Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1 каз

.pdf
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ № 1

1.Қонақ үйінің түрлері. Қонақ үйлерінің көлемдікжайғастыру шешімдері, нормативті талаптар.

Қонақ үйінің негізгі түрлері. Қонақ үйлер максатына,эксплуатациясына байланысты келесі түрлерге бөлінеді-жалпы түрі,туристтерге арналған,спорсмендерге арналған,транзитты пассажирге арналған,мотельдер және т.б.Олардын барлыктарында өзіне ғана тән өзгешеліктері бар,олардың барлығы ғимаратты жобалау кезінде ескеріледі.

Қонақ үйлердің жалпы түрі барлық адамдарды орналастыруға арналған,соның ішінде делигацияларды,қонақтарды,туристтерді және спортсмендерді.Сол үшін қонақ үйлер түрлі санатқа(категория) бөлініп,нөмірлердің құрамы түрлі болып келеді.

Курортты қонақ үйлер – көбінесе көркем табиғи аудандарда,теңіздердің,өзендердің,көлдердің,таулы және орманды жерлерде салынады.Комфортты міндетті түрде қамсыздандыру керек. Курортты қонақ үйлердің құрамына жыл бойы жұмыс істейтін бассейин,спорт залдар,кинозалдар,кітапханалар,муз. салондар,ойнауға арналған бөлмелер және т.б.

Туристтік қонақ үйлер-туристтерді жайғастыруға арналған қонақ үй.Туристтер көбінесе топ болып сапар шегкенде, қонақ үйдің нөмерлері екі,үш, немесе төрт адамға арналған болады,орта деңгейлі абаттандырумен. Қонақ үй екінші немесе үшінші категориялы бола алады.Осындай түрлі қонақ үйлерде турисстік топтарды жинауға арналған бөлмелер,және мәдениетті шараларды үйымдастыруға арналған бөлмелер болады.

Спорсмендерге арналған қонақ үйлер- көбінесе спортты кешендердің маңайларында жайғастырылады.Осы қонақ үйлер орта деңгей комфортты бола алады, бірақ нөмерлердің сыйымдылығы 4 кісіге дейін болады.Бөлмелердің ішінде спортзалдар, және мәдениетті шараларды үйымдастыруға арналған бөлмелер болады.

Транзитты пассажирге арналған қонақ үйлер- қысқа мерзімді аялдамаға орналасқан пассажирлерге арналған.Олар көбінесе аэропорттардың,вокзалдардың,порттардың қасында орналасады.Осындай қонақ үйлер 2-ші немесе 3-ші категорияларға жатады,24 сағат бойы жұмыс істейтін асханалар болу керек.Соңғы уақытта осындай типті қонақ үйлерді қаланың ортасында ,немесе үлкен кәсіпорындардың,ғылыми орталықтардың маңында салады.Жұмыс бойынша келген адамдарға арналған.Олардың ең басты айырмашылығы жиналуға арналған бөлмелер, мәдениетті шараларды үйымдастыруға арналған бөлмелер, және пресс-конференцияларға арналған бөлмелер.

Типы гостиниц: Қонақ үйінің негізгі түрлері.

Люкс-қонақ үйі- көбінесе қалалардың ортасында орналасады. Кіші немесе орта кәсіпорындардың бөлігі болып келеді.

Мотель- автожолдың маңында салынатын, кішкентай үй болып келеді.Сервис деңгеі орташа болып келеді.

Кемпинг- минималды жайлылығы болатын жазғы үйлер немесе шатырлар.Көбінесе экстримды,спортты жақсы көретін адамдар кемпингті көп жақтайды.

Пансион- кішігірім қонақ үй,ішіне қонақ үйдің барлық қызметі кіріді.

Хостел- жатақхана,студенттерге арналған қымбат емес қонақ үй.

Қонақ үйлер қызмет сапасына қарай шартты түрде жұлдыз санына қарай бөлінеді:

Бір жұлдыз- арзан қонақ үй,минималды қызмет атқарумен.Барлық нөмерлері бір типті болады.

