Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
36.87 Кб
Скачать
  1. Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің және таңдап алынған спорт түрін оқыту арнайылығы. Таңдап алынған спорт түрін оқыту теориясы мен әдістемесінің калыптасуы. Таңдалған спорт түрінің оқыту әдістемесін қарастыру. Техника мен тактикаға оқыту кезектілігі. Оқытудың дидактикалық ұстанымдары (көрнекті, белсенді, жеткілікті және басқалары). Оқытудың құралдары мен әдістері (сөз, көрсету және т.б.), (толық, бөлшектелген). Оқытудың қазіргі заман технологиялары. Бастапқы оқытудың этапы – техникаға үйрету кезінде дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыру. Спорттық жетілдірілуі, әдістер эффективтілігін бағалау үшін ҒІЖ қолдану. Спорт теориясын қарастыру. Спорттың мәні мен әлеуметтік функциялары. Жазғы және қысқы Олимпиада бағдарламаларындағы спорт түрлері. Спорттық жарыстар жүйесі. Жарыстық ісі. Спортшылардың дайындық жүйесінің сипаттамасы және оны жетілдірілудін бағыттары. Адаптация теориясының негіздері және оны спортшыларда қалыптастыру заңдылықтары. Спорттағы жүктеме және бұлардың спортшылар ағзасына әсері. Спортшылар дайындығындағы жалығуы мен қалпына келуі. Жүктемеге көпуақытты адаптацияны қалыптастыру. Спорттық дайындығының мақсаты, талаптары, құралдары мен негізгі ұстанымдары. Спорттық жетілдірудін көпжылдық үдерісінің құрылысында дайындықты құрастыру. Микроцикл және макроцикл бағдарламаларын құрастыру. Жыл бойы дайындықты құрастыру. Спортшылар дайындығы жүйесіндегі басқару негіздемелері. Спорттық жаттықтырудағы бақылау. Спорттағы модельдеу мен болжамдау. Спортшылар дайындығындағы жаттықтырудан тыс және жарыстан тыс факторлары. Спортшылар дайындығы жүйесіндегі орта биікті таулары, жоғары биікті таулары және жасанды гипоксия. Жоғыры және төмен температура жағдайларындағы дайындығы мен жарысы. Жарақаттану мен ауырып қалу. Спорттағы допинг және бұнымен күресу. Көпшілікті спорттың мәселелері. Кәсіби, ардагерлік және параолимпиадалық спорттың мақсаты мен талаптары.

2. Дене шынықтыру оқытушысының және таңдап алынған спорт түрі бойынша жаттықтырушының қызметтерінің дәрежелі сипаттамасы. Осы Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі - қызметшілер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.. Қызметшілерді аттестаттау - олардың кәсіби және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санатын (дәреже) белгілеу жөнінде кезеңдеп жүзеге асырылатын рәсім.Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің басшыларын уәкілетті органның комиссиясы аттестаттауы тиіс.

3.Студенттердің дене тәрбиесі мазмұны мен оған койылатын заманауи талаптар“Дене тәрбиесінің мақсаты жастарды спорттық табысқа жеткізу ғана емес, олардың десаулығын нығайту. Өйткені әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрудің негізгі қайнар көзі денсаулықты сақтау қажеттілігінің жоғары деңгейіне жету болады”. Қазіргі уақыт талабына сай қоғамда дене тәрбиесінің негізгі мақсаты – денсаулықты қорғау және оны нығайту адамдардың әр түрлі әлеуметтік қызметтерді орындауына, құрылымдық және қызметтік дайындығының үйлесімді және жан-жақты дамуына әсер ету. Берілген мақсаттар мен мәселелердің бірлесуі алдын ала сақтандыру шаралары медицина мен дене тәрбиесі мамандарының күштерін біріктіруге әсер ету керек. Қазіргі кезде әрбір жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру кезінде бір ғана мақсат қойылады – ол оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану арқылы жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау, кейін алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде немесе ғылыми зерттеулерінде қолдану. Бірақ кәсіби білімдері мен дағдыларын толыққанды қолдану тек қана жас мамандардың денсаулығы мықты, жұмыс қабілеті жоғары болған жағдайда ғана жүзеге асады.

4. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мен құрылымы. Дене шынықтыру сабақтарындағы оқытушы мен студенттердің қызметін ұйымдастыру түрлері.

