Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sa1

.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
39.43 Кб
Скачать

Еуразия Ұлттық Университеті

Көлік және энергетика факультеті

Жылуэнергетика -23

Реферат

Тақырыбы: «Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері»

Орындаған: Екрамова Н.Р.

Тексерген: Кенжебаева К.К

Астана

2013 жыл

Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.

 

Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық  қоғам құру тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты қабылдайды.

 

Қазақстан Шығыстық мемлекет. Оның саяси мәдениетінде және саяси партияларының қызметінде, идеологиясында Шығыс мемлекеттерінің ықпалы бар екендігі ақиқат. Тәуелсіз мемлекет болған соң Қазақстаның Қытай Халық Республикасымен саяси-әлеуметтік байланыстары нығая түсті. Сан ғасырларға созылған саяси тәжірибесі мен терең саяси мәдениеті бар Қытайдың саяси жүйесінің түрлі сапалары Қазақстанға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақстанның саяси ойына және саяси қозғалыстарына елеулі әсері болған ілімдердің бірі – конфуцианства.

 

Қазақстанның шығысындағы 3,5 мың ортақ шекарасы бар ұлы көршісінің мемлекеттік дініне айналған конфуцианстваның пайда болуы Кун Фуцзының есімімен байланысты. Конфуций деп аталып кеткен ойшыл б.ғ.д. VI ғасырдың өзінде «табиғат заңдарына үндес, ақылға сиымды өмір тәртіптерінің негізі болатын бес қарапайым болса да ұлы жақсылықты көрсетеді:

 

Олар: 1) ақыл, 2) ізгілік, 3) сенім, 4) үлкендерді сыйлау, 5) ержүректік. Бұл құндылықтар белгілі дәрежеде және белгілі шеңберде танылуы тиісті. Бұл дегеніміз өзіңді және басқаларды терең ұғыну және сыйлау. Олай ету таңдаулы  толық адамдардың ғана қолынан келеді. Сонымен қатар заңдарды қарапайым жинақтай беруден пайда жоқ»,- деп санайды.

 

Конфуций саяси топтардың және қозғалыстардың әділ болғанын қойды. «Басшы – лидер халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзіне қатысты өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды. Ондай адам елге де, жанұясынада да абыройлы. Ал кейбіреулер мақтанып, өтірік мадақталып абырой жинайды. Ол күдікті білмей, өзінің нағыз орнын білмей өмір кешеді»,- деп көрсетеді Конфуций.

 

Саяси партиялар лидерлері қаншама өзін халық алдында беделді, абыройлы етіп көрсетуге тырысқанымен олар ел қамын, адам қамын нақты ойламаса, жалған сөйлесе беделді болмайды деп біледі қытай ойшылы. Саяси  лидерлер басқаларды өз «істерімен, үлгісімен тартады. Олар демалысты білмеуі керек. Өзінің жақтастарыңды сәл кемшілік үшін кінәлама. Өзің білетін лайықтылары мен біліктілерін көтермеле. Абыройлы қайраткер достық қатынастарды күшейтуде  білімін салады. Ал достық оның адамгершіліктерін бекітуге көмектеседі», - деп білген Конфуций. Саясатта да біліктілік пен білім керек. Дайындықсыз адамдарды соғысқа салу оларды тастап қашып кетумен бірдей.

 

