Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по социологии.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
199.68 Кб
Скачать

СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

Пән: Әлеуметтану

Кредит-2

Семестр-3,4

Лекциялар-15 сағат

Семинар-15 сағат

СӨЖ-30 сағат

СОӨЖ-30 сағат

Барлығы -90 сағат

Әйтімбет Ілияс Абылайұлы, Педагогика және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.

anrahay@mail.ru, 87017870093

Қаскелең-2013

Пререквизиты: пәнді игеру үшін тарихты, философияны, мәдениеттануды, саясаттануды, әдебиетті білу қажет. Сол пәндерде алған білімдерін қазіргі қоғамда болып жатқан процестерді саналы түсіне алатындай қалыптасқан ой жүйесі болуы тиісті. Тек қана деректерді білумен шектелмей оларды жасампаз қорыта алу әдеті қалыптасуы керек.

Сабақтың өтетін орыны мен уақыты: сабақ кестесі бойынша

Пән сипаттамасы: Қоғамды даму және нақты тарихи кезеңдер тұрғысынан тану, ұғыну.Қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптастыру.Өзін, ұлтын, табын, тобын тану, әлеуметтік институттар арқылы әлеуметтену. Әлемдегі әлеуметтік процестерді ғылыми негізде ұғыну және де оларды өз елінің, мемлекетінің, ұлтының ерекшеліктеріне сай қарастыра білуге үйрену. Әлеуметтену процесіне белсенді араласқанда ғана әлеуметтену жүреді, сондықтан да студеттерге іс-әрекет жасауды қалыптастыру.

Пәннің мақсаты:

қоғамның даму процесін біртұтас тұрғыдан жүйелі талдау;

қоғамдағы болып жатқан демократиялық және нарықтық процестерді әлеуметтану тұрғысынан қарастыру;

студенттерді социологиялық тұрғыдан ойлауға баулау және соған сай іс-әрекет жасауды бойларына қалыптастыру;

қоғамды түсүнудегі қалыптасқан макро- және микросоциологиялық теориялық бағыттармен таныстыру;

Қазақстан қоғамындағы процестерді жаһандану контекстінде басқа елдермен салыстырмалы қарастыра талдау;

қолданбалы социологиялық тәсілдер арқылы Қазақстан қоғамындағы нақты процестерді талдаудай алуды қалыптастыру;

Қазақстан қоғамындағы күнделікті өмір тіршілігін социологиялық тұрғыдан талдау.

Пәнді оқытудағы міндеттер:

Студенттерді интерактивті тәсіл арқылы қоғамдағы макро- және микропроцестерді өздері теориялық және қолданбалы деңгейде талдай алатын дәрежеге баулау;

қоғамдағы процестерді студенттердің мамандығының әлеуметтік мәндерімен байланыстырып қарастыру арқылы олардың өзіндік ойлау қасиеттерін дамыту;

студенттерге бәсекелікке сай қасиеттерді гуманистік дүниетанымдық негізінде қалыптастыру;

сстуденттерді қоғамдағы процестерді біртұтас тұрғыдан қарастыру арқылы оларды соған сай іс-әрекет жасауға бейімдеу;

Қазақстан қоғамындағы процестердің әлеуметтік қырларын әлемдік контексте қарастыруға баулау.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі тиіс:

адамзат қоғамының ылғи да өзгерісте болатынын және де сол өзгерістерге сай қоғамның типтерінің сипаттарын;

социологиялық микро- және макро теориялардың бағыттарын және де солардың белгілі өкілдерінің көзқарастарын білу;

Қазақстан қоғамының қазіргі кездегі ХХ1 ғасырдағы даму кезеңінің макро- және микро сипаттарын және оның жолындағы мәселелермен оларды шешу тәсілдерін;

Қазақстан қоғамындағы стратификация процесінің жалпы және ерекшіліктер заңдылықтарының мәселелерін, шешу жолдарын;

Қазақстандағы урбанизация процесінің жаһандану контекстіндегі заңдылықтары мен ерекшеліктерін, мәселелерін, шешу жолдарын;

қазақтардың өтпелі кезеңдегі әлеуметтенулерінің заңдылықтарын;

қазақ отбасыларының қоғамның модернезияциялануына сай қалыптасу мәселелерін;

қазақстандағы этносаралық қатынастарды әлеуметтік тұрғыдан талдай алуға тиісті;

жастар мәдениеті, соның ішінде қазақ жастарының, әлеуметтік мәселелерін;

білім және ғылым салаларындағы әлемдегі және Қазақстандағы процестердің әлеуметтік мәселелерін.

