Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Fizika2_kaz_isk

.pdf
Скачиваний:
94
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.07 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН» Теориялық және тәжірибелік физика кафедрасының меңгерушісі

_____________ Құлбек М.Қ.

«____»____________2011 ж.

Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Ф 1203 Физика-2»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені

«5В070300-Ақпараттық жүйелер»

Алматы, 2011

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

1

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

ҚР БҒМ «___» _______200_ ж. №___ бұйрығымен бекітілген «Физика-2» пәнінің типтік бағдарламасы;

«__»______________ 200_ж. бекітілген «5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалды.

Дайындағандар:

 

Ф-м.ғ.д., профессор

Кабулов А.Б.

Магистр, оқытушы

Ержанбек Б.

Кафедра меңгерушісі

М.Құлбекұлы

«____» _________________ 2011 ж.

Рецензенттер:

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

 

т.ғ.к., доцент

Хамраев Ш.И.

Қазақ Мемлекеттік қыздар

 

педагогикалық университетінің

 

профессоры, т.ғ.д.

Жамалов А.

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

2

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі

Құжаттаманың атауы

 

Беті

 

 

 

 

1.

Силлабус

 

4

2.

Дәрістер тезистері

 

7

3.

Практика сабақтарының

қысқаша сипаттамасы

80

 

(жоспарлар, практика сабақтарын жүргізуге арналған

 

 

тапсырмалар, СОӨЖ, СӨЖ);

 

 

4.

Зертханалық сабақтардың

тақырыптары мен

83

 

қысқаша сипаттамалары

 

 

5.

Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге

85

 

арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер

 

6.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның

94

 

ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер

 

7.

Интернет-ресурстардың тізімі

95

8.

Глоссарий

 

95

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

3

Студенттерге арналған пән силлабусы

1. Пән туралы ақпарат

Пән атауы

Пән коды

Кредит саны

2 курс,

Физика-2

 

Ф1203

2

3 семестр

Мамандық аты

Мамандық шифры

кафедра

Физика-

«Ақпараттық жүйелер»

5В070300

«Теориялық және

математика

 

 

 

тәжірибелік физика»

факультеті

Оқыту формасы – күндізгі, ЖО

Оқыту тілі – қазақша

 

Пәнді өткізу уақыты және орны

 

 

Сабақ кестесі бойынша

 

 

 

 

 

 

Консультация уақыты

 

 

 

График бойынша

 

 

 

 

Рубеждік бақылау кестесі – 7 апта, 15 апта

 

Ф-м.ғ.д., профессор

 

 

 

 

Кабулов А.Б.

 

Контактілік ақпарат(телефон, e-mail)

 

 

 

 

Оқытушы қолы

 

Кафедра меңгерушісі

Құлбек М.Қ.

2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Курсты оқытудың негізгі мақсаты - физикалық теорияны жеке бақылаулар мен практикалық тәжірибені және орындалған эксперименттердің нәтижелерін қорытындылау ретінде көрсету. Сондықтан курсты оқыту барысында студенттерге бақылау, өлшеу және эксперимент жүргізу әдістері туралы мағлұматтар беру керек. Осы курсты оқыту барысы студенттерге тәжірибелердің демонстрациясын көрсету және олардың лабораториялық жұмыстарды орындауы арқылы жүргізілуі тиіс. Курсты тек қана эксперименттік мағлұматтармен шектеліп қоймай, сонымен қатар эксперимент нәтижелерін математикалық тұжырымдалған физикалық теория тұрғысынан үйретілуі қажет.

3.Пән пререквизиттері: Жалпы физика курсы пәнiн оқып-үйренуге негiз болатын пәндер жоғары математика және физика пәндерi болып табылады.

4.Пән постреквизиттері: Студенттердiң “Жалпы физика” курсын оқу арқылы алған бiлiмдерi негізгі физикалық құбылыстармен, заңдылықтармен, өлшем бірліктермен таныса

отырып, кейiнгi курстардағы арнаулы

пәндерiн зерделеуде қолданады.

 

 

 

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиториялық

 

Сабақ түрі

 

 

 

 

 

 

сабақтар

 

 

 

)

Пән тақырыптарының аталуы

Апта

15сағ(Дәріс)

сабақ.Прак 15)сағ(

 

30(СОӨЖсағ)

30сағ(СӨЖ)

90(Барлығысағ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Заряд. Кулон заңы. Электр өрісі.

