Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

publickz94

.pdf
Скачиваний:
139
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Ш. А. Ібжарова Л. Р. Зəурбекова

ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚ

 

ҰЛТТЫҚ

80 ЖЫЛ

АГРАРЛЫҚ

 

УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ҚОҒАМДЫҚ ПƏНДЕР» КАФЕДРАСЫ

Ш.А. ІБЖАРОВА Л.Р. ЗƏУРБЕКОВА

ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы

2010

1

УДК 001:1/14(075.8) ББК 72.3:87я73 І 12

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Республикалық оқу-əдістемелік кеңесінің гуманитарлық жəне

жаратылыстану ғылымдар мамандықтары Секциясымен басып шығаруға ұсынылды

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің Ғылыми кеңесімен басылымға ұсынылған

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің оқу-əдістемелік кеңесімен

басылымға ұсынылған Қазақ ұлттық аграрлық университеттің О. Сүлейменов атындағы

əлеуметтік-гуманитарлық білім беру жəне тəрбиелеу институтының оқу-

əдістемелік комиссиясымен басылымға ұсынылған Қазақ ұлттық аграрлық университеттің «Қоғамдық пəндер»

кафедрасымен басылымға ұсынылған

І 12 Ібжарова Ш.А., Зəурбекова Л.Р. Ғылым тарихы мен философиясы: Оқу құралы – 2- ші басылым / Қазақ ұлттық аграрлық университеті. – Алматы,

2010. – 189 б.

ISBN 978-601-241-208-6

Бұл оқу кұрал барлық мамандықтар бойынша жоғары профессионалдық білім беру шеңберінде мемлекеттік білім стандарттарына сəйкес магистр деңгейінің мазмұндық тұрғысынан қажетті минимумға жеткізу тарапында дайындалған. Бұл оқу құралда ғылымның тарихи, философиялық жəне методологиялық мəселелері бойынша отандық жəне əлемдік ғылымдағы актуалды нəтижелер көрсетілген.

Оқутышыларға, магистранттарға жəне ғылым философиясы саласындағы зерттеушілерге арналған.

УДК 001:1/14(075.8) ББК 72.3:87я73

Пікір жазғандар:

философия ғылымының докторы, профессор М. Сəбит философия ғылымының докторы, профессор С.Е. Нұрмұратов философия ғылымының кандидаты, доцент Г.А. Адаева

ISBN 978-601-241-208-6

©Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2010

©Ібжарова Ш.А.,

Зəурбекова Л.Р., 2010

2

КІРІСПЕ

Магистратура жоғары білім беру жүйесінде бакалавриат пен аспирантураның ортасында болашақ мамандардың, ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық іс-əрекетіне жеткізетін тереңдетілген ғылыми, философиялық-методологиялық, дүниегекөзқарастық жəне пəндік теоретикалық негізін талап етеді. Жалпы магистранттарды дайындау жүйесінде ғылым тарихы мен философиясы курсы дүниегекөзқарастық жəне ғылыми-методологиялық тұрғысында ең маңызды орын алады. Ғылым тарихы, философиясы жəне методологиясы оның негізгі ұйытқысы болып саналады.

Ғылым тарихы магистрлердің магистрлық диссертациясын дайындау жəне ғылыми-жұмысының жоғары деңгейіне жеткізетін білімнің маңызды компоненті болып саналады. Ғылым жəне нақты ғылымдардың тарихы ғылымның даму динамикасын, оның қоғамның дамуына əсерін ұғыну үшін мүмкіндік береді. Тарихи білім болашақ мамандарға ғылымның толық бейнесін қалыптастырады, ғылымның зерттеу контекстіне жəне əр-түрлі аспектілеріне өткірлі сезіммен қарауға мүмкіндік береді.

Ғылым философиясы ғылым аралаларындағы байланыс пен философия білімінің əртүрлі бөлімдерінің дамуының қажетті негізі болып есептелінеді, нақты арнаулы ғылыми пəндердің философиялық мəселелерін кеңейтеді жəне тереңдетеді. Философия білімі тек ғылымның дамуының себепшісі емес, сонымен бірге ғылыми білімнің ажырағысыз бөлігі, яғни ғылымның бір мүшесі болып кіреді. Ғылым философиясы шеңберінде ғылымның өзіндік санасының əлеуметтік-мəдени тұрғысындағы көрінісі анықталады, ғылым қоғамның рухани дамуының контекстінде ұғынылады, ғылыми білімнің даму құндылық мақсаттары мен ғылыми-зерттеу кəсіптік тəжірибесі қалыптасады. Ғылым философиясы ғылымды əлеуметтік институт ретінде, яғни мықты өндірістік күш, ғылыми білімнің жүйесі жəне қоғамдық сананы қалыптастырушы ретінде негізін ашуға мүмкіндік береді. Осы білімдер болашақ маманның ғылыми, педагогикалық іс-əрекетінің кеңістігін қалыптастырады.

