Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / Градостроит_во СНИП 3.01-01-2002.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
268.67 Кб
Скачать

Құрылыстың нормалары және ережелерi

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ.

ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ МЕКЕНДЕРДI ЖОСПАРЛАУ

ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН САЛУ

ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВО.

ПЛАНИРОВКА И ЗАСТРОЙКА ГОРОДСКИХ И СЕЛЬСКИХ ПОСЕЛЕНИЙ

Енгізілген күні – 01.03.2003 ж.

КIРIСПЕ

1. ЖАСАҒАНДАР: институттар: Сәулетмемком.-нен – Қала құрылысы ОЖҒЗИ-ы, Қала құрылысы ЛенЖҒЗИ-ы, Қала құрылысы ЛенЗЖҒЗИ-ы, Қала құры­лысы КиевЖҒЗИ-ы, Тұрғын үй ОЭЖҒЗИ-ы, Оқу орындары ОЭЖҒЗИ-ы, Б. С. Мезенцев атындағы ОЭЖҒЗИ-ы, Курорттық-ту­ристік ғимараттар және кешендер ОЭЖҒЗИ-ы, Инженерлік жаб­дықтар ОЭЖҒЗИ-ы, Азаматтықауылқұрылыс ОЭЖҒЗИ-ы, КСРО Мемқұрылысынан – Өнеркәсіп ғимарат­тары ОҒЗИ-ы, Өнеркәсіп­құрылысжоба, ҚФҒЗИ-ы; КСРО ҒА БжобиҒЗИ-ы; КСРО Ден­саулықмин.-нің ДенсаулықбжобиҒЗИ-ы, КСРО Орманмемкомның Одақбжоби­орманшаруашылығы; КСРО Саудамин.-інің Саудабжоби-ы; РКФСР Денсаулықмин.-інің Ф. Ф. Эрисман атындағы Мәскеу Гигиена ҒЗИ-ы; РКФСР Тұрғынкомшармин.-інен – Коммунқұры­лысбжоби.-ы; Коммунжолкөлікбжоби-ы; К. Д. Памфилов атындағы КША; КСРО Мемагроөнеркәсіптің АуылшаруашылықбжобиҒИ-ы.

2. ӘЗIРЛЕГЕН: “KAZGOR” Жобалау академиясы сәулет, қала құрылысы және құры­лыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің қайта өңделіп, жаса­луына және мемлекеттік тілге аударылуына байланысты әзірледі.

3. ҰСЫНҒАН: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИжСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Құрылыстағы техни­калық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы.

4. ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚР ИжСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы

IСКЕ ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: №11 бұйрығымен 2003 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді.

5. Осы ҚР ҚНжЕ Қазақстан Республикасының аумағында,”Қазқалабжоби-ы” қала құрылысы жөніндегі Мемлекеттік бас жобалау институтымен жасалған №1 өзгерісі Сәулет және құрылыс жөніндегі Мемлекеттік комитетінің 1993 ж. 25 қыркүйектегі №15-4 қаулысымен бекі­тіл­ген 01.11.93 ж. бастап және “Қазқалабжоби-ы” қала құрылысы жөніндегі Мемлекет­тік бас жобалау институтымен жасалған № 2 өзгерісі ҚР Құры­лыс­мин.-і коллегиясының 25.08.1994 ж. №92/1 қаулысымен бекі­тіліп, 01.11.1994 жылдан бастап енгізіліп, ҚР Құрылысмин.-інің 1997 жылғы 3 наурыздағы № АК 12-1-9-318 хатымен әрекеті ұза­тылған орыс тіліндегі “Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және құрылыстарын салу” ҚНжЕ 2.07.01-89*-дың теңтүп­нұсқалық мәтіні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.

6. ОРНЫНА: ҚНжЕ 2.07.01-89*.

Мазмұны

1. Қалалық және ауылдық мекендердiң аумақтарын дамыту концепциясы және

жалпы ұйымдастырылуы

2. Қоныстық аумақ

Қоғамдық орталықтар

Тұрғын үй құрылысы

Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағы

Тұрғын кварталдарды, ықшамаудандарды, тұрғын сілемдерді қаланың (елді мекеннің)

құрылыс жүйесінде ұтымды орналастыру жөніндегі ұсыныстар***

3. Өндiрiстiк аумақ. Өнеркәсiптік аймақ (аудан)

Ғылыми және ғылыми-өндiрiстiк аймақ (аудан).

