Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Daris_Sayasattanu

.pdf
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
473.21 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

САЯСАТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ

Пән аталуы: Саясаттану

Мамандығы: Барлық мамандықтар Оқу нысаны: күндізгі

Алматы, 2013 ж.

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ

1- тақырып. Саясаттану – ғылым

Дәріс жоспары:

1.Саясаттанудың объектiсi мен пәні

2.Саясаттанудың әдiстерi мен қызметтерi, заңдары

3.Саясаттың пайда болуы және табиғаты, оның қоғам ӛмірінің басқа салаларымен ӛзара байланысы.

Негізгі ұғымдар:

Адам, тұлға, жеке басқа табынушылық, бихевиоризм, идеал, идеология, келісім, конфликт, мәміле, саясат, саясат-ғылым, саясат субьектілері, обьект, саясаттану, субьективтік, тоталитаризм, ішкі саясат, күш қолдану саясаты, парадигма.

Дәріс мазмұны:

Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым–қатынас барысындағы ӛз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Екінші сӛзбен айтқанда саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда саясаттың белгісі таптық, партияның мемлекеттің мүдделері мақсат – міндеттерінің жиынтығы деп айтуға болады. Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның ӛмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды әлементі болып табылады.

Саясаттың қоғамдағы рӛлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:

қоғамның жалпы мақсатын анықтау

қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау

қоғамдығы қатынастарды реттеу мен бӛлу

шешімдер қабылдау

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың ӛзекті мәселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізделген саяси режим пайда болды. Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бӛлінеді: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар. Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады. Саясат қоғамда үлкен ӛзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалары. Сондықтан саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде қарастыратын болсақ, ол-ғылым. Ӛйткені саясат қоғамдық даму зандылықтарына негізделеді. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты. Яғни қоғам дамуының зандылықтары ашылғаннан кейін ғана және ірі қоғам қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде әлеуметтік процестерге ықпал ете бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Әрекетсіз – заңдылық жоқ. Егер адам әрекеті қоғамның даму заңы мен манаспаса онда ол нәтижесіз болады. Сонымен саясаттың мақсаты тек қана объективтік факторларды ғана жасауда емес, сонымен бірге ол субъективтік факторларды да қарыптастыру керек.

Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық дамудың зандарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды ӛзінің практикалық қызметінде қолдана алады.Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор –

ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Тӛртінші жағдай, ол саяси әректті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.

Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, зандылықтары, қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сӛзбен айтқанда неге саясат ғылым болады десек, ӛйткені ол қоғамның саяси ӛмірі жӛніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал оның негізгі мәселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мәні мен мазмұны: оның айқындаушы бергілері мен принциптері және негіздері; қоғамдық ӛмірдің негізгі бағыттары бойынша басты мақсат – міндеттері, олардың зандылықтары, қозғаушы күштері және олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың әртүрлі жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мәдениеттің және сүріп жатқан саяси мемлекеттер мен партиялардың саясатына, әлеуметтік саяси күштердің әрекеттеріне ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы – саясаттану болып табылады.

Саясаттану саяси құбылыстар мен ӛзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Саясаттануда парадигма деп саяси ӛмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялықпайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі ӛлшемі, қалпы қалыптасады. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді – сыни деп бӛлеміз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2010 ж.

2.Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002ж.

3.Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997ж.

4.Кенжебаев. М. Саясаттану негіздері. А.,1995ж.

5.Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000ж.

6.Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7.Қ. Рахметов, А. Болатова, З. Исмағамбетова Саясаттану. А.,2005ж.

8.Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

9.Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

10.Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

11.Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.

2- тақырып. Саяси ілімдер тарихы Дәріс мақсаты:

1.Кӛне шығыстағы саяси ой. Кӛне Греция мен Римдегі саясат тұжырымы.

2.Орта ғасырдағы саяси ойдың дамуы. Қайта ӛрлеу және реформация дәуірі.

3.Жаңа кезеңдегі саяси ойдың дамуы.19-ғ.II-жартысы мен XX-ғ. Қазақстандағы қоғамдықсаяси ойдың дамуы.

Негізгі ұғымдар:

Авторитаризм, агрессия, азаматтық қоғам, анархизм, анархия, аристократия, бюрократизм, демократия, деспотизм, деспотя, диктатор, диктатура, иерархия, құқықтық мемлекет, легитимділік, либерализм, люмпен, меритократия, метрополия, милитаризм, монархия, саяси утопия, олигархия, охлократия, революция, теократия, тиран, фашизм, геноцид.