Конфуцианство саяси партиялар мен мүдделі топтарды өз саясатын асықпай жүргізуді, мемлекеттік және халықтық мұраттарға негіздеуді үйретеді. Басқаларды басып алуға, бөтендерге зорлық көрсету арқылы жетістікке жетуді ойлаған партиялар мен күштер толассыз жаманшылыққа әкеледі. Олардың әрекеттері бақытсыздықтың қайнар көзі. Мемлекеттің дұрыс әділет жолын таңдамауы, халыпен ақылдаспауы, даму жолын, әдістерін сарапқа салып таңдауға тырыспауы оны қауіпті жолға бастайды. Саяси басшы өзіндікі ғана дұрыс деп ойламауы абзал. Ол жақсы жоспар құрып соның орындалуына әрбір адамның қатысуын қадағалайды. Ашу, ыза, асығыстық, халықты өз ісіне зорлықпен ерту сияқты әрекеттердің барлығы мемлекет қозғалысына зиянды. Мақтаншақ болу, жетістіктерді айта беру, достардың бірін-бірі мақтауы түбінде жарға құлатады. Шындық сөзді айтуға қорқатын болсақ та жақсылық әкелмейді. Білімді, іскер, әділетті адамдарды биліктің көргісі келмейді, олардың жақсы істерін бағалағысы келмейді. Оларға берілетін шен-шекпен, атақтарды нашарлар иеленеді. Халық осыны көреді, осыған наразы болды. Әділетсіз істер халық ниетін біртіндеп улай береді, улай береді. Кейбір басшылар әділет сөзімен жақсы ақылды өзіне қарсы атылған оқ сияқты қабылдайды. Елді құтқаратын істер тек ашу мен наразылық туғызады. Халықты осылайша адамдар тонайды. Олар тонап жатқан біздер емеспіз деп айтумен болды. Осындай өтірік пен жалғандық мемлекетті күйреуге бастайды.

 

Ерте грек ойшылы Платонның диалогтарында саяси қызметтің және саяси күрестің ғана емес, саяси мемлекеттің жұмыс істеу принциптеріне ден қойылады. Платон өзінің «Евтидем» шығармасындағы Критон мен Сократтың диалогында саяси қызметтің тиімді болуына бағасын берді. «Арадағы адамдар – философтар мен саясаткерлер арасында. Олар көпшіліктің алдында өздерін ақылды және абыройлы көрсеткісі келеді. Олар ақылды философтардан қабылдайды, саясаткерлерден де қабылдайды. Осы арқылы аралықтағылар түрлі дауларда жеңіске жетеді, басқалардың біліктілігін керектеріне жарата біледі»,- деген ой айтады. Сонымен қатар Платон саяси қызметте терең білім керектігін ескертеді. «Саясатқа алды артына қарамай кіріп кетуге болмайды. Алдымен оны үйрену қажет. Мемлекеттік істерге араласқысы келгендердің көпшілігі оған дайындықсыз келеді» .

 

Саяси күреске әділетсіздік көрсете беру қауіпті. Сондықтан қоғамдық істерге ғана емес күнделікті өмірде әділетті болуды, өмірдегі басты мәселе ретінде қарастыру керек. Сенің шешендік сөздерің жағайымсу мен мақтаудан құрылуынан сақтан. Оның әділеттілікке қызмет жасағаны абзал. Қоғамдағы, мемлекеттегі маңызды мәселелер төңірегінде пікіріңізді үздіксіз өзгерте беру зиянды. Олай болуын бозбалаларға ғана кешіруге болады. Ал мемлекет идеясы елге әділет пен жақсылық әкелетін істерді жақтайды,- деп көрсетеді Платон.

 

Мемлекеттік істегі адамның парасат ісі оның мемлекет мәселелерін шеше алуында. Ол өз ісінде достарына жақсылық жасайды, жауларына зияншылық жасаудың басқалардан өзіне нұқсан келмеуін көздейді. Әр адамның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Оның жақсысы мен жаманын халық бағалайды. Нағыз жақсылық дұрыс пікір мен білімді ұштастыра білу. Осындай адам ғана дұрыс басқара алады. Елдегі мақсатқа да жеткізетін шын пікір мен білім. Шындық сөзін айтқан, дұрыс пікірлерді басшылыққа алып, білімге сүйеніп мемлекеттік істерді басқарғандар ғана өз қалаларын дұрыс жолға салатын мемлекет адамдарды,- дейді Платон.