Игеруі тиіс:

Қазіргі адамзат қоғамындағы және Қазақстан қоғамындағы процестерді әлеуметтік тұрғыдан қарастыра алуды игеруі тиіс;

қоғамның даму процестерін теориялық бағыттар негізінде талдай алуы тиіс;

қолданбалы тәсілдер арқылы Қазақстан қоғамындағы процестерге кішігірім өзімдік зерттеулер жүргізуді игеруі тиіс;

Қазақстан қоғамының модернизация кезеңіндегі сипаттарын және оның әлеуметтік мәселелерін талдай алуға тиіс;

Қазақстан қоғамындағы тұлғаның әлеуметтенуін, стратификация және урбанизация процестерін, отбасының әлеуметтік мәселелерін, этинкааралық, жастар мәдениетін, білімнің мәселелерін әлеуметтік тұрғыдан ойлауды игеруі тиіс;

Семинарларда, дискуссияларда, кейс-стадида, презентация, дөңгелек столдерде, ғылыми конференцияларда қоғамдағы мәселелердің әлеуметтік қырларын өзімдік тұрғыдан дәлелді жеткізе алуға тиісті.

Өзге пәндермен байланысы: Философия, саясаттану, тарих, әдебиет, мәдениеттану, педагогика, экономика, құқық пәндеріндегі мәселелерді социологиялық тұрғыдан қарастырып толықтырады, жалғастырады. Мысалы: қоғам, тұлға, әлеуметтік жағдай, тарихи кезең, дәуір сияқты ұғымдар мен процестерді. Сонымен қатар әдеби шығармаларды социологиялық тұрғыдан талдау. Осы тұрғыдан әр тақырыпта міндетті түрде Абай шығармалары социологиялық талдаудан өтеді.

Кіріспе. Әлеуметтану ғылымының маңыздылығы келесі факторлермен анықталады:

адамзат қоғамының дамуының тарихи индустриалды кезеңінің сұранысымен және сол кезеңді белсенді туындырушы ретінде;

мемлекеттің басқару жүйесінің республикалық түрінің өмірге келуімен және оның билігін тиімді қамтамасыз етумен;

экономиканың нарықтық капиталистік кезеңінің туындауымен және оның дамуына себепші болуымен;

қоныстанудың жаңа урбанизация түрінің туындауымен және соған сай әлеуметтік қатынастарды зерттеп, талдаумен;

адамдардың өзара қарым-қатынастарының әлеуметтік қырларын зерттеп, талдаумен;

ХХ1 ғасырдағы жаһандану процесінің әлеуметтік салдарларын талдаумен;

студенттердің салалық мамандықтарының шектелуінің әлеуметтік салдарын аша отырып оларға әмбебабтық әлеми дүниетанымдық көзқарстарды қалыптастырумен;

стутенттерге қазіргі заманға сай тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндігімен.

Әлеуметтану пәні студеттердің салалық мамандықтарын ескере отырып оларға әмбебаптық дүниетанымдық көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар әр мамандықтың әлеуметтік қырларын ашып көрсету арқылы жалпы қоғамға тән әлеуметтік мәселелерді танып түсінуге бейімдейді. Инженгер және жаратылыс тану мамандарына техникалық, технологиялық жетістіктердің әлеуметтік салдарын ашу арқылы олардың қоғами, адами мәндерін түсінуге көмектеседі. Экономист мамандарына нарықтық экономиканың өмірге келуімен қазіргі кезеңдеріндегі рухани құндылықтардың атқаратын рөлін ашу арқылы экономикалық ойлау жүйелерін қалыптастыруға мүмикіндік тудырады. Әкімшілік экономикалық жүйенің ерекшілігі адамдарды заттық тұрғыдан қарастыру болса, нарықтық экономика рухани құндылықтарға негізделген. Кезінде М.Вебер өзінің атақты «Протетанттық этика мен капиталистік рух» атты еңбегінде осы заңдылықты дәлелдеген болатын. Заңгер мамандықтары студенттеріне құқықтың әлеуметтік мәнін игеру арқылы демократиялық, либералдық құқықты түсінуге, соған сай ойлау қабілеттерін дамытуға көмек береді. Филология мамандықтары студенттеріне филология ғылымының әлеуметтік мәнін ашу арқылы қазіргі қоғамның даму поцесін терең түсінуге мүмкіндік туғызады. Әдебиеттің, тілдің тарихи кезеңдерін нақты әдеби шығармаларды талдау арқылы олардың әлеуметтік қырлары мен мәнін ашып студенттерге әлеуметтік ойлау қасиеттерін қалыптастырады.

