Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
массоны.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Әдебиеттер[өңдеу]

  • Черняк Е., Невидимые империи: Тайные общества старого и нового времени на Западе, Масондық, 1987; Замойский Л., За фасадом масонского храма, Масондық, 1990; Берберова Н.,

  • Люди и ложи: Русские масоны ХХ столетия, Масондық, 1991; Бөкейхан Ә., Таңдамалы, А., 1995. Масондық Тәж-Мұрат

  • Domenico V. Ripa Montesano, Vademecum di Loggia, Edizione Gran Loggia Phoenix – Roma Italia 2009 ISBN 978-88-905059-0-4

Әлемге әйгілі құпия ұйымдар мен мафиялық топтар жайлы білгіңіз келе ме?..

Әлемдік деңгейдегі кейбір құпия ұйымдар қоғамның әр саласына күні бүгінге дейін әсер етіп келеді. Бұлар адамзаттың діни сенімі жағынан болсын, мемлекеттер ара қанды қырғын соғыста болсын, әр елдің саяси мүдде тұтастығында болсын, өз мақсаттарын іске асырып келе жатқан болуы әбден мүмкін.

Төменде біз дүниедегі кейбір ықпалды құпия топтар жайлы баяндаймыз.

"Fort beard mission" тобы, «Лом клубы»,  «Қубас» қоғамы, Сицилия аралындағы Италия мафиясы

Жер шарының финансын шеңгелдеп отырған масондық (Masson) ұйымжайлы көп айтылады. Ұйым атының қазақша мағынасы «Еркін тас қашаушылар» деген мағына береді. Бұл ұйым өте ертеде құрылған. Тіпті, бұл ұйым мүшелері ұйым тарихын сонау алғашқы адамзат мәдениеті қалыптаса бастаған кезден таратады. Ал нақты тарих бойынша, массондық орден ретінде алғаш 1212 жылы  Англиядағы франкмасондар — “еркін тас қалаушылар” тобының қайта жаңғырған ложасы түрінде өмірге келген.

Ал АҚШ-тың Джон Ееннеди мен Авраам Линкольннан басқа президенттерінің бәрі осы ұйымның мүшелері деп айтылады. Естеріңізде болса, осы екі президенттің өміріндегі тылсым ұқсастықтар мен ұқсас өлімі жайлы осы сайтта арнаулы материал жарияланған болатын. Бұл ұйым жайлы интернет парақшаларын ақтара қалсаңыз көптеген материал табуға болады. Тіпті, Ұлыбританияның патша ордасындағылардың басым көбі де осы ұйымның мүшелері болып табылады екен.

Масондық — қазіргі кезде әлемдік даму барысына үлкен ықпал жасап отырған күш. Масондық тарихындағы бұл дәуір әлемге қаржы капиталы арқылы және күш көрсету жолымен толық үстемдік орнатуды көздейтін “Жаңа жиһан низамы”, мегатренд, жаһандану тәрізді ауқымды жоспарлармен сипатталады. 

Ал кейбіреулердің айтуына қарағанда, бұл ұйым саяси-экономикалық үстемдікті ғана емес, бүкіл әлемнің көркемөнер саласын да меңгеріп отыр делінеді. Әуелі әйгілі ақын Пушкиннің өлімін де осы ұйыммен байланыстыратындар бар. Орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин жас кезінде масондық ложаға өз еркімен мүшелікке енген. Бірақ масон бауырларынан көңілі тез қалған ақын ложадан шығып кетеді. Ұлы ақынды ажалға жетелеген де осы қадам еді. Масондардың екі бірдей лидері барон Геккерн мен оның асыранды ұлы Жорж Дантес масондардың белді мүшесі, құпия полиция бастығы — граф Бенкендорфтың көмегімен Пушкинді дуэльге шақыруға қол жеткізеді. Соңғы зерттеулерге қарағанда, сол күні ешқандай дуэль болмаған! Керісінше, ұлы ақын масондық келісімнің құрбаны болған. Өйткені, «қара өзенде» жарақат алған Пушкин Дантес атқан оқтан емес, 20-30 метр қашықтықтағы бұталардың арасынан атылған оқтан жараланған еді. Дуэль кешкі қою қараңғылықта болғанын ескерсек, бұталардың көзге көрінбеуі өте заңды. Оның үстіне, соншама қашықтықта болып Дантес атқан оқтан дәл анадай боп жаралану мүмкін емес. Демек, Дантес жай көз алдау үшін ғана оқ атқан болып шығады.

Тағы бір қызығы осы мақалаға арқау болған барлық құпия ұйымдар әйгілі масондықтардың қолымен жасалып отырған болуы да әбден мүмкін. Егер олай топшыласақ, әлемде жалғыз ғана масондықтар деген тылсым топ бар деген сөз. Біз осыдан бұрын «Әйгілі өнер жұлдыздарының жұмбақ өлімі» деген мақаламызда, әлемге әйгілі өнер жұлдыздарының өмірі мен өлімі белгілі бір құпия ұйымның бақылауында болатынын айтқан едік.

Алтын мен ақшада Отан жоқ. Ал қаржыгер отаншылдықтың даңқ екенін түсінбейді. Оларға тек пайда болса, болғаны (Наполеон Бонапарт)

Германияның ұлтшылдар партиясының билікке келу кезеңіндегі тарихи жағдайды зерттеген ақылмандар Адольф Гитлердің алғаш билікке келген кезде ойлаған мақсатының еврейлерден Германияны арылту болмағанын, ол бір бейтараптықты дәріптейтін гуманист екенін жазады. Ал билікке қол жеткізген алғашқы жылдары жеті германиялықтың алтауының жұмыссыз қалып, халықтың аш-жалаңаш қиындықтар көріп жатқанын, ал Германиядағы еврейлер жалпы экономика саласын шеңгелдеп, бүкіл Германияның экономикасын өз бетімен басқарып, ақша таратудан тартып, парламент мүшелері мен кеңес мүшелеріне дейін сатып алып, тек қана өз әулеттерінің мүдделері үшін жанталасып жүргенін көрген ол бірден ұлттық тазалау жүргізушіге айналып шыға келді де, Германияның экономиканы басқару құқығын өз қолына қайтарып алады. АҚШ-тың дем беруінде алты-ақ жылда екінші дүниежүзілік соғысқа қажетті барлық дайындықтарды жасап бітіреді. Айтуға қарағанда оған көмектескен халықтарадағы белгілі бір есеп мадақтауды мақсат еткен банк болып, олар екінші дүниежүзілік соғыс басталып шешуші кезеңге келген кезде де Швейцария банктері арқылы Гитлер басқарған үкіметтен ақшалай көмектерін аямаған екен. Дәл осы банктың басқарушылары АҚШ-тың экономика саласындағы шонжарларынан ұйымдасқан құпия топ болатын деп жазады зерттеушілер.

