Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Законы и нормативы Градостр_во / ГосНорма Стр_Во СНИП 1.01-01-2001.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
98.47 Кб
Скачать

Құрылыстың нормалары және ережелерi

СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖәНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТIК НОРМАТИВТЕР

Негізгі ережелер

ГОСУДАРСТВЕННЫЕ НОРМАТИВЫ В ОБЛАСТИ АРХИТЕКТУРЫ, ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВА И СТРОИТЕЛЬСТВА

Основные положения

Енгізілген к­ні – 01.03.2002 ж.

КIРIСПЕ

ҚАЙТА ӨҢДЕГЕН: "KAZGOR" Жобалау академиясы ТМД елдерімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді реттеуге өзара бірлескен әрекеттестікте жүйелі келу, ИСО/МЭК-тің міндетті талаптарын қамтамасыз ету және халықаралық алмасу мен ынтымақтастық кезінде мемлекеттік нормативтер құрылымын барабар беру үшін қайта өңдеді.

ЕНГIЗГЕН: Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң Техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы.

ҚАБЫЛДАНҒАН ЖәНЕ ІСКЕ ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң 18.04.2002 ж. № 85 бұйрығымен 18.04.2002 жылдан бастап енгiзiлдi.

ОРНЫНА: ҚР ҚНжЕ А. 1.1-1-94, ҚНжЕ 1.01.02-83, ҚНжЕ 1-01. 03-83*.

Мазмұны

Алғы сөз

1. Қолданылатын салалары

2. Нормативтiк сiлтемелер

3. Анықтамалар

4. Мемлекеттік нормативтердің негiзгi мақсаттары, принциптерi және құрылымы

5. Мемлекеттік нормативтер

6. Мемлекеттік нормативтердің мазмұны, құрастырылуы, баяндалуы және ресімделуі

7. Мемлекеттік нормативтерді жасау және қабылдау

8. Мемлекеттік нормативтерді қолдану

1-қосымша. Міндетті. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Жүйесінің құрылымы

2-қосымша. Міндетті. Мемлекеттік нормативтердің мұқабасының пiшiнi

3-қосымша. Міндетті. Мемлекеттік нормативтердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шмуцтитулдерінің пiшiнi

4-қосымша. Анықтамалық. Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы кодификациялау өзгерісіне жататын мемлекеттік нормативтер

1. Қолданылатын салалары

Осы нормалар және ережелер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердiң негiзгi мақсаттарын, принциптерiн және жалпы құрылымын, нормативтiк құқықтық актiлерге, нормативтiк-техникалық құжаттарға арналған талаптарды, олардың мазмұнын, құрылуын, баяндалуын және ресiмделуiн, жасалу тәртiбiн, қабылдануын және қолданылуын анықтайды.

Осы құрылыстық нормалар және ережелердiң (ҚНжЕ-нiң) жайлары Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдық-құқықтық меншiк нысанына қарамастан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi жасауды және қолдануды ж­зеге асырушы басқару және бақылау органдарының, жеке және заңды тұлғалардың қолдануына жатады.

Мемлекеттiк нормативтердi пайдалану жөнiндегi талаптар осы ҚНжЕ-нің 8-тарауында белгiленген.

2. Нормативтiк сiлтемелер

Осы нормаларда және ережелерде келесiдегiдей актiлерге сiлтемелер пайдаланылды:

ҚР ҚБҚ 1.01-01-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi Уәкiлеттi органда әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ж­ргiзу тәртiбi».

ҚР ҚБҚ 1.01-02-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi тiркеу, оларды басу және тарату тәртiбi».

ҚР СТ 1.0-«Қазақстан Республикасының Стандарттау мемлекеттiк ж­йесi. Негiзгi ережелер».

ҚР СТ 1.1-«Қазақстан Республикасының Стандарттау мемлекеттiк ж­йесi. Терминдер мен анықтамалар».

ҚР СТ 1.2-«Қазақстан Республикасының Стандарттау мемлекеттiк ж­йесi. Мемлекеттiк стандарттарды жасау тәртiбi».

ҚР СТ 1.4-«Қазақстан Республикасының Стандарттау мемлекеттiк ж­йесi. Фирманың стандарты. Жалпы ережелер».

ҚР СТ 1.5-«Қазақстан Республикасының Стандарттау мемлекеттiк ж­йесi. Стандарттарды құруға, баяндауға, ресiмдеуге және мазмұндауға қойылатын жалпы талаптар».

ҚР СТ 1.9-«Халықаралық, аймақтық және ұлттық нормативтiк құжаттарды қабылдау тәртiбi».

МҚН 1.01-01-96 «Құрылыстағы нормативтiк құжаттардың Халықаралық ж­йесi».

ИСО/МЭК нұсқауы-2:1991 «Стандарттау саласының және қызметтiң шектес т­рлерiнiң жалпы терминдерi мен анықтамалары».