Дәріс мазмұны:

Адамзат ӛркениеті тарихындағы саяси білімнің дамуы. Шығыстың саяси дәстүрлері (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай)

А) Ежелгі Грек саяси ілімінің жалпы сипаттамасы мен оның даму кезеңдері.

Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Греция жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. «Полис», -қала деген сӛзден шыққан. Грек полистерінде басқару формасының ӛздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүрді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі). Б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың ӛзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афинада демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси ілімінде кӛрініс тапты. Ежелгі Грек полистерінде саяси кӛзқарастың пайда болуы мен дамуында 3 кезең айқын байқалады:

Ерте кезең- (б.з.д.IX-VI ғғ.) ежелгі грек мемлекеттілігінің пайда болуына сәйкес келді. Бұл кезеңде саяси кӛзқараста рационалау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады. Мемлекет, құқық мәселелеріне философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.

Екінші кезең- (б.з.д.V-IV ғ. бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель т.б.)

Үшінші кезең- (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен IIғ.) эллинизм кезеңі, грек мемлекетінің құлдырауы.

Адамдардың еріктілерге және құлдарға бӛліну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси ой еркіндік идеологиясы ретінде дамыды. Бостандық-басты құндылық, ежелгі гректің саяси ілімінің негізгі мақсаты мен мәселесі болды. Бірақ бұл жалпыға бірдей бостандық емес, шектелген бостандық еді. Құлдар бостандық мәселесінде есепке де алынбады. Қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегіне қарап емес, мүліктік жағдайымен байланыстырды.

Платонның мемлекет, билік туралы саяси ойлары. Платон /б.з.д.427-347жж/ «Мемлекет», «Заң» деген еңбектерін адамзат қоғамына арнаған, онда ол ӛз кӛзқарастарын паш етеді. Ол ӛз заманында «мінсіз, ізгілікті мемлекетті» орнатқысы келді. Ол дұрыс және дұрыс емес мемлекеттердің түрлерін кӛрсетті. Платон дұрыс мемлекетті басқару түрін «полития» деп атады. Бұл сӛздің баламасы «заң», «саясат» дегенге келеді.

Платон адамдарды 3 топқа бӛледі:

1.Билеушілер /философтар/

2.Ӛз қаражатымен қарулана алатындар /жауынгерлер/

3.Қолӛнершілер мен егіншілер /қоғамға пайдалы еңбек етушілер/

Осы тәртіппен бұлжытпай қызмет атқарған адамдар инабатты адамдар, осы тәртіппен басқарылған мамлекет нағыз қайырымды, кемелденіп жетілген мемлекет деп дәріптеді. Платонның мемлекет туралы теориясын «...египеттік касталық құрылысты афиндық тұрғыдан дәріптеу ғана»- деп бағалады К.Маркс «Капитал» еңбегінде. Платонның айтуынша, мемлекетті басқаруға лайықтылар жоғары білімді, ең бай, ірі құл иелерінің ұрпақтары болу керек деді. Платон жас ұрпақты тәрбиелеудің спарталықаристократиялық түрін қолдап қана қойған жоқ, оны дамыта түсуді ұсынды. Мысалы, Спарта баланы 7 жасынан мемлекеттік тәрбиеге беру керек десе, Платон баланы 3 жасынан мемлекеттік тәрбиеге алу керек дейді. Платон мемлекетті басқарудың аристократиялық түрін қолдады. Оның ойынша, аристократия «ӛзгеше жұмақ», онда мемлекеттің мәні ӛз идеясына сай келеді деп түсіндірді. Платонның түсіндіруінше, саяси құрылыстың аристократиялық түрінен басқа мына 4 түрі азаматтардың «ізгілікті» ӛмірге ұмтылысының потенциалды әлсіреуімен сипаттады: тимократия (әскери адамдардың билігі), олигархия (ақ сүйектер, байлардың билігі), демократия (халық билігі), тирания (бір адамның заңсыз билігі). Платон мемлекетінің басында кӛп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-70 аралығына дейін шектелді. Билік

басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды.

