Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonom.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
41.68 Кб
Скачать

Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогреске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру.Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен приоритетті бағыттарын анықтауға  мүмкіндік береді.Жалпы  мағынада, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз- оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік дамуы үшін әлеуметтік – экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық жүйенің күйі.Экономикалық қауіпсіздік терминдерінде жиі қауіп – қатер факторлары қолданылаы.. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік дамуының аса мүмкін қауіп қатерлеріне Қазақстанның экономкикалық даму әркелкілігінің  жоғарлау қауіптері жатады.

Аймақтардың экономикалық бірігуі Қазақстан нарығының қызмет етуінің міндетті шарты. Бірақ та жеке аудандар, әсіресе табиғи – шикізат ресурстарына бай, өз артықшылықтарын біржақты қолдануға ұмтылады.Осыдан мемлекеттің аумақтық- сараланған саясат керектігі шығады, яғни аймақтарға бірдей нарықтық жағдай жасау үшін.Экономикалық қауіпсіздік қауіп – қатерінің басқа факторы – ол экономиканың, ұлттық экономиканың теңгерімсіздігін шақыртатын екі әлсіз байланысқансекторға жіктелуі, экспорттық және ішке бағытталған салалардың поляризациясы. Осы қатынаста ең жақсы жағдайда отын – энергетикалық сектордың кәсіпорындары болып қалды, оларда кепілді өткізу нарықтары болды және шетел капиталмен жекешелендірудің  объектілері болды.

Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымын зерттеу негізінде тауар номенклатурасының бөлімдері бойынша (экономикалық қызметтің барлық түрлерінің Жалпы жіктеуіне сәйкес) экспорттық бағытталған салаларға – энергетикаға арналған материалдардан басқа кен қазу, қара металлургия және түсті металдарды өндіру; ішке бағытталған салаларға — өңдеу өнеркәсібі; басқа салаларға – электроэнергияны, газды және суды өндіру және тарату жатады.

Басқа фактор – экспорттық бағытталған көбінесе сыртқы нарықпен байланысты және әлем нарығының конъюнктурасының тербелістеріне сәйкес қызмет етеді. Егер осы сектор едәуір дәрежеде ірі батыс трансұлттық компаниялармен жекешелендірілді деп есептесек, онда оның ұлттық экономикадан одан да оқшауланғанын күтуге болады.

Экономикалық қауіпсіздік қауіп – қатерінің негізгі факторы – халық өмірінің төмен деңгейі, табыстары саралаудың жоғарлылығы.

Елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен тіршілігіне, оның экономикалық қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіретін:

-халықтың әр түрлі топтарының арасындағы табыс пен тұтынуды жоғары саралау;

- жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;

- азық – түліктің құнды түрлерін орташа нормамен тұтынудыңқысқаруы үшін тамақтанудың балансталмаған құрылымы;

- инфляция деңгейінің жоғарлауы, оған халықтың сатп алу қабілетіне байланысты, жәнекедейлік аймағының ұлғаюы.

Қазақстанда халық табысын саралаудың децильдік коэфициенті 20-ға жуық. Бұл аса қамтамасыз етілген және аз қамтамасыз етілген азаматтардың арасында табыс алшақтығының 20 рет ажыратылуын білдіреді, бірақ халықаралық өлшем бойынша ол 7-8-ден аспауы керек, АҚШ –тан басқа, бұл жерде 11-12, бірақ та Америка өмірі Батыс Европаға қарағанда едәуір қиын.

Аз қамсыздандырылғандар арасында ең көп үлесті көпбалалы отбасылар алады. Табыстар мен жалақы саясатында бірінші назар әсіресе осы халық тобының әеуметтік қорғаоуына аударылу керек. Кедейлік деңгейі едәуір дәрежеде қазіргі Қазақстандағы инфляциялық ауыртпалықтың әркелкі бөлінумен байланысты. Тұтыну тауарлары мен қызметтердің қымбаттауы бірінші кезекте алғашқы өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыратын және халықтың аз қамсыздандырылған топтарының тұтыну негізін құрайтындарға тарайды.

