адамдардың қрлдары қойылып отырған. Кітаптың бірінші бетіне кіріске алынған, ал екінші бетіне шығысқа шығарылған ақша операциялары мәліметтері жазылған. Кассалық кітаптың көшірмесі бухгалтерияда жүргізіліп, әрбір алты айда бір рет осы екі кітапқа жазылған жазулар жөніндегі мәліметтер салыстырылып отырған.

1494 жылы екіжақтылық жазу жүйесін ойлап тапқан ғалым -математик, францискандық монах Лөонардо да Винчидің досы Лука Пачоли еді. Лука Пачоли өзінің он бірінші трактатында «счеттар және жазулар жөніндегі» тоғызыншы бөлімінде «Арифметикалық сомалар, геометрия, пропорция және салыстырмалық» жөніндегі үғымдарға түсінік берген. Кейіннен екіжақтылық жүйе «ескі италияндық» болып аталды. Немістің үлы ақыны Гете екіжақтылық бухгалтерияны «адам ақыл-парасатының ойлап тапқан ең тамаша өнертапқыштығы» деп атады. Көрнекті экономист және социолог Вернер Зомбарт екіжақтыльщ жазуды емірге берген материяның рухы деп бағалай келе, Ньютонның Галилей жүйесімен сипаттаған екен.

Лука Пачоли өзінің «Счеттар және жазулар туралы» трактатында шаруашылық операцияларын, тіркеу және кітаптарды жүргізу жөніндегі орын алған әдістерді, мемориалдарды (естелік кітаптар), жорналдарды, Бас кітапты, көшірмелері түскен кітаптар, жазылған хаттар және меншік иесі мүліктерінің тізімі толық түскен мүліктік кітаптардағы жазуларды талдай келе екіжақтылық заңдылықты жазып, мүның негізінде сөзсіз тиімді счеттар мен кітаптар қүруға болатындығын дәлелдеген.

Лука Пачоли математика мен бухгалтерияның тарихына жер жүзінде екі жақтылық принциптің негізін қағазға түсіріп жазған ғалым ретінде танылды. Алайда кейбір тарихи деректерге сүйенсек кептеген ғалымдардың келісілген түжырымдарына қарағанда бухгалтерлік есептегі екіжақтылық жазу Лука Пачолидің жазған трактатынан бүрын едәуір ертеректе пайда болса керек. Мүның дәлелі ретінде белгиялық тарихшы Раймонда де Рувераның «Как возникла двойная бухгалтерия (1958 ж.)» атты еңбегінде жазылған бухгалтерлік есеп тарихына тән флорентикалық есеп варианты жөнінде келтірген мәліметтерін айтуға болады.

Флоренция түбіндегі Прато қаласында түрған асқан байлығы болған және банкир-саудагер Франческо ди Марко Датини (1335-1410 ж.ж.) өз үрпағы болмағандықтан өзінің салдырған сәулетті сарайын игі қайырымдылык үйымына тегін беріп, мүның ішінде 500-ге жуық есеп кітаптарын және 130 мыңнан астам іскерлік әрекеттер жөніндегі хаттарын, сондай-ақ көптеген вексельдерін, сақтандыру полистерін, төленген чектерін және басқа да бастапқы қүжаттарын қалдырыпты. Осы айтылғандарға қарағанда Датини есеп жүргізуге өте мүқият карап, мүның өзін аса жоғары бағаласа керек. Біздің пайымдауымызға қарағанда Датини есеп жүргізудің алғышартын жасамаған, алайда есеп жүргізуге тән екі жақты жазу қагидаларын сырттан, басқа елдерден алуы да мүмкш демекпіз.

2. Әлемдегі бухгалтерлік есеп үлгілері.

Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді.

Бухгалтерлік есеп үлгісі деп есеп регистрлары мен есеп кітаптарын айтады.

