Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНИП АСТАНА / CНиП РК Астана каз..doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
7.54 Mб
Скачать

Құрылыс нормалары және ережелері астана қаласын жайғастыру және салу планировка и застройка города астаны

Енгізілген күні – 200

1 Қолдану саласы

1.1 Осы Астана қаласын жайғастыру және салу нормалары және ережелері (әрі қарай - нормалар және ережелер), салынған объектілердің пайдала­нылуы кезінде оның сенімділігін, қауіпсіз­дігін және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін жобалау және құрылыс өнімі арқылы адамның өмір сүруіне және қызмет етуіне жағымды және қауіпсіз ортаны жасауға бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін қамтамасыз ету үшін жасалған.

1.2 Осы нормалар мен ережелер Астана қаласының оның ресми шеті шегіндегі аймақ­тандыруға, жайғастыруға және жаңа салынған және құрылыс салынған аумақтарын, сонджай-ақ, ерекше қалақұрылысын реттеу аумағында орналасатын қала маңы аумақтарын қайта құрылымдауға тара­лады, келесіге бағытталған жайғасымдау және құрылыс салу объектілерінің түрлеріне және пара­метрлеріне талаптарды белгілейді:

- Қазақстан Республикасының стратегиялық аумақтық дамуы және тұрғындарын жаңа жерге орна­ластыру жүйесінде Астана қаласының тұрақты дамуына;

- жердің өзгеше ландшафты және табиғат-климаттық ерекшеліктерін, тұрғындардың мәде­ниетті және тұрмыстық жайын ескеретін қала статусына, қаланың және ел тұрғындарының ұлттық сәулеттік ұғынуына сәйкес келетін бірегей кенттендірілген қала ортасын жасауға;

- қала аумағының және қала маңы аймағының ресурстық (жер, су, рекреациялық) потенциалын орынды пайдалануына, табиғат кешендерін және көгалдандыру аймақтарын сақтауға;

- әр түрлі қызмет аумақтарын пайдалану қарқын­дылығы бойынша, адам денсаулығын қор­ғау, жарылысөртті және санитарлық-эпидемиялық қауіпсіз­дігі, қоршаған табиғат ортасын қорғау, тарихи және мәдениет ескерткіштерін, тіршілік әрекеттің әлеуметтік-кепілденген жағдайларын қорғау, көліктік және инже­нерлік инфрақұрылымдар жүйелерін ұйымдастыру бойынша нормативтік талаптарды және жағымды тіршілік ортаны жасау үшін басқа талаптарын қамтама­сыз ететін тиімді қала құрылыс аймақтандыруына, қала аумақтарын жоспарлау және құрылыс салуына;

- қала құрылысын нормалау объектілерінің түр­лері мен параметрлерін, оның ішінде олар аумақтарының қала құрылыстық сыйымдылығын қамтамасыз етуіне;

- Астана қаласының бас жоспарының даму­ына сәйкес келетін іскерлік, коммерциялық, ғылыми, жаңашылдық, ағартушылық, тұрғын және басқа кластерлері­нің ерекше қызығушылығын тартатын экономикалық және технологиялық жағынан дамыған бағыттардың қалыптасуына.

1

Ресми басылым

.3 Нормалар және ережелер уәкілетті, жергі­лікті орындаушы органдарымен және уәкілетті Бақылау органдарымен, құрылыс салу және/немесе қайта құрылымдау объектілеріне, құқықтық тұлғасы сервитут заты болып табылатын инженерлік жүйе­лерді қосқанда, жеке меншік тұлғаларына қара­мастан, Астана қаласының аумағында, 1.2 т-да көрсетілген шектерінде, қызмет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық объек­тілерімен, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объекті­лерін олардың пайдалану және күту жағындағы меншіктер мен пайдаланушылармен (жалға алушылармен, жал­ға беру­шілермен), шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ қала құрылыс құжаттамасын әзірлеу кезінде және оның эсараптамасын жүргізу кезінде ұсынылатын ережелер мен міндетті талаптарын белгілейді.

Ескерту - Астана қаласы аумағындағы қала құрылысы жобаларын әзірлеу барысында арнайы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес азаматтық қорғаныс шараларын қарастыру керек.