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік Көпір жасау әдістерін көрсету, үйрету;

Ә) Дамытушылық Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін дамыту;

Б) Тәрбиелік Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: үйрету сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаттығуларды көрсету, түсіндіру.

Керекті құралдар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер;

Өтілетін орны: Спортзал

Өтілетін уақыты:

Өтілетін сыныбы: 7-сынып

Пән мұғалімі: Еслямов Айбар

Сабақтың жоспары:

• Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)

• Негізгі бөлім (25мин)

• Қорытынды бөлім (5 мин)

5. Білім алушы студенттер тобы ұжымының және таңдап алынған спорт түрі бойынша спортшылардың басты касиетін зерттеу.

Қазіргі уақытта спорт психологиясы зерттейтін мәселелер анағұрлым көбейді. Спорттың әр түріне орай, жалпы, педагогикалық, жастық және әлеуметтік психологияның жетістіктері ескеріле отырып арнаулы жаттығу кешендерінің бағдарламалары жасалуда. Олар спортшылардың физикалық, сондай-ақ психикалық жаттыққандығын, эмоциялық — еріктік, этикалық, моральдық-адамгершілік және ұжымдық дайындалғандығын кемелдендіруге бағытталады. Спорт психологиясында қозғалыс дағдылары мен біліктерін нәтижелі қалыптастырудың заңдылықтары, күш, төзімділік, ептілік көрсеткіштерін жетілдірудің әдістері біршама егжей-тегжейлі зерттелген. Бұл зерттеулерде спортшылардың арнаулы қабылдауларының, мысалы, уақытты сезіну, аралық қашықтықты сезіну, қас қағым сәттік оқиғаларды болжау, "допты сезіну", "суды сезіну" секілді қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен әдістері анықталады. Бұған қоса байқағыштықты, елестетуді, стратегиялық және тактикалық ойлауды, топтық ойындарда үйлесімді өзара әрекеттестікті жақсарту әдістеріне назар аударылады. Бұл зерттеулер спортшылардың әр жастағы қабілеттерін және оларды арнайы іріктеу амалдарын анықтау, сондай-ақ жаттықтыру салаларында одан әрі тереңдетіледі.

6. ЖОО «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың педагогикалық технологиялары. ЖОО дене шынықтыру және таңдап алынған спорт түрі бойынша сабақ өткізудің мақсаты мен әдістемесі. ЖОО студенттерге қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білім меңгеруіне мүмкіндіктерін ашу, оқу процесінде осы технологияларды қолдануға тәжірибе жинақтау және болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиетін дамыту, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асырып, студенттерді, яғни болашақ мамандарды алдағы кәсіби-педагогикалық қызметке неғұрлым жетілген деңгейде әзірлеуде уақыт рухына, қазіргі заман талабына сай жоғары сапалы білім беріп тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. болашақ мамандарға білім беру технологияларының пайда болуы, дамуы жайлы білім қалыптастыру;

2. студенттердің жалпы ғылымдылық, кәсіптік дайындығында білім берудің жоғары технологияларын меңгеруін ескеру;

3. педагогикалық әрекетте білім беру технологияларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру;

4. білім берудің жаңа технологияларын қолдану арқылы жаңашылдыққа ұмтылуға көмектесу;

5. болашақ педагогтардың кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту.

7.«Дене шынықтыру» пәні бойына жұмысты жоспарлау мен есепке алу, оның гигиеналық сипаттамасы. Таңдап алынған спорт түрі бойынша қауіпсіздік іс-шаралары.

  1. Тақырыбы:

  2. Мақсаты:

а) дамытушылық

ә) тәрбиелік

б) жалпы білімділік

  1. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.

а) ұйымдастыру кезеңі

ә) тіл дамыту

б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс

в) бекіту

г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)

д) балалардың жұмысын бағалау

  1. Дидактикалық принциптер:

  1. Жай және күрделі

  2. Жүйелілігі

  3. Белсенділігі

  4. Білімділігі

  5. Көрнекілігі

  6. Коммуникативті бағдары

  7. Даралап оқыту

  8. Жеке дара оқыту

Дене шынықтыру гигиенасы. Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс,тамақтану, ұйқы тәртібі,киім, дене тәрбиесі жабдықтар мен құралдары, гигиенеасы). олар дене жатттығуларының ағзаға тигізетін тиімділігі мол : мыс қалыпты ұйқы жүйке жүйесіне жақсы,киім тазалығы аурулардын алдын алады.