1

2

1

 

3

3

9

 

Суперпозиция принципі. Гаусс теоремасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Еркін және байланысқан зарядтар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Полярлану векторы. Электрлік қабілет-

 

 

 

 

 

 

 

 

тілік. Электр ығысу векторы. Диэлек-

 

 

 

 

 

 

 

 

триктер үшін Гаусс теоремасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Өткізгіштердің

электр сыйымдылығы.

2

2

1

 

3

3

9

 

Конденсаторлар,

олардың

жалғануы.

 

 

 

 

 

 

 

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

4

 

Электр тоғы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

 

 

 

 

 

 

 

Тосын

күштер.

Электр қозғаушы күші.

 

 

 

 

 

 

 

Э.Қ.К-і бар және тұйық тізбек үшін Ом

 

 

 

 

 

 

 

заңы. Ом заңының дифференциалдық түрі.

 

 

 

 

 

 

3

Металдағы ток табиғаты. Металдардың

3

2

1

3

3

9

 

өткізгіштігінің

классикалық

 

теориясы.

 

 

 

 

 

 

 

Кедергінің

температураға

 

тәуелділігі.

 

 

 

 

 

 

 

Жартылай өткіз-гіштің меншікті өткіз-

 

 

 

 

 

 

 

гіштігі. Донорлар мен акцепторлар.

 

 

 

 

 

 

4

Электр тогының магнит өрісі. Ампер заңы.

4

2

1

3

3

9

 

Магнит өрісінің индукциясы. Тогы бар

 

 

 

 

 

 

 

контурдың магниттік моменті. Магнит

 

 

 

 

 

 

 

ағыны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Магнетиктер. Магниттік қабілеттілік.

5

2

1

3

3

9

 

Атомдар мен

молекулалардың

магниттік

 

 

 

 

 

 

 

моменттері. Диамагнетизм. Парамагне-

 

 

 

 

 

 

 

тизм.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Фарадей тәжірибесі. Ленц ережесі.

6

2

1

3

3

9

 

Индукцияның электр қозғаушы күші.

 

 

 

 

 

 

 

Фарадейдің

электромагниттік

индукция

 

 

 

 

 

 

 

заңы. Фуко токтары. Скин эффект.

 

 

 

 

 

 

7

Айнымалы ток

тізбегі үшін символьдық

7

2

1

3

3

9

 

әдіс. Токтардың резонансы.

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Еркін электр тербелістері. Өшетін

8

2

1

3

3

9

 

тербелістер. Еріксіз тербелістер. Өшпейтін

 

 

 

 

 

 

 

тербеліс алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Кіріспе. Фотометрия. Жарықтың электро-

9

2

1

3

3

9

 

магниттік табиғаты. Когеренттілік.

 

 

 

 

 

 

 

Френельдің зоналар әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

10

Фраунгофер дифракциясы. Дифракциялық

10

2

1

2

2

6

 

тор. Кеңістік құрылымдарындағы дифрак-

 

 

 

 

 

 

 

ция. Геометриялық оптика негіздері.

 

 

 

 

 

 

 

Жарық поляризациясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы.

11

2

1

3

3

9

 

Жылулық сәуле шығару. Жылулық сәуле

 

 

 

 

 

 

 

шығарудың классикалық ж/е кванттық

 

 

 

 

 

 

 

теориясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

Фотоэффект. Еріксіз сәуле шығару.

12

2

1

3

3

9

 

Оптикалық кванттық генераторлар.

 

 

 

 

 

 

13

Заттың құрлысы туралы атомдық теория.

13

2

1

3

3

9

 

Табиғи

радиоактивтік құбылыс.

 

 

 

 

 

 

14

Атом құрылысы. Изотоптар. Қолданылуы.

14

2

1

3

3

9

 

Атом

ядросы.

Ядроның

байланыс

 

 

 

 

 

 

 

энергиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

Зарядталған

бөлшектерді

тіркегіштер.

15

2

1

3

3

9

 

Вильсон камерасы. Элементар бөл-шектер.

 

 

 

 

 

 

 

Позитрон.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Итого:

 

 

15

30

15

45

45

135

6.

Оқытуға арналған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

5

1.Баимбетов Ф.Б., Рамазанов Т.С. Электр және магнетизм: Оқу құралы.– Алматы: Қазақ университеті баспасы, 1997.