«Платон менің ұстазым, бірақ шындық одан да артық» немесе Аристотельдің мемлекет пен билік туралы саяси көзқарасы. Антикалық саяси ойдың әрі дамуы Платонның шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384-322)атымен тығыз байланысты. Оның «Саясат», «Афины политиясы», «Никомах этикасы» және 1000-ға жуық еңбектері әлі күнге дейін ӛзектілігін жоймаған. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы жайлы талдау жасады. Мемлекет фопмасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, кӛпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс және бұрыс формалары айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер кӛпшіліктің мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана ӛздерінің жеке басының мүдделерін кӛздейді. Аристотельдің пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал бұрыс формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін кӛпшілік билік құрады. Жоғары билік заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алды. Ол мүліктік демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін – заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.

Аристотельдің саясат жӛніндегі ойлары да кӛңіл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі

– адамдардың тәрбиелігінде. Дұрыс тәрбиенің арқасында олар жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрды, осының арқасында ғана әділдік орнайды деп түсіндіреді. Аристотельдің саяси концепсиясы «Саясат» еңбегінде берілген. Платоннан айырмашылығы, ол мемлекеттік құрылыстың идеалды үлгісін жасамайды, қайта дұрыс деректерге сүйене отырып, оның нақты формасын талдауға әрекет жасайды.

Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда, әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43) ӛмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері кӛпке әйгілі.

Цицерон мемлекеттің пайда болуының иегізгі себебі-адамдардың бірінші ӛмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Коғамга және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей кӛрді.

Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны баскарушының "мінезі мен еркіне'' байланысты болады деп түсіндірді.

Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани ӛмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам кӛзқарасының ӛзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында коғамдағы басқарушы рӛл үшін киянкескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде аксүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Бұл заманда христиан дініне кӛп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси кӛзқарастары "Құдай каласы" туралы деген еңбегінде баяндалган.

Қайта ӛрлеу дәуірінің дүниені түсінуінде адам тағдыры, оның шыққан тегі, атағы, конфессионалды статусы арқылы алдын ала болжанбай, ол адамның қажырлығы,

белсенділігі, игілікті істері істері арқылы анықталуға тиіс. Тендік пен әділеттік принциптеріне сүйенеді.

Дүниені қайта ӛрлеу тұрғысынан түсіндірудің шеңберінде қоғамдық келісімнің ескі концепциясы жаңартылды. Оның негізінде мемлекетттің пайда болу себептері мен мемлекеттік биліктің легитимділігі түсіндіріледі.

Қайта ӛрлеу дәуірінің ойшылының бірі-итальяндық Николо Макиавелли (14691527). Макиавелли саяси ой тарихында ӛзінің Патша (1513), «Флоренцияның тарихы» (1532) т.б. еңбектерімен танымал. Макиавеллидің саяси іліміндегі негізгі ӛзекті мәселеӛкіметтің ӛз қоластындағы азаматтарын игере алу қабілетінің болуы.

Қайта ӛрлеу дәуірінің гуманист-рационалисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі-ағылшын ойшылы Томас Мор (1478-1535) болды, Мордың басты шығармасыУтопия (1516), бұл еңбекте ойдан шығарған Утопия аралындағы әңгіме етеді. Қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси ойшылдардың бірі-француз ғалымы Жан Боден (15301596). Ол негізінен феодалдық мемлекеттегі орталықтандырылған биліктің ыдырауына және сол кездегі діни фанатизмге қарсы шығады. Мұндай кӛзқарасқа не себеп болды дейтін болсақ, XVI ғасырдың аяқ шенінде Франция діни ағымдар арасындағы күрестердің ордасына айналды десе болды. Ӛйткені католиктер мен протестанттар арасындағы жиіжиі қақтағыстар болып отырды. Осыдан мемлекеттің тағдырына үлкен қауіп тӛнді. Осы тұста елдегі бейбітшілікті сақтау негізі мәселеге айналды. Қоғамдық санада бейбітшілік – басты құндылық статусына ие болды. Ал бейбітшілікті сақтап қалу, оны қамтамасыз ету тек монархқа байланысты еді. Сондықтан монархиялық билікті күшейту қажеттілігі туды. Саяси-әлеуметтік ойдың дамуындағы ерекше маңызды кезең – Жаңа дәуір, ол XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Жаңа дәуірдің саяси дүниетанымы екі негізгі принципті басшылыққа алды: «шынайы табиғи құқық» және «қоғамдық келісім».