 

Платон мемлекет ісімен айналысатын адамға әділдік, білім мен қоса әдіскерлік пен айлакерліктің де қажет екендігін ескертеді. Мемлекеттік адамдарды кейде құдіретті күш қолдайды. Олар тіптен бүгінгі өз істерінің маңызын терең біле алмауы да мүмкін. Бірақта олардың әрбір дұрыс қадамы келешекте жасалатын ұлы істердің кепілі болды,- деген пікір айтады Платон.

 

Қазақстандағы саяси құрылыс әлемдік тәжірибенің және саяси ойдың дамуының салдары мен нәтижесі. Әлемдік саяси тәжірибеден тысқары Қазақстан мүлдем жаңа саяси мәдениет жасай алмайтындығы даусыз. Осындай жалпылық даму заңдылығына ене  отыра Қазақстан өзінің төл ерекшеліктерін ескеруге қабілетті болуы керек. Ондай қабілетті қалыптастыратын феномен көне дәуір ойшылдарының еңбектеріндегі ойлар мен идеяларды басшылыққа алып отыр. Қазақстанның демократиялық жолмен даму жолдарын зерттеуге көмектесетін Аристотельдің еңбектері.

 

Аристотель биліктің бір адамда болуы, адамдардың тобында болуы немесе көпшілікке болуы маңызды емес. Маңыздысы сол биліктің мемлекетке және халыққа пайдасының болуында деп есептейді. «Мемлекеттік құрлысының мәні мемлекеттік басқару тәртібіне сәйкес. Соңғысы жоғарғы мемлекеттік билікті көрсетеді. Жоғарғы билік бір адамның, бірнеше адамдардың, көпшіліктің қолында болады. Егер олар қоғамдық пайданы ойлап басқарса, мемлекеттік құрылыстың осындай түрлері дұрыс болады. Егер жеке адамның, топтың немесе көпшіліктің мүддесі көзделсе   ондай мемлекеттік құрылысқа ауытқу бар», - деп жазады Аристотель.

 

Аристотель барлық мүдделі топтардың мақсаттарын толықтай ескеріп, қамтитын биліктің жоқтығына қиналады. Көпшілік болып табылатын  кедейлердің билігі демократияның өзінде жетіспейтін, олқы жақтары бар. Демократиялық билік патшаның, олигархияның т.б. жеке топтардың мақсат-мүдделерін ескермейді. Сондықтан мемлекетті полития дұрыс, әділетті саясат билеуі пайдалы деп біледі адамзаттың бірінші ұстазы. «Мемлекет тек өмір сүру үшін ғана жасалмайды. Ол негізінен бақытты өмір сүру үшін жасалады»,- деген ойды Аристотель ерекше атайды. «Никомахова этика» еңбегінде ойшыл «бақытты өмір дегеніміз- жақсылықпен өмір сүру. Ондай өмір үнемі жақсылықтарға талпыну және көңіл көтеру емес. Жақсылық пен талпыныс үнемі көңіл көтеру мен қызығудан жақсы. Адамның жақсысының көңілі жақсылық пен талпынысқа толы. Ал нағыз жақсылықтардың қызметі мен еңбегі бақыт әкеледі»,- деп жазады.

 

Аристотель мемлекеттің бақытты өмірі үшін саяси күштердің әділетті, жақсылықты және мемлекет пен қоғам қамы үшін қызмет етуін дұрыс деп білгені сөзсіз. Демек, саяси партиялар билікке жету жолындағы күресте, билікті иеленуде де осы құндылықтарды басшылыққа алғаны абзал. Аристотель көрсекен құндылықтарды ұран еткен партиялар билікті өзі үшін де, халық пен мемлекет үшін де дұрыс пайдалана алары даусыз. Мемлекетте адамдардың дұрыс қарым-қатынастар жасауына жағдай жасалынса, олардың еңбек етуіне, шығармашылығына, бизнеспен айналысуына қысым көрсетілмесе және өмірдің негізгі салаларында халықтың мүддесін көздейтін заңмен реттелсе ғана өркениетті, демократиялық мемлекет болатындығын саяси партиялар түсінеді.