Екі жұлдызды-аз бюджетті қонақ үй, минималды қызмет атқарумен,нөмерлерді күнделікті жинаумен.Бір немесе екі типті нөмерден тұрады.

Үш жұлдызды- орта классты қонақүй,стандартты қызмет атқарумен:күнделікті жинастырумен,санузел,теледидармен,мини-бармен немесе тоңазытқышпен әр нөмерде.Қонақ үйдің территориясында кір жуатын орын,бассейн,тренажерды зал,бизнес-орталық,сонымен бірге таңғы асқа арналған орын да болады.Қонақ үйдің ішінде нөмерлердің әр түрі болады(бір адамға арналған,екі бөлмелі,темекі тартатындарға,темекі тартпайтындарға арналған және де т.б.)

Төрт жұлдызды- жоғары классты қонақүй,үш жұлдызды қонақ үйдің атқаратын қызметтерін атқарып,сонымен бірге арнаулы қызметтері болады.(спа,массаж,барлар мен ресторандар,конференцзалдар).Осындай қонақ үйдің бағалары орта бағалардан жоғары болады.

Бес жұлдыз- люкс классты қонақ үй.Ең басты айырмашылығы үлкен атқарау қызметімен,әсіресе ерекше қызметтері.(жеке гольф клуб,үй қызметшісі бар көп бөлмелі үлкен үй).Қонаққа персоналды назар аударылады,оның барлық тілектері ескеріледі.Бағалары жоғары болып келеді.Осындай қонақ үй ең жоғары сервисті болып келеді.

Қонақ үйлерінің көлемдікжайғастыру шешімдері, нормативті талаптар.

Қызметі бір бірімен жақын бөлмелерді функционалды байланыстыру үшін,оларды үлкен группаларға байланыстырады: тұрғын болме,вестибюль,асханалар,мәдени шараларға арналған,спортты,адменистративті,және техникалық(бойлер бөлмесі,венткамералар.).Орта және үлкен сыйымдылығы болатын ғимараттарда бір неше кіретін есік болады:1-бас есік,2-асханаларға арналған есік,3-персоналдарға арналған есік,4-спортты кешендерге арналған есік.және т.б.Тұрғын кещендердің осындай көлемдік жайғастыру қолданылады:дәліздік(коридорный) ,галереялық,компакттық,түйін(узловой),немесе атриумды.

Дәліздік жоспар-тұрғын бөлмелерді,қызмет атқ бөлмелер мен коммуникациялық бөлмелерді горизонталды, традиционды және массалық орналастыру.Түрлі ұзындықпен жобаланатын,бір этажда 10 немесе 50 нөмерлерді жайғастырады.Нөмерлерді жақсы бағдарлау үшін оларды дәлізге бұрыш астында орналастырады. Қабаттының және сыйымдылықтың өсуімен жоспар нұсқалары екі қатарлас немесе сақина дәлізді болады, ғимараттың нұр түсетін жағына толықтай тұрғын нөмірлерін және эвакуациялық баспалдақтарды орналастырады,барлық қалған тік коммуникацияны, лифт холлдарды, қосалқы бөлмелерді дәліздердің арасына орналастырады.Қызмет көрсету радиусы азаяды,

жоспардың жинақылығы өсіп, ғимараттың бір бөлігі ауқымданады,бұл жылу жоғалтуды азайтады, отынның шығынының үнемдеуге көмектеседі.

Галереялық жоспар- нөмерлердің бір қатарда орналасатын жоспар. Ғимараттың бір бөлігінің ені кішкентай болғандықтан,коммуникациялары көлденең болғандықтан, Техника-экономикалық жағынан тиімсіз болып келеді. Сол себептен аз қолданылады, көбіне ыстық ахуалда.

