Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
158.16 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік педагогика және

өзін-өзі таңдау

кафедрасының меңгерушісі

__________Шалғынбаева Қ.Қ.

______________________2014 ж.

«Этнопсихология» пәні бойынша

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

«5В011900-Екі шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған

(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)

Силлабус

Астана 2014

Силлабус

1. Курс оқытушысы: Ақымбек Гулазира Шардарбекқызы,

психология магистрі

Байланыс телефоны: 87012869581. (эл.жәшігі: Akymbek_GS@enu.kz)

Ғылыми мектеп: Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ

2. Оқу пәнінің аты: Этнопсихология

Мамандығы: «5В011900-Екі шет тілі»

Кредит саны: 1

3. Оқу пәнін жүргізу уақыты мен орны:

Семестр: 6 Курс: 3 Орны: Сабақ кестесіне сәйкес

4.1. Пререквизиттер: Этнопсихология пәнін меңгеру тиімділігін арттыру студенттердің төмендегі пәндер бойынша алған білімдеріне негізделеді: мамандыққа кіріспе, Қазақстан тарихы, философия, психология, жас ерекшелік психологиясы, этнопедагогика.

4.2. Постреквизиттер: шетел тілін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі, оқытылатын шетел халықтарының әдебиеті, оқу тәртібінің мінездемесі

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу тәртібінің аты. Педагогикалық мамандарды даярлауда этностардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін және олардың ұлт аралық қатынастарда көрініс берулерін зерттейтін этнопсихология аумағындағы теоретикалық және практикалық білімдер жүйесін қалыптастыру.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: Студенттерді этнопсихологиялық құбылыстармен, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерімен, қоғамдағы әлеуметтік процестерге түрлі қауым мүшелерінің өзіндік ықпалымен таныстыру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

этнопсихология методологиясымен және әдістерімен таныстыру,

этностардың психологиялық ерекшеліктері жайлы білімдермен хабардандыру,

өмірдің барлық салаларында этнос аралық өзара бірлесіп әрекет етуге дайын және қабілетті тұлға қалыптастыру,

оқу тәрбие міндеттерін шешуде этнопсихологиялық білімдерді пайдалана алу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

5.4. Оқу тәртібінің мазмұны: Этнопсихология курсы студенттерді этникалық психологияның пәні, теориясы мен практикасы туралы білімдермен таныстырады. Пән этникалық қауымдастықтардың тіл мәдениетін тәрбиелеу мен өзін өзі тәрбиелеу мәселелерін шешеді.

5.5. Оқу пәнін оқыту жоспары:

Апталар

Бөлімдер мен тақырыптар

Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары

БӨЖ үшін тапсырмалар

1-апта

Этнопсихологияның ғылым ретіндегі пәні,

мақсат-міндеттері және әдіснамасы.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Этнопсихологиялық зерттеу әдістері және олардың жіктелуі (баяндама).

2-апта

Этнопсихологияның пайда болу және даму тарихы.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Еуропа ғылымындағы этнопсихологиялық идеялар (реферат).

3-апта

Американдық этнологиядағы психологиялық бағыт.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыттар (реферат).

4-апта

Қазақстандағы этнопсихологияның даму мен қалыптасуы.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Қазақ ғұламаларының этнопсихологиялық және этнопедагогикалық ойлары (баяндама).

5-апта

Этникалық психологияның негізгі ұғымдары.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Адамдардың тарих және өзге халықтардың қазіргі өмірі жайлы бағдарлары мен сенімдері.

(презентация).

6-апта

Ұлттық сана және өзіндік сана.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Этникалық өзіндік сана және оның компоненттері (конспект).

7-апта

Ұлттық психология және оның компоненттері.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Норма мен патологияның этнопсихологиялық мәселесі (баяндама).

8-апта

Ұлттық психология және ұлттық мінез.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Қазақ ұлттық мінезінің кейбір белгілері (реферат).

9-апта

Этникалық бірегейліктің дамуы және тасымалдануы.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Шығыс және батыс халықтары арасынан бір ұлтты алып, дәстүрлері, салттар, әдет-ғұрыптарына сипаттама беру (презентация).

10-апта

Этникааралық қатынастардағы топаралық қабылдау механизмдері.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Мәдениеттің реттеушілік қызметі. Индивидуализм және коллективизм (конспект).

11-апта

Этникалық конфликтілер: пайда болу себептері мен реттеу тәсілдері.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Этникалық қақтығыстар: пайда болу себептері және оларды шешу тәсілдері (презентация).

12-апта

Жаңа мәдени ортаға адаптациялану.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Мәдениет аралық өзара әрекеттесуге дайындық. «Мәдени ассимилятор» немесе мәдениет аралық сензитивтілікті арттыру техникасы (баяндама).

13-апта

Отбасылық қарым-қатынастар этнопсихологиясы және бала тәрбиесінің этникалық аспектілері.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Балалық шақ этнографиясы (конспект).

14-апта

Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Ана тілі қолданбалы этнопсихологияның пәні ретінде (эссе).

15-апта

Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.

Практикалық сабақ – 1

СӨЖ – 2

Этнос мәдениетіне көңіл қою, онымен теңесу – өзге тілді игерудің маңызды факторлары (баяндама).