 

Аристотель өмір күрделі, үнемі өзгерісте болады деп ескертеді. «Жазылған заңдарды өзгермеген қалпында қалтыруға болмас. Себебі, өмірдің басқа салаларындағыдай мемлекеттік құрылыста да барлығын дәлме-дәл сөзден жаза алмаймыз. Заңдарды жалпылық сипатта еріксіз жазасыз, ал адамдардың әрекеттері жалқы. Сондықтан кейбір заңдарда өзгертіп тұру қажеттілігі туады»,- дейді Аристотель. Заңдарды өзгерту маңызды емес олардың мемлекетік  құрылыстың озық үлгілеріне сәйкес болуы маңызды,- деп есептейді ұлы грек ойшылы.

 

Аристотель өзінің «Саясат» атты еңбегінде монархияның, олигархияның және демократияның ерекшеліктерін, кемшіліктерін талдай келе ең дұрыс мемлекеттік құрылыс ретінде политияны таңдайды. Полития ең озық, ең таңдаулы басқарушылардың билігі сондықтан ол бәрінен де тиімді болуы тиісті деген қағиданы дәлелдеуге тырысады. Алайда әлемдік саяси шындық пен тәжірибе  политияның емес демократияның өміршеңдігін дәлелдеп береді. Аристотель өзі өмір сүрген дәуірдегі ойшыл ретінде өз еңбектерін азат, сайлау құқығы бар грек полистерінің еркек азаматтарға қатысты. Байлық пен кедейшілікке байланысты қазіргі демократия азаматтардың құқықтарын бөлмейді. Мәселе, Аристотель көтерген демократиялық мемлекеттік құрылыс идеясына байланысты. Демократияның мәнін Аристотель заңның билік құрумен тікелей байланыстырады. «Заң барлығының үстінде билейді; құзырлы қызметкердің де, халық жиналысының да»,- деп көрсетеді.

 

Демократия заңмен халықты басшыға, қызметкерге, қарапайым азаматқа бөлмейді. Байлық пен кедейлік те адамды кемсіте алмайды. Демократия ешкімге артықшылықтар бермейтін заңдарға негізделеді. Бостандық, теңдік, заңның басымдылығы, мемлекеттік істерді шешуге халықтың тікелей араласуы, жоғарғы биліктің халық алдында жауапкершілікте, есепте болуы сияқты Аристотель көрсеткен демократиялық мемлекеттік құрылыстың негізгі заңдары қазіргі замандағы демократиялық мемлекеттерде өзін ақтағаны даусыз шындық. Көптеген жылдар тоталитарлық социализм жүйесінде тұншыққан Қазақстандағы саяси құрылысты елдің саяси партиялары демократиялық қоғамның әлемдік жолына бұруға ұмтылыс жасап жатқандығы да шындық. 

 

 Қазақстанның саяси мәдениетіне өшпес із қалдырып, сонысымен қазіргі демократиялық қоғам құрылысына өзінің үлгілік және идеялық әсерін тигізіп отырған ойшылдардың бірі XI ғасырда өмір сүрген түрік ғалымы Жүсіп Баласағұн. Оның әйгілі «Құтты білік» еңбегіндегі ойларының Қазақстанның бүгінгі саяси өміріне және демократиялық жаңаруына етер ықпалы зор. Түркі халқының ұлы бабасы демократиялық мемлекет туралы тікелей айтпағанымен саяси және мемлекеттік билікті дұрыс және әділ ұйымдастырудың нақты жолдарын айтады.

 

Ел билеушілер өз халқына қиянат жасамауы керек. Өтірік сөйлеп, алдамшы жылтырақпен еліңді ұзақ басқара алмайсың. Сұйық сөзге ел қапа болады. Білімі жоқ басшыны ел ұқпайды. Себебі, білімсізден дұрыс ақыл шықпайды. Басшы білікті болуы шарт. Біліксіздік істерді кері кетіреді. Ел басшыларына қауіпті, қарапайым жұртқа қауіпті бес жаманшылықты Жүсіп Баласұған атап көрсетеді. Олар: ұшқалақтық, сараңдық, ашу, надандық, өтірік. Оған қоса өзімшілдік пен залымдық билікті аздырады деп біледі ойшыл-ақын. Осы аталған жаман нәрселерден бойын аулақ ұстаған бектің басынан бақ ұшпайды,- дейді Ж.Баласұған. Құлқын үшін ардан безу, құлқын үшін құл болу, алдамшы, сұм қарақшы болу, құлқынның құрықтай ұзын болуы билікті құрдымға  әкелетін жаманшылдықтар  деп білген Баласұған.