Шағын(нүктелік) жоспар-Биік,көпқабатты қонақүйдін мұнараларын жобалауда қолданылады.Көбінесе төртбұрышты,тіктөртбұрышты,дөңгелек,сопақ,немесе үшбұрышты жобалар қолданылады.Дөңгелек жоспарларда нөмірлердің радиалдық және ортаганалдық орналасуы болады.Максималды сыйымдылықты,нөмерлердің радиалды орналасқан төртбұрышты және дөңгелек жоспарлары қамтамасыз етеді.

Түйінді жоспар-көпқабатты,көпсыйымды қонақүйлерде қолданылады.Олардың санитарлық түйіншектері ортада орналасады,соған байланысты дәлізді немесе галереялық жоспарлардың ұзындығы орнатылады.Сәулелік,таврлық және екітаврлық сызба қолданылады.Сызба құрылыс салудың шарттарымен,бағдарлаумен,компазициямен таңдалады.

Атриумды жоспар-тұрғын нөмірлердің сақина тәріздес ашық немесе жабық ауланың ішінде орналасуы.Ғимарат пирамида,цилиндр,немесе паралепипед тәріздес болып келеді,атриумның аясы қуыс арқылы пайда болады,ал қабықшаны-тұрғын нөмерлер мен ғимараттың жабыны құрастырады.Атриум қоғамдық мақсатта қолданылады,көбінесе қысқы бақ,демалуға арналған орындар жасалады.

а- коридорная;дәліз б - галирейная;галерея в -

двухкоридорная;екі дәлізді г коридорно-кольцевая;дәлізді-сақиналы д - узловая;түйінді е - башенная (точечная);мұнара(нүктелі) ж - атриумная с открытым двором артиум-ашық ауламен; и - то же, с двором крытым артиум-жабық ауламен

Сыйымдылығына қарай қонақ үйлер осылай бөлінеді:

-кішк көлемді(100 нөмерлерге дейін);2-орта көлемді (100 ден 300 нөмерлерге дейін);3-үлкен көлемді (300 ден бастап 1000 нөмерлерге дейін);4-аса ірі(1000 нөмерлерден көп)

Функционалдық белгілеуіне қарай:

1)мақсатты қонақүйлер,құрамына кіреді: а)іскер қонақ үйлер; б)демалуға арналған қонақүй; в)транзитті қонақ үй,

г)көп ауқыт аралығына тұруға арналған қонақүй

Конструкция типіне және материалдарға байланысты,қонақүйлердің келесі типтерін анықтауға болады:

-қаңқа; -монолитті ; -блокты;

Қонақ үйлерінің көлемдікжайғастыру шешімдері, нормативті талаптар.

Қонақ үйдің құрылысының негізгі көлемін ортақ және үлкен сыйымдылықты бөлмелер

құрайды.

Бір бірімен тікелей байланысты бөлмелердің функциялық байланыстарын ұйымдастыру үшін,оларды үлкен топқа байланыстырады:тұрғын,вестибюлді,асханалар,мәдени орталықтар,спорттық, әкімшілік ,техникалық (бойлерлер,венткамералар). Орта және үлкен сыйымдылығы болатын ғимараттарда бір неше кіретін есік болады:1-бас есік,2-асханаларға арналған есік,3-персоналдарға арналған есік,4-спортты кешендерге арналған есік.және т.б.

Қоноқүйдің негізгі бөлмелер топтарының байланыстары:А- функционалды схема;1- вестебюль группасы;2-тұрғын топ;3-асхана;4-мәдени және спорт орталықтары;5- тұрмыстық қызмет көрсету;6-әкімшілік;7-техникалық бөлмелер;а- қонақтардың қозғалысының жолдары;б-қызмет көрсететін адамдардың қозғалысының жолдары;Б- тұрғын және қоғамдық бөлмелердің орыналасуының нұсқалары:1-ішіне қосылған;2-ішіне салынғанқасына салынған;3-қасына салынған;4-павильон;В-қонақ үйдің ішінде тұрғын және қоғамдық бөлмелердің орыналасуының мысалдары;в- тұрғын бөлмелер;с- қоғамдық бөлмелер;

