Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
куравая Медета.docx.docx
Скачиваний:
148
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
315.09 Кб
Скачать

Мазмұны

Бет

Кіріспе 2

1. Станса жұмысын ұйымдастырудағы жалпы мәліметтер 4

2. Пойызды өңдеу технологиясы 13

3. Маневрлік жұмыстың орындалуына технологиялық 18

уақыт нормаларының есептелуі

4. Станса жұмысының негізгі көрсеткіштерінің есептелуі 30

5. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету 43

6. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз 48

ету

Қорытынды 51

Пайдаланған әдебиеттер 53

Кіріспе

Қазақстан Республикасының темір жол көлігінің мәні өте зор. Қазақстан темір жолы жүк айналымдарының 68% және жолаушылар ағымының 57%-ын құрайды. Қазақстандағы темір жолдың пайдалы ұзындығы 15000 км-ден асады. 15 түйіспе пунктері арқылы (11 Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 1 Қытаймен) темір жол желісін біріктіреді. АҚ"ҰҚ"ҚТЖ"-да 14 бөлімше, 756 ДС, 84 пойыздық телім, тепловоздық тартыммен 75% сонымен қатар орташа тәулікте: 319-тепловоз, 233-электровоз, 132-жұп жүк пойыздары, 91-жұп жолаушы пойыздары айналады.

Қазакстандағы темір жол көлігің дамуы 2015 жылға дейін 1600 километр жаңа жол және 2700 километр электрленген желі іске қосылады.

Телімдік станса - бұл жолдық дамуы бар жекеленген пункт. Мұнда жолаушы, жүк, өтпелі пойыздары өңделеді; құрама, телімдік,өтпелі пойыздары да таратып-құрастыру бойынша маневр операциялары орындалады; поштаны, багаж тапсыру және сақтау; жалпы қолданысқа берілетін орындарға қызмет көрсету.

Телімдік стансалар технологиялық жұмысының үздіксіз және қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта телімдік стансаларда келесідей жұмыстар жүргізіледі: технологиялық қарау; жылжымалы құрам жағдайын бакылау; комерциялық қарау; тасымалданатын жүктердің жағдайын бақылау.

Технологиялық үрдіс деп - техникалық құралдарды тиімді пайдалануды қарастыратын, пойыздар мен вагондарды ретімен өңдейтін, станса жұмысын ұйымдастыратын жүйені айтамыз. Технологиялық үрдісте стансаны жедел және жоспарлы басқару; технологиялық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру; пойыз бен маневрді технологиялық өңдеу; тиеу және түсіру, сонымен қатар қысқы жағдай ерекшелігі бейнеледі.

Курстық жобаның мақсаты: телімдік станса жұмысының технологиялық үрдісін өңдеуді үйрену, станса жұмысының тәуліктік графигін құру және оның көрсеткішін есептеу.

1. Стансаның жұмысты ұйымдастыруының жалпы мәліметтері

    1. Стансаның техникалық сипаттамасы

«В» стансаның барлық парктері параллель орналасқан телімдік станса болып табылады. Ол А-В-Д бағытындағы қосжолды телімде орналасқан. Стансаға жанасқан аралықтар келесідей пойыздар қозғалысын реттейтін құралдар мен жабдықталған: Б-В аралығы ЖАБ, В-Г аралығы АБ.

Жұп және тақ қабылдап-жөнелту парктерінде өтпелі пойыздарды өңдеусіз өткізуге арналған екі жол бар. Өңдеу паркі 2 тартым жолы бар сұрыптау паркімен біріктірілген.

Станса парктері бағыттама және электрленген орталыкпен жабдықталған. Бағыттамалар мен сигналдарды басқару үшін станса электрленген орталық қосының иеленеді. Құрамдар мен вагондарды жазу үшін стансаның кіру алқымында телетайп қосынын орналастырады.

Стансаның технологиялық орталығы сұрыптау паркінен өңдеу паркінің ортасындағы тақ алқымында орналасады және тауар кеңсесімен тығыз байланыста болады.

Жұмыс орындары ЭЕМ барысындағы автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған.

Стансада орналасады: локомотив депосы, вагон жөндеу депосы, техникалық қарау және вагон жөндеу пункті.

Жүк ауласы кірме жол №1 тартым жолынан жанасқан, зауыттың кірме жолы №2 тартым жолына жанасқан. Отын қоймасы локомотив шаруашылығының аумағында орналасады.

Жолаушыларға қызмет көрсету үшін стансада 2 биік жолаушы платформасы бар, жолаушы ғимараты орналасады.

Жолаушы ғимараты қалажақ бетте орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]