Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

«Сулейман Демирел атындағы университет» мекемесі

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

БЕКІТЕМІН

СДУ Бірінші проректор—оқу істері жөніндегі проректоры Сейітқұлов Н.А.

_____________________

«_____» _________ 2014 ж.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері»

ПӘНІНІҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Алматы, 2014 ж.

Құқықтану кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

«26»тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі Адилова К.А._______________

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті кеңесі мақұлдады

«28»тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

Факультет кеңесі төрағасы Йылмаз Х.________________

«Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі

Құжаттаманың атауы

Беті

1.

Пәннің типтік бағдарламасы

2.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

3.

Силлабус

4.

Пәннің оқу-әдістемелік жабдықтау картасы

5.

Дәрістер тезистері

6.

Семинар сабақтардың жоспарлары

7.

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқаруға арналған материалдар:

  • СОӨЖ-на арналған тапсырмалар;

  • СӨЖ-на арналған тапсырмалар;

8.

Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар:

  • ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар

9.

  • Әдістемелік құралдар (ұсыныстар)


«Сүлеймен Демирел атындағы университет» мекемесі

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

БЕКІТЕМІН

факультет деканы

Йылмаз Х. ________

«_____» _________ 2014 ж.

«Қазақстан республикасындағы азаматтық құқықтық қатынас субъектілері»

пәні бойынша

Жұмыс оқу бағдарламасы

Алматы, 2014 ж.

Пәнінің оқу әдістемелік кешені «Құқықтану» мамандығы бойынша Силлабус ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, жоғарғы оқу орны және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ОӘК 22 маусым 2006 хаттамасымен бекітілген, Азаматтық құқық типтік бағдарламаға сәйкес жасалды.

Құқықтану кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

«26»тамыз 2014 ж., № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі Адилова К.А.__________

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті кеңесі мақұлдады

«28»тамыз 2014 ж., №1 хаттама

Факультет кеңесі төрағасы Йылмаз Х.___________

Кіріспе

Пәнді оқытудың мақсаты: Азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар адамдар арасында әрекет етеді. Бұл қатынастарға жекелеген азаматтармен қатар, заңмен көзделген белгілерге ие болып табылатын ұжымдық бірлестіктер де қатыса алады. Мұндай бірлестіктердің қатарына заңды тұлға деп аталатын ұйымдар, әкімшілік-аумақтық бірлітер де жатқызылады.

«Заңды тұлға» терминімен қатар заң «жеке тұлға» терминін де кеңінен қолданады. Бұл термин тек Қазақстан Респубилкасының азаматтарын ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды (апатридтерді) де қамтиды. Азаматтық құқықтық қатынастар кез келген барлық азаматтық құқық субъектілерінің арасында пайда болуы мүмкін. Бұл адамдар мен ұйымдар құқық субъектісі ретінде тек қана қоғамдық құқықтық қатынастарға қатысып, мәмілелерді жасаса алады.

Құқық субъектісі туралы нормалар тек Азаматтық кодексте ғана емес, сондай-ақ басқа заңи актілерде көрініс табады.

Азаматтық құқық тұлғалары мен субъектілеріне ерекше қасиеттерге – азаматтық құқық субъектілікке, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүзеге асыру қабілеттілігіне ие болып табылатын жекелеген адамдар (индивидтер) мен кейбір олардың бірлестіктері (заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірлестіктер) жатқызылады. Бұл қасиеттерге ие болу индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Әрбір адам, ҚР азаматы ретінде бола ма, басқа мемлекеттің азаматы болады ма, жоқ әлде азаматтығы жоқ тұлғалардың қатарына жатқызылады ма – азаматтық құқық субъектілікке ие болады, сәкесінше, ол азаматтық құқық субъектісі болып табылады.

Пәнді оқытудың негіздері Азаматтық құқық субъектілерінің негізгі ұғымдары мен басты категорияларын оқып үйрену және соның негізінде сол заңнамаларды тәжірибе жүзінде пайдалануды игеру болып табылады.

Пәнді оқудың маңызы мен міндеттері:

  1. Азаматтық құқық субъектілерінің теориялық негіздерін ашу

  2. Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық реттелу ерекшеліктерімен таныстыру

  3. Азаматтық құқық субъектілерін реттейтін заңнамаға түсіндірме беру, талдау жасау және оны қолдану дағдыларын беру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент;

Осы курсты игеру нәтижесінде тыңдаушы:

  • Азаматтық құқық субъектілерін құқықтыұ реттейтін заңнамаларды білуі

  • Заңды тұлғалардың түрлеріне байланысты ерекшеліктерін білу

  • Азаматтық құқық субъектілерін құқықтық реттеудегі жалпы принциптерін білу;

  • Азаматтық құқық субъектілерінің түрлеріне қарай құқықтық реттеу ерекшеліктерін білу.

  • Азаматтық құқық субъектілерін реттеудегі заңнамаға түсіндірме беруге, талдау жасауды;

  • тәжіриберік жағдайларға талдау жасап шешім табуды, азаматтық заңдар нормаларын қолдануды;

  • берілген тақырып бойынша ғылыми іздеу жасап, азаматтық құқық теориясындағы азаматтық құқық субъектілеріне байланысты пікірлерге талдау жасап, ғылыми қорытынды шығаруды.

Осы курсты оқу барысында сабақтардың негізгі нысандары: дәрістер, семинарлар және тәжірибелік сабақтар.

ЖОО-нда оқудың ерекшелігі – орта білім алу процессіне қарағанда, жоғарғы білім алу процессі – ол дербес өзіндік білім алу. Семинар сабақтарға дайындалу оқу материалын игерудің негізгі нысаны болып табылады.

Сабақтарда студенттің белсенділігі пән бойынша өз білімдерін тереңдетуге, қайнар көздермен дербес жұмысты атқару, дайындалып дәлелді баяндама жасау, дискуссияға қатысып өз пікірлерін негіздеу дағдыларын алуға мүмкіншіліктер береді.

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ

Курсты оқу үшін студенттердің меңгеруі тиіс пәндер

Пәннің аталуы

1

Рим құқығы

2

Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]