Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сынау курсовой.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
684.52 Кб
Скачать

Аннотация

Ламинат — бұл ламинаттталған еден деп аталатын еден төсегіштердің бір түрі. Кейде «ламинатталған паркет » деп аталады. Себебі бастапқы кезде ламинат паркетті еденге дәл келтірілді. Ламинатталған еден төсегіштерге қатысты көзқарастар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ та оған қатысты жағдайлар қызығырақ. Жылдан жылға бүкіл елде миллиондаған квадрат метрлі ламинаттар жасап шығарылуда, соған қарамастан адамдар онша мән бермейді. Ал бірақ осы төсегіштер балалар бөлмесінде немесе қонақ бөлмеде төселуі мүмкін. Ламинат өте тығыз орналасқан ағаш талшықтарынан(HDF), қағаз декорынан және жоғарғы қабаттан тұрады. Бұл құрастырмалы еден төсегіші басқа төсегіштерге қарағанда көптеген мүмкіндіктер береді. Соған сәйкес төсегіштің сыртқы бейнесі басқаларына қарағанда ерекше. Басқаша айтқанда, мысалы, сатып алушы керамикалық плиткалы еденді алғысы келеді, бірақ техникалық себептерге байланысты оны орындау мүмкін емес. Ламинат лайықты түрде оның орнын баса алады, яғни сатып алушының тілегін орындауға септігін тигізеді. Шынымен де, ламинатталған еден жақында ғана пайда болды. Ең көп дегенде осы жылдың пайда болуына небәрі 7-8 жылға болды.

Мазмұны

Кіріспе

1. Бастапқы деректер

2.Өнімнің жалпы сипаттамалары(бұйым)

3.Өнімнің техникалық талаптары(өнім). Сынауға жататын сапа параметрлері

3.1 Жалпы техникалық талаптар

3.2 Қосымша талаптар(немесе арнайы)

3.3 Сынауға жататын өнім сапасының параметрлері (бұйым)

4. Өнімді сынау әдістерін жасау

4.1 Сынау классификациясы. Сынау бағдарламасы

4.2 Сынауға қажетті құрал-жабдықтар. Өлшеу құралдары

4.3 Сынауға үлгілерді дайындау

4.4 Өнімді сынау әдістері(бұйымды;)

4.5 Сынау нәтижелерін өңдеу

Қорытынды

Қолданылған материалдар тізімі

Қосымша

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның негізгі тақырыбы ламинаттың қауіпсіздігін сынау және бақылау.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – ламинаттың сапа параметрлерін анықтау, бұл пән бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыны бекіту. Сапа деңгейін сынау және бағалау әдістерін меңгеріп, практика жүзінде қолдану.

Курстық қаралатын негізгі мәселелер:

  • ламинаттың сапа параметрлерін сынауды анықтау және оқып үйрену;

  • ламинатты күтуді, берілген талап бойынша қолдануды үйрену;

  • негізгі қасиеттерін білу;

  • ламинатқа ГОСТ бойынша қойылатын негізгі талаптарды білу.

  1. Бастапқы деректер

Соңғы кездері ламинатты едендер сәнді болуда. Осы құрылыс материалы сатып алушыны өзінің бейнесі арқылы ғана емес, сонымен қатар қарапайымдылығымен, экологиялық тазалығымен қызықтырады. Паркетке қарағанда оңайырақ төселеді. Және де қазіргі таңда әр түрін таңдауға болады. Сыртқы бейнесі қарап көз алдымызға табиғи ағаштан жасалған паркетті еденді елестете аламыз. Ламинаттың бірнеше ерекше қасиеттері бар. Қасиеттері сатып алушы мен өндірушіге жақсы әсер етеді. Материал атауы ламинаттаудыі технологиялық процесінен туындаған. Яғни плитаның беті қағаз негізіндегі пленкамен қапталған. Пленка қысымның көмегімен енген, жоғары температураның көмегімен пленка плита бетіне көтеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]