 

Дұрыс саясат дұрыс көңілден және дұрыс сөзден басталады. «Бектік ісі аян бектің бәріне- бәрі жүйрік заң, саясат мәніне». Билік әр кезде, қандай мәселені шешседе сабырға, ақылға және парасатқа жеңдіреді. Барлық істі біліктілікпен билеу бекті, басшыны мақсатына жеткізеді. Заңды, ұятты сақтай біліп, елін сүйген ер басшыны қаншада халқы құрметтейді. Оның есімі халқымен бірге жасайды. Әділдік, шындық, жомарттық, білім мен ақылға ұласса халыққа зор пайда әкелетін билік болады. Билік түзу заңға, адал заңға, халықтың мүддесіне сәйкес келетін заңға қызмет етсе, ол мемлекетте зор болашақ болады,- дейді Ж. Баласұған.

 

Жүсіп Баласұған айтқан қағидалық ойлар бүгінгі саяси институттар мен саяси биліктің қызметтеріне тікелей қатысты. Баласұғанның билікке талабы қазіргі демократиялық биліктің табиғатын ашады. Саяси партиялар Қазақстандағы мемлекеттік биліктен осындай талаптар деңгейінде қызмет етуді сұрай алады. Демек қазақ этносының саяси ойы мен саяси мәдениетінде бар құндылықтар, идеялар мен қағидалар қазіргі саяси шындықта нақты рөл атқара алады.

 

ХІІ ғасырда өмір сүріп түркі тектес халықтардың барлығының рухани-мәдени және саяси-әлеуметтік көзқарастардың дамуына ықпалын тигізген ойшылдардың бірі Қожа Ахмет Иасауи. Оның «Диуани Хикмет» (Ақыл кітабы) еңбегін тек қана мәдени мұра ретінде қарастырмаймыз. Ислам дінін көне шағатай тілінде насихаттай отыра Иасауи мемлекет құрудың, саяси өмірді дұрыс ұйымдастырудың, билікті тиімді етудің оңтайлы жолдарын ұсынады. Иасауидің саяси идеяларының маңызды қазіргі  саяси қоғалыстар мен мүдделі топтар үшін зәрулігін ешқашан жоғалтқан жоқ.

 

Қожа Ахмет Иасауи діндар ретінде аллаһқа ерекше ден қойды. Саяси құрлыстағы әділетсіздіктерді аллаһтың адал жолын бұзу ретінде бағалайды.

                       1203. Ел, дүние халқымызда қайырым жоқ,

                       1204. Патша мен уәзірлерде әділет жоқ.

                       1205. Дәуріштердің дұғасында қасиет жоқ,

                       1206. Түрлі бәле халық үстіне жауды достар.

Иасауи мемлекет өмірін әділетке, теңдікке, қайырымдылық пен сенімге негіздеп құруды ұсынады. Барлық жанның Аллаһқа сенді, ерекше күш ретінде ислам жолына ден қойуы барлық жаманшылықтардан сауықтыратын рухани дәрі ретінде ұсынылады. Иасауи танымында гуманизм мен адамгершілік идеялары діннен нәр алады. Адамзатты құтқаратын да осы қасиеттер мен құндылықтар. Ал пасықтық, зұлымдық, дүниеқорлық пен қаталдық жолы басқа жандарды жәбірлейтін зорлық жолына бастайды. Ондай жолға түскендер түбінде Аллаһтың қатал жазасын алады,- деп уағыздайды Иасауи.

