Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2.Журналисті ытары мен міндеттері.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
302.08 Кб
Скачать

2 дәріс. Журналистің құқықтары мен міндеттері

Дәріс жоспары:

  1. Ақпарат алу мүмкіндігі

  2. Журналистің моральдық-этикалық ерекшеліктері

3. Журналистің құқықтары

Дәріс мәтіні:

Ақпарат алу мүмкіндігі

Ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға; мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға; журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға; құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға; алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге; алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге; өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға; материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға; авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

Журналистің міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған Бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға; шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға; ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға; жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге; азаматтармен сұқбат жүргiзген кезде дыбыс немесе бейнежазбаны пайдалануға келiсiм алуға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Журналистерді тіркеу ережесі

Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың келiсiмi бойынша олардың жанында өз журналистерiн тiркей алады. Журналист тiркелген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, тiркелген журналистiң өзiн тiркеген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар. Егер журналист тiркеу ережелерiн Бұзса не өзiн тiркеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның тiркелуi күшiн жоюы мүмкiн. Журналистердi тiркеу ережелерiн уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен бекiтедi.

Мемлекеттік істер қоғамда ашық жүргізілетінін дәлелдейтін ресми құжаттар мен заң текстерін пайдалану мүмкіндігі журналистік зерттеу кезінде маңызды орын алады. Алдын-ала цензура немесе диффамация туралы заң алдарынан жолығатынын білсе, қымбат сот зерттеулерінен қорқып, БАҚ маңызды, келелі мәселелер мен тақырыптарға жазудан тартыншақтар еді. Яғни журналистік зерттеулер демократиялық қоғамдағы белгілі бір талаптарды орындаған кезде ғана тиімді және жан-жақты, әр алуан ақпарат беру көзіне айналады.

Журналист, интеллектуалдық орта, қоғам.

Журналистің кәсіпқойлығы дегеніміз – ешкім оның аузына салып бермейтін маңызды ақпаратты тауып, елге ұсына білу шеберлігі. Алайда, биліктің барлық тармағы мен деңгейіндегі лауазымды қызметкерлер өздеріне тиімсіз ақпаратты шын - өтірікті қосып бермеуге тырысады, өз құпияларын банкирлер мен бизнесмендер де қорғайды, тіпті өз ведомствосында болып жатқан оқиғалармен қоғамды хабардар етіп тұру тікелей міндетті боп саналатын баспасөз – хатшыларының өзі ақпаратты жасырып қалуға тырысады. Біздің мақсатымыз – осы қалыптасқан кереғар жағдайды журналистердің бұзуына көмектесу; шенеуніктер мен кәсіпкерлер, ведомстволар бюрократиялық сылтаулармен ақтала алмайтындай ахуал қалыптастыру.

Дамыған мемлекеттердегі сияқты біздің елде де, ақпарат беру, қорғау туралы нақты да анық жазылған заңдар бар. Алайда тіпті тәжірибелі журналистердің өзі де көп жағдайда заңды жолмен ақпарат алудың бар мүмкіндіктерін аяғына дейін пайдалана алмай жүргенін өкінішпен айтуға тура келеді. Сондықтан да осы оқу құралының басты мақсаты – қаламмен, микрофонмен жұмыс істейтін кәсіпқой мамандарға заңдардың тетіктерін дұрыс пайдаланып, заңның шекарасынан асып кетпеуіне көмектесу; ал егер одан аттап кетсеңіздер – құпияны күзетіп тұрған заңға тап болатындарыңызды ескерткіміз келеді.

Сонымен, заң не дейді:

Қазақстан Республикасының қазіргі күші бар заңдарды қандай жағдайларда ақпаратты алу мен таратудың құқықтық нормаларын заңды түрде бекітіп берген?

Ол – бірінші кезекте, ҚР Конституциясы. Оның 20-бабы әрбір азаматқа заң жүзінде тиым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және оны таратуға құқық беріп отыр, тек мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерден басқаларын. Ал Конституцияның 18-бабының 3-тармағында: мемлекеттік органда, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) әрбір азаматқа өзінің құқықтарымен мүдделеріне қатысты құжаттарымен, шешімдерімен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

Конституцияның осы баптарын ҚР “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңның 2-ші 18 және 20-баптары да қайталайды. Оның үстіне ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңында ақпараттың берілетін процедурасы нақты көрсетілген және журналистің ақпарат алуға қосымша құқықтары бекітіліп, сонымен бірге ақпарат бермеген жағдайда, қалай арыздануға болатын жолдар жазылған.