Тұрғын және қоғамдық кеңістіктің өзара байланысын қонақ үйлерде келесі бір принцептері арқылы ұйымдастырады:бір ғимаратта болатын белгілі бір габаритте орнатылған;Қоғамдық бөлімді басты габбариттен бөлек орнатылған(ішіне салынған-қасына салынған);павильонды(қоғамдық және тұрғын бөлмелерді екі түрлі ғимаратта орналастыру)

Қоғамдық және тұрғын бөлмелердің арасында техникалық қабатт болу керек,кейде конструктивті жүйенің өзгерісі керек.(мысалыға:тұрғын үйлердің каңқасыз жүйесінен,қоғамдық бөлменің қаңқалы жүйесіне ауысу)

2 Азаматық ғимараттардың үлкен мөлшердегі блокты қабырғалар.

Қабырғаларды табиғи немесе жасанды үлкен көлемді тастардан жасаса,оларды үлкен мөлшерді қабырғалар деп атайды. үлкен мөлшерді блокты қабырғаларды жасаған кезде жеңіл бетондар қолданылады (шлакобетон, керам-зитобетон, ячеистый бетон, силикатная масса и др.). Ізбестасты, қайыршақтастарды немесе туфы шығаратын аудандарда,олардан қажалған үлкен мөлшерді блоты қабырғалар қолданылады.

Үлкен мөлшерді блокты қабырғалардың негізгі пішіндерінің бірі- тіктөртбұрышты парааллелепипед. Үлкен мөлшерді блокты қабырғалы ғимаратты соғу үшін,түрлі пішінді блоктар қолданады:олардың қалындығы қабырғаның қалындығына тен,ені-терезенің ойығына тең,биіктігіқабырғалардың блоктарға бөлінуіне байланысты,қабатқа қарай.

Панельдерді бөледі: 1)мақсатына қарай:

-цокольды -қатарлы -қабырғалы

-тосқауыл(перемычечные) -бұрышты -жақтау(парапетные) -карнизді

2) материалға байланысты:

-жеңіл және торлы бетоннан -ауыр бетоннан -асбестоцементті парақтардан; -металлдан жасалған парақтар;

3) құрылысына қарай

-қаңқасыз –бір қабатты және екі қабатты -қаңқалы

Үлкен мөлшерді блоктар ғимараттардың қабырғаларына арналған ,жасанды немесе табиғи үлкен көлемді тастар болып келеді. Қабырғаларды қабатқа және блоктардың құрылыс материалдарына байланысты,олардың техникалық мүмкіндіктеріне қарай, дайындау және жүккөтерімділік крандарға байланысты бір неше қатарға бөледі.Қабырға тілу екі немесе төрт қатарлас болып келеді.

Екі қатарлас тілу –ең көп қолданылатын болып келеді.(екі блок бір қабатқа),монтажды жұмыстардың санын қысқартады. Қабырғаның жазықтығы белгіленген тілу жүйесіне байланысты қабырғалы(қатарлы және бұрышты),терезе алды,ұстатқыш,және белдік блоктар.

Төртқатарлы қабырғаларды тілу кезінде үш блоктарды қабырғаларға қалайды,ал төртіншісі ұзартылған қоспаның рөлін атқарады.

Блоктармен бірге кірпіштін және керамикалық тастарды барлық түрлерін қолданады.Кірпіш блоктардың қалындығын,кірпіш қабырғалардың қалындығына келтіріп жасайды(250,380,510 және 640 мм),құрылыстың климаттық жағдайларына,түскен салмаққа және қабатына қарай.

Табиғи тастардан жасалған блоктарды тасты сілемнен тас кесетін машиналармен кеседі, немесе үсақ ерітіндіде жасалған тастардан жасайды.Блоктардың қалындығын 300,400,500 және 600 мм деп алады.

