Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции для ФИЗИКОв.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
228.07 Кб
Скачать

Силлабус

1. Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы: Жаманғара Айжан Қашағанқызы, қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасының доценті, б.ғ.к.

Байланыс телефоны – 35-38-06 , 60-58 кафедра; 8777-231-99-59 ұялы телефоныkashagankizi@mail.ru.

Ғылыми қызығушылық: Су экожүйесінің экологиясы, палеоэкология, биоалуантүрлілікб биотехнология.

Ғылыми мектеп: Монпелье университеті (Франция), палеонтологии лабораториясында, профессор И.Соль-Марш жетекшілігімен (I.Soulie-Marsche).

Қосымша мәлімет: Сорос стипендиясының иегері.

2. Пәннің аты. Экология және тұрақты даму

Жалпы міндетті модуль 3

Пәннің пререквизиттер

Бұл курсты оқып меңгеру үшін мектеп бағдарламасындағы келесі пәндер бойынша білімдер қажет: биология

Пәннің постреквизиттері

- философия

- экономика

- саясаттану

- мәдениеттану

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес.

4. Оқу пәндерінің деректемелері. Экология және тұрақты даму курсын тиімді игеру үшін орта мектептегі алған биология және экология негіздері жөніндегі білімі қажет.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі.

5.1. Оқу тәртібінің бағыты.

Оқу пәні болашақ мамандардың қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты тиімді пайдалануын, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі білімін қалыптастырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.

Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.

    1. Пәнді оқытудың міндеттері

- негізгі функциональді экологиялық бірліктерді: жеке түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды, экожүйелерді жайындағы білімді меңгеру.

- табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру

- биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру

- қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны

Аутэкология, дэмэкология, синэкология, Биосфера және тұрақты даму мәселелерін қарастырады

5.5. Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Апта-

лар

Тақырыптар аты

Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары

СӨЖ үшін тапсырмалар

1

Экология және оның қысқаша даму тарихы. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. Экологияның қалыптасуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролі. 1 сағат.

Шолу дәріс-1 сағ.

практикалық сабақ «Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Экология және оның қысқаша даму тарихы. 2 сағат

2

Особьтар экологиясы-аутэкология. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі. Организм және тіршілік ету шарттары. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі». 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Особьтар экологиясы-аутэкология. 2 сағат

3

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Антропогенді фактордың әсер ету заңдылықтары. Либихтың минимум заңы. Шелфордтың толеранттылық заңы. Стенобионтты және эврибионтты организмдер. Организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Ортаның экологиялық сыйымдылығы. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.

2 сағат

4

Популяция экологиясы-демэкология Популяция түсінігі. Популяцияның статистикалық сипаттамалары: саны, тығыздығы, биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Кеңістіктік таралуы және оның сипаттамасы.: кездейсоқ, біркелкі топтық. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамасы: туылым, өлім-жітім, тірі қалу қисығы, өсу қарқындылығы. Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері». 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Популяция экологиясы-демэкология

2 сағат.

5

Бірлестіктер экологиясы-синэкология. Биоценоз туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм) Түр аралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын сақтаудың негізгі механизмі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс: потенциалды және жүзеге асырылған. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Бірлестіктер экологиясы-синэкология.

2 сағат.

6

Экожүйенің құрылу заңдылықтары. Экожүйе жайлы түсінік. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% ережесі және линдеманның 10 % ережесі. Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия). Экожүйенің өнімділігі (бірінші реттік және екінші реттік). Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүе тұрақтылығының механизмі. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Экожүйенің құрылу заңдылықтары.

2 сағат.

7

Биосфера және оның тұрақтылығы Биосфера концепциясының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы. Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролі. Антропогенді әсер өте күшті геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. Биосферадағы заттар айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялықзаңдары. Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Биосфера және оның тұрақтылығы» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Биосфера және оның тұрақтылығы 2 сағат.

8

Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы. Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері. (Өсу шектері, 1972). БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992 және Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994). Тұрақты даму факторлары: Экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография) 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты даму концепциясы» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Тұрақты даму концепциясы. 2 сағат.

9

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар. Халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері»1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Тұрақты даму теориясының ғылыми талдауын жасаудағы халықаралық ұйымдар әрекеті 2 сағат.

10

Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін. Биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология. Экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері.

1 сағат

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде». 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. 2 сағат.

11

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері . Өркениет типтеріне және оның дамуының сатларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы.: негізгі этаптары (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық) 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері .

2 сағат.

12

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ш-лейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдары Өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары.

1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер»1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдары 2 сағат.

13

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруі. Туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау. Урбанизация мәселелері. Кедейшілік және кірістің теңсіз бөлінуі. Энергетикалық кризис мәселесі., шешу жолдары. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис. Генофондтың өзгеруі,ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері» 1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.2 сағат

14

Табиғатты қорғау және тұрақты даму. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық территориялары қоршаған ортаны қорғаудың формасы. Биосфералықрезерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері»1 сағат

СОӨЖ-2 сағ.

СӨЖ-2 сағ.

Табиғатты қорғау және тұрақты даму.

2 сағат

15

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары. Аралдың әлеуметтік экологиялық пробл-ы. Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары. ҚР -дағы әскери-сынақ полигондары. Невада-Семей антияджролық қозғалысы. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері. Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. Мониторинг түрлері. ҚР қоршаған ортаға қатыст заңдары. ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру. ҚР тұрақты дамуды қамтамасыз ету. ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы және механизмі. 1 сағат.

Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ.

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. 2 сағат.