Қысқаша бұл нормаларды былайша тұжырымдауға болады:

- әрбір азамат (журналист те) ақпарат алуға және тартуға құқылы;

- мемлекеттік органдар, қоғамдық, өзге де ұйымдар, олардың меншік нысанына қарамастан және кез келген лауазым иелері журналистерге ақпарат беруге МІНДЕТТІ;

- ақпарат – барлық БАҚ-қа, оның меншік формасына, кімге қарайтынына, форматына т.б. жайларға қарамастан, тең берілуі тиіс;

- журналист кез келген мемлекеттік органға, ұйымға баруына және ол лауазымды адамдардың қабылдауында болуына құқы бар;

- журналист ҚР заңдары тыйым салатын жағдайлардан басқа кезде, жазбалар жүргізе алады, соның ішінде, дыбыс-бейне техтикасын қолданып кинофотаға түсіруге де құқылы.

Алайда барлық ақпарат кез келген адам үшін ашық боп келе бермейді. Олар: ашық және шектеулі болып бөлінеді.

Журналист шығармашылық адамгершілік мәні, әлеуметтік жауапкершілік мәселелері

Осы заманғы шығармашылықтың рухани және товарлық қасиеттері.

Сөз еркіндігі мен БАҚ бостандығына басымдық берген қоғамда ақпараттың қажеттісін алу мен оны пайдаланудың өзіндік қиындықтары да бар. Әсіресе, ол жас жеткіншектер үшін үлкен қиындық тудырады. Бұл өз кезегінде бала тәрбиесіне, яғни оның қалыптасуына, дамуына кедергі жасайды. Сол себепті қазіргідей ақпараттың тасқыны мол кезеңде, оның зиянды ықпалынан қорғай отырып, баланың дамуына мейлінше тиімді тұстарын пайдалануға ұмтылу тәрбие беруші мекемелердің басты мақсаттарының бірі болуы шарт. Осы тұста зерттеуші ғалымдардың пікіріне назар аударар болсақ, қазіргі қалыптасып отырған ақпараттық қоғамға олар төмендегідей баға береді: бұл ақпараттық және телеком­муникациялық технологияларды дамытуға негізделген қоғам; адамға және мемлекетке қажетті білімнің бәріне ақпаратты кедергісіз алу арқылы қол жеткізуге болатын және онымен жұмыс істей алатын шарты бар білім қоғамы; бір жағынан әлем мәдениетін қабылдай отырып, екінші жағынан өз мәдениетінің дамуына жол ашатын қоғам. Ал бұның өзі жаһандану кезінде бір жағынан ақпаратты кедергісіз алатын қоғамның орнауы заңдылық деп есептелсе, екінші жағынан жеткіншектерді ақпарат тасқынында кездесетін кейбір кері ықпалдарынан сақтандыру керектігі қазіргі уақытта педагогикалық тұрғыдағы көкейкесті проблема дегенге әкеледі. Балаларды өзіне қажетті ақпараттарды алуға тәрбиелеу көптеген зерттеу жұмыстарында да жан-жақты қарастырылады, оларда, ақпарат құралдарымен дұрыс жұмыс істей алмаған балалар соның ықпалында кететіні дәлелденген. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дұрыс пайдалана алмаған оқушы:

- ақпараттың белгілі бір бөлігін, әсіресе аудиовизуалды ақпаратты толыққанды қабылдай алмайды, себебі оны қабылдауға әзір емес;

- бірнеше мағынасы болуы мүмкін хабарламалардың мағынасын толық түсінбейді немесе біржақты түсінеді;

- бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұстанымы әлсіз болады, олардың ықпалынан қалай сақтануды және көп жағдайда ондай сақтанудың қажеттілігін сезіне білмейді.

Аталған мәселеге қатысты отандық бұқаралық ақпарат құралдарына да үлкен жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз. Өйткені балалардың сана-сезімін жаулап алған шетелдік арналардан өз еліміздің телеарналарының бағдарламаларына қайта оралуын жүзеге асыру оңайға соқпайды.