 

Иасауи білім мен ғылымның қоғамдағы орнына аса жоғарғы баға берді. Білім мен ғылымды меңгеру арқылы Аллаһтың адал жолын таңдауға болады, қоғамды дұрыс басқарудың жолдарын табуға болады деп біледі ойшыл. Әсіресе насихаттың қуатты күш екенін Иасауи үнемі ескертіп отырады. Әрбір топ өзіне қосылатындарды әділ насихатпен соңынан ертуі керек. Насихат күшке қуат қосады. Сеніммен ерген адамда үлкен құлшыныс пен күш болады. Иасауи хикметтері үнемі діни қағидаларға негізделеді. Алайда оның ойларының саяси процесте алатын орны маңызды. Саяси  партиялар үшін идеологиялық күрес, саясаты насихаттау, идеяларға беріктік, алдыға қойған  мемлекеттік мақсаттарға жету мәселелері ерекше. Иасауидің Ақыл кітабынан бүгінгі саяси элита күрестің  насихатшылдық, идеялық бағыттарын меңгеруді үйренері хақ.  

 

Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы процестерін өз мүдделері мен дүниетанымы тұрғысынан бағалауға және бағындыруға тырысты. Саяси партиялар қалыптасуында да осындай таластық, тіресушілік үлгілер басым болады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін саяси қозғалыстар дамудың төрт түрлі жолын таңдап шықты:

 

Бірінші - батыстық либералдық экономика мен либералдық идеологиялық.

Екінші - дәстүрлік негізде қазақтық ру-тайпалық идеология негізінде мемлекет пен экономиканы жүргізу;

Үшінші - социалистік таңдау, мемлекеттік экономиканы жүргізу арқылы дами беру.

Төртінші - әлемдік озық даму үлгілеріне негізделген жаңа идеологияны жасау арқылы қазақстандық даму жолы  моделін таңдау;

 

Әр мемлекет дамудың озық үлгісін жасауды мақсат тұтады. Даму үрдістерінің әр алуан болуы әрбір елдің тарихы, табиғи және психологиялық өзгешеліктеріне де тәуелді. Әр мемлекет өзінше қайталанбайын құбылыс.

 

Мемлекеттер әлемдік дамудың ортақ заңдарына бағынғанымен өзіне тән, төл және табиғи ерекшеліктерімен есептесе отырып дамуға мәжбүр. Кейбір мемлекеттерде өркениеттің ортақ үлгілеріне бейімделу, немесе ғаламшарлық унификацияға бейімделу күшті болса, кейбір мемлекеттер әлемдік өркениетке өзінің даму үлгісін тануға, немесе өзінің өзгеше даму жолымен жүруді мемлекеттік саясатының стратегиялық міндеті етеді.

 

Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» идеясының маңызы зор. Әрине, саяси инфрақұрылымда, саяси мәдениет пен саяси санада қазақстандық үлгінің бар екендігі даусыз. Елдегі саяси жүйенің жаңа демократиялық моделінің қалыптаса бастауы бүкіл саяси сфераның жаңаша қызмет етуіне негіз болуда. «Егер де «Қазақстан жолы» туралы айтатын болсақ,- дейді Н.Ә. Назарбаев,- әрине, бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл – жалпы конституциялық  ережелерді ғана емес, сонымен бірге саяси ережелерді, инфрақұрылымды және конфессиялық қатынастырады да қамтитын саяси да үлгі. Бұл аса бай ауқымды дүние және дәл осы мәселелерде Қазақстан үлгі аларлық мемлекет ретінде әйгілі болды. Бұл табыстар дүние жүзінде және өз ішімізде аса жоғары бағаланып отыр».