2.Фриш С.Э., Тимофеева А.В. Жалпы физика курсы. 1,23 -т: Электрлік және магниттік құбылыстар.– Алматы: Мектеп, 1970.

3.Савельев И.В. Жалпы физика курсы. 1,2,3-т: Электр және магнетизм.–Алматы: Мектеп, 1977.

4.Ахметов А.Қ. Студенттердің жалпы физика курсынан өз бетімен орындайтын жұмыстары. Электродинамика: Оқу құралы.– Алматы: Жалын, 1994.

5.Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы.– Алматы: Ана тілі, 1991.

6.Тобаяқов Ж. Электр және магнетизм.– Алматы: Мектеп, 1988

7.Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т.,Электр және магнетизм: Оқулық.1,2 бөлім.– Қарағанды: Қар МУ баспасы,2003.

8.Гершензон Е.М., Малов Н.Н. Курс общей физики. Электродинамика.–Москва: Просвещение, 1990.

9.Калашников С.Г. Электричество.– Москва: Наука,1986.

10.Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм, Оптика: Учебное пособие.– Москва: Высшая школа, 1983

11.Волькенштейн В. С. Жалпы физика курсынан есептер жинағы.– Алматы: Мектеп, 1977

12.П. Полатбеков. Оптика. Алматы: “Мектеп”, 1981.

13.Г.С. Ландсберг. Оптика. М.: “Наука”, 1976.

14.Шпольский Э.В. Атомная физика. – М., Наука, Т 2.

15.Сивухин Д.В. Общей курс физики. Т 4.

16.Поль Р.В. Оптика, атомная физика. – М. Наука, 1966.

17.Широков Ю.М., Юдин К.П. Ядерная физика. Наука.

18.Мухин К.Н. Экспериментальная ядерная физика. Энергоиздат.

Қосымша әдебиеттер:

1.Тлеубергенова Г.А., Оразалиев Б.Н., Брузин И.И.,Қалиева Қ.Қ. Жалпы физика курсының практикумы. Механика. Электромагнитизм.–Алматы: Мектеп, 1987

2.Сборник задач по оптике и атомной физике. – Изд. Ленинградского университета, 1978.

3.Иродов И.Е. Сборник задач по общей физике. – Москва: Наука, 1988.

4.Н.М. Годжаев. Оптика. М: “Высшая школа”, 1977.

5.А. Саржевский. Оптика. Минск. 1,2 т. 1984, 1986.

6.И.В. Савельев. Оптика. М.: “Наука”, 2, 3 т. 1982.

7.Бокова Г.И., Тлеубергенова Г.А. Практикум по ядерной физике. Алматы, 1974.

8.Рымкевич П.А. Курс физики. – М. Высшая школа. 1975.

7. Бағалау критерийі

Бақылау түрі

Жұмыс түрі (сабақ)

Баға (max

саны

қосындысы

балл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шекаралық

Сабаққа қатысуы

6

100

 

бақылау№1

 

 

 

 

Дәріс сабақтары

10

 

 

 

Практикалық сабақтар

50

 

 

 

Студенттің өзіндік жұмыстары

34

 

 

Шекаралық

Сабаққа қатысуы

6

100

 

бақылау№2

 

 

 

 

Дәріс сабақтары

10

 

 

 

Практикалық сабақтар

50

 

 

 

Студенттің өзіндік жұмыстары

34

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Экзамен

100

200

300

бақылау

 

 

 

 

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

6

8. Оқытушы талабы

а)Сабаққа міндетті түрде қатысу; б) Практикалық сабақ кезіндегі белсенділік;

с) Сабаққа, үй жұмысы мен СӨЖ-н және т.б. орындауға дайындалу.

Тиым салынады:

а) Сабаққа кешігуге және сабақтан кетуге; б) Сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануға; с) Өтірік айтуға, біреудің атын жамылуға.

1-2-лекция Заряд. Кулон заңы. Электр өрісі. Суперпозиция принципі. Гаусс

теоремасы.

Табиғатта екі түрлі зарядтар кездеседі. Оларды шартты түрде оң (“+”) және теріс (“–“) деп екі түрге бөледі. Аттас зарядтар бір бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар өз ара тартылады. Электр зарядтары үшін зарядтың сақталу заңы деп аталатын заң орындалады: тұйықталған жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы жүйедегі кез келген өзгеріс кезінде өзгермеді.