Бұл топтың Гитлерге көмек беруінің себебі, АҚШ соғыста экономикалық жеңіске қол жеткізуі үшін белгілі уақыт қажет болған. Осы дайындық уақыт пісіп жетілгенше Германияның жеңіліп қалуына әсте болмайтын еді деп жазады тағы сол зертеушілер. Ал АҚШ үкіметінің перде артындағы бұл құпия топ сол масондықтар еді деседі.

Масондық, масонерия — діни-этикалық ілім әрі құпия ұйым (қозғалыс). Масондықтың негізгі идеясы — жер-жаһанда Құдай патшалығын орнату. Зерттеушілер Масондық тарихын бергі нақты тарих және арғы аңыз тарих деп екіге бөледі.

Нақты тарих бойынша Масондық орден ретінде алғаш 1212 ж. Англиядағы франкмасондар — “еркін тас қалаушылар” тобының қайта жаңғырған ложасы (ағылш.lodge — уақытша тұрақ, лашық) түрінде өмірге келген.

Масондық “шеберлер” (төбе топ) — “қолғанаттар” (орта топ) — “үйренушілер” (төменгі топ) деп аталатын, бірін-бірі білмейтін үш бөлікке бөлінеді. Топтардың жай-жапсары олардың үcтінен қарайтын, бірақ құрамы төМасондық ложаларға белгісіз жоғ. басқару органы — Капитулға (Бүкіләлемдік масондық жоғары кеңеске) ғана мәліМасондық Капитул шешімдері төМасондық топтарға әр ложа сайлап қоятын делегаттардың қатысуымен өтетін конвент сессиясы арқылы жетеді. Масондық өзінің ғұрыптық жораларына масон бауырларды тегіне, нәсіліне, діни нанымына шек қоймай, бірдей қатыстырады. Кейде таза ұлттық ложа жасақтауға жол берілгенімен, ұлттық-діни құрамы жағынан күрделі аймақтарға ықпал ету міндетін, негізінен, іштей бірнеше Жарғыға (ғұрыпқа) бөліну арқылы шешеді. Масондық бейұлттық, бейнәсілдік, бейдіни сипатымен, жалпыадамзаттық рухымен ғұрыптарды қажет кезде бір жерге жұмылдырып отырады. Оның ортақ мақсаты — жер бетінде ортақ тәртіп енгізу, елдің, халықтың арасын бөліп тұрған айырмашылықтарды жою, адамзатты “әлемдік үкімет” арқылы жалғыз орталықтан басқарып отыру. Осыдан туатын “Бостандық. Теңдік. Бауырластық” формуласы қашанда қолдаушыларын тауып, Масондық идеологиясын өміршең, пәрменді етіп келеді. Масондықфилософия бойынша әлемді бір орталықтың билігіне көшірер алдында жер бетін түрлі жойқын апаттан тазартып алу керек. Бұл үшін масондар қай елде болсын уақиғалардың қайнаған қалың ортасынан табылып, оларды Масондық мақсатына бағыттап, қалайда елде тұрақсыздық ахуалын қалыптастырып отыруы тиіс. Сонда аздың көпті басқаруы жеңілдейді. Осы міндетке орай Масондық үшін дүние жүзіндегі реформалар мен революцияларға, соғыстар мен төңкерістерге қалмай қатысу, дем беріп отыру мұрат.

Аңыздық тарих 18 ғ-дың басында түзілген Масондық хартияларында баяндалған. Ол орденнің тарихын ескі заманға тіреп, Адам атадан, Нұх пайғамбардан, Иса пайғамбардан, тіпті Жаратушының өзінен шығарады. Масондар өз шежіресін ерте заманда топан су басып, мұхит түбіне кеткен Атлантида құрлығымен байланыстырады. Шежіре бойынша, қазіргі масонология алғашқы масондар деп білетін атланттардың басшылығымен Мысырда әйгілі пирамидалар тұрғызылған, алғашқы зікіршілдік (мистерия) ұйымдастырылған. Грекияның Иония аймағын мекендеген атланттар тобы Вакх-Дионисий культінің негізін салады.

Еуропаға бұрыннан тамыр жайған көне зікіршілдік дионисийлік құрылысшылармен бірігіп, масондық орден түрінде рәсімделеді. Ұйымның орта ғасырдағы қарекеті тауһидтік әлемдік діндерге қарсы жасырын күрес жүргізу міндетіне бағынды. 18 ғ-дан бастап ложаларға ғылым иелерін тарту басталады. Масондық дүниені реформа арқылы біртіндеп түрлеуді көздейтін ұстамды бағыт және қарулы күрес жолымен жедел өзгертуді көздейтін революцияшыл бағыт болып екіге жіктеледі.

Алғашқы бағыттан ағартушы-либералдық Масондық, ал екінші бағыттан ұлтшыл-нәсілшіл мистик.-оккульттік Масондық тарайды. Масондық тарихының көп сатылы күрделі сипаты, ұйымның қатаң құрылымы масондардың шын ниетін жасыруына мүмкіндік жасаумен қатар оның қатарына әр түрлі саяси мақсаттағы, әр түрлі пиғылдағы және Масондықтың ағартушылық, гуманистік мақсатына сеніп қалған адамдардың көптеп кіруіне себебін тигізді. Масондық идеологтар өздері қолдан жасаған аңыз тарихын барша әлемдік және дәстүрлі діндердің негізі, солардың бастауында тұрған ілкі құпия ілім етіп көрсету арқылы сол діндегі үнемі ізденіс үстінде жүретін жандарды өз жағына шебер тарта білді.

Жекелеген тұлғалардың Масондық идеологиясымен әуестену себебін анықтаған кезде көпқұдайшыл үрдістің жойылып кетпегендігін, түрін өзгертіп, әлемдік діндер құрамына кіргенін ескерген жөн.

  • Христиандықта бұл — католицизмге наразы православие,

  • индуизмде — вишнаға қарсы шива,

  • яһудилерде — мозаизмге шалыс кабала,

  • исламда сүннәға (сүннит) қарсы шиға (шиит), әсіресе оның қияс тобы — исмаилие.

Соңғысы Масондықтың мұсылмандық тармағының құрылуына негіз болған. Мұндай масонерия 19 ғ-дың ортасында Каирде көрнекті саяси қайраткер, ағартушы-философ шейх Жамал ад-Дин әл-Ауғани құрған “Махфала уатания“ (“ұлттық ложа“).