Дамыған елдердегі ақпарат алпауыттары ішкі билік, ішкі иелік үшін ғана таласпайды, басқа елдердің ақпарат жүйесіне де ықпал етуге, үстемдік жасауға тырысыды. Мұнда олар өзінің биік деңгейі техникасы мен технологиясына арқа сүйейді. Қазір АҚШ зор өңдірістік потенциалдына иек артып, бұл салада әлемдік үстемдік етіп отыр. Теледидар, компьютер, жер серіктері, электронды есептеу машиналары – бәрі де солардың бақылауында. Америка мен Еуропа мәдени имперализмінің улы тырнағы бізге де жетті. Қазақстанның бір сыпыра бұқаралық ақпарт құралдарын, әсіресе, мемлекеттік емес, тәуелсіз баспасөзді, комерциалдық телеарналарды сексуалдық-эротикалық сипаттағы, қатыгездік пен зорлықты насихаттайтын хабар-ошарларға тоғытып жібереді. Бұған көну – төзу-мүлде қате. Біз ұлттық мәдениетті қорғауға, салт-дәстүр, әдет дағдыны сақтауға, уағыздауға тырысудамыз. Батыстың жетілген жүйелері мұндай саясат, прогреске умытылмау, мәдениеттен қашу, надандыққа, сауатсыздыққа бой ұру деп бағалайды. Бұлай деу, әрине, арандату, өз идеологиямыздан бас тартқызу. Ата-баба жасап беріп кеткен мәдени, рухани құңдылықтарды сақтау, насихаттау – жаналықтан безу, регреске тарту емес, ұлттық қадір- қасиетті, менталитетті сақтау, патриоттық сезімді ояту, ұлттық ар-намысты күшейту. Ұлттық құндылықтардан безіп, басқа елдердің мәдениетіне құлай салу, оны қабылдай қою – дәстүрсіздік, отансыздық. Сондықтан қазіргі ұйымдасқан, еріктен тыс ақпараттық, мәдени шабуыл күшейген кезде жан-жақты, білікті күрес қана мәдени империализмнің, идеологиялық диверсияның батін қайтара алады. Бұл күрес бұқаралық ақпарат құралдарының өз бетінде оларға қарсы айтыстар, терең талдаулар, ғылыми зертеулер арқылы жүргізілуге тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан республикасы ақпарат құралдарының да күн тәртібіне бүгін қойып жүрген, бірақ шешімін ертең табатын проблемалары аз емес. Мысалы, бүгінде БАҚ-тың партиялы, дегенді қойдық, оны жойдық деп жүрміз. Біздіңше, бұл әлі қағаз жүзінде ғана.олай дейтініміз, кез келген ақпарат өз құралы әлі де өз иесінің, құрылтайшысының, өз қозғалыс, партиясының міндет-мақсатына, бағыт-бағдарына сай келетін пікір айтқандарға ғана сөз береді, сондайлардың материалын ғана жариялайды. Бұған дәлел, «Егемен Қазақстан» - Қазақстан республикасының мемлекеттік газеті. Ол президент, үкімет бақылауымен, мемлекет ондай пікірге онда орын берілмейді. Мұны бұрынғы бас редакторы У.Қалижанов былай деп ашық айтты: «Мен ... Елбасы саясаты төңірігінде өз саясатымды құрамын. Мүмкін ол кейбіреулер ұнамайтын шығар. Ал бүкіл халық сайлаған Елбасының саясатын халыққа жеткізу – менің бірінші міндетім. «Егемен Қазақстан» Президенттің басылымы деп қарайтынңдар қарай берсін. Халық сенген Елбасының жанына халқын топтастыру – менің де, оқырманның да міндеті».

Міне, осында редактор партиялық газет шығарып отырғанын, әртүрлі бағыт-бағдар ұстанған топ өкілдеріне сөз беріп, партиясыздыққа бара алмайтының аңғартқан. Басқа идея, ниетте шығарылып тұрған «СолДат», «XXI век» сияқты газет редакторлары да өз ниетімен үйлеспейтін, материалдар ұсынсаң, осыны айтады, жариялай қоймайды. БАҚ-тағы партиялық принцип әлі сақталуда дейтініміз осыдан.