 

Президент «Қазақстан жолының» ең басты ерекшелігі ретінде поликонфессиялық және полиэтникалық мемлекетте саяси және әлеуметтік тұрақтылығының сақталуын атайды. Тәуеліздік стратегиясының халық көңілінен шығыуына және тиімді саяси шаралар мен қадамдарды қамтамасыз етуіне елдегі жас саяси партиялар өз үлестерін қосқаны анық. Әсіресе патриоттық, ұлттық платформалардағы саяси партиялар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында белсенділікпен көзге түсті. Біртіндеп барлық күш билік партияларына ауыса бастады. Себебі, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын, экономикалық ауыртпалықтарын жеңе алған саяси билік өзінің ықпалын одан әрмен күшейте  түсу мақсатында партиялық жұмысқа ден қоя бастады.

 

«Қазақстандық жолды» таңдау оңай шешілетін іс емес еді. Дамудың елдің ішкі әлеуметтік – саяси, шаруашылық – экономикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру керек болды. «Қазақстан жолы» алдымен полиэтникалық және поликонфессиялық Қазақстан халқының саяси мәдениетін, саяси санасын және танымдық деңгейін есепке алатын. Қазақстандағы билік елдің осындай «Қазақстандық жолын» таңдады.

 

Демократия институттарын қалыптастыруды мақсат тұтатын қазақстандық жолдың ерекшеліктері қандай:

Біріншіден, елдің мүдделі саяси күштермен саяси партиялардың барлығы дерлік көпэтникалық және көпдінді Қазақстан халқы үшін әлеуметтік татулықтың, саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығын түсінді. Мүдделі топтардың барлығы ұлтаралық келісім идеясы платформасында топтасты. Бұл ерекшелік жайында Н.Ә. Назарбаев «Идеологиялық жаңарудың мән – мағынасы төрт бөліктен тұрады. Біріншіден, ұлтаралық келісім. Біз бұл идеяны кейінгі жылдары тамаша жүзеге асырдық. Екіншіден, ішкі ұлттық бірлік. Біз ру мен жүз, аймақтар және басқада аумақтық бірліктер бойынша қазақтардың өздерінің жікке бөлінушілігін болдырмауға қол жеткіздік. Көптеген елдер үшін, бүгін біз көріп отырғандай, бұл тек актуальды ғана емес, қайта қатаң саяси проблема ретінде сақталып келеді. Үшіншіден, қазақстандық қоғамды жаңарту идеологиясы  жария етілді. Азаматтық қоғам институттарын, көппартиялықты, тәуелсіз ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды құру осымен бәрі жаңартылған идеология жүйесіне кірді. Ақыр соңында біз діни қозғалыстар әлеуетін де дұрыс бағаладық және діни төзімділік пен дін ұстанушылар бостандығы қажеттігін қағида етіп алдық.

 

Бұл ережелердің барлығы уақыт сынынан сүрінбей өтті». Президент еңбегінде Қазақстандағы саяси  партиялар өздерінің саяси платформаларына  қарамастан еріксіз мойындаған басымдылықтың маңызы мен негізгі даму салалары анық аталып өтіледі. Патриоттық, солшыл, центристік, либералдық  партиялардың баршасы елдегі қоғамдық, әлеуметтік және этикалық татулық идеясы маңында топтасты. Бұл құбылыстың өзі саяси партиялардың өзара күресуінің тым асқынбауына, партиялық таластардағы бітіспес антогонизмнің болмауына әкелді. Қазақстандағы саяси партиялар билікке соншалықты ұмтылғанымен елдегі этникалық татулыққа, қоғамдық және әлеуметтік келісімге және саяси тұрақтылыққа қарсы шықпады. Олардың барлығы осы ресми билік ұран еткен құндылықтарды майындайды.

