Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
орытынды блім.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
36.08 Кб
Скачать

1-тақырып. « Жасақты тылдық және техникалық қамтамасыз ету бойынша жалпы ережелер ».

Пәндік және тәрбиелік мақсаттар:

  • Түрлі ұрыстардағы тылдық бөлімше әрекетінің тәртібін оқып-үйрену;

  • Тылдық бөлімше құрамын және тағайындалуын оқып-үйрену;

  • Жаугерлікті (соғысты) қамтамасыз ету түрлерімен танысу;

  • Пәнді оқып-үйрету сапасына деген жауапкершілікті дарыту.

Уақыты: 2 сағат.

Өтетін орны: 20,29 – сынып.

Әдісі: әңгімелеу, мазмұнда

Пәндік-материалдық қамтамасыз ету:

Схемалар:

  • Ұрыс болатын орынды қамтамасыз ету;

  • Материалдық құралды тасымалдау схемасы;

  • Тылдық бөлімшені ұйымдастыру ( қвз, мқер, жмқеб);

  • Шабуылда тылдық бөлімшені орналастыру;

  • Қорғаныста тылдық бөлімшені орналастыру;

Әдебиеттер:

  • Правила боевого применения Сухопутных войск ВС РК, часть ІІ ( батальон, рота), 2009 г., гл. ХІ.

  • Наставления по войсковому тылу 1982г.

  • Учебник «Войнские автомобильные перевозки»1975 г. Стр. 8 -11.

  • Учебное пособие «Автомобильная служба и ВАП» изд. 2005г.

Пәндік сұрақтар мен жауап беру уақыты:

  1. Жасақты тылдық және техникалық қамтамасыз етудің негіздері – 25мин;

  2. Жасақтық звеналардың тылдық бөлімі мен бөлімшелері, олардың ұйымдасуы, тағайындалуы, тапсырмалары – 35 мин;

  3. Соғыс әрекеттері кезінде бұзылған техника мен жарақаттанғандарды эвакуациялау, материалдық құралдарды тасымалдаудың принципьері – 10 мин..

Ұйымдық – әдістемелік нұсқамалар.

  1. Берілген тақырып командирлік жазбаларға слайдтарды, схемаларды сызып алып қолдану арқылы өңделеді

  2. Өз бетімен дайындық кезінде тылдық бөлімшені ұйымдастыру схемасы командирлік жазбаға енгізіледі.

Кіріспе бөлім – 5мин.

  1. Взвод бойынша кезекші рапортын қабылдау.

  2. Оқытылатындар саны мен сыртқы кейпін тексеру.

  3. Әскери дайындық бағдарламасын, жаңа тараудың мәнін хабарлау, айту, түсіндіру.

  4. Пәннің тақырыбын, мақсатын, сұрақтарын хабарлау.

Кіріспе

Автокөлік қоры мамандығы бойынша офицерлерді дайындауға аяқталған «Автокөлік қызметі және автотасымалды ұйымдастыру» пәнін оқытылатындар түйсігіне жеткізу.

Түрлі соғыстағы жасақты автотехникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру сұрақтарын үйрету маңызды болып келеді. Әскери жүктерді автокөліктік тасымалын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.

Пәннің негізгі мақсаты - «Әскери автокөлік тасымалы бойынша Нұсқау» мен «автокөлік қызметі бойынша Нұсқаудың» негізгі ережелерін жақсы білетін, осы ережелерді бөлім мен бөлімшенің жаугерлік әрекетін автотехникалық қамтамасыз ету мен әскери автокөлік тасымалын ұйымдастыру кезінде қолдана алатын запас офицерлерін дайындау. Пәнді үйрету әскери оқытудың 3-жылынан басталады және жалпы, арнайы пәндерден ( тактика, машинаны жөндеу мен қолдану, автокөлік құрылғысы) алынған біліміне негізделеді.

Автокөлік қызметі мен автокөлік тасымалын ұйымдастыру арнайы тактикалық дайындық сабағы болып табылады және студенттерді автокөлік взводының командирі, бөлімшенің аға технигі, техникалық бөлім бойынша бөлімше командирінің орынбасары қызметі ретінде атқаратын жаугерлік практикалық әрекеттерге дайындауды қамтамасыз етеді.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынаны білу қажет:

  • Жасақты тылдық және техникалық қамтамасыз ету бойынша жалпы Ереже

  • Бөлім мен бөлімшелердің автокөлік қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оның тапсырмасы

  • Автокөлік бөлімі мен бөлімшелерін, автокөлік қызметін, құралдырын қолдану және ұйымдастыру

  • Әскери автокөлік тасымалын, бөлім мен бөлімшенің автотехникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру және ұйымдастыру бойынша негізгі Ережелер.

Істей алуы керек:

  • Бөлімшенің автотехникалық қамтамасыз етуін автокөлік бөлімшесі бойынша әскери автокөлік тасымалын соғыс орындарында жүзеге асыру және ұйымдастыру;

  • Автокөлік қызметі құралдары мен автокөлік бөлімшесін, олардың қорғалуы мен сақталуын жүзеге асыру және ұйымдастыру;

  • Қызмет офицерінің жұмыс картасын жүргізу.

«Автокөлік қызметі мен автокөлік тасымалын ұйымдастыру» пәні 106 сағатқа есептелген( 26 сағат – топтық сабақ, 42 сағат – практикалық сабақ, 38 сағат- оқу қорытындысы).

Автокөлік қызметі мен автотасымалдауды ұйымдастыру студенттерді оқытудың негізгі пәні болып табылады. Оқу жылының 3-тоқсанында әскери кафедрада студенттер осы пән бойынша емтихан тапсырады.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін жасақты бұл қорытынды емтиханда қайта қаралады.

Жұмыс картасының жүргізілуін, берілуін, алу тәртібін және кітапханаға өткізілуін айту қажет.

Әр студенттің оқу жылының басында «Тактика» түрлі-түсті қарындашы немесе фломастері, командирлік сызғышы мен картамен жұмыс істеуге қажетті басқа да құралдары болуы керек.

Пән бойынша негізгі нұсқаулар мен оқу құралдары мыналар болып табылады:

  1. Учебник «Воинские автомобильные перевозки», ДСП изд. 1975 г.

  2. Наставление по автомобильной службе, изд. 1978 г.

  3. Учебник «Автотехническое обеспечение», изд. 1985 г.

  4. Правила боевого применения сухопутных войск ВС РК часть ІІ.

  5. Учебное пособие «Автомобильная служба ВАТ», изд. 2005 г.

Пәннің негізгі бөлімі – 70 мин.

1 сұрақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]