Ақпаратты беруде ең алдымен адресантта ой мазмұны қалыптасып, тілдік сигналдар арқылы жеткізіліп отырады. Ол тілдік сигналдар ауызша коммуникацияда айтылым түрінде болса, жазбаша коммуникацияда мәтін арқылы көрініс табады. Ал ақпаратты қабылдауда тілдік сигнал алдымен беріліп, содан кейінгі кезекте реципиенттің ой мазмұны қалыптасады. Тілдік сигналдың мәнін ашу, мазмұнын түсіну үшін міндетті түрде кодталған ақпарат ашылуы тиіс. Осыған байланысты ғылыми әдебиетте олар былайша көрсетіліп жүр: Ақпарат көзі ретінде танылатын жіберуші, яғни белгілі бір хабарламаны жасаушы – жеке адам немесе тұтас бір ұйым (ұжым, адамдар тобы) болуы ықтимал. Осы тұста ақпараттың жеткізілуіне қатысты ұғымдарға анықтама бере кеткеніміз жөн.

Ақпаратты кодтау дегеніміз – хабарламаның символикалық пішінге түсірілуі, яғни оған таңбалық форманың берілуі.

Хабарлама кез келген коммуникацияның жүзеге асырылуына себеп болатын идеяға немесе ақпаратқа құрылады. Ол ауызша, жазбаша немесе визуалды түрде таратылады.

Ақпарат арнасы дегеніміз – хабарламаның берілу тәсілі, яки, ақпаратты жеткізу құралы. Ол арна тұлғаралық және жаппай бұқаралық сипатта болады.

Кодталған ақпараттың ашылуы – берілген ақпараттың дұрыс қабылданып, реципиентке түсінікті болуы. Ақпаратты қабылдау барысында кездесетін әр түрлі кедергілерге байланысты бастапқыда хабарланбақ болған ой белгілі бір дәрежеде дұрыс түсінілмеуі мүмкін.

Ақпаратты алушы яғни хабарлама жеткізілетін объекті де жеке адам немесе бір ұжым болуы мүмкін [13, 106].

Қандай да бір мақаланы жазуына себеп болған түп мақсатын адресатқа барынша терең, жан-жақты жеткізу үшін аудиторияны белгілі бір эмоционалдық күйге түсіруді көздейді. Осы прагматикалық міндеттің орындалуы мәтінде әр түрлі эмотемалардың медиа-мәтінде қуаныш, қорқыныш, ашу-ыза тудыратын т.б. эмоцияларды туындататын түрлі лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдар түрінде қамтылады. Осымен байланысты жұмысымызда кез келген эмоция мәтінде эксплицитті немесе имплицитті түрде, басқаша айтқанда, мәтіннің вербалды түрінде ашық көрінбейтін, бірақ эмоциялық әсер тудыратын ақпарат нұсқасында ұсынылатыны анықталды. Осындағы мәтінге эмоционалды сипат беретін ақпарат негізінен мақаланың бастапқы бөлігінде (тақырыпатта және кіріспе бөлікте) орналасады. Әсіресе қазақ оқырманының когнитивтік санасында мықтап орныққан ұлттық дүниетанымын көрсететін, сөздік қорымызда ежелден қолданылып келе жатқан фразеологизмдерді, әртүрлі лингвокультуремаларды түрлендіре қолдану, яғни трансформация тәсілі эмоциялық күй тудыруда айрықша маңызға ие болатынына көз жеткізілді.

Ақпарат дәуірі деген атауға ие болған бүгінгі күні БАҚ – бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы негізгі тетік ретінде танылып, мойындалып отыр. Ғалам бейнесінің (яки ақиқат болмыстың) бір үзігін репрезентациялай отырып, оның бұқаралық санадағы ақпараттық бейнесін қалыптастыратын медиа-мәтін социумға әсер етудің прагматикалық стратегияларын жүзеге асырушы, күрделі құрылым болып табылады. Аса маңызды әлеуметтік реттеуші рөлін атқаратын медиа-мәтіндерде социум ішіндегі, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі саяси оқиғалар мен әлеуметтік-экономикалық ахуал түрліше интерпретацияланады.

Лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардан тұратын жазбаша формадағы медиа-мәтін тіл дамуының белгілі бір кезеңіндегі жаңалықтар мен ерекшеліктерді айшықтай отырып, сол арқылы бүгінгі тілдік субъектінің компетенттілігін де көрсететін құнды материал ретінде үлкен маңызға ие болады. Сондықтан мерзімді баспасөз материалдары негізінде жүргізілетін прагмалингвистикалық талдау Адам факторының төңірегіне шоғырланатын алуан сипатты (саяси, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени т.б.) мәселелерге аксиологиялық тұрғыдан баға беруге мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде медиа-мәтін БАҚ-тағы прагматикалық әлеуеті аса күшті құрал ретінде танылады.

3. Бүгінгі тіл ұстанушы Кеңес кезеңіндегі алдын ала белгіленген сызба бойынша жоспарлы түрде әрекет ететін, коммунистік идеологияның ықпалынан шыға алмайтын субъектіден түпкілікті түрде ерекшеленеді. Сондықтан да қазіргі медиа-мәтіннің авторы жаңалыққа ұмтылғыш, өз азаматтық позициясын айқын көрсететін, қоршаған ортаны өз ыңғайына қарай бейімдей алатын жасампаз, бейстандарттылықты таңдайтын еркін шығармашылық субъекті болып табылады.

Осымен байланысты арнайы кәсіби дайындығы бар маман газет мәтінін жазу барысында келіп түскен ақпаратты өз прагматикалық ұстанымына сәйкестендіре отырып ұсынады. Ол үшін журналист түрлі прагматикалық амалдар мен тәсілдерге жүгінеді. Осындай тілдік амалдардың сипатына қарай медиа-мәтін бұқаралық санаға мақсатты түрде ықпал ететін маңызды құралға айналады. Сондықтан автордың прагматикалық ұстанымының медиа-мәтіндегі көрінісін дұрыс анықтай білу басылым ұжымының да, оның ар жағында тұрған мүдделі саяси тұлғалар мен топтардың да мақсатын білдіруге жасалатын қадам деуге негіз бар. Нәтижесінде қоғамдағы саяси ахуал медиа-мәтінде тілдік және бейтілдік құралдар арқылы таңбаланып, ғаламның медиа-бейнесін жасауға қатысады. Осы бейненің қандай нұсқада қалыптасуы күрделі де көпқырлы автор образы мәселесі арқылы анықталады.

4. Бүгінгі оқырман газет хабарламасына шүбәсіз сенетін, ондағы ақпаратты нұсқау ретінде қабылдайтын «көнбіс» адресат емес, келіп түскен ақпаратты өзіндік ой елегінен өткізіп саралайтын, мәтін арқылы берілген автор көзқарасын құптау-құптамауды өзі шешетін, көзі ашық білікті тұлға болып табылады. Сондықтан медиа-мәтінді әрбір оқырман өз білім дәрежесіне, саяси сауаттылығына, қала берді өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, өзінше интерпретациялайды деуге толық негіз бар. Осымен байланысты кез келген газет мәтініне қатысты адресант пен адресат оқытушы – оқушы, ұстаз – рухани шәкірт рөлдерінің бірінде көрінеді.

5. Газет мәтінінің авторы қандай да бір оқиға-құбылыс туралы баяндап қана қоймай, оған қатысты өзіндік көзқарасын да білдіреді. Адресанттың осы субъективті пікірі медиа-мәтінде модальділік категориясы арқылы көрініс табады. Осымен байланысты газет мәтініндегі модальділікті бағалау, дәйектеуші және эмоционалды модальділік деп бөліп қарастыру автордың прагматикалық ұстанымын айқындауда үлкен маңызға ие болады.

6. Ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, реттеуіштік және жарнамалық қызметтерді қатар атқаратын медиа-мәтіннің прагматикалық әлеуетін арттыратын интенсификаторларды контраст, тілдік қайталамалар, сөзойнатым тәсілдері деп қарастырудың прагмалингвистикалық зерттеу үшін мәні зор.

7. Саяси дискурс ақпараттық кеңістіктің өзегін құрайтын күрделі прагматикалық ұғым болып табылады. Ол БАҚ-та позитив және негатив мәндегі PR-мәтіндер арқылы жан-жақты ашылады. Осындағы негатив мәндегі PR-мәтіндер негізінен тілдік манипуляция арқылы көрініс табады.

8. БАҚ – жаңа қолданыстарды қалыптастыруда әрі таратуда маңызды рөл атқаратын негізгі механизм.