Осы кезеңде Францияда либералдық “Ұлы Шығыс” ложасының ұйтқы болуымен Осман империясына реформа арқылы өзгерістер енгізуді көздеген “жаңа османлы” қозғалысы жасақталды. 19 ғ-дың аяқ шенінде Түркияда революцияшыл “Мемфис Мицраим” масонериясының ұйтқы болуымен “жас түріктер” қозғалысы дүниеге келді. Бұл қозғалыс өз кезегінде Ресей түркілері арасында жасырын отау бөлімшелерін ашып, идеол. жұмыс жүргізу нәтижесінде Әзербайжанда “Муссават” (“Теңдік”), Орта Азияда “жас бұхарлықтар” ұйымының құрылуына мұрындық болды. 19 ғ-дың басында “Ұлы Шығыс” ложасы Ресейде ықпалды саяси күштердің бірі ретінде түркі қайраткерлеріне де құрық салып, дербенттік князь Давид Бебутовты, татар оқымыстысы Садри Мақсудиді (Арсал), қазақ зиялысыӘлихан Бөкейханды, ноғай текті Петр Көгішевті, башқұрт Әмина Сырланованы, т.б. тұлғаларды өз ложаларына кіргізді. Бірінші және екінші орыс революциялары аралығында Ресей мұсылмандарының саяси және мәдени өмірін тұтымында ұстаған батысшыл зиялылар мен жәдидтік жаңару қозғалысы өкілдері — жәдидтердің әлеуМасондық өмірді реформалау, қоғамды әлеуметтендіру секілді идеялары, әсіресе жәдидтер ұсынған “усул- и жәдид” оқу бағдарламасы Масондық идеологиясындағы зайырлы өмір салтына көшудің алғышарты болды. Сөйтіп объективті түрде дәстүрлі діннің қоғамда атқаратын рөлін әлсіретуді, біртұтас мұсылман жамағатын ынтымақтан айыруды көздейтін Масондық түпкі мақсатқа қызмет етті.

Масондық — қазіргі кезде әлемдік даму барысына үлкен ықпал жасап отырған күш. Масондық тарихындағы бұл дәуір әлемге қаржы капиталы арқылы және күш көрсету жолымен толық үстемдік орнатуды көздейтін “Жаңа жиһан низамы”, мегатренд, жаһандану тәрізді метаидеол. ауқымды жоспарлармен сипатталады. Екінші жағынан ол Масондықтың өз ішіндегі екі бағыт — либералдық Масондық (қаржы капиталы) пен революцияшыл Масондық (күш көрсету) арасындағы ымырасыз күрестің шегіне жеткенін көрсетеді. Бүгінде мәдени-қайырымдылық мақсаттағы Масондық “Лайонз”, “Ротари”, Пэн-клуб тәрізді жартылай жария клубтық ұйымдардың, “Боэмиен”, “Сэркль” секілді жабық клубтардың, офицерлер ложаларының және оқу, білім, ғылым салаларының таңдаулы өкілдерінің басын қосатын “27-нің ұйымы” іспетті зияткерлік қоғамдардың, “Хизб-ут-Тахрир” сияқты масондық негізде әрекет етуші лаңкестік ұйымдармен қай елде болсын қатар орын тебуі — Масондықтың өз ішіндегі елеулі дағдарыстың айғағы.[1]

Масондар деген кімдер?

Posted on Қаңтар 17, 2008by maqpal

Масондар…Бұдан бөлек оларды ерікті тас қалаушылар деп те атайды. Ғалымдар масондықты – діни-синкреттік, эзотерикалық яғни құпия ілімдер қатарына жатқызады.Эзотерикалық болатыны себебі, масондардың көзқарасы бойынша, бұл ілімнің құпияларына тек “таңдаулы адамдар” ғана қаныға алады. Масондардың негізгі идеялары ежелгі гностиктер, озирис-изида, эссендер, манихейлер т.б көне ілімдерде кездеседі. Діни идеалдар қатарында ежелгі грек мифтеріндегі кейіпкерлер, библиялық кейіпкерлер: Нұх пайғамбар, Сүлеймен патша, Мұса пайғамбар т.б бар. Сондай ақ, олардың ойынша, Рама Кришна, Будда, Орфей, Пифагор, Платон, Конфуций, Иисус христос, Мұхаммед пайғамбар масондық идеяның қарлдығаштары болған. Масондықта ақыл мен ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып әділетті қоғам құру туралы утопистік көзқарастар да бар.

Тарихшылар масондардың пайда болуын ортағасырлық қолөнершілер арасында пайда болған топтармен байланыстырады. Әдетте, масондықтың отаны Англия болып саналады. Ең алғаш қолөнершілер арасында ұйымдар ХІІ ғасырларда пайда болғанмен оның нағыз жандану кезеңі ХV ғасырларға жатады. Бұл кезде мұндай ұйымдар алдымен қала, кейіннен бүкіл мемлекет ішінде үлкен маңызды рөл атқаратын дәрежеге жеткен еді. Ал ХVІІІ ғасырда олардың саны тым көбейіп кетеді. Соның салдарынан оларды басқаратын ұйым қажеттілігі туындайды. 1717 жылы атақты 4 ложа бірігіп, “Ұлы Ложа” деген атпен ортақ бақылаушы ұйым құрады. Қазіргі күннің өзінде өзге елдердегі масондықтың “филиалдары” Англиядағы ложаны басты, құдыретті ложа ретінде таниды. Масондық ұйымдар Еуропада жылдам өрістеді. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Бельгия, Италия, Германия, Швейцарияда масондыққа өтуге талпынушылар саны ұлғайды. 1735 жылы Париждің өзінде 5 ложа жұмыс істеп тұрған. Тарихи деректер уақыт өткен сайын олардың саны көбейткіш кестедегідей жылдам өсіп отырғанын көрсетеді. Егер 1742 жылы олар 17 ұйыммен толықса, Француз революциясы қарсаңында масондар саны 100 мыңға жеткен.

Көптеген саяси-тарихи тұлғалардың, атақты адамдардың масон болғаны белгілі. Мәселен, композиторлардан Вольфганг Амадей Моцарт, Ференц Лист, Йозеф Гайдн, Людвиг ван Бетховен, Никколо Паганини, Яков Сибелиус, жазушылардан Рабиндранат Тагор, Вальтер Скотт, Оскар Уайльд, Марк Твен, ақындардан Иоганн Вольфганг Гете,  Александр Поп, Роберт Бернс, Редьярд Киплинг бар. 14 американдық президент те ұйымның мүшелері болған көрінеді. Орыс халқының атақты тұлғалар арасында А.С.Пушкин, А.В.Суворов, М.И Голенищев-Кутузов бар. Өзінің этикалық философиялық идеяларының масондарға ұқсас болғанын ірі ойшыл Л.Н.Толстой да мойындап кетіпті. Көрші Ресейде масондық идеяның жаңғыру кееңі коммунизмнің құлауымен тұспа-тұс келді. 1991 жылы жаңа ресейлік ложа құрылды. Бүгінгі таңда ресейлік масондар Мәскеуде, Санкт-Петербор, Воронеж, Архангелскіде жиналып тұрады.

