Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kriminologia-_2013.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.33 Mб
Скачать

А л м а с Ж Ұ М А Ғ А Л И

К Р И М И Н О Л О Г И Я

Жалпы бөлім дәрістер қаскелең

2013

М А З М Ұ Н Ы

Сөз басы.............................................................................................

Алғашқы 2003 ж. басылымына алғысөз...................................................

1-тақырып: Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі.................

1. Криминологияның пәні.....................................................................

2. Криминологияның түсінігі...............................................................

3. Криминологияның жүйесі................................................................

4. Криминологияның міндеттері...........................................................

5. Криминологияның өзге ғылым салаларымен арақатынасы.................

6. Криминологияның қысқаша тарихы..................................................

2-тақырып: Қылмыстылық...............................................................

  1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері...........................................

  2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері.......................................................

3. Латенттік қылмыстылық....................................................................

3-тақырып. Детерминация және қылмыстылықтың себептері.........

  1. Себептілік туралы философиялық ұғым............................................

  2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізгі теориялар.......................

3. Қылмыстылықтың себептерін топтастыру..........................................

4-тақырып: Қылмыскердің тұлғасы..................................................

  1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы................................

2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы................................................

5-тақырып: Криминологиядағы виктимология.................................

1. Виктимологияның түсінігі................................................................

  1. Виктимологияның пәні.....................................................................

  2. Виктимділіктің түсінігі мен түрлері..................................................

  3. Жәбірленушілерді топтау.................................................................

5. Виктимизация...................................................................................

6-тақырып: Қылмыстық мінез-құлық механизмі..............................

  1. Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы..............................

  2. Сыртқы орта және тұлғаның қалыптасуы...........................................

  3. Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизміндегі

орны.................................................................................................

7-тақырып: Қылмыстылықтың алдын алу.......................................

  1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары…………….....

  2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі..........................................

  3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері.............................................................................................

  4. Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері……………………….........

8-тақырып: Криминологиялық болжау.............................................

  1. Криминологиялық болжаудың түсінігі.............................................

2. Болжаудың түрлері...........................................................................

9-тақырып: Криминологиялық зерттеу әдістері..............................

  1. Криминологиядағы жалпы ғылымдық әдістер.................................

  2. Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер...........................

  3. Криминологиядағы нақты статистикалық әдістер............................

10-тақырып. Криминологияның ерекше бөліміндегі қылмыстылық түрлерінің бөліну критерийлері.........................................................

Сөз соңы.............................................................................................

Қамшылау.............................................................................................

СӨЗ БАСЫ

Бисмиллаһ-ир-рахман-ир-рахим!

Қолдарыңыздағы кітап «Криминология» курсы бойынша оқырманға қазақ тілінде тұңғыш рет ұсынылған туынды болатын. Алғашқы басылымы 2003 жылы жарық көрген. Одан бері де бір онжылдық ілгері жылжыды.

Заң саласының тілін түлетеміз деп жүргенде осы ғылымның атауы да сандаған атауларды «киіп» көрді: «қылмыснама», «қылмыстаным», «қылмыстану» деген сияқты. Бірақ біз терминдерді баламалауда бір кісідей атсалысып, айтып, кей-кейде күресіп жүрсек те, терминдерді жаппай қазақыландыруға қарсымыз. Соның ішінде «Криминологияны» аударуға. Себебі, бұл сөз бүкіл әлемге түсінікті термин. Латын сөзінен қашамыз деп жүргенде шатысуға алып келеміз. Айталық, оны «Қылмыстану» не «Қылмыстаным» деп аударайық. Сонда, «Криминалистика» не деп аталуы керек? Ол да қылмысты зерттемей ме? Қылмысты нысанасына алған сандаған ғылымдардың барлығының түбіріне қазақша «қылмыс» деген сөзді қойып, ажыратқыш, сөз түрлендіргіш жұрнақты тізбектейміз деп жаңылтпашқа айналдырып жібермейміз бе? Әрине өзі сұранып тұрған сөздерден басқа. Мысалға, «қылмыстық-атқару құқығы» аталып жүрген құқық саласында «қылмыс» сөзі адасып жүр. Оның шын атауы «жаза атқару құқығы» болу керек. Нанбасаңыз Қылмыстық-атқару кодексін (дұрысы: Жаза атқару кодексі) ашып қараңыз, бір де бір атқарылатын қылмыс туралы әңгіме жоқ, тек атқарылатын жазалардың түрлері туралы. Мұншалықты күлкілі күйге жеткізген орыс тілінің соңынан ергіш құлдық сана ғана. Орысша «уголовный» деген сөз үнемі қылмыс дегенді бермейді, негізгі түбірі адамның тағдыры (басы). Сол себепті олар қылмысқа да, жазаға да осы сөзді аямай сала береді. Мысалға, «уголовное преступление» деген де тіркес бар.

Ал «Криминологияны» «Қылмыснама» деп атау, мүлде әдеби-көркемдік шығармаға айналдырып жіберу. Ол үшін шығыс әдебиетіндегі «Ғашықнамені» айтса да жеткілікті болар.

Қалай деген күнде де «Криминология» атауы қалу керек.

Ал осы криминология қандай ғылым? Адамзатқа, қоғамға берері бар ма? Оны алдағы беттерден зерделеңіздер!!!

Осы еңбегімді ғылымның бәйгесіне қосқан

рухани әкем, ұстазым

проф. Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановтың,

сондай-ақ осы күнді көре алмаған

жетелеп жүріп өсірген

әжем Сара Сейдалықызының және

көкем Қабдымәжит Жұмағалиұлының рухтарына

арнаймын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]