9. Медиа-мәтіндегі тақырыптық кешенді құрайтын айдар мен тақырыпат адресат санасына әсер ету үшін пайдаланылатын маңызды қосалқы фактор болып табылады. Бұл екеуінің байланысы оларға ортақ ақпараттық, графикалық-айшықтау, эмоционалдық, интегративтік, жарнамалық функцияларынан көрінеді.

10. Медиа-мәтінде лингвистикалық және бейлингвистикалық құралдардың аралас қолданылуы оның адресат факторына бағытталған әсер ету қызметінен келіп шығады. Қазіргі баспасөзде ерекше орын алатын мұндай әртекті құралдар арқылы жасалған туынды креолды мәтін деп аталады. Креолды мәтін сендіру категориясын эксплицитті және имплицитті түрде жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тиімді прагматикалық тәсіл деп таныған жөн.

Сөз жетім қалмас үшін жеті кеңес... Телевизиядағы сұқбат – тек сұрақ-жауапқа ғана негізделген жанр емес. Телесұқбат табиғатының күрделілігі мен алуан түрлілігі оның дайындалу процесіндегі қаншама еңбек өнімділігін қажет ететіндігімен түсіндірілсе керек. Бұл журналист қауымы үшін аса қажетті. Сондықтан телесұқбат дайындаудағы ізденістер, ең алдымен, журналистің сұқбатқа кімді шақырып, не жайында әңгіме қозғайтынынан бастап, соған қатысты күрделі дайындық барысын ретке қоюымен тығыз байланысып жатыр. Бұл тұрғыда көп дүние кез келген сұқбат берушінің қабілет-қарымы мен шеберлігіне де тікелей тәуелді.

Рас, жауапты қызметтегі лауазым иелерінің көпшілігі телесұқбат беруге келгенде тайсақтап жатады. Тіпті олардың кейбірі сұқбат берудің қыр-сырымен таныс емес. Көп жағдайда олар өздерін сұқбат беру кезінде қолайсыз сезі­неді. Бұған қоса журналистер әңгіме кезінде тосын, өткір не әсіре сұрақтар қойып жататыны тағы бар. Ол сұқбат берушінің көңіл күйіне әсер етіп, нәтижесінде телеарнаның, ондағы өнімнің бедел-абыройына да нұқсан келтірмей қоймайды. Сондықтан мұндай қателіктерге бой алдырмас бұрын сұқбат берушінің тыңғылықты дайындығына қатысты зерттеушілер жиі ұсынатын кеңестерді бір пысықтап алған жөн. Өйткені эфир – зор талғамның орыны, ал ондай құдіреті мықты кеңістікке шығу алында сұқбат берушілер жағы мынадай кеңестерді есте ұстаса абзал. Қазір көптеген танымал тұлғалардың арнайы PR-технологтары жоқ. Бұл – белгілі де. Себебі оны ұстау үшін де мол қаржы керектігі сөзсіз. Ал PR-мамандары бар қызметкерлердің көп нәрседен хабардар болары анық. PR-технологтар өзінің басшысын қалай сөйлеп, нені қаперге алу керектігі жөнінде құнды кеңестер береді. Ең бастысы, сұқбат берушінің сұрақтар төңірегінде өз пікірін кімге және қалай жеткізетіндігін анықтап алуы маңызды. Осы жайында жеке жаттығулар жасай білуі керек. Мәселен, қажетті мәліметтермен танысып, әдебиеттерді ақтару, таза, ұқыпты сөйлей білуге машықтану. .Сұқбат кезінде өзін еркін ұстап, жеңіл сезіне білуге дағдылану. Жасандылықтан аулақ болу. Өйткені телевизиядағы кез келген сұқбаттың сәтті шығуына екі жақты түсіністік пен жылы қарым-қатынастың тигізер пайдасы мол.

Сұраққа қысқа әрі нақтылы жауап беруге машықтану. Байланыссыз сөздер мен сөйлемдерден, қажетсіз ойлардан, артық тіркестерден аулақ болу керек. Бұл аудитория мен журналистің алдында зор абырой әкеледі.

Сұқбат алушы тарапынан қойылған сұрақтарды қашан да жылы қабылдай білу. Оған жауап беру-бермеу қарсыластың өз еркінде.