Ішкі қабырғалардың блоктарын және жертөленің қабырғаларын ауыр бетоннан жасайды.Блоктарды тігістің ретін сақтай отырып, ерітіндіде салады.Блоктардың арасындағы тік түйістер,іріблокты ғимараттарда ең басты жері болып келеді,үйткені олардың мұқият бітеуінен жылы және дыбысоқшаулауышы тәуелді болады.

Тік түйістер бөлменің жағынан ашық немесе жабық бола алады,сондықтан блоктарды ширек немесе жікпен жасайды.

Ширек блоктарды көбінесе сыртқы қабырғаларда қолданады,үйткені ширектер түйісті жел соғудан сақтайды.Ширек блоктардың қабысуы кезінде бөлме жағынан тік жік пайда болады.кейде оларды ішпекпен қымтайды,ал қалған каналды бетонмен немесе ерітіндімен толтырады.

Жікті блоктарды ішкі қабырғаларды жасаған кезде қолданады.Жабық тік каналды,екі шектес блоктарды қойған кезде пайда болады,оларды бетонмен немесе ерітіндімен толтырады.

Афин акрополінін сәулеті.

3. Афиналық акрополь архитектурасы.

Афиналық акрополь (греч. Ακρόπολη Αθηνών) — Афина қаласында 156 метр биіктікте

орналасқан бекініс. (шамамен ұзындығы 300 м, ені 170 м)

Афиналық акрополь – әлемдегі ең әйгілі акрополь болып табылады. Ол Грецияда Афина қаласындағы Акрополис белесінде теңіз деңгейінен 156 м биіктікте орналасқан. Оның ең алғашқы қамалдары классикалық кезеңге дейін қаланған. Архаика кезеңінде бұл жерлерде атақты шіркеулер, мүсіндер, басқа да әулие жерлер орналасқан. Ал микеналық кезеңде (б.з.д. ХҮ-ХІІІ ғғ) негізгі патшалық орталық орналасқан жер болған. Б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ Акрополде үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қатыгез билеуші Писистрате (б.з.д. 560-527 жж) кезінде патшалық орталықтың орнына Афиналық әйел құдай Гекатомпедон құрметіне шіркеу салынған болатын. Бірақ бұның бәрі Афинаны б.з.д. 480 жж жаулап алған персиялық патша Ксеркс кезінде жойылды. Жаңа Акропольдың архитектуралық жобасы Перикл кезінде іске асты. Құрылыс 18 жыл бойы Периклдың досы, грекиялық ұлы мүсіншілердің бірі – Фидияның басшылығымен іске асты. Жалпы бұл архитектуралық кешеннің салынуына б.з.д. Ү ғасырдың екінші жартысы кетті.

Акропольге кіретін есікте тереңірек колоннада діңмаңдайша орналасқан. Ондағы жанама есіктер жаяу жүретін адамдарға, ал ортаңғы есік құрбандыққа шалатын жануарларды алып кіретін арбалар өтуге арналған. Пропилеяның сол жағынан пинакотека ғимараты жалғасып салынған. Онда Аттика қаһармандарының суреттері қойылған галлерея орналасқан. Ал оң жағында жеңіс құдай Никаға («Қанатсыз жеңіс») арналған тікбұрышты Ники Аптерос шіркеуі тұрғызылған. Пропилейден кейін белестің жалпақ тасты шыңында Афинаның үлкен қола мүсіні Промахос (Жауынгер әйелдер) тұрғызылған.

Ең басты және ең негізгі назар аударатын ескерткіш – Парфенон болып табылады. Ол – осы жердегі ең үлкен құрылыс, оны Ежелгі Грекияның «әнұраны» және «қарапайымдылық символы» деп те атайды. Парфенон ескерткішін архитекторлар Иктин және Калликрат салған.

Парфенона ғимараты жергілікті ақ мәрмәр тастан тұрғызған. Биік тұғырда архитектор Фидияның жұмысы 12 метрлік Афина-Бикеш мүсіні орналастырылған. Бұл мүсін хризоэлефантин (әдеттегідей қола мен мәрмәр тастан емес, пілдің сүйегі мен алтыннан) жасалған. Шіркеудің ішкі бұйымдары сақталмаған, тек кішкене бөлігін Парфенон артында орналасқан мұражайда көруге болады. Әсіресе түрік шабуылы кезінде шіркеудің қабырғалы көп зақымданған. Түріктер Ника Аптерос шіркеуін қиратып, оның қираған қабырғаларын зеңбіректер оғынан бекініс ретінде пайдаланған. Кейін гректер барлық дерлік қабырғаларды тауып шіркеуді қайта тұрғызған. Парфенон екі мыңжылдық аралығында қираусыз тұрды. Ол басында хритиандық шіркеу болды, кейін мұсылмандық мешітке айналды. Бірақ, түріктер мен венециандықтар арасындағы бір соғыста, 1687 жылы, венециалық ядро Парфенонға түседі.қатты жарылыс кезінде барлық 46 тұғырдың 14-і қирайды. Тұғырлар кейіннен уақыт келе қайта тұрғызылды, бірақ ғимарат шатырсыз қалды. ХІХ ғасырдың бас кезінде Оттоман империясындағы британиялық елші, лорд Эльджин Грецияның билігінің қарамағында болған кезде Парфенонның фризін әшекелейтін 17 пішін сатып алды және оны ағылшын билігіне сатты.Қазыр ол Лондонның Британдық музейінде сақтаулы.Парфеннонның бөліктерін түп-нұсқа арқылы емес,көшірме арқылы қалпына келтірді.Соңғы он жылдықта

Акропольдегі мраморларды жейтін және оны гипске айналдырушы, ең басты қас жауы,қышқылды жаңбыр,улы түтін болды.

.

1.Парфенон

2.Гекатомпедон

3.Эрехтейон

4.Статуя Афины Промахос

5.Пропилеи

6.Храм Ники Аптерос

7.Элевсинион

8.Бравронейон

9.Халькоте ка

10.Пандросейон

11.Аррефорион

12.Афинский алтарь

13.Святилище Зевса Полиея

14.Святилище Пандиона

15.Одеон Герода Аттического

16.Стоа Эвмена

17.Асклепион

18.Театр Диониса

19.Одеон Перикла

20.Теменос Диониса

21.Святилище Аглавры

22.Парфенон

23.Гекатомпедон

24.Эрехтейон

25.Афина Промахос мүсіні

26.Пропилеи

27.Ника Аптерос шіркеуі

28.Элевсинион

29.Бравронейон

30.Халькоте ка

31.Пандросейон

32.Аррефорион

33.Афинский алтарь

34.Зевс Полией құдай үйі

35.Пандион құдай үйі

36.Одеон Герода Аттического

37.Стоа Эвмена

38.Асклепион

39.Дионис театры

40.Одеон Перикла

41.Теменос Диониса

42.Аглавр құдай үйі

4. Қала құрылысының жайғастыру нұсқаулары. (мысалдар келтіру).Түзулік және радиалдық шешімдері.

Елді мекендердің жоспарлы құрылымы – бұл бір мекеннің кеңістікте табиғат жағдайларына және елді мекеннің функционалдық көрсеткіштерінің ерекшеліктеріне байланысты орналасуы. Қаланың жоспарлы құрылымы жер бедерінің типіне, жалпы табиғат жағдайларына, ішкі ортаға, қаланың функционалды көрсеткішіне, мемлекеттің немесе сол өңірдің салт-дәстүріне және т.б. байланысты болады.

Жоспарланған құрылым типтері табиғат жағдайларына, қаланың функционалды көрсеткішіне, сонымен қатар белгілі мемлекеттің салт-дәстүріне байланысты қалыптасқан. Бұл факторлардың әр түрлі қисындары (комбинациялары) қалалар жоспарларының әртүрлілігін де анықтайды.

Іс жүзінде қала көщелерін тұрғызудың негізгі 6 схемасы қалыптасқан:

Радиусты

Радиусты-орамды

Сәулелі

Тұрақты

Аралас

Ерікті (көркем сурет)

Қаланың(көшенің) құрылымының типтері: -1.(гиподамова жүйе) тіктөртбұрышты, 2.радиусты(орамды), 3.көркем сурет (60° немесе 30° өзендер қайталанатын көшелер) , 4.Аралас (қиыстырылған)

1

2

3

4

Шахматты жоспар (планировка). Ежелгі мекендердің құрылысы кезінде екі көшенің қиылысуынан пайда болған (Пекин, Киото), сонымен қатар мұндай тип тек ежелгі қалаларда ғана емес, Чикаго секілді жаңға қалаларда да қолданылған. Мұндай құрылыс кезінде бастапқы жоспарланған құрылым табиғат объектілері (бедерлер, өзендер) кедергі болғанша ұлғая береді. Шахматты жоспардың (планировка) негізгі жетіспеушілігі құрылымның бұрышынан ортасына қарай жылжудағы ыңғайсыздығында.

Шахматты жоспар (планировка). Ежелгі мекендердің құрылысы кезінде екі көшенің қиылысуынан пайда болған (Пекин, Киото), сонымен қатар мұндай тип тек ежелгі қалаларда ғана емес, Чикаго секілді жаңға қалаларда да қолданылған. Мұндай құрылыс кезінде бастапқы жоспарланған құрылым табиғат объектілері (бедерлер, өзендер) кедергі болғанша ұлғая береді. Шахматты жоспардың (планировка) негізгі жетіспеушілігі құрылымның бұрышынан ортасына қарай жылжудағы ыңғайсыздығында.

Радиалды-сақиналы жоспар-құрғақ жолды және сулы трассалардың қосылған жерінде пайда болады,(мыс Мәскеу),қала орталығына қол жетімді,және келещекте жолды үлкейтуге мүмкіндігі бар.Бірақ осындай шектеусіздік қалалардың экологиялық жағдайын төмендетуде.

Көп сәулелі немесе жұлдызды құрылым.Өткен түрдің өзіндік өзгерісін ұсынады,тығыз емес құрылыс аудандарындағы табиғатты қорғау мәселелерін шешуге көмектеседі.Бұндай жоспар қалаларда және жол мен өзендердің қиылысқан жерлерінде қажет,У-тектес қосылымдар пайда болады.

Көпядорлы немесе жапрақша құрылымы. Өзара байланысқан бір емес бірнеше қалалық орталықтардың қосылуынан пайда болады.Көп мемлекеттер қоршаған ортаны сақтауға үлкен талап қояды,әр бір жапырақша жақсы функциялық жиынтыққа ие,және олар магистральдармен өзара байланысы.

Бейретті жоспарлақұрылым.Көбінесе апат кезінде пайда болады, мыс Африка және Азия елдерінде,көбінсе ескі қалаларда пайда болады.

Сызықты және радиалдысақиналы шешімдердің айырмашылығы. радиалдысақиналы нобай өз орталықтығымен компактылығымен сипатталады,ұзындау болып келеді.ҚР-ның нобайының құндылығы іргелі жоспар түрімен,орталықтың қолжетімділігімен,және қоршаған ортаға зиян келтіру аздығымен сипатталады.Бұл нобайды жүзеге асыру үшін тұрғын саны шектеулі болу керек.Егер адам саны көбейсе орталық табиғи жағдайдан алшақ болады.

Сызықтық нобайда-әр бір тұрғынды қоршаған ортаға жақындатуға мүмкіндік береді.Магистраль қасында орналасқандықтан,жолға кететін уақыт унемделеді.Сызықты нобайдың көлемінде,орталыққа жақындығын қамтамасыз ету қиындыққа соғады.Экологиялық байланыстар үзіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]