Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

№8 Шын Сын Кор ПП

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
206.51 Кб
Скачать

8 Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау

Құрал жабдықтар: 1. Жазық параллель шыны пластина; 2.Ағылшын түйреуіші 4-дана; 3. Өлшеуіш сызғыш; 4. Ақ қағаз; 5. Лазер шамы; 6.Транспортир.

Жұмыстың теориясы. Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы бақыланады. Мұның себебі әр түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:

n=

мұндағы n-екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші. Егер бірінші орта ауа болса, оның абсолют 1-тең, онда екінші ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші абсолют сыну көрсеткішіне тең.

1-сурет 2-сурет

Жұмыстың орындалу барысы

1. Қағаз бетіне 2-суреттегі турде трапеция көлеміндегі шыны пластинаны қойып сызың.

2. Лазер сәулесінің жарық жолағын В нүктесіне α=бұрышпен түсірің.

3. Пластинаға түскен сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан F шығу нүктесін белгілеңдер.

4. Шыны пластинаны қағаздан алып, А және В, В және Ғ нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

5. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

6. Шынының сыну көрсеткішін (1) формула бойынша есептеңдер.

7. Тәжірибені жарық көзінің және бұрышпен түсу кезіндегі сыну бұрыштарын анықтап, шынының сыну көрсеткішін табыңдар.

8. Тәжірибенің қателіктерін есептеңдер.

Бақылау сұрақтары

  1. Жарықтың шағылу заңын айтып берiң.

  2. Жарықтың сыну заңын айтып берiң.

  3. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?

  4. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?

  5. Жарықтың абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштерінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер.

  6. Жарықтың толық шағылуы деп қандай құбылысты айтамыз? Ол қалай байқалады ?

  7. Қандай құбылысты дисперсия деп атаймыз?

  8. Ақ жарық сәулесы қандай түстерден құралған?

  9. Қандай жағдайларда дисперсия құбылысын көру мукін?

  10. Табиғи ақ жарық сәулесынің толқын ұзындығы қанша метр аралығында?

2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]