Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_omyrt_1179_asyzdar.docx
Скачиваний:
110
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.91 Mб
Скачать

1-сабақ

Тақырыбы: Жер бетіндегі органикалық тіршілік және ертедегі жануарлар әлемі

Мақсаты: Эралардағы және кезеңдердегі өрлеген, дами бастаған және құрып біткен жануарлар тобының геохронологиялық кестесімен танысу

Қажетті құрал – жабдықтар: Стенд-Жануарлар әлемінің даму эволюциясы, кестелер

Жалпы сипаттама

Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2 миллионға жетеді, олар тірі ағзалардың тіршілік ететін аймағының ерекше қабаты биосферада кең тараған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера, атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі ағзалар тіршілік етеді.

Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, қазбалардан табылған жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарын зерттеуге сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, бүкіл жер және ондағы тіршілік тарихын басты-басты бес эраларға, ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді. Биосфераның ең бірінші эрасы архей. Болжаумен айтқанда мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында пайда болған.

Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өмір сүргенін дәлелдеуге болады. Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын және оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі ағзалардың дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне ағзалардың бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік ағзалардың әртүрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік А.Н.Северцевтің айтқанындай ароморфоз, яғни ағзаның негізгі мүшелерінің құрылысын жаппай күрделендіруге апаратын, тіршілік әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, ағзалардың тіршілік қабілетін арттырады.

Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында ағзаларда ірі өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық жағынан едәуір күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады. Мысалы, жануарлар дүниесінде болған белгілі бір ірі ароморфоздардың салдарынан-бір жасушалы эукариотты қарапайым жануарлар, көпжасушалы, екі қабатты, сәулелі симметриялы, үш қабатты және екі жақты симметриялы жануарлар пайда болған. Типтер, кластар сияқты ірі жүйелік топтар ароморфоз жолымен шыққан.

Геохронологиялық кесте

Эралар және олардың ұзақтығы

(млн.жыл)

Дәуірлер,

кезеңдер олардың ұзақтығы

(млн.жыл)

Қанша млн. жыл бұрын пайда болған

Ағзалардың дамуы

1

2

3

4

Кайназой

(жаңа

тіршілік)

60 – 70

Антропоген

(1 – 1,5)

Адамның пайда болуы және дамуы. Қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің басым болуы.

Неоген

25 - 30

Сүтқоректілер мен құстардың басым болуы. Мамонт қанжар тісті жолбарыстардың жойылуы

Палеоген

42

Сүтқоректілердің барлық отрядтарының пайда болуы. Насекомдардың өркенд

еуі. Басаяқты моллюскалардың көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басым болуы.

Мезозой

(ортаңғы

тіршілік)

163-173

Бор

40 - 70

120

Нағыз құстардың, сүтқоректілердің пайда болуы. Ірі бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің жойылуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болып, таралуы.

Юра

40 - 50

155

Алғашқы құстардың (археоптерикстың) пайда болуы. Бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің басым болуы.

Триас

35 - 45

190

Бауырымен жорғалаушылардың өркендеуі. Алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті балықтардың, белемниттердің пайда болуы. Наутилидтер, стегоцефалдардың құрып бітуі.

Палеозой

(ежелгі

тіршілік)

310 - 340

Пермь

40 - 55

215

Бауырымен жорғалаушылардың тез дамуы, аң тісті жорғалаушылардың, аммониттердің пайда болуы. Трилобиттердің құрып бітуі.

Тас көмір

50 -75

300

Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың, насекомдардың, өкпелі ұлулардың, өрмекшілердің, құршаяндардың пайда болуы, сауытты және шеміршекті балықтардың, қосмекенділердің гүлденуі. Трилобиттердің азаюы, папоротник тәрізділердің өркендеуі.

Девон

50 - 70

350

Қос тынысты, сауытты балықтардың, стегоцефалдардың, ізбесті губкалардың пайда болуы. Моллюскалардың, иінаяқтылардың таралуы. Цистоидтердің құрып бітуі. Споралы өсімдіктердің құрылықта таралуы.

Силур

30 - 40

420

Жақсүйексіз омыртқалылардың, акула балықтардың, мшанкалардың пайда болуы. Псилофиттердің құрлыққа шығуы. Цистоидтердің (тікен терілілер) гүлденіп өсуі.

Ордовик

60

480

Теңіз омыртқасыздардың өркендей түсуі.

Кембрий

70

570

Төменгі сатыдағы шаяндардың, моллюскалардың, теңіз лилиялардың пайда болуы. Фораминифералардың, маржан полиптердің, трилобиттердің, наутилидтердің, иінаяқтылардың кең таралуы. Балдырлардың гүлденіп өсуі.

Протерозой

2000-астам

Бактериялар, көк-жасыл балдырлар, радиоляриялар, фораминифералар, губкалар, моллюскалар, буынаяқтылар, т.б. омыртқасыз жануарлардың дамуы.

Архей

Көне замандағы мұхиттарда біржасушалы қарапайым ағзалардың пайда болуы (жорамал).

Эралар мен дәуірлердің ұзақтығы мен жасы 1964 жылғы Халықаралық конгресте қабылданған геохронологиялық шкалаға сәйкес көрсетілген. Геологиялық эралар мен дәуірлер кестеде жер қабаттарының орналасуы рет

іне сәйкес, кейініректегі қабаттары үстінде, ал ежелгі пайда болған қабаттар кестенің төменгі жағында көрсетілген, сондықтан кестені төменнен-архей эрасынан бастап жоғары қарай оқу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]