Сұқбат беруші қашан да өз саласының атынан (экономика, бизнес, құқық қорғау, билік т.б.) сөйлеген жағдайда дөрекілік, әдепсіздік танытпай, қарапайымдылық қағидасын ұстана білсе, құба-құп. Өз мекемесінің атын жамылып, сілтеме жасау журналист пен көрерменге сенімсіздік туғызып, олардың ашу-ызасын туғызуы мүмкін.

Сөйлегенде әрқашан фактілерге жүгіне білу. Себебі дерек пен дәйек – сұқбат берушінің қашан да қуатты құралдарының бірі.

Сұқбат берушінің жоғарыда аталған дайындық түрлері журналистің ықпал етуіне де тікелей қатысты екенін ескеруіміз керек. Себебі журналистің әңгімесі тек бір ғана кейіпкері – қарсылас тұлғасына тәуелді. Оның қалай сөйлеп, эфирден сәтті әңгіме жасай алуына журналист әрқашан қам жеп, көңіл бөледі. Сондықтан сұқбат берушімен алдын ала келісім барысында кейде журналистің де өз серігін аталған кеңестер бойынша дайындауына тура келеді. Яғни сұқбатқа дайындық барысы өзара бірлескен түрде жүреді деген сөз. Не дегенмен сөйлеушінің шеберлігі неғұрлым ширақ, тәжірибесі мығым болса, бұл журналист пен жамағатқа да қолайлы.

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы, 1974.

  2. Амандосов Т. Журналист және өмір. – А., 1967.

  3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. – м., 1991.

  4. Айзенберг М. Менеджмент рекламы. – М., 1993.

  5. Барманкулов М.К. Жанры печати, радиовещания и телевидения. – А., 1974.

  6. Барманкулов М.К. Журналистика для всех. А., 1979.

  7. Ворошилов В. Право и этика СМИ. – М., 1999.

  8. Горохов В. Основы журналистского мастерства. – М., 1989.

  9. Егоров В. Телевидение: теория и практика. – М., 1993.

  10. Кузнецов Г. Журналист на экране. – М., 1985.

  11. Кузин В. Психологическая культура журналиста. – М., 1997.

  12. Лазутина Г.В. Психологическая этика журналиста. – М.,1999

  13. Омашев Н.О. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992.

  14. Омашев Н.О. Жол – үстінде журналист. А., 1999.

  15. Рэндалл Д. Универсальный журналист. – А., 1996.

  16. Свитич Л. Журналист и его работа. – Москва, 1979.

  17. Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. – Алматы, 1995.

  18. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. – Қарағанды, 2001.

  19. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. – Қарағанды полиграфиясы, 1999.

  20. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики, Москва, 2003.

  21. Смирнов В.В. Жанры радиожурналистики, Москва, Аспект Пресс 2002.

  22. Тертычный А.А. Жанры периодической печати, Москва, 2000

  23. Шамақайұлы Қ. Сөз бостандығы және Mass Media, Қарағанды, 2004.

  24. Шум Ю. Журналистское расследование // Фонд защиты гласности, 2000.

  25. Тертычный А.А. Журналист берет след // Журналист, 2002, № 8.

  26. Шостак М. Журналистское расследование // Журналист, 1998, № 9.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Гуревич С. Редакционный менеджмент. – М., 1995.

  2. Ворошилов В. Журналистика и рынок: проблемы маркетинга и менеджмента СМИ. – СПб, 1997.

  3. Гуревич С. Газета и рынок: как добиться успеха. – Москва, 1994.

  4. Кропотов Л. Журналистика на путях социологии. – Свердловск, 1976.

  5. Зарва М. Произношение в радио и телевизионной речи. – Москва, 1976.

  6. Введенская Л., Павлова Л. Культура и искусство речи. – Ростов на Дону, 1999.

  7. Покровская Е.В. Понимание современного газетного текста (прагматический аспект). – М., 2003.

  8. Георгиев Д. Режиссура газеты. – Москва, 1979. – 107 стр.

  9. Коробова Л.А. О семантике газетного заголовка // Иностранная филология. Вып. 6. – Алматы, 1975. С. 77-84.

  10. Лазерева Э.А. Заголовок в газете. – Свердловск, 1989. С. 96

  11. Иманбердиева С. Бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін логоэпистемалардың трансформациялануы (газет материалдары бойынша) // С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері. – А., 2004. 199-206 б.