Ғылым методологиясы магистрантқа қазіргі ғылым мəселелері мен методологиялық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді, əдіс теориясымен, яғни принциптермен, подходтармен, тəсілдермен, ғылыми іс-əрекетін əдістерімен қаруландырады. Ол ғылым методологиясы мен логикасын ұғынуға, ғылымизерттеу жұмыстың методологиялық мəдениетін көтеруге мүмкіндік жасайды.

3

1. ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ: ПƏНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ПƏНДІК АЙМАҒЫ

Дəріс мақсаты: Ғылымның анықтамасын жəне ғылымның əлеуметтікмəдени құбылыс ретінде əр-түрлі анықтамаларын беру. Ғылымның пəнін жəне нақты ғылымдардың пəндерін көрсету. Ғылымның функциялары: мəденикөзқарастық, əлеуметтік, өндіріс күш ретінде көрсету. Ғылым талдауында подходтардың эволюциясына тоқталу. Ғылымның қазіргі концепцияларының классификациясы: неопозитивизм, ғылыми зерттеудің логикасы, ғылымның онтологиясы, ғылымның постпозитивистік бейнесін ашу. Ғылым тарихы мен философиясы пəннің статусы жəне мəселелерін қарастыру. Ғылым тарихы мен философиясының пəн ретінде дамуының бағасын беру. Ғылым философиясы, ғылым тарихының жəне ғылым методологиясының байланысының өзгешелігін көрсету.

Негізгі терминдер:

Ғылым – əр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі:

пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.

Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.

Ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы.

Ғылым философиясы – философияның бір аймағы, пəндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым əлеуметтік институт ретінде жəне қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; əр-түрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мəселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мəдениет пен қоғамның өзара қарымқатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым əлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық жəне құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылымитехникалық саясат пен ғылым меңгеруі.

Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.

4

Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Əрі ол таным процесінің күрделі нəтижесі болып табылады.

Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы,

құрылымы мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтің философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пəн.

Экстернализм бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлар əсер етеді жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болады. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға əсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/.

Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің қорытыңдыларына қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады деп тұжырымдайды.

1.1 Ғылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер

Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан əрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниесін танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.

Сонда ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктер бір мағынада ма? Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа, ұзаққа созылатыны жəне де оның адамның жаңа əрі тың білімді игерумен байланысты

екені алғашқы тауарлардан мəлім.

Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.

Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды.

Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мəнді жақтары

5

мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.

Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі болып табылады.

Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат,

жүйеленген, қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.

Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылым жүйелі ой пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе философия болғаны белгілі.

Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дəуірімен жəне Жаңа заман кезеңімен байланысты. Капиталистік өндіріс тəсілінің орнығуы, өндіргіш күштердің күрт дамуы, техника саласындағы табыстар. Орасан зор географиялық ашылымдар жаңа дəуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылды.

Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік жəне əлеуметтік, логикалық факторлар əсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптар - əлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторларға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторларға жатады. Сондай-ақ əрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің туындауы. Ғылымның əлеуметтік мəні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда əлеуметтік жəне логикалық факторлардың бірлігі қажет.

Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика

дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат

мəдениетінің жоғарғы саласы.

Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты.

Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу

жəне қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.

6

Ғылымға енетін қағидалар дəлелденген жəне негізделген болуы керек. Күмəн туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады.

Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен

бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі ғылымның

ерекшелігінің бірі.

Ғылымның техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа жəне ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі жəне қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.

Сөйтіп ғылыми білімнің ерекшеліктері:

1.идеалдылығы;

2.ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;

3.жүйелілігі;

4.шынайы нақтылығы;

5.жаңалылығы;

6.экспериментке неізделуі.

Келешекте білімнің əр-түрлі салалары бір-біріне тең жəне еркін шығармашылық мақсатпен дамиды деген көзқарас үстемді болады.

Ғылыми білімнің құрылысы /структурасы/ ғылым класификациясымен байланысты. Классификацияның қажетті өлшемдері:

1.классификация нəтижесінде ғылыми білімнің еш түрі бөлінбей қалмау

керек;

2.олар бір-бірін жоққа шығару қажет;

3.бөлу негізі бəріне ортақ болу керек.

Философия тарихында танымалы ғылым классификациялары:

1.Г.Ф.В. Гегельдің /1770-1831/, негізінде абсолюттік идеяның дамуы жатыр; логика, табиғат, рух; үш класс пайда болады: 1. логикалық ғылымдар; 2. табиғат туралы ғылымдар /механика, физика, химия, биология/; 3. адам туралы, қоғам жəне мəдениет туралы ғылымдар /антропология, психология, тарих, философияға өзгеше роль жүктейді «ғылымның ғылымы»/.

2.Фридрих Энгельстің /1824-1895/, негізінде материяның дамуы мен түрлері жатыр; 1. тірісіз материя туралы ғылымдар /механика, физика, химия/;

2.тірі материяның түрлері туралы ғылымдар /биология/; 3. материяның əлеуметтік түрлері туралы ғылымдар /əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар/; «шекаралалы» ғылымдар /физикалық химия, биохимия/; комплекстік /логика, философия/.