Тағы бір айта кететін жайт, масондықта назар аударатын нәрселердің бірі олардың белгі-таңбалары. Оларды символикалық философияға жатқызу себебі де сол. Мәселен, ортағасырлық масондар жер асты суын белгі ретінде пайдаланған. Себебі, бұл біріншіден, үздіксіз қозғалыстың белгісі болса, екіншіден олар тасада,көптен жырақ жерде, көзге үнемі түсе бермейтін жерде орналасқан.сол секілді басқа да мысалдар келтіруге болады. Байқасаңыз, масондардың таңбаларын күнделікті өмірде кездестіруге болады. Мәселен, 1 доллардағы бір көзді масондық белгі екенін ғалымдар әлдеқайда аңдап қойған. Кезіндегі кеңестер одағының елтаңбасында белгіленген орақ пен балға да осы ұйымның белгісі көрінеді. Мұндай белгілерді тіпті шарап маркаларынан да көруге болады дейді зерттеушілер. Егер бұрындары бұл ұйымның идеялары, ұстанған бағыттары т.б туралы ақпаратты тарату масондарға тыйым салынса, қазіргі таңда олар қоғамға өздерінің позицияларын ашық көрсете бастаған көрінеді. Мұның себебін масондардың өздерінен сұрау керек. Айтпақшы, бұл ұйымға әйел баласы кіруіне тыйым салынған..

Масондар құрылған күннен бастап, өз құра-мына беделді саясаткерлер мен атақты ғалымдарды қабылдап отырған. Осылайша, уақыт өте келе бұл ұйым саяси-экономикалық өмірге ықпал ететіндей жағдайға жеткен. Бір қызығы, масондық ұйымның қатардағы мүшесіне енуге тілек білдірген кез-келген адам қабылдана алады. Бірақ, масондар өз білімдерін кез-келгенге аша бермейді. Масондардың құпия білімдерін осы иерархияның биігінде отырғандарының ғана білетіні осыдан. Сонымен бұлар немен айналысады? Олардың басты мақсаты қандай? Бұл сұрақтарға салған жерден жауап табу қиын. Өйткені, мақсат біреу емес, бірнешеу болуы әбден мүмкін. Масондар сырға болаттай берік. Құпияны жақсы сақтайды. Және құпияны олар тек масондардың жоғары сатысындағыларға ғана ашады. Олардың білімі, ғылымы мен ілімі төменгі сатыдағы масондарға беймәлім күйі қалады. Бірақ, масондардың мақсаты тек білім іздеумен шектелмейді. Масондардың символын мемлекеттік белгілер мен ұлттық валютадан ғана емес, көптеген ел астаналарының көше жобаларынан да кездестіруге болады. Бұл сөзімізге АҚШ пен Украина дәлел. Нақтылағанда, Вашингтон көшелері… Массондар көбіне ұқсас символдарды бейнелейді дегенге сену қиын. Өйткені, символ — түр мен сурет қана емес, масондар үшін ол ықпал ету құралы. Ал, көше жобаларында басылған символдар мен ақшадағы белгілер экзотериялық жолмен ықпал ету күшіне ие. Бірақ, бұл — масондар билігін күшейту үшін жасалған сан мың амалдың біреуі ғана.

Соңғы жылдары жер бетіндегі мемлекеттерді бір уыста ұстап, өз­дерінің дегендерін істетіп, басқа­рып отырған құпия, бірақ өте күшті әлеуетті топтың бар екендігі жа­йында әр-әр жерде жиі айтыла бас­тады. Тіпті дискілерге арнайы жа­зылған әлдебір масондардың жа­сап жатқан әрекеттері туралы лек­циялар да пайда болды. Егер оған сенетін болсақ, жер бетіндегі тә­уелсіз мемлекеттерді сол елдер­дің президенттері емес, «Комитет 300» адамдары басқарады. Бұл 300 адамнан тұратын комитет мүше­лері өздерін «әлемдегі ең таң­даулылармыз» деп, планетаның қалған тұрғындарының бәрін пай­да­сыз бозөкпелер деп есептейді дейді білушілер. Сол қалған еш­теңеге пайдасы жоқ бозөкпелерден бірте-бірте арылу үшін таңдаулы топ соғыс өртін тұтандырады, жаңа ауруларды ойлап тауып, әр­түрлі дағдарыстарды қолдан жа­сайды, есірткі мен ішімдікті таратып, жезөкшелік пен пор­но­графияны насихаттайтын көрі­неді. Қысқасы, адамзатты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, бір-біріне айдап салып отырады. Ойлап қарасаңыз, мұның бәрі ақылға қонбайтын, барып тұрған сандырақ сияқты. Солай десек те, МИ6 (SIS) арнаулы қызметінің ағылшын барлаушысы Джон Ко­леманның «Комитет 300. Әлемдік үкімет құпиялары» атты кітабын оқыған адам шынында да бейжай қала алмайды. vlasti.net сайтында осы кітаптан үзінді жарияланыпты. «Британ барлауының кадрлік офицер қызметін атқарып жүрген кезімде мазмұны айрықша ашық жазылған қатаң құпия құжаттар­мен жұмыс істеуге бірнеше рет тура келді. Сонда мен бірнеше мемлекеттің үкіметтерін қандай күштің бақылап, басқаратынын білдім. Бұның мені қатты ашулан­дырғаны соншалықты, осындай ұйымның бар екендігінен хабар­сыз әлемге өзім білген нәрселерді жария етуім керек деп шештім. Көз алдарыңызға банк ісі, сақ­тандыру, көмірсутек өндіру, меди­каменттер саудасы, мұнай өнер­кәсібі - бәрін өз қолдарына шо­ғырландырып, ешқандай ұлт­тық шекараны мойындамайтын алпауыт топты елестетіп көріңіз­дер­ші. Ол топ тек осы топтың мү­шелері алдында ғана есеп береді. Бұл «Комитет 300» әлемді бақы­лай­тын жоғарғы ұйым, 1897 жыл­дан бері қарай билік жасап келеді. Оның діңін бүгіндері планетадағы ең ықпалды 300 адам құрайды» дейді отставкадағы офицер. Колеманның айтуынша, «Комитет 300-ге» құпия ұйымдар мен әлемнің ақыл-ой орталықтары жұмыс істейді. Олардың бірқа­тары: «Халықаралық қатынастар жө­ніндегі кеңес» 1921 жылдан бері АҚШ пен Батыс әлемінің ең ық­палды адамдарын (бұрынғы және қазіргі президенттер мен Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) қыз­меткерлеріне дейін) бірік­тіреді. Оны құрған америкалық банкир Морган болып табылады. АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесін, Нью-Йорк қор биржа­сын және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайды. «Бильдерберг клубы» (алғаш­қы отырысы Голландиядағы Ос­тер­бек қаласында орналасқан «Бильдерберг» қонақүйінде өткен­діктен осылай аталды) 1954 жылы құрылып, америкалық және еуро­па­лық элитаның басын бірік­тірді. 1968 жылдан бастап «Рим клу­бы» «Комитет 300-дің» сыртқы саясатында негізгі бөлімшесінің біріне айналды. Ол ғалымдар, жа­hанданушыларды, футурологтар мен әртүрлі ұлттың инер­цацио­налшыларын біріктіреді. Өзінің жекеменшік агенттіктері бар, со­нымен қатар ақпараттарды Ин­терпол, ФСБ және Моссадтан алады. 1973 жылы маңызды үшінші жүйе - «Үш тарапты комиссия» пайда болды. Оған АҚШ, Еуропа және Жапония өкілдері кіреді. Мақсаты - жаhандық жоспарлау және ресурстарды ұзақмерзімді бөлу механизмін құру. Бұл ұйымдардың жұмысын басқаратын миллиардер Дэвид Рок­феллер. Ал осы аталған төрт алпауыт­тың көмекшілері мыналар екен - «Дөңгелек үстел», «Милнер тобы», «Қасиетті Иоанн Иеруса­лимский ордені», «Маршалл гер­маниялық қоры», «Чин қоры», «Фабиан қоғамы», «Венециандық Қара аристократиясы», «Монт Пелерин қоғамы», «Тозақ жалыны клубы» және масондар. «Бірақ бұлар да толық тізім емес» дейді Колеман. Оның мәліметтері бо­йын­ша, «Комитет 300-ге» Англия­ның королевасы, Нидерландлар­дың королевасы, Данияның ко­ролевасы, Еуропаның королдік отбасылары, Джордж Буш, Эдуард Картер, Хьюстон Стюарт Чембер­лен, Уинстон Черчилль, Франсуа Миттеран, Жан Моне, Эрнест Оппенгеймер және оның мұрагері Гарри мүше болған. Бұлардың жартысынан көбі о дүниелік болып кеткелі қашан. Әйтсе де, олардың орнын солардың ұрпақта­ры, мұрагер-ізбасарлары басуда. Колеман жаңа әлемдік тәртіпті «Комитет 300» көзқарасына сай былай деп сипаттайды: Көсемдері туралы: Біртұтас әлемдік үкімет және біртұтас ақша жүйесі болады. Заңы - Орташа тап жойылады. Тек билік жасау­шылар мен қызмет көрсетушілер ғана болады. Барлық заң әлемдік соттың әділет жүйесі аясында бекітіліп, бір ғана заң кодексі пай­даланылады. Оның орындалуын Біртұтас әлемдік үкімет полиция­сы бақылайды. Ал біртұтас әлемнің біріккен қарулы күштері заңдарды шекаралары жойылып кеткен бұрынғы елдердің бәріне күштеп енгізеді. Діні - Біртұтас әлемдік үкіметтің 1920 жылдан бері қарай құпия түрде өмір сүріп келе жатқан шіркеуі түрінде бір ғана дінге рұқсат беріледі. Христиан­дық шіркеулердің бәріне тыйым салы­нады. Бақылау - барлық адамға иден­тификациялық нөмір (ИН) жасалып, НАТО-ның Брюсселдегі компьютерінің қосымша файлына сол адам туралы ақпараттармен бірге енгізіледі. Ресурстар - Жер ресурстарын пайдалануға рұқсатты тек «Ко­митет 300» мүшелері мен олардың қалаған адамдары ғана береді. Ауыл шаруашылығы тек солардың қолында болады, ал тағам өнім­дерін өндіру қатаң түрде бақылауға алынады. Әлеуметтік саясат - 2050 жылға қарай 4 миллиардтан астам «арамтамақ» шектеулі соғыстар, ұйымдастырылған қауіпті эпиде­миялар, жедел о дүниеге аттанды­ра­тын аурулар мен ашаршы­лықтың арқасында жойылатын бо­ла­ды. Электр энергиясы, тамақ, су көлемі ең алдымен Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка­ның ақ нәсілді тұрғындарының өмір сүруін қамтамасыз етуге жет­кілікті болатындай ғана мөлшерде босатылып тұрмақ. Содан кейін ғана өзге нәсілдер олардан арты­лып жатса, тамақтана алады. Жал­пы, планетада өмір сүруге құқылы деген 1 миллиард адамның 500 мил­лионын қытайлар мен жапон­дықтар құрауы тиіс деп есептеледі. Өйткені көптеген ғасырлар бойы билікке шексіз бағынуға дағдыла­нып қалған деп есептейді коми­тетшілер. Оқтын-оқтын тамақ, су және медициналық көмек тап­шылығы қолдан жасалып, планета тұрғындарына «сендердің өмір сүрулерің алдымен комитет­шілердің қалауына байланысты» дегенді салып тұру көзделеді. Ақша - ешқандай қолма-қол ақша деген болмайды. Барлық есеп­шот дебеттік кәртішке арқы­лы жүзеге асырылады. «Комитет 300» нормалары мен ережесін бұзған кез келген адамды оның кәртішкесінің қозғалысын тоқта­тып қою арқылы жазалайды. Кітап авторы Колеманның ай­туынша, Әлемдік үкімет адамдар­дың миын шатастырумен айна­лысуда. Тарихты қайта жазып, «еш мінсіз адамдар» жасап, жер бетіндегі тұрғындардың санын қыс­қартуға күш салуда. «Бейімдеу» - 1922 жылы «Ха­лық­аралық іс жөніндегі корольдік институт» бұйрығы бойынша жа­салған әдіс. Соның негізінде адамдардың ойы мен қылық­тарына ықпал жасайтын ней­ро­лингвистикалық программалау әдісі дүниеге келді. «Бұл әдісті майор Джон Риз (британдық әс­кери маман) 80 000 қоян мен тұт­қынға түскен солдаттарға пайда­ланды. Одан кейінірек Суссек университетінде миды жуу орта­лығы ұйымдастырылып, елді ме­кен тұрғындарының миын тазар­туға бет бұрды. Бұл өте құпия мекеме «Ғылыми саясатты зерттеу институты» деп аталды» дейді автор. Атақты миллиардер Рок­феллердің қоры екінші дүниежүзі­лік соғыс аяқталғаннан кейін қоғам­ның мінсіз тарихын жасау жөнін­дегі жұмыстарды қаржылан­дыра­ды. Сонымен қатар Рокфел­лер қорының ақшасына жабық ла­бораторияларда пробиркада бола­шаққа қажетті дана адамдар мен құлақкесті құлдыққа мойын­сұ­натын солдаттарды өсіріп шы­ғару жоспарлануда. Әзірше адам­ның генін зерттеп, сол арқылы дана адамдардың гені мен оның сапасы туралы генетикалық карта жаса­лады. Әлемдік үкіметтің кон­ферен­цияларының бірінде әлем халқы­­ның санын реттеу бағдарла­масы құпталыпты. Оның басты мақсаты - батыс өркениеті­не қатысы жоқ елдерде тууды күрт қысқартуды қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама 100-ге жуық мемлекет­ті қамтып, тіпті еркектер мен әйел­дерді ұрық­тан күшпен тазартуға дейін ба­рады. Әлемдік үкімет құрамы жос­парға байланысты «Бильдерберг клубы», «Үштарапты комиссия», «Рим клубы» секілді құрылым­дардың құпия отырыстарында айқындалады. Біртұтас әлемдік жүйеге көшу талаптарын дайын­дайтындар да осылар. Сол үшін стратегиялық маңызды деген мем­лекеттерде «ұлттық филиалдар» құрылуда. Перспективасы бар саясаткерлер, журналистер, интел­лек­туалдар мен қаржыгерлер және сарапшылардан тұратын би­ліктің жанама құрылымдары жа­салуда. Олардың мақсаты - Әлем­дік үкімет жобасы өзін ашық жа­риялар алдында қоғамдық пікір­ді қалыптастыру болып табы­лады. Қысқасы, Колеманның кіта­бын оқып отырып, төбе шашыңыз тік тұрады. Тура бір америкалық шытырман кинолардағы жасырын лабораторияларға тап болып, ниеті қара, тек өз билігін жүргізу үшін қоғамды неше түрлі экс­перименттен өткізетін, ауа мен суды ақшаға сатып, халықты қи­найтын билікқұмарлардың жер астындағы құпия мекеніне кіріп кеткендей күй кешесіз. Бұл - аңыз ба, әлде ақиқат па? Иә болмаса, адамзатты үрей құшағында ұстау үшін әдейі таратылып отырған саяси ойын ба? «Фантазия отстает от науки» деген сөз Кеңес одағы кезінде жиі айтылатын. Яғни ғылым орында­луы мүмкін емес ойларды жүзеге асыруда. Табиғи ресурстардың шектеулі екендігіне байланысты адамзаттың дамуы туралы жоспар құру ақымақтық. Ғылыми ой бір орнында тұрған жоқ, осыдан 100 жыл бұрын фантастика болып есептелетін проблемалар бүгінде ойыншық болып қалды. Энерге­тикалық қондырғылар арқылы бүгінде қарапайым тау жыныс­тарын кез келген зат пен мате­риал­ға айналдыруға болады. Сон­дық­тан жер байлығы азайып барады, оған тек алпауыттар ғана иелік етіп, планетаны басқаруы тиіс деп ойлаушылар бар деген бекершілік» дейді ғалымдар. «Лайым солай болсын» дейміз біз де.