Әлеуметтанудың өмірге келуі мен даму процестері қоғамның тарихи даму кезеңдерімен тікелей байланысты. Әлеуметтану ғылымы қоғамның нақты тарихи даму кезеңінде, яғни Х1Х ғасырдың 40 жылдарында келген себебі сол кездегі Батыс Еуропада капиталистік қоғамның жеңіп шыққанымен байланысты. Оның республиаклық саяси басқару жүйені, нарықтық экономиканы, ғылыми-техникалық өндірісті, урбанизацияны алып келумен шектелмей солардың үстемдік етуіменекпінді дамуымен сипатталады. Дінің мемлекеттен бөлінуімен, құқықтық мемлект пен азаматтық қоғамның орынауымен байланысты.

Әлеуметтану қоғамды жүйелі зерттеп оның даму процесін талдаумен сол арқылы қоғамды субъект ретінде қабылдауға баулайды. Қоғам күрделі, көпқырлы әлеуметтік организм болғандықтан оны бір ғана теорияның ауқымында танып білуге болмайды. Кезіндегі маркстік-лениндік теориямен ғана шектелгендіктің тарихи тәжірибесі соны дәлелдейді. Сондықтан да әлеуметтану пәнінде біз негізгі теориялық үш бағыт арқылы қарастыратын тақырбымызды талдаймыз. Олар әлеуметтік құрылымдық-функционалдық, дау жанжалдық, символикалық интеракционалдық.

Әлеуметтік құрылымдық-функционалдық пен дау жанжалдық теориялар арқылы біз қоғамды макро деңгейінде қарастырсақ, символикалық интеракциалықпен микро деңгейдегі қоғамдық процестерді зерттейміз.

Әлеуметтану ғылымы қоғамды тек теориялық тұрғыдан қарстырумен шектелмейді, ол қолданбалы тұрғыдан да мәселелерді қарастырады. Яғни нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей қатынасады.

Кеңестік мемлекеттерде әлеуметтанудың тек марсистік-лениндік бағыты болған еді, ал басқа бағыттарды ғылыми емес буржаузиялық бағыт деп сынға ұшырататын болатын. Сондай қиянаттан қазақ қоғамы қатты зардап шекті. Өйткені қандай да болмасын ұлттық мәселер көтерілсе ұлтшылдық деп мемлекет тұрғысынан бағаланып арнайы сын айтылып, ондай ғалымдар қуғындалатын.

Сондықтан да әлеуметтану ғылымы егеменді Қазақстанда енді ғана қалыптасуда. Әзірге жазылған еңбектер сол кешегі мен бүгінгі заманның эклектикалық қосындысы десек қателеспейміз. Ол осы өтпелі кезеңнің заңды көрінісі. Солардың қатарына Н.Аитов, М.Әженов, Ш.Жаманбалаева, М.Садырова, З.Шаукеновалардың және т.б. шығармаларын жатқызуға болады.

Қазақстанда кеңестік кезеңде сол марксистік-лениндік бағыт қана болатын, ал енді басқа да бағыттарды қолдануға толық мүмкіндік бар. Қазастанның толық қанды әлеуметтану ғылмының қалыптасуы болашақ ұрпақтың үлесінде.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Айтимбет И.А.,Мухтарова А.К. Проблемы формирования правосознания у школьников в период перехода от тоталитаризма к правовому государству. Результаты социологического исследования 2000 года. Алматы, 2001.

2.Айтимбет И.А.,Айтимбет Л.И., Ешпанова Д.Д.,Жунусова Ж.А. Динамика общественного мнения о сотрудничестве Казахстана и США за годы независимости. Алматы,2008.

3.Рахметов Қ., Болатова Р., Исмагамбетова З. Социология. Алматы, 2005.

4.Әлеуметтану негіздері I, II кітаптар. Алматы.Қазақ университеті.2005ж.

5.Қарабаев Ш.Социология негіздері.Алматы,2007ж.

6.Икенов А.Жүсіпова А.Әлеуметтану негіздері Алматы, 2004ж.

7.Тұрғынбаев Ә. «Социология» Алматы,2004ж.

8.Э.Гидденс. Социология. М., 1999.

9.Дж.Масионис. Социология.М.,2004,

10.В.И. Добреньков. Кравченко А.И. Фундаментальная социология. В 15-ти томах. М.2004-2008гг.

Қосымша:

11.М.Вебер «Избранные произведения» М., 1990.

12.Социологический энциклопедический словарь. М.,2000 г.

13.Белл Д. «Грядущее постиндустриальное общество»М.,1999 г.