Сол кездегі саяси ойға ӛз үлесін қосқан ойшылдың бірі – ағылшын ғылымы Томас Гоббс (1588-1679) болды. Ол ӛзінің саяси ой-тұжырымдарын «Левиафан, немесе материя, форма және мемлекет билігі» деген еңбегінде салмақтады. Жоғарғы билік және егеменді ізгілікті мемлекет – оның саяси іліміндегі басты идея болды. Ол патшалық билік корольға құдай жіберетін «сыйлық» дейтін теорияға қарсы болды.

Жаңа дәуірдің екінші бір ойшылы ағылшын философы Джон Локк (1632-1701). Оны реалистердің қатарына жатқызуға болады. Егер Гоббс абсолюттік монархияны жақтаған болса, ал Джон Локк оған қарсы шықты. Локк үшін адамның шынайы, нақты жағдайы – ол Гоббстың «бәрінің бәріне қарсы соғысы» емес, керісінше, меншікке негізделген бостандық қатынасының, теңдік пен ӛзара тәуелсіздік жиынтығы.

Француз ағартушыларының бірі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) саяси ойлар тарихында ӛзінің екі түрлі маңызды үлесімен белгілі болған ғалым. Ол ӛзінің «Заң рухы» деген еңбегінде, біріншіден, мемлекеттің даму заңдылықтарын, саяси билікті жүргізудің формаларын айқындауға ықпал ететін факторлардың тізбегін кӛрсетуге тырысты.

Француз ағартушысы, ұсақ буржуазиялық идеолог Жан-Жак Руссоның (1712-1778) саяси іліміне келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын алуға болады. Оның саяси теориясындағы ӛзекті мәселе – халық егеменділігі идеясы. Бұл концепциядан мынадай екі нәрсені байқауға болады: біріншіден, халық ассоциацияларының пайда болуын, олардың қоғамдық келісімінің нәтижесі ретінде қарастыра отырып , оны «Тұтас моральдық дене», «Қоғамдық адам» деп мойындап және оның «ӛз тұтастығы, біртектілігі, ӛз ӛмірі әрі ӛз еркі» болатындығын кӛрсетеді. Қоғамның мұндай ӛз болмасын жеке индивидтің болмысымен тең қоюға болмайтындығын атайды. Адам табиғатынан ӛзін-ӛзі қорғауға, сақтауға, ӛмір сүруге қабілетті және алғашқы адамдар ӛзара тең құқылы болған. Ал халықтың ӛмірінің дамуына байланысты бірте-бірте қауымдастықтардың (жанұя, топтар, халық) пайда болуымен бірге адамдар арасында теңсіздіктер қалыптасып, олар бақытсыздыққа ұшырай бастады. Сайып келгенде Руссо адамдар арасындағы теңсіздіктің қалыптасуын жеке меншіктің пайда болуымен байланыстырады. Адам бақытсыздығының

басты себебі сол деп есептейді. Ал осындай бақытсыздықты жою үшін, халық қоғамдық келісімге келу керек деп кӛрсетіледі

Қорытындылай келгенде, Жаңа дәуір ойшылдарының идеялары олардың кейінгі саяси кӛзқарастар мен теорияларда кӛрініс тауып, жалпы әлеуметтік ой дүниесіне маңызы зор болды. Мәселен, Жан-Жак Руссоның саяси консепциялары Француз революциясы кӛсемдерінің іс әрекеттерінде кӛрініс тапты және оның әлеуметтік доктриналары Кант пен Гегельдің саяси концепциаларына іргетас қызметін атқарды. Жаңа дәуір ойшылдары жасаған мемлекетті түбірінен қайта ӛзгерту арқылы әділетті қоғамдық құрылысқа ӛту туралы ойлары кӛптеген жаңа бағыттардың пайда болуына түрткі және олардың кӛзқарастарына теориялық негіз болды.

XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қоғамының әлеуметтік – саяси ӛмірінің түбегейлі ӛзгерістерімен сипатталады. Осы ғасырдың ортасында қазақ хандығы жойылып, ол Ресей империясының отарына айналды. Әлеуметтік-саяси жүйе түгелдей ӛзгерді. Сот жүйесі де Ресейдің зандары негізінде ӛзгерді. Қазақ жұртының жүзге, руға жіктелуімен қатар, енді болысқа, ауылға бӛліну процесі күшейді, әлеуметтік-саяси ӛмірі руаралық тартыс, шиеленіскен күреске толды. Ел ғасырлар бойы, талай қилы замандарда зордың күшімен қалыптаса бастаған тұтастық-бірлігінен айырылу алдында болды. Сондықтан бұл ауыр кезенде Қазақстанда саяси ойдың дамуы бір бағытта болды-қазақ жұртының халықтық ой-санасын арттыру, күшейту, одан ұлттық ой-сананың қалыптасуына, дамуына демеу беру бағытында.

Осы бағыттағы саяси ойдың негізін салушылар қазақтың үш алып перзенттері – Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904). Бұл үшеуінің ӛмір сүрген уақыты, қоғамдық-саяси ортасы тарихи бір кезенде ӛткен-діктен, арман-мүддесі де ортақтас болды – туған халқының ой-санасын ояту, әлемдік мәдениет қатарына ұлттық ӛркениетін сақтап, басқа дамыған елдермен тең етіп қосу. Сондықтан Шоқан да, Ыбырай да, Абай орыс халқының алдыңғы қатарлы прогресшіл мәдениетін қазақ даласына таратушылар ретінде Қазақстан тарихыннда ағартушылық қозғалысының негізін жасады.

Жалғыз қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жаңа дәүірдегі тұңғын ғалымы Шоқан қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы жӛнінде кӛптеген еңбектер жазды. Олардың бастылары: «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қырғыздардың шежіресі», «Даладағы мұсылмандық туралы», «Қытай империясының басты ӛлкесі», «Қашғария туралы жазбалар», «Абылай», «Сот реформалары жайында хат». Соңғы аталған саяси еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасына қарсы шығып қазақтың ертеден қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен адамгершілік, демократиялық принциптерін қорғады. Бұқара халықтың мүддесіне сай билер сотының ӛзгеріссіз, ежелгі түрінде сақталуын қолдады. Билер сотының әдетте ауызша, халықтың ана тілінде, жұрт алдында ашық мәщіліс ретінде, яғни, демократиялық дәстүрде ӛтетінін ескертті. Шоқанның демократиялық саяси ой-пікірлерін кейіннен Ыбырай Алтынсарин мен Абай жалғастырады.

Қазақ халқының ұлы ағартушысы, бас педагогі, этнографы, қоғам қараткері Ыбырай Алтынсарин бар ӛмірін жастарға білім беруге арнады. 1864 жылы тұңғыш қазақ мектебін ашып берді, 1879 жылы алғашқы «Қазақ хрестоматиясын» Қазанда бастырып шағарды. Қоғамның экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, колӛнер, ауылшаруашылық училищелерін ашуға күш жұмсады. Қазақ қыздарына дүние жүзілік білім беру ісіне жол ашқан да Ыбырай Алтынсарин болды. Ол қазақ халқының жалпы мәдениетін кӛтеруді кӛксеп, ең алдымен, ел-жұррттының тұрмыс-салтын ӛзгертуге, отырық-шылыққа кӛшуге шақырды. Ыбырай Алтансарин қазақ халқының прогресстік даму жолында, орыс халқының озықмәдениетін қазақ даласында кеңінен тарату жолында жалынды күрескер болды. 1884 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Ислам Шариаты» атты кітабінда ғылым мен ӛнерді игеруде шариаттың зияны жоқ деп, барлық адамдарды қай дінде, сенімде болмасын, оларды бірін-бірі құрметтеуге,сыйлауға

шақырды. Әл-Фарабидің адамзат бақыты туралы ойларымен үндес, барша адам ӛз бақытын тек адал еңбек арқылы табуға тиіс деді. Ыбырай ӛмір бойы қазақ халқын отырықшылыққа шақырып ӛтті, оған ӛтүдің қисынды дұрыс жолын бағдарлады. Патша үкіметінің «Дала облыстарын басқару жӛніндегі уақытша ережесі» (1868 ж.) ғасырлар бойын кӛшпелі ӛмір кешіп келген қазақтарды бірден күштеп отырықшылыққа айналдырып, артық жерлерді жаңадан қоныстанушыларға алып беругі ұйғарған болатын. Осыған байланысты Ыбырай былай деп жазды: «Даланы мекендеген халықтарды қабылдамас бұрын алдымен осы халықты және оның ӛмірін зерттеп білу ақылдырақ болмай ма? Бұл халықта отырықшылық үшін қандай алдын ала орындалған шарттар бар

.... т.б. сол сияқты мәселелерді күні бұрын біліп алған дұрыс болмай ма?... Шындығында, табиғаттыңзаңында жас баланы бірден естияр адамға айналдыруға болмайды ғой». «Халыққа білім беру, қӛзін ашу ісінің ӛзі осы отырықшылықпен тығыз байланысты» деді.

Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың даму жолында Абайдың алатын орны ерекше. Абай қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны, философы, ағартушысы. Абайдың әлеуметтіксаяси кӛзқарасында демократиялық, прогресшілдік бағыт басым. Абай қазақ бұқарасының идеологы, оның жарқын болашағының жаршысы болды. Бұл туралы Мұхтар Әуезов былай деді: Абайдың тікелей халықтығы – халықты езушілерді бұқараның тұрғысынан әшкерелеуінде... Абай халық жыршылары айта алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты. Осыдан келіп Абай халықтығының екінші бір сапасы басталады. Халықтың саналы түрде түсініп болмаған, стихиялы тілектерін, саналы түрде айтып, бұл үшін ӛз бойына жинаған нәрді пайдаланып, сол кездегі орыс мәдениетінің шыңына құлаш ұра, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихтық маңызы бар бұкіл ұлттық қазына жасайды. «Қазағым» дегн сӛзді Абайдың «ұлтым» деген мағынада түсінуі осыдан. Абай қазақты жалпы адамзаттық ой-санаға, гуманим биігіне шақырды. «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деуі де осыдан. Ұлы ағартушы, саяси қайраткер халықты экономиқалық және мәдени мешеулікпен күресуге, прогресске, отырықшылыққа, білімге шақырды. Қазақ елін алға бастыруда орыстың мәдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттігін баса кӛрсетті. «Жиырма бесінше» қара сӛзінде: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, ӛнер де, ғылымда – бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғалымын білмек керек.... Сен оның тілін білсең, кӛкірек-кӛзің ашылады. Әрбіреудің тілін, ӛнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді..... Орыстың ғылымы, ӛнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», - деп жазды.

Қазақ қоғамындағы ең ауыр мәселенің бірі әйел теңсіздігіне, әйелді «қалың малға сату», әмеңгерлік тәрізді әйел адамгершілігін қорлайтын әдет-ғұрып зандарға Абай түбірімен қарсы болды. Жалпы алғанда, ол патриархалды феодалдық қоғамдағы кертартпалыққа, әділетсіздікпен заңсыздыққа, зорлық-зомбылыққа, үстем тап ӛкілдерінің қалың бұқараға жасаған қаталдығына, жауыздығына қарсы күрес жолында қысқа ӛмірін аяусыз қиды.

Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқының қоғамдық-саяси ой тарихында ағартушылық идеяларының одан әрі ӛркендеуінің негізін салды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.М.Мұхамедов, Б.Сатершинов, Б.Сырымбетұлы Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. А.,2003ж.

2.Дастанұлы Ә. Кӛне Қытайдың кемеңгер сӛздері. //Парасат,№12. 1994ж.

3.Е.Зікібаев Конфуций. //Ақиқат, 1995ж. №11

4.Г.Р.Нұрымбетова Саяси ілімдер тарихы. Алматы, 2008 ж.

5.Аристотель. Политика. //Сочинения в 4-х томах. М.,1976г.

6.Б.Бабақұлы. Платон. //Ақиқат. 1995ж,№3.

7.Ә.Дастанұлы Сократ. //Бірлік. 1996ж, 25қаңтар.

8.Ж.Қуандық Аристотель. //Ақиқат. 1995ж,№2.

9.Болат-Канал. Цицерон. //Ақиқат. 1995ж,№5.

10.Әл-Фараби. Әлеуметтікэтикалық трактаттары. А,.1983ж.

11.Н.Макиавелли Государство. М.,1990г.

12.Шарль Луи Монтескье. Заңдар рухы туралы. А., 2004ж.

13.Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.

14.Саяси ой тарихы. А.,2004ж.

15.История политических и правовых учений. М.,1995г.

16.А.А.Чанышев История политических учений: классическая западная традиция. М., 2000г.

17.А.Құнанбаев Қара сӛздері. А.,1986ж.

18.Ш.Уәлиханов Таңдамалы шығармалары. А., 1985ж.

3- тақырып. Саяси жүйе және саяси тәртіп. Дәріс мақсаты:

1.Саяси жүйе ұғымына түсініктеме.

2.Саяси жүйелерді салыстырмалы талдаудың мәні мен маңызы.

3.Саяси жүйе. Саяси жүйе билік институттарының жиынтығы ретінде.

Негізгі ұғымдар:

Саяси жүйе, саяси қазыналар, бейсаясаттық, бейтараптылық, саяси институттар, саяси тұрақтылық, децентрализация, дискуссия, догматизм, доктрина, импичмент, инауграция, инновация, модернизация, институализация, интеграция.

Дәріс мазмұны:

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына кӛп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттану-Іпысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері аркылы байланысады.

Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары кӛптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардын біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына карай, құндылыктар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің тӛмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылыктық-еуропалык, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Қоғамның саяси жүйесі – деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси ӛзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Себебі, мемлекеттік істер алға койған мақсатты амал-әдістерді оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Себебі оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бэсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмлеге келетін мемлекеттік емес кӛптеген ұйымдарда кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі кӛрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді. Сонда саяси жүйенің құрлымы қандай? Зерттеушілер оның мынандай негізгі тӛрт бӛлігін атайды: 1. Саяси институттар. 2. Саяси қатынастар. 3. Саяси ережелер. 4. Саяси мәдениет. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олар рӛлі әсіресе феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігінде ӛздеріне қаратқысы келді.Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар ӛздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігінде құрды. Олардың ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінің XIX ғасырда ӛздеріне карсыларды ерекше қатал кудалаған сот, полиция ұйымыинквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын-сургінге салып , біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси ӛмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кенестер Одағы кезінде олар қатты қүдаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай ӛзгерді. Қазақстан Ресапубликасы Конститутсиясының 10-

бабында: «Республика азаматтарының сӛз,сенім бостандығына жэне олардың еркін білдіруге құқы бар.Ешкімді де ӛз сенімін білдіруге мәжбүр етуге не сенімі үшін қудалауға болмайды»,- делінген. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды. Жоғарыда кӛрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама қатынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын,еңбек ұжымдарын, кооперативтерді жатқызуға болады. Солармен қатар биліктен алшақ, дегенмен белгілі-бір жағдайларда оған ықпал да жасай алатын ұйымдар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық қоғамдар, кӛптеген ерікті, спорт, мәдени және т.б. ұйымдар жатады. Қоғамдық жүйенің екінші бӛлігін саяси қатынастар кұрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың (экономикалық,ұлттық діни, жанұялық т.б.) қатынастан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы кӛрініс береді. Біз осыған дейін мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сӛз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҮ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты (Шығыс пен Батыс қатынастары) болуы да мүмкін.

Қоғамның саяси жүйесінің бір бӛлігі бұл Саяси тәртіп деп саяси билік, қогамды басқарудың әдіс тәсілдер жиынтыгын, азаматтирдың қуқықтарымен еркіндіктерініқ демократиялык, дәрежесін айтады.

Казіргі саяси тәртіптерді демократиялык және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бӛледі.

Демократиялық тәртіпке халыкты биліктің кайнар кӛзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге кұкык берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктін түрі, коғамның мемлекеттік-саяси кұрылысы жатады. Антидемократиялык, тәртіп тоталитарлык және авторитарлық болып бӛлінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. А.,2010 ж.

2.Әбілдаев Қ, Мелдебеков Ә. Саясаттану. А.,2002 ж.

3.Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды,1997 ж.

4.Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2000 ж.

5.Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

6.Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

7.Д.Назарбаева. Саяси жүйелер: қалыптасуы, дамуы, демократиялануы. А.,1997ж

8.Громыю А.Л. Политическое режимы. М., 1994.

9.Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.,1998г.

10.Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

4- тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам. Дәріс мақсаты:

1.Мемлекет қоғамдық ұйымның түрі ретінде, белгілері мен формалары.

2.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

3.Мемлекет – саяси жүйенің негізі институты.

Негізгі ұғымдар:

Адам құқықтары, азаматтық қоғам, анархизм, анархия, ассамблея, әлеуметтік саясат, геосаясат, декларация, дискриминация, егемендік, жалпы азаматтық құндылықтар, жекешелендіру, импичмент, инауграция, инновация, интеграция, коалация, консерватизм, конституция, конфедерация, коррупция, күш қолданбау саясаты, құқықтық мемлекет, либерализм, маргиналдар, мәміле, мәртебе, мемлекет, мемлекеттік билік, муниципалитет, ӛркениеттілік, пакт, президент, президенттік билік, резиденция, республика, реформа, унитарлық мемлекет, хартия, шовинизм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]