Алма МҰХАМЕДЖАНОВА

Астана масон үлгісінде салынған қала ма?5

Жарияланым мерзімі: 30.07.2012

   Астана – Қазақстаның бас қаласы. Н.Назарбаев 1997 жылы Ақмоланы Астана етуге шешім қабыдады. Содан бері тұрғындарының саны — 743 мыңға жетті. Ондаған жыл ішінде қалада түрлі ғимараттар мен нысандар салынды. АҚШ – тың Оңтүстік Коннектикут Университетінің профессоры, географ Леон Ячер (ғылыми ізденісін дүние жүзі астаналарын зерттеуге арнаған) Астанаға төрт жыл бұрын келген еді. Ячердің сол кезде айтқан пікірі «Мен Астананы ұзақ араладым, бірақ мен онда Қазақстанды көре алмадым. Астанаға қарағанда, Алматы мен Шымкент, Тараз қалаларының өз келбеті бар», - депті.

      

   Тіпті ғалым қоштасар сөзінде «сіздерге өтірік айтқанша, менің Қазақстанға қайта келмегенім артық» депті. Әйгілі ғалымның сөз астарын әркім әрқалай бағамдап жатты, бірақ Астананың құпиясын оқи алсаңыз архитектурасында тұнып тұр. Астана Сарыарқаның төсінде масондық ұйымның символикасымен өрнектеліп жатқан жаңа қала. Елорданы Назарбаев салды деп қуанып жүргенде, ол 21 ғасырдың масондар қаласы деген атқа да ие болып үлгерді. Сонда бұл кімнің қаржысына салынып жатыр? Кімдер салып жатыр?

     

   Бұл бір ғана адамның туындысы: Ол Нұрсұлтан Назарбаев. Шынымен солай ма? Халыққа тиесілі мұнайдан түсіп жатқан миллиардтаған қаржыға салынып жатыр. Құрылыстың нәтижесі таң қаларлық. Қаланың архитектурасы ежелгi дiннiң заманауи оккультік құрлымымен бедерленген. Сарапшылар Астана - Назарбаевтың оккультік көзқарасын ашық көрсететін қала деп баға берген.

     

   Ұлыбританияның ең озық сәулетшiсі Лорд Норман Фостер жобалаған пирамида Азияның кіндігінде орналасуының себебі не? Ғимарат - дінаралық келісім мен бейбітшілік нышаны ретінде салынған. Норман Фостердің айтуынша, «ғимарат конфессия аралық келісімнің белгісі» дейді. Бірақ, шын мәнінде пирамида - оккультік дiннiң пұтханасы: Бұл символикалық былықтарға ғимараттың ішінде серуендеген адам көз жеткізеді.

   Пирамиданың формасы

   Пирамида – кемелдіктің символы мен құпия доктринаның нышаны. - Мэнли П.холл, «Барлық уақыттағы құпия білім»

       

   Novus Ordo Seclorum = Мәңгілік жаңа тәртiп

   Мэнли П.холл, айтуынша пирамида – ежелгі өркениеттің мистериясы. (әр бұрыштың қабырғалары 60º – ImpCommiss) Ол фигураларда әлемге иелік ететін рухани ілім бар. Бүгінгі элита (құпия қоғам) сол білімнің мұрагері болып саналады. Құпия топтар пирамиданы әлемді билеп төстейтін билік ретінде пайдаланады. Оның ең жоғарғы бөлігі (көздің орны) әлемге иелік ететін құдайшыл топтың белгісі. Олардың барлық жоспарлары іске асқан кезде барып жоғарғы көздің бөлігі орнына келеді деп есептейді. Бұлардың билікке келгенінің белгісі, әлемнің әр бұрышында осындай пирамидалар бас көтереді.

   

   Арена, Мемфис

   

   Мейманхана «Люксор», Лас Вегас

    

   Мейманхана «Рафлз», Дубай

   Опера театры (пирамиданың негiзгі бөлігі)

   Пирамиданың астыңғы қабатында түнекке оранған үңгiр интерьерi орналасқан. Көңіл көтеруге жиналған халық оны байқамайды да.