 

Екіншіден, Қазақстан қоғамның негізгі салаларын түгелдей қамтыған реформалар арқылы модернизациялау саясатының іске асырылуы. Жаңару саясаты аталған басқарушы билік инициативасымен жүргізілген жаңару саясатын елдегі саяси партиялар қолдады деп батыл айтуға болады. Көпшілік  саяси партиялар реформалар саясатын жеделдетуші күшке айналды. Бірінші кезеңде экономикалық реформалар негізінде нарықтық қатынастар орнықты. Елдегі ірі саяси партияның бірде біреуі нарықтық экономиканың қажеттілігіне күдік келтірген жоқ. Саяси партиялар арасындағы дискуссия нарықтық қатынастарды жеделдету жолдарына қатысты жүрді. Басқарушы элитаның экономикалық реформалау саясаты өз нәтижесін көп күттірмеді. Қазақстан ТМД елдерінің алды болып 90-шы жылдардың ортасында дағдарыстан шыға алды. 1996 жылдан бастап Қазақстан тұрақты экономикалық даму жолына түсті. Реформалау саясаты Қазақстан экономикасын ХХІ ғасырдың басында индустиалдық елдер дәрежесіне көтере алды. Социалистік жоспарлы экономика күйрегеннен кейінгі болған терең дағдарыстық үрдістер еңсеріліп Қазақстан орта деңгейде дамыған мемлекеттер қатарына қосылды. 2006 жылы Қазақстанда дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосу туралы идея айтылды. Президенттік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін шешу Қазақстандағы реформалар саясатына жаңа серпін берді. Биліктегі «Нұр Отан» партиясымен бәсекелес «Ақжол», «Нағыз Ақжол», «Патриоттар партиясы», «Руханият» т.б. партиялар да елдің әлемдік бәсекелерге, қауіптерге, ғаламшарлық мәселелерді шешуге қабілеттілігін күшейтетін түрлі реформалардың жолдарын ұсынумен болды. 2005 жылдағы Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә. Назарбаев, - «Біз түбегейлі экономикалық реформаларға сүйене отыра қысқа мерзімде нарықтық реформалар жасай алдық. Соған сәйкес заңнама жасадық. Бүгін Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика бар», деп жазды.

 

Президент ұсынған «алдымен экономика одан соң саясат» ұранын билік партияларымен қатар центристік, тіптен оппозициялық партияларда қолдады. Оппозиция негізінен нарықтық қатынастардың әлеуметтік жүгін күшейтуге назар салады. Алайда нарықтық қатынастарды оппозиция жоққа шығарған жоқ. Нарықтық модернизация саясатын Қазақстандағы саяси мүдделі топтардың басым бөлігі өркениетті мемлекет орнатудың негізгі жолы ретінде таңдады.

 

Үшіншіден, «қазақстандық жол» елдегі демократия институттарын қазақстандық ерекшеліктерге сәйкес құруды таңдайды. Қазақстан ашық қоғам орнатуға кірісті. Президент атап көрсеткендей «Саяси тұрақтылық бәрінен де жоғары. Азиялық қоғамдағы тәртіп пен реттілік демократиядан маңыздырақ, сондықтан соңғысы біртіндеп дамытылуы керек». Бұл Ли Куан Юдың саяси кредосы. Мен мұндай әдістің жаныма жаққан екенін ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі экономика, ал содан соң саясат» деген сөзді әрдайым айтамын. Мені сол үшін  де сынағандар болды. Алайда саясатта адамдардың жақсы тұрмысы мен тыныштығынан бұрын бірінші кезекке қойған КСРО-ның құлауы ылғи да менің көз алдымда тұрады.  

 

Демек, Қазақстан демократиялық қоғам құруда асыққан жоқ. Демократия Қазақстанда эволюциялық табиғи үрдіс ретінде қалыптасуда болды. Қазақстан өзі конституциялық мақсаты ретінде айқындаған демократиялық мемлекетке қарай біртіндеп жылжи бастады. Саяси партиялар мемлекеттік биліктің демократияға бет-бұрыс жасауды жеделдету процесін қуаттауын қалады. Алайда, мемлекеттік билік бірінші басымдылық ретінде экономиканы реформалауды және нарықты дамытуды таңдады. Бірақта, демократиялық жаңару мәселелері Қазақстанда  бір сәтте назардан тысқары қалған жоқ. Әсіресе, партиялардың құрылуы, партиялық дискуссиялар партиялардың сайлау науқандарына қатысуы, сайлау аралық жұмыстары қыза түсті.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]