Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Инновациялы ксіпкерлік

.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
18.27 Кб
Скачать

Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бізге олардың глобальды бәсекелестік жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріске жаңа технологиялар мен зерттемелерді енгізудің негізінде екенін дәлелдейді. Әр түрлі бағалаулар бойынша осы елдердегі өндірістегі өсулердің 70-100 пайызы инновацияларды қолданудың негізінде болатынын көрсетеді. Міне, сол себепті инновациялық кәсіпкерлікті зерттеп, оның даму стратегияларын жасаудың Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін маңызы зор.

Й.А. Шумпетер (1969) инновациялық кәсіпкерлікке келесідей анықтама бердінарық субъектілерімен «жаңа комбинацияларды (қиыстыруларды)» келесі жағдайларда жүзеге асыру: жаңа тауар енгізуі, өндірістің жаңа әдісін, жаңа нарық ашу, жаңа шикізатты меңгеру, өндірісті қайта ұйымдастыруды өткізуі деп айтып кетті [3].

Инновациялық кәсіпкерлік деп экономикалық пайданы инновацияларды жасау және ұлттық экономиканың барлық сфераларында белсенді таратумен байланысты ерекше коммерциялық қызметті түсіну керек.

Инновациялық кәсіпкерлік субъектілеріне инновациялық қызмет жүзеге асыратын кәсіпорындар және ұйымдарды жатады.

Инновациялық кәсіпорындардың қызмет жасауының мақсаты болып технологиялық немесе өнімдік инновациялардан пайда алу табылады.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін инновациялық кәсіпорындар келесі тапсырмаларды жүзеге асырады:

- зерттемені (разработка) немесе жаңа ғылыми ойларды іздеу және оларды бағалау;

- қажетті инвестициялық ресурстарды іздеу;

- нәтижелі басқару үлгілерінің жобаларын жасау.

Инновациялық кәсіпкерліктің басты қызметтерінің бірі болып ғылыми-техникалық және өндірістік сфералардың арасында делдалдық. Инновациялық кәсіпорындардың қызметі инновациялық өнім жасаумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешімдерді коммерциялық қолдануға дейін жеткізуімен байланысты ғылыми- техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектілерімен амалсыз жасалған шығындардың қысқартуына жағдай жасайды.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында өткізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерулер, кәсіпкерлік қызметті іске қосу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Инновациялық өнімдердің еліміздің ЖІӨ-дегі алатын үлесі 1-кестеде көрсетілген.

 

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %

1,27

1,58

1,53

1,19

0,69

0,51

Кесте–1. Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, % [4]

Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады.

Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.

Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға:

- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды

бағалауға;

- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;

- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;

- ақшалай табыс алуға негізделген.

Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер — мамандардың институты мүлдем жоқ.

Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.

Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес.

Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.