     

   Залдың шаңырағы культтік белгі күнмен безендірілген.

   Опера театрының жанында пирамиданың бос кеңістігі бар. Ол жерде әлемдік діндердің басын біріктірген конференция өтеді. Сәл аялдап нақыштарға ой жүгіртсек, осының барлығы тұнып тұрған символизм.

   Пирамиданың ортасы

   

   Күн бейнесіндегі үстел

   Бұл күн бейнесі - опера театрының төбесінде де орналасқан. Халық сол күн астында материялдық түнекте думандатып көңіл көтеруде, ал әлемнің таңдаулылары тобырдың үстінде отырып (күн бейнесіндегі үстел) олардың тағдыры жайлы толғануда. Бұның да астарлы идеясы бардай әсер қалдырары сөзсіз. Әрі бұл жерде опера театрына қарағанда анағұрлым жарық шашып тұрады.

     

   Астана - сөзсіз «әлемдік үкімет орталығы». «Әлемдік үкімет» құрудың негізі - дінді тіршіліктің формасына айналдыру. Кездесулерде сол үшін өткізіледі.

   Пирамиданың төбесі

   Әр терезесі күннің шуағына малынған. Жоғарғы бөлігі ғаламдық деңгейдегі тұлғалылықтың кейпін білдіреді. Терезеде айшықталған ақ кептердің көрнісі «әлем жаңа тәртіптің» үстінде бірігетінінің белгісі.

     

   Енді, Пирамиданың әр бөлігін зерделеп көрсек (қараңғы түнекке оранған опера театры, мәслихатхана, ең жоғарғы құдайшыл бөлік). Бұны әлемнің Пифагорлық кескіні дейді. Бүгінгі құпия қоғам сол Пифагор ілімін мұқият зеттеу үстінде.

   Пифагор кеңістікті үшке бөлеген, «ең жоғары әлем», «жоғарғы әлем» және «төменгi әлем». Алпауыт топтар осы үш бөлікті өздерінше кескіндеп алған. Бірінші – «Ең жоғары әлем» - бәрін білгіш, рухани мәні бар. Бұл құдiреттi, әрі бiлмейтiнi жоқ басқарушы топ. Екінші – «Жоғарғы әлем» тұрақтылығы мен өзіне лайық ілімі бар топ. Үшінші – сана мен философия арқылы жоғарыға көтерілуге мүмкіндігі бар қара тобыр.

   

   Бәйтерек

    

Бәйтеректі аңыз, ертегілермен баланыстығанымызбен ол эзотерикалық концепция бойынша, «өмiр ағашы» екі дүние арасын жалғап тұрған канал. Рухтың материялдық әлемді тастап құдайға баратын жолы есептелген.

   Алтын шар

    

   Бұл күн бейнесіндегі шардың ішінде тұрып қаланы тамашалауға болады. Қақ ортасында Назарбаевтың қол таңбасы бар үш бұрыш тұр. Бұл «Барлығын еске түсіру» - фильміндегі көріністерді еске салады

   

   Баттың композициясы

     

   Ал жердің картасы бедерлеген шардың ішінде, он жетi дiни конфессия өкiлінің қол таңбасы бар. Осы жерде тағыда әлемді біріктіру идеясы жатыр. (әлемдік жаңа тәртіп)

      

   Масон бағаналар

      

   Бұл да масондық символика ма?

     

   Масондық Боаз бен Яхин бағаналары. Қала архитектурасына қарап отырып Назарбаев - танымал Масондардың бірі емес пе деген сұрақ туындайды.

   Ақ орда

     

   Ойынсауық орталығы «Хан Шатыр»

   (әлемдегi ең үлкен Шатыр)

     

   Бұл ғимаратты да Норман Фостер жобалаған. Ғимараттың аумағына 10 футбол стадионы сиып кетеді. Соломонның шатыры іспеттес ғимарат ішінде парктер, ойын сауық орталықтары, шағын гольф алаңы, өзендер мен жағажайлар да орналасқан. Бұндай жылжымалы культтік орындарды «таурат дәуірінде» еврейлер пайдаланған.

   Болашақтағы Астана құрылысының жоспарлары

    Алдағы уақытта салынатын Астана қаласының таң ғажайып құрлыс жобалары. Олардың көрнісі мiне мынандай.

   Орталық базар

     

   Бұл Днепропетровскте салынған еврей орталығы «Менораны» еске салады. Қараңыз:http://3rm.info/2044-v-dnepropetrovske-stroitsya-samyj-krupnyj.html

   Ғажайып мұнаралар (бейресми атау)

   Мұны да бiздiң досымыз Норман Фостер жобаланған.

     

   Стадион. Барлығын бақылаушы көз (атауы белгісіз)

     

   Тағы бір ойлантатын мәселе, Астананың өзі мен құрылысына бір жылда жұмсалатын қаржы қанша екенін ешкімде білмейді. Әлеуметтік және коммуникациялық шығындарға жұмсалған қаржы ғана көрсетіледі. Дегенмен кей деректерге қарасақ Астана жыл сайын 12 -15 миллиярд долларды қылғытады екен. Егер Қазақстаның жылдық бюджеті 25 миллиярд екенін ескерсек, Назарбаевтың оккультік, символикалық ғимараттарын салуға елдің жарты жылдық бюджетін қылғытып жатыр деген сөз.

  Әсет БАҚЫТҰЛЫ

Масо́нство (франкмасо́нство, фр. Franc-maçonnerie, англ. Freemasonry) — движение, возникшее в XVIII веке в виде закрытой организации. Этика и философия масонства опираются на монотеистические религии. Масонство берёт своё начало из малоизвестных истоков в конце XVI — началеXVII века, предположительно — оперативных цехов каменщиков. Название « масон » или «франкмасон» происходит от фр. franc-maçon (в старофранцузском masson, англ. freemason), употребляется также буквальный перевод этого названия — вольный каменщик.

Масонство административно организовано в независимые великие ложи (в некоторых странах «великий восток»), каждый из которых руководит собственной юрисдикцией и состоит из подчинённых ей лож. Некоторые великие ложи признают друг друга, некоторые нет, в зависимости от следования ландмаркам (великие ложи обычно признают те великие ложи, которые соблюдают такие же как у них ландмарки, регулярными; те же, которые их не соблюдают — «иррегулярными»). Масонство существует в форме местных лож — обычно небольших групп численностью до 40—50 человек, объединённых территориально, существуют ложи крупнее по численности. Местные ложи учреждаются великой ложей, которая служит для них материнской. Как правило, в одной стране существует только одна «великая ложа» той или иной масонской юрисдикции.

Существуют также системы высших степеней, которые связаны с основной частью масонства, которые могут обладать собственным независимым управлением, однако в некоторых послушаниях символические ложи могут быть подчинены управляющим органам систем высших градусов.