∑qi = const

Зарядтар арасындағы өз ара әсер күшті Кулон тағайындаған. Ол Кулон заңы деп аталады: Вакуумде орналасқан екі заряд бір бірімен зарядтардың шамаларына тура пропорционал, ал ара қашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі. Бұл күш зарядтар центрін қосатын түзу бойымен бағытталады.

 

1

 

q1 q2

 

r

F

 

 

4 0

r2

r

 

 

 

Заряд өзін қоршаған кеңістікте электр өрісін туғызады. Өріс бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен сипатталады. Ол шама өріс кернеулігі деп аталады. Электр өрісі үшін суперпозиция принципі орындалады:

Е= ∑Ei

Кернеулік векторының тұйқталған бет арқылы ағынын Гаусс теоремасы анықтайды:

E dS q

0

Гаусс теоремасын қолдану. Гаусс теоремасының дифференциалдық

түрі.

Гаусс теоремасы симмериялы электр өрістерін есептеу үшін кең қолданылады. Бұл теореманы қолданып біркелкі зарядталған шексіз жазықтың, сфераның, цилиндрдің өрісн оп-оңай есептеп шығуға болады. Гаус теоремасының дифференциалдық түрі кеңістіктің белгілі бір нүктесіндегі өріс кернеулігін сол нүктедегі заряд тығыздығымен байланыстырады:

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

7

divE

0

Электр өрісінің жұмысы. Кернеулік векторының циркуляциясы. Потенциал. Зарядтар жүйесінің потенциалы.

Электр өрісінің жұмысы зарядтың қозғалу траекториясына байланысты болмайды. Жұмыс зарядтың бастапқы және соңғы орындарына ғана тәуеді болады. Бұл электростатикалық өрістің потенциалды екенін көрсетеді. Өрістің потенциалдығының көрінісі, оның циркуляциясының нолге тең екендігі:

E dl 0

Потенциалды өрісті потенциялық энергиямен сипаттауға болады. Электр өрісінің жұмысы потенциялық энергиялар айырымына тең болады.

Электр өрісінің потенциалы деп электр өрісінде орналасқан сыншы заряд потенциалық энергиясының сол зарядқа қатынасымен анықталатын шаманы айтады:

Wp q0

Зарядтар жүйесінің потенциалы сол нүктеде әрбір зарядтың туғызатын потенциялдарының алгебралық қосындысына тең болады.

Эквипотенциал беттер. Потенциал градиенті. Электрон зарядын анықтау.

Электр өрісіндегі потенциалдар бірдей болатын нүктелер жиынтығын эквипотенциал беттер деп атайды. Өрісті эквипотенциал беттер көмегімен де сипаттауға болады. Кернеулік сызықтары эквипотенциал беттерге перпендикуляр болады. Өріс кернеулігі теріс таңбамен алынған потенциал градиентіне тең болады:

E = – gradφ

Еркін және байланысқан зарядтар. Полярлану векторы. Электрлік қабілеттілік . Электр ығысу векторы. Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы.

Электр өрісінің әсерінен өткізгіш ішінде оңай орын ауыстратын зарядтар еркін зарядтар деп аталады. Диэлектрикті электр өрісіне орналастырғнда онда зарядтар пайда болады, бірақ оларды диэлектриктен бөліп алуға болмайды. Мұндай зарядтарды байланысқан зарядтар деп атайды. Диэлектриктің полярлану дәрежесін полярлану векторы – диэлектриктің көлем бірлігіндегі дипольдік моменті сипаттайды:

P pi

V

Диэлектриктің полярлану векторы сол нүктедегі өріс кернеулігімен

P = χε0E

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

8

өрнегімен байланысқан; мұндағы χ–диэлектриктің электрлік қабілеттілігі (сезімталдығы). Электр өрісінің кернеулігін еркін және байланысқан зарядтар туғызады. Электр ығысу векторы D тек еркін зарядтармен байланысқан, ол вектор былай анықталады:

D = ε0E + P

Электр ығысу векторы үшін Гаусс теоремасы былай жазылады:

D dS qi

Шекаралық шарттар. Пъезоэлектриктер. Сегнетоэлектриктер. Электреттер.

Бір ортадан екінші ортаға өткенде E және D векторлары сынады.

Ол векторлар үшін шекаралық шарттар төменгі өрнектермен беріледі:

D1n D2n

E1τ E2

D1

 

1

 

E1n

 

2

 

D2

2

 

 

 

E2n 1

Пьезоэлектриктер деп белгілі бір бағытта деформацияланғанда деформациялаушы күшке перпендикуляр бағытта байланысқан зарядтар пайда болатын кристалдарды айтады. Сыртқы өріс болмағанда спонтанды (өздігінен) поляризацияланатын заттарды сегнетоэлектриктер деп атайды.

Зарядтардың өткізгіште орналасуы. Электр өрісі мен заряд тығыздығының байланысы. Әсерлесу арқылы электрлену. Ван де Граф генераторы.

Өткізгіш ішінде зарядтар тепе-теңдігі төмендегі шарттар орындалғанда ғана байқалады:

1)өткізгіш ішінде барлық жерде өріс кернеулігінолге теңболуы керек;

2)өткізгіш бетінде кернеу барлық бағытта нормаль бойымен бағытталуы керек.

Зарядтар өткізгіштің сүйір ұштарында жинақталады, бұл жерлерде өріс кернеулігі өте үлкен болуы мүмкін. Зарядталмаған өткізгішті электр өрісіне енгізгенде заряд тасушылар қозғалысқа келеді: оң зарядтар өріс бағытымен, теріс зарядтар қарама-қарсы бағытта қозғала бастайды. Осының нәтижесінде өткізгіш ұштарында индукцияланған зарядтар деп аталатынқарама-қарсы таңбалы зарядтар пайда болады. Ван-де-Грааф генераторының жұмысы артық зарядтардың өткізгіш бетіне орналасатындығына негізделген. Бұл генератордың көмегімен өткізгіштерді 107 В. кернеуге дейін зарядтауға болады.

3-4-лекция Өткізгіштердің электр сыйымдылығы. Конденсаторлар, олардың

жалғануы.

Өткізгіш потенциалы ондағы заряд шамасына пропорционал болады. Кез келген өткізгіш үшін ондағы зарядтың потенциалға қатынасы тұрақты болады:

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

9

C q

мұндағы С-өткізгіш сыйымдылығы. Сыйымдылық өткізгіш пішіні мен өлшемдеріне байланысты болады. Конденсаторлар деп бір біріне жақын орналасқан екі өткізгіштен жсалған қондырғыны айтады. Олар жазық, сфералық, цилиндрлік болып бөлінеді. Сыйымдылықтардың әр түрлі мәнін алу үшін оларды батареяларға жалғайды. Бұл жалғаулардың барлығы параллель және тізбектей деп аталатын жалғаулардың жиынтығы болып табылады. Конденсаторларды параллель жалғағанда олардың сыйымдылықтары қосылады:

С = ∑Ci

Конденсаторларды тізбектей жалғағанда сыйымдылыққа кері шамалар қосылады:

С-1 = ∑Cі-1

Жылжымайтын нүктелік заряд жүйесінің энергиясы. Зарядталған өткізгіштің және конденсатордың энергиясы. Электр өрісінің энергиясы.

Жылжымайтын нүктелік зарядтар жүйесі өрісінің энергиясын математикалық индукция тәсілімен есептеп шығаруға болады. Ол мән мынаған тең:

1

W 2 qi i

Зарядталған өткізгіш энергиясын, есептеу үшін өткізгішті нүктелік деп есептеуге болатын зарядтарға бөлу керек. Сонан соң нүктелік зарядар жүйесінің теңдеуін қолданып, мынаны аламыз:

W

q2

 

q

 

C 2

2C

 

 

 

2

2

Конденсатор энергиясын табу үшін потенциалды кернеумен ауыстыру жеткілікті. Электр өрісінің энергиясын конденсатор үшін алу оңай, себебі өріс түгелімен конденсатор астарларында орналасқан. Электр өрісі энергиясының тығыздығы мынаған тең болып шығды:

w

 

E2

 

E D

 

D2

0

 

 

 

 

2

 

2 0

 

 

2

 

Электр тоғы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Тосын күштер. Электр қозғаушы күші. Э.Қ.К-і бар және тұйық тізбек үшін Ом заңы. Ом

заңының дифференциалдық түрі.

Электр тогы деп зарядтардың реттелген қозғалысын айтамыз. Электр тогын сандық сипаттау үшін ток күші деген шама енгізіледі. Ток күші деп

өткізгіштің көлденең қимасынан бірлік уақытта өтетін зарядты айтады:

i dq dt

Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]