Коммуналдық-қоймалық аймақ (аудан)

Ауылдық мекеннiң өндiрiстiк аймағы

4. Ландшафттық-тынысжайлық аумақ

Ландшафт сәулеті және бақтық-саябақтық құрылыс

Демалыс және курорт аймақтары

5. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындары.

6. Көлiк және көше-жол торабы

Сыртқы көлiк

Көше мен жолдар торабы

Қоғамдық жолаушылар көлiгi және жаяу жүргіншілер қозғалысының торабы

Көлiк құралдарын сақтау және қызмет көрсетуге арналған имараттар мен құрылғылар

7. Инженерлiк жабдықтау. Сумен жабдықтау және канализация

Санитарлық тазалау

Электрмен-, жылумен-, суықпен- және газбен жабдықтау,

байланыс, радиохабар және телевизия

Инженерлік тораптарды орналастыру

8. Аумақты инженерлiк дайындау және қорғау

9. Объектінің (шаруашылық қызметтің ) қоршаған ортаға әсерін бағалау

Жер қорларын қорғау және тиiмдi пайдалану

Қалалар мен басқа елді мекендердің жасыл аймақтарының

ормандарын құру, қорғау және тиімді пайдалану

Атмосфера ауасын қорғау, санитарлық-қорғау аймақтарын құру

Су резервуарларын қорғау және тиімді пайдалану

Қоршаған ортаны шудан, дірілден, электр және магнит өрiстерiнен,

сәуле шығарудан және сәулеленуден қорғау

Инсоляция шарттары

Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау

1*-қосымша. Мiндеттi. Өртке қарсы қойылатын талаптар

2-қосымша. Мiндеттi. Объектiлердi аэродромдар ауданында және басқа аумақтарда,

әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ескере отырып, орналастыру келiсiмінiң талаптары

3**-қосымша. Ұсынылатын. Үй-жай маңындағы және пәтер маңындағы жер учаскелерiнің өлшемдері

4**-қосымша. Ұсынылатын. Тұрғын аудан мен ықшамаудан аумағындағы халықтың есептiк тығыздығы

5-қосымша. Ұсынылатын. Ауылдық мекеннiң қоныстық аумағындағы халықтың есептiк тығыздығы

6*-қосымша. Ұсынылатын. Қоймалардың жер учаскелерiнiң ауданы мен өлшемдерi

7**-қосымша. Ұсынылатын. Қызмет көрсету мекемелерi мен кәсiпорындарын

есептеу нормалары және олардың жер учаскелерінің өлшемдері

8-қосымша. Ұсынылатын. Қалалардың қала маңындағы аймақтарының және

жаңа жерге орналастыру жүйелерiнiң автомобиль жолдарының санаттары мен параметрлерi

9**-қосымша. Ұсынылатын. Автомобильдердің тұрақтарын есептеу нормалары

10-қосымша. Ұсынылатын. Көлiктік құралдардың гараждары мен парктерiнің жер

учаскелерiнiң нормалары

11**-қосымша. Ұсынылатын. Тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормалары

12-қосымша. Ұсынылатын. Электр тұтынудың iрiлендірілген көрсеткiштерi

Осы нормалар мен ережелер қалалық және ауылдық мекендердiң жаңаларын жобалауға және қазіргі барларын жайғастыру жоспары мен ескiлерiн қалпына келтiруге қолданылады және олардың жайғастыру жоспары мен құрылысына қойылатын негiзгi талаптарды қамтиды.

Қала типтес кенттерді (қалалық, жұмысшы, курорттық) шағын қалаларға арналған сәйкес халықтың есеп саны нормалары бойынша жобалау керек.

Қаладан тыс орналасқанкәсiпорындар мен объектiлердiң жанында орналасқан кенттерді, егер олар қала типтес кент мәртебесіне ие болмаса, ведомстволық нормативтiк құжаттар бойынша, ал ондайлар болмағанда – осындай халық есеп саны бар ауылдық мекендер үшiн белгiленген нормалар бойынша жобалау керек.

Ескерту. Қалалық және ауылдық мекендердi жобалау барысында арнайы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша шаралар қарастырылуға тиiс.