Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
портландцемент.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
149.93 Кб
Скачать

ЖОСПАР

Кіріспе......................................................................................................................................2

  1. Портландцементтің жіктелуі мен қолданылу аймағы. Тағайындалуы.........................3

  2. Портландцементтің алыну технологиясы.....................................................................12

  3. Портландцементтің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау.......................13

  4. Портландцементтің базалық көрсеткішін немесе эталондық-үлгісін таңдау............14

  5. Портландцементтің сапа көрсеткішінің мәнін анықтау әдісі......................................17

  6. Портландцементтің сапа деңгейінің .............................................................................19

  7. Портландцементтің сапа деңгейін бағалау...................................................................20

  8. Портландцементтің сапасын төмендететін себептер...................................................24

  9. Портландцементтің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар.....................................25

  10. Қорытынды.......................................................................................................................26

  11. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................................27

Кіріспе

Курстық жүмыстың тақырыбы: Портландцементтің сапа деңгейін бағалау

Жұмыстың мақсаты: Портландцементтің түрлерін, алыну әдістерін, сапа көрсеткіштерін анықтау, сапасын арттыратын және төмендететін себептерді анықтап, зерттеу.

Жұмыстың қысқаша мазмұны: Бұл курстық жұмыста сапалық бағалау обьектісі болып Портландцементтің табылады, клинкердің ,гипстің азғантай қоспасымен әк пен саз қоспасының қайнауына дейінгі және жануынан алынған жұқа майдаланған құрылыс материалы. Портландцемент- бұл белсендi компоненттердің, әр түрлi пропорциялардағы кальций және магний оксидтерiнiң қоспасы болып табылған химия заты. Ол адамзат өмірінде мыңдаған жылдар бойы құрылыс және басқа салаларда да қолданылып келеді. Порландцемент құрамы құрылыстың құрамын жақсарту үшін клинкерге оның құрамына гипс пен активті минералды қоспалар қосады.

Жұмыстың орындалу реті: Жұмысты орындау барысында мен портландцемент өндірісінің классификациясын, технологиясын үйреніп, тереңірек білгім келеді. Өнімнің сапасын бағалау әдісін анықтау керек болады. Содан кейін портландцементтің сапалық көрсеткішіне сандық мінездеме беру. Қорытындылай келе, өнімнің сапасының төмендеуіне әсер ететін факторларды анықтап және портландцементтің сапасын арттыру мақсатында ұсыныстарды айқындау қаралады. Осы жұмыстағы барлық материал портландцементтің құрылыс саласындағы жаңа жетістіктерге сүйеніп, қайта жасау ерекшеліктері мен классификациясына сай жиналған.

Осы белгіленген этаптардан өте отырып, мен квалиметрия пәнінің негізгі бөлімдерін танып, үйренемін деп ойлаймын.

  1. Портландцементтің қолданылу аясы мен жіктелуі. Тағайындалуы

Құрылыс саласында құрылыс материалдары болмай жұмыс істеу қиынға түседі. Құрылыс материалдарын пайдалану ежелден келе жатқан дәстүр. Ежелгі адамдар үлкен тастарды бір-біріне тығыздап орналастыратын болған. Бірақ та мұндай құрылыстар көпке шыдамайтын.

Порландцемент өндірісінің процесі өз ретінде технологиялық операциядан тұрады, оны екі кешенге бөлуге болады.Бірінші кешенге клинкер өндірісіндегі операциялар жатады. Екінші кешенге гипспен гидравликалық басқа қоспалармен клинкерді майдалау операциясы жатады, сонымен қатар клинкерден порландцементті дайындау қарастырылады.

Клинкерді алу – бұл ауыр және энергияны көп қажет ететін процесс. Ол көптеген капиталды және эксплуатациялық шығындарды қажет етеді.

Клинкерді портландцементті алу негізгі технологиялық процестерден тұрады:

  • жандыру үшін шикізат материалдарын дайындау;

  • отын дайындау;

  • шикізат материалдарын күйдіру.

Цемент өндірісінің негізгі технологиялық процесінде көп мөлшерде шаң түзіледі. Шаң түзілу көзі болып пеш агрегаттары, дейірмендер, кірпіштер және ұсақтау қондырғылары, шикізат қоймалары, цемент, клинкер қоспалары, шаң материалдарын тастайтын жолдар, темір жол вагонына цементті арту орындары.Кесте – 1.

Цемент өндірісінің негізгі технологиялық жүйесі көп көлемде шаң болуымен жүргізіледі. Атмосфераға тасталынатын , бөлінетін газдар мен аспирациялы ауаны шаңсыздандыру үшін арнайы шаң ұстайтын қондырғылар қолданылады, олар ауаның ластануы мен өңделетін материалдардың шығындарын болдырмау жолдарын жасайды.Атмосфераға тасталынатын шаңдардың 80 %-ке жуығы айналмалы пештерден бөлінеді, ал шаңдардың басқа бөлігі- цементті және шикізатты диірмендерден, ұсақтағыш-кептіргіш қондырғылардан, сонымен қатар шикізат материалдарын, қоспалар, клинкерді және цементтің сақталуы барысында бөлінеді.

Барлық дерлiк минералды байланыстырушы заттар бастапқы материалдарды ұсақтау және термиялық өңдеу арқылы алады. Осы шарттар арқылы тиiстi қасиеттерi бар өнiмнiң алуын қамтамасыз ететiн процесстер физика-химиялық жолмен жүреді. Негiзiнде құрылыс бұйымдары әр түрлi формада және өлшемдерде болады,яғни үлкен тақталанғандардан бастап құрама темiрбетон конструкциялардың iрi элементтерiмен аяқтайды. Осы құрылыс материалдар ішінен портландцементке тоқталайық.

Портландцементтің негізгі мәні яғни оның қолданылуы – бұл кальций оксиді сумен араласқан кезде гидроксидке айналатын,сонымен қатар ауадан көмірқышқыл газын жұтқанда кальций карбонатына айналатын құрылыста қолданылатын цементі. Бірақ қазіргі кезде оны пешке салуды жиі қолданады, бірақ та ол ғимаратта кішкене де болса дымқыл туғызады. Портландцементті пешке салу тіптен негізсіз! Бұл термиялық таралу мен көмір диоксидінің ауада жайылуынан болады. Портландцемент табиғи әктерді қатты қыздыру арқылы алынады. Тәжірибеде құрылыстағы ең маңызды материалдар мен техникалық өнімдерді пайдаланады. Сонымен бірге цементті клинкер өндірісінде шаң газдарын пайдалануға болады.Цемент клинкер өндірісі—энергиялы процесс 1т цемент шығаруға 180-200 кг отын пайдалынады.Цементке кететін отын мен электр қуатының үлесі 40-50 % -ке жетеді.