Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткие тезисы лек.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
292.86 Кб
Скачать
  1. Лекция Экономикалық теория пәні мен оның негізгі бағыттары

  1. Экономикалық ғылымдардың қайнар көздері

2. Экономикалық заңдар мен категориялар

3. Экономикалық теорияның пәні

1. Тұңғыш экономикалық ой пікірлер көне заманда пайда болған. Ежелгі дәуір ойшылдарының еңбектерінде: ежелгі қытай философы Конфуций (551-479 б.д.д.), ежелгі Индияның «Ману заңдарында» (4-3 ғ б.д.д.), ежелгі греция ойшылдары - Ксенофонт (430-345 ж.б.д.д) Аристотель (384-322 б.д.д.). Олар экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді т.б. шешуге талпынған.

Экономика сөзі грек тілінің «үй шаруашылығын жүргізу» деген сөзінен шыққан. Экономика - әртүрлі елдердің өндірісінде, шаруашылықтарында тәжірибелік шаруашылық қызмет б.т. Үй шаруашылығы мен экономиканың арасында көп ұқсастық бар. Үй шаруашылығында да біз отбасылық бюджетті, адамдардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, ресурстарды бөлеміз. Қоғам техника мен технологияның дамуына байланысты белг-бір ресурстар қорына ие. Және ол бүкіл қоғам мүшелеріне сол миллион үй шаруашылықтар мен фирмалар арқылы іске асады.

2. Экономикалық заңдар – өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамның еңбек-қызмет процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық теорияда экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық категориялар– қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.

Экономикалық заңдардың әрекет етуі үшін адамдардың қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

Қажеттіктер бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүруді және және организмді дамытуды қамтамасыз ететін , адамның жеке басын дамыту үшін қолданылаты объективтік керектік б.т. Адамның қажеттіктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша төменгі сатыдағы материалдық қажеттіктерден бастап, жоғарғы сатыдағы рухани қажеттіктер былай орналасады.

  1. физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке т.б.);

  2. қауіпсіздік қажеттікиері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан т.б.);

  3. әлеуметтік байланыстарға деген қажет-р (сүйіспеншілікке, кейбір топтардың мүшесі болуға);

  4. өзін-өзі сыйлап, қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға)

  5. өзін-өзі мадақтауға қажеттіктер.

Экономистердің міндеті