Есеп регистрі  —  бухгалтерлік есепке сәйкес ағымдағы операцияларды күнделікті тіркеп отыру құжаты; бухгалтерлік есепшоттарына екі жақты жазылатын операцияларды жеңілдету үшін қолданылатын қосымша кітаптар мен әр түрлі үлгіде жасалған белгілі бір пішімі бар қағаздар. Есеп регистріне тіркелген операциялардың көрсеткіші әрбір айдың аяғында бас есепшоттарға және негізгі кітаптарға көшіріліп, арнайы белгілер қойылады. Қазіргі кезде бухгалтерлік eсеп регистрі компьютерде жүргізіледі. Есеп регистріне “күнделікті сатылған (сатылып алынған) құндылықтар мен тауарларды тіркеу”, “салық төлеушілердің ставкасы мен жалпы төленетін салық сомасын көрсететін тізім”, т.б. арнайы регистрлер жатады. Есеп регистрі екі жақты жазу әдісімен толтырылуы керек.

Барлық есептік регистрлерді мынадай белгілері бойынша төрт топқа бөлген тиімді.

  1. Сыртқы түрі бойынша

  2. Қорытындылау дәрежесі бойынша (құрам ауқымы бойынша)

  3. Жазбалардың міндеті мен сипаты бойынша

  4. Формасы бойынша

Сыртқы түрі бойынша есептік регистрлер

  1. Бухгалтерлік кітаптар

  2. Картогчкалар

  3. Еркін парақтар болып бөлінеді

Кітаптар (журналдар) арнаулы графаларға бөлінген шағын кітапшалық парақтар. Бухгалтерлік кітаптардың барлық бетері номерленіп, түптелуі керек.

1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін анықтап берді. Олар: британ‑американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық.

Әлемдік тәжірибе соның ішінде, нарықтық экономикасы дамыған елдерде, бухгалтерлік есептің 4 моделі басым болады:

  • Британ-Американдық моделі;

  • Континенталдық;

  • Оңтүстік-Американдық;

  • Интернационалдық модель

1. Британ-Американдық моделі - қаржылық есеп берудің барлық экономикалық ақпараты инвесторлар үшін дайындалады, өйткені негізгі инвестициялар заңды немесе жеке тұлғалармен дайындалады. Ол Ұлыбритания, Голландия және АҚШ-та жасалады.

2. Континенталды моделде Еуропаның көптеген елдері және Жапония ұстанады, мұнда бизнес банктермен тығыз байланысты болады, компанияның қаржылық мәселелерін қанағаттандыратын негізінен солар болып табылады. Бухгалтерлік есеп заң жүзінде белгіленеді және консервтивтігімен ерекшеленеді.

3. Оңтүстік-Американың моделі Оңтүстік -Америка елдері қолданады: Аргентина, Боливия, Бразилия және т. б. Бұл моделдің негізгі ерекшелігі есеп мәліметтерін үздіксіз түзету болып табылады.

4. Интернационалдық модель-бұл есеп стандарттар мен есеп берудің халықаралық жүйесіне бейімделген.

1997 жыл 1 қаңтарынан бастап “Бухгалтерлік есеп туралы” заңының негізінде  ҚР-да барлық шаруашылық өтуші субьектілер Британ-Американдық моделге ауыстырылды. Халықаралық бухгалтерлерінен есеп стандарттарын ескеріп бұл моделге өту бухгалтерінен есепті ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді атап айтар болсақ, Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандартының енгізу, бас шоттар тізбегін енгізу.

Қаржылық есеп беру өткен жылдың қаржы нәтижелерін көрсетеді, шешім қабылдау үшін алынған ақпараттарды жинақтайды. Қаржылық есеп беру нарықтық экономика жағдайында шаруашылық етуші субьектісінің қызметі туралы қаржылық ақпаратын жалғыз көзіне айналды. Қаржылық есеп беру бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік мәліметтердің негізінде кәсіпорында байланыстыратын ақпараттық жүйе болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]