Облыстардың аймақтық секторының негізгі мәселелері:

-негізгі қорлардың ескірген және жаңартылмайтын активті және пассивті бөлігі;

- өңдеу өндірістерінің өнімінің төменгі салмағы;

-шығарылған өнімнің жоғарғы ресурстық  және энергосыйымдылығы,

- шетел аналогтармен  салыстырғанда сапа деңгейінің төмендігі кезінде жоғары бағалар үшін өнімнің шектелген бәсекеге қабілеттілігі;

-ішкі нарықта көптеген өнім түрлеріне төлеуге қабілетті сұраныстың толық немесе жартылай жоқтығы ж.т.б.

Ауылшаруашылығының негізгі мәселелері:

-         негізгі өндірістік қорлардың жоғары дәрежелі тозуы;

-         маркетингтік қызметтің, ақпараттық жүйенің дамымауы;

-         ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарды тарту көздерінің қаржылық халсіздігі және жоқтығы;

Тамақ өнеркәсібінің негізгі мәселелері:

ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен оларды қайта жасайтын кәсіпорындар арасындағы өзара байланыстың жоқтығы;

-         импортты ауыстыратын тамақ өнімдерін шығару бойынша кіші өндіріс санының жеткіліксіздігі;

-         тамақ өнімдерін шығарушыларды өнімді орайтын және сақтайтын құралдың жоқтығы;

-         ауылшаруашылық өндірісін жеңілдікті қаржыландыру деңгейінің төмендігі.

Оңтүстік Қазақстанның машинақұрылысында да проблемалар бар, олардың ішінде: өткізу нарығының, айналмалы қаражаттардың қажеттіліктерін  қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өндірістің жоқтығы, техникалық қайта қаруландырудың артта қалуы.

Әлеуметтік ортаның маңызды мәселесі – ол халықтың жеке инфекциялық аурулармен науқастығының  өсуі, және бірінші кезекте Арал аймағында. Ең қауіпті ауру дем алу органдарының туберкулезі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтауға жергілікті бюджеттердің ортажылдық шығындары 20%-дан. 28 % — ға (Қызылорда облысы) дейін ауытқиды. Білімге деген шығындары төмен.

Дамыған елдерде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың приоритетті бағыты, сондықтан экономикалық қауіпсіздік сөзсіз кепілдеме ретінде екі деңгейде түсініледі:

-         сыртқы саясат – мемлекет егемендігі;

-         ішкі саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік – экономика және билік институттарының сондай жағдайы, яғни бұл жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделерін кепілді қорғау, ішкі және сыртқы процесстердің даму қолайсыздығы кезінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы қамтамасыз етіледі.Экономикалық жүйе тұрақты болған сайын, экономика өмірге икемдірек болады, яғни оның қауіпсіздігін бағалау жоғарлайды.

Экономикалық қауіпсіздік ұстанымдары:

Кешенділік – экономикалық жүйенің қорғануына әсер ететін факторлар есебі.

Тұрақтылық – келе жатқан қауіп-қатерді сезінуге, тойтарыс беруге, өзгертуге, тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілеттілік.

Жеткіліктілік – қауіп-қатерлерді бейнелеу үшін ресурстық және капитал сыйымды қорлардың бар болуы.

Өзгергіштік – экономикалық жүйенің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету формалары мен механизмдерін өзгертуге қабілеттілік.

Превентивтілік – мүмкін болатын қауіп-қатерлерді озық әрекет немесе қорғау блогын жасау арқылы болдырмау және тараптау.

Транспаренттілік (ашық болу) – жүйенің сыртқы және ішкі әсерлерге сезінушілігі.

Даму – қорғау жүйесінің жетілдірілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]