Масонство символически использует инструменты и орудия оперативного каменщичества и легенды о строительстве Храма Соломона, чтобы выражать метафорически то, что и  масонами , и их критиками описывается как «система морали, скрытая в аллегориях и проиллюстрированная символами»[1][2].

Основной версией происхождения масонства считается версия о происхождении от средневековых корпораций строителей-каменщиков, однако существуют теории о более древнем происхождении масонства, начало которого выводится от орденов тамплиеров, или — в других версиях — от Ордена Розенкрейцеров.

Сейчас франкмасонство распространено по всему миру и представлено в разных формах и юрисдикциях; количество членов оценивается в шесть миллионов человек, в том числе около 150 000 в Шотландии и Ирландии, почти два миллиона в США[3] и около четверти миллиона находится под юрисдикцией ОВЛА[4][5].

Предыстория[править | править исходный текст]

Легендарная история масонства доводит братство у иных писателей — до Адама, у других — до построения Храма Соломона; более скромные исследователи находили корни масонства у пифагорейцев, ессеев, первых христиан или тамплиеров. Лишь в середине XIX века Клосс (J. G. B. Fr. Kloss) впервые вполне определённо указал на то, что масонский союз возник из братства вольных каменщиков или средневековых строительных артелей[6].

Самые ранние свидетельства о существовании свободной строительной артели в средневековой Европе относятся к 643 году, её упоминают эдикты лангобардского короля Ротари[7]. В эпоху готики возведение громадных церковных зданий длилось целые столетия, в течение которых рабочие и художники, поселявшиеся близ построек (их инструменты хранились в особых бараках, англ. Lodge, нем. Bauhütte), постепенно вступали в тесное общение. Эти сообщества с течением времени приняли цеховую организацию: были выработаны правила касательно отношений между членами, приёма новых товарищей, разрешения возникавших между сочленами споров и прочее. Вместе с тем был установлен известный церемониал на разные случаи товарищеской жизни.

Цеховая организация строительных работ, безусловно, была присуща и возведению соборов Англии, где каменотёсы получили в официальных актах наименование Freemason, Free-Stone-Mason. Обстоятельства возникновения строительных лож в Англии весьма тёмны. В частности весьма сомнительной представляется хартия 926 года, дарованная якобы королемЭтельстаном свободным каменщикам Йорка, с которой было принято начинать историю строительных артелей в Англии[8]. В современной масонской литературе указывают около 20 манускриптов со специфическими масонскими текстами, относящимися к раннему периоду. Старейший из них датируется XIV веком; это — поэма Regius, манускрипт с текстом который был найден в Старой Королевской библиотеке в Британском музее в 1830-х годах[9].

В течение XVII века строительные товарищества в Европе стали быстро приходить в упадок и к началу XVIII века почти перестали существовать вместе с прекращением возведения готических соборов. Новому процветанию английских лож способствовало то обстоятельство, что с конца XVI века туда стали получать доступ и лица, не принадлежавшие к строительному цеху — так называемые «сторонние каменщики», богатые и учёные люди, внёсшие с собой в ложи прогрессивный элемент. Первым из них следует назвать лондонского антиквара Элиаса Эшмола, о его вступлении 16 октября 1646 года в одну из лож в Уоррингтоне, Ланкшир, сохранилась запись в его дневнике[10]. В последние годы XVII столетия в ложу вступил Вильгельм III Оранский, из-за чего ремесло каменщиков получило название королевского искусства[11]. Вероятно именно тогда у просвещённых сторонних каменщиков зародилась мысль воспользоваться оболочкой строительных товариществ, являвшихся в некоторых отношениях филантропическими учреждениями, и, вдохнув в неё новую жизнь, создать новое дело всечеловеческой любви.

Истоки масонства[править | править исходный текст]

Основная статья: История масонства во Франции

Запон мастера масона ВВФ

Согласно традиции, ведущей своё начало от 1777 года, первая масонская ложа во Франции под названием «Совершенное равенство» («La Parfaite Égalité») была основана в 1688 в Сен-Жермен-ан-Лэ Королевским Ирландским полком, последовавшим за Яковом II в ссылку. По мнению историков, такое стечение обстоятельств вероятно, но не существует никакой возможности привести решительные тому доказательства[12]. То же можно сказать и о первой ложе английского происхождения, «Дружба и Братство» («Amitié et Fraternité»), основанной в 1721 году в Дюнкерне[13]. Первая ложа, существование которой бесспорно с исторической точки зрения[14], была основана неким англичанином в Париже «около 1725 года». Она собиралась на постоялом дворе трактирщика Юрэ на улице Бушери (traiteur Huré on rue des Boucheries), и главным образом в лице ирландцев и сосланных якобитов. Вполне вероятно, что именно эта Ложа в 1732 году получила официальные патенты от Великой ложи Лондона под отличительным титулом «Святой Томас», и собиралась под вывеской «Луи д’Аржан», также на улице Бушери.

В 1728 году франкмасоны приняли решение о признании Филиппа Вартона, первого герцога Вартона (1698—1731), ставшего великим мастером франкмасонства во Франции[15]. Вартон оставался в Париже и Лионе с 1728 по 1729, и в 1733 уже был великим мастером Великой ложи Лондона[16]. Его назначение Французским великим мастером перед преобразованием «Великой ложи Лондона» в «Великую ложу Англии» в 1738 году рассматривается некоторыми историками как точка отправления французского масонства и декларация его независимости от британского масонства. На посту великого мастера его сменил якобит Джеймс Гектор МакЛин (1703—1750), а после Чарльз Рэдклифф, Граф Дервенвотера (1693—1746).

Если существование великого мастера было засвидетельствовано уже в 1728 году, то около десяти лет ушло на формирование истинного собрания от представителей «английской» и «шотландской» лож для Великой ложи Франции[17], которое произошло 24 июня 1738 года, и установили Луи де Пардайона де Гондрина, второго герцога Антинского, «главным и бессрочным мастером в королевстве Франции». Именно эта великая ложа положила начало французской масонской юрисдикции, существующей по сей день.

Принципы и деятельность[править | править исходный текст]

Хотя масонство часто называют «секретным обществом», сами масоны убеждают, что корректнее говорить, что это эзотерическое общество, определённые стороны которого являются приватными, или тайными[18]. Распространённое изречение гласит, что в XXI веке 'франкмасонство стало больше «обществом с тайнами», чем «тайным обществом»[19]. Приватными аспектами современного франкмасонства являются способы опознавания среди членов и определённые элементы ритуалов[20]. Вопреки разнородности организации, главной деятельностью масонства остаётся благотворительность, нравственное совершенствование (в большинстве случаев требующее веры в Высшую Сущность), а также развитие и сохранение братской дружбы — к чему изначально побуждает «Конституция Андерсона» — среди братства.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]