7

3.Владимир Иванович Вернадский /1846-1945/ объектілердің масштабының мөлшерін қолданды; оның классификациясында екі үлкен ғылыми топтар пайда болды: 1. бүкіл реалды дүниені, ғарыш кеңістігін зерттейтін /физика, химия, математика, астрономия/; 2. жер реальдылығын /биологиялық, геологиялық, географиялық, əлеуметтік-гуманитарлық/ ғылымдар зерттейді. Мысалы, осы ғылыми білімнің классификациясы бойынша биология ғылымы: - зерттеу бағыты бойынша /микробиология, ботаника, зоологияға/ бөлінеді; - қасиеттеріне қарай /морфология, молекулярлық биология, экология, генетика/ пайда болады; - құрылысты ұйымдастыру /анатомия, гистология, цитология т.б./ - сонда, бəрін жатықтық, яғни ғылымдарды бір сызық, реттілік бойынша құрастырды.

4.Огюст Конттың классификациясы да танымалы болған. Бұл классификация қарапайым қозғалыстарды зерттейтің ғылымдардан басталып – механика мен физикадан, қозғалыстың жоғары түрлерін зерттейтің əлеуметтанумен бекітіледі. Сөйтіп, келесі ғылымдар əуелгі ғылымдардың заңдары мен принциптарын қолданып, өздерінің ережелерін еңгізген.

 

Социология

 

Ғылымның

Биология

 

Химия

Жалпы

пəнінің

қиындығы,

Физика

заңдылыықта

позитивті

Механика

рдың азаюы

кезеңге көшу

Астрономия

 

реттілігі

Математика

 

19 ғ. позитивизімге қарсы келесі классификацияларын ұсынғандар Вильгельм Дильтей /герменевтика/ мен Вильгельм Виндельбанд жəне Генрих Риккерт /неокантианшылдық мектеп/.

Герменевтика: Дройзен, Дильтей, Зиммель жəне Макс Вебер.

Дройзен пікірінше: түсіндіру мен түсінудің дихотомиясы мəлім (Erklaren и Verstehen). Табиғаттану ғылымдардың мақсаты – түсіндіру болса, тарихтың – түсіну /пайымдау/.

Осы ойлар Дильтеймен жүйелі түрге келтірілді. Түсіну туралы ғылымдарды қолданатын рух туралы ғылымдар деп саналады

(Geistwissenschaften) - (moral science).

Дильтейдің пікірінше: «Табиғатты біз түсіндіреміз, ал рухани өмірді түсінеміз».

Табиғат туралы

Рух туралы

ғылымдар

ғылымдар

Түсіндіру

Түсіну

 

/пайымдау/

5. В. Виндельбанд пен Г. Риккертің классификациясы: табиғат туралы ғылымдарға қатысты натуралистік дүниегекөзқараспен методологиясы туралы тезиске қарсы шығады.

8

Табиғаттану мен тарихи ғылымдар əр-қашанда өз-арасында принципиалды қайшылықта болу қажет. Оның себебі, олардың ұғым қалыптастыру айырмашылығында жатыр. Тарих өзінің мəліметтерін жалпы ұғымдық деңгейге келтірмейді.

Номотетикалық - идеографиялық, генерализациялау - индивидуалдандыру. Құндылықтар, «тарихи индивидттер».

əдіс/құндылық

құндылықтан

мəдениет пен

 

айырылған табиғат

құндылықтарға қатынас

номотетикалық

таза табиғаттану:

құндылықты,

генерализациялау

физика мен химия

генерализацияландыратың

 

 

ғылымдар: экономика

 

 

теориясы, əлеуметтану

идиографиялық

табиғаттану

мəдениет туралы

индивидуалдандыру

ғылымдардағы:

ғылымдар: тарих,

 

«квазитарихи

əдебиеттану

 

элементтер»: күн

 

 

жүйесінің тарихы,

 

 

биологиялық түрлердің

 

 

тарихы

 

6.Логикалық позитивизмнің /неопозитивизм/ (1920-50 жж.)

классификациясы.

Екі мағынадағы сциентизм:

білімді тек ғылым нақты түрде береді;

барлық ғылымдардан «үстемді ғылым» - физиканың əдісіне сүйену

қажет.

Формалды ғылымдар:

логика, математика жалған ғылымдар: астрология, психоанализ

Қазіргі жағдайда қолданылатын ғылым классификациясы

Фактуалды ғылымдар:

 

физика, биология, тарих т.б.

Метафизика

Формалды

 

Табиғаттану

Əлеуметтану

Гуманитарлық

 

 

 

 

 

 

 

нақты

 

Конфигурациял

 

 

логика

 

 

ық

экономика

тарих

математика

физика

геология

əлуметтану

əдебиеттану

 

химия

 

ботаника

 

 

 

 

 

 

 

 

Əрине, бұл классификацияны біз «жұмысшы» түрінде қабылдаймыз, сонымен бірге, ол ғылымның негізгі типтік айырмашылықтарына сілтеу жасайды, сөйтіп, эмпириялық пен теориялық əдістерде қолданылатын пəндік

9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]