14.Средние классы в России: экологические и социальные стратегии.М.,2003

15.Лурье С.В. Историческая этнология. М.,2001 г.

16.Зубков Ю.А. «Проблема риска в социологии молодежи» М.,2003 г.

17.Абай шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы, 2005 ж.

18.Ж. Баласағұн «Құтты білік» Алматы, 1986 ж.

19. «Қазақтың салт-дәстүрлері»Алматы,2004 ж.

20.М.Қашқари «Түрік сөздігі» I,II,III. Алматы,1998 ж.

21.К.Биекенов., М. Садырова. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. Алматы, 2007.

22.Дэвид Джери, Джуля Джери. «Большой толковый социологический словарь» М.,1999 г.

23.Ф.Фукуяма. Великий разрыв. М. 1999 г.

24.Хендрик Йоханнес Виттевин. Бизнес и духовность. Суфизм в действии. М.2007г.

Пәннің мазмұны.

Сабақтың түрлеріне байланысты сағаттың бөлінуі

Тақырыптың аты

сағаттар

Лекция

семинар

СӨЖ

СОӨЖ

1.Социологияның пәні

1

1

2

2

2.Социологияның тарихы

2

2

4

4

3.Қолданбалы социологиялық зерттеулер

2

2

4

4

4.Қоғам

1

1

2

2

5. Қоғамның құрылымы

1

1

2

2

6.Тұлғаның әлеуметтеуі

1

1

2

2

7.Әлеуметтік стратификация

2

2

4

4

8.Қала социологиясы

1

1

2

2

9.Отбасы социологиясы

1

1

2

2

10.Этносоциология

1

1

2

2

11.Жастар социологиясы

1

1

2

2

12. Білім және ғылым социологиясы

1

1

2

2

Барлығы

15

15

30

30

Аралық бақылаудың қорытындылары деканаттағы ведомостқа қойылып отырылады және ол емтиханға жіберуге негіз болады.

Бақылау шкаласы:

Жұмыс түрі

Қойылатын балл

1

Аудиториялық сабақтарда тақырыпты меңгеруі және т.б.

15 балл

2

СОӨЖ тапсырмаларын орындауы

10 балл

3

СӨЖ

10 балл

4

1-аралық бақылау жұмысы (7-апта)

15 балл

5

2-аралық бақылау жұмысы (14-апта)

15 балл

6

Емтихан

40 балл

7

Барлығы

100 балл

Оқу процесінде қойылатын баллдардың мөлшері:

1.Сабаққа қатысу—0,5 балл.

2.Семинарда баяндама жасау- 1-3 балл.

3.Семинарда белсенділік көрсету- 0,3- 0,5 балл.

4.Шығарма жұмысы -0,5- 2 балл.

5. Өзімдік зерттеу жұмысы -3-5 балл.

6.Қысқа тестілер /аудиторияда жасалған/ 0,5-1,5балл/.

Баға

%-үлесі

Дәстүрлі жүйе тұрғысынан бағаның көрсеткіші

А /4

95-100

өте жақсы

А- /4

90-94

өте жақсы

В+/3

85-89

жақсы

В/3

80-84

жақсы

В-/3

75-79

жақсы

С+/2

70-74

орташа(қанағаттырарлық)

С/2

65-69

Орташа(қанағаттырарлық)

С-/2

60-64

Орташа(қанағаттырарлық)

Д+/2

55-59

Нашар(қанағаттандырарлықсыз)

Д/2

50-54

Нашар(қанағаттандырарлықсыз)

F/0

0-49

Нашар(қанағаттандырарлықсыз)

Студенттерге қойылатын талаптар:

  • міндетті түрде сабаққа қатысу;

  • сабақта белсенділік таныту;

  • сабақты дайындағанда оның мәнін түсінуге тырысу, сол арқылы ондағы көтерілген мәселелерді творчествалық тұрғыдан игеру;

- сабақ интерактивті түрде өтетіндіктен әрбір қарастырылатын мәселені өзіндік деңгейде қарастыру;

  • сабаққа үнемі дайындықпен келу, үй тапсырмасын, СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын уақытында өткізу.

Сондай-ақ:

  • сабаққа кешігуге, сабақтан рұқсатсыз кетуге (студенттің сабақтан себепсіз кетуі бір жіберілген сабаққа тең болып есептеледі);

  • сабақ үстінде ұялы телефонды пайдалануға;

  • сабақ үстінде тәртіпті бұзуға, сағыз шайнауға тыйым салынады.

Студент білімін бағалау:

Барлық оқу уақыты - 15 апта

Аралық бақылау мерзімдері – 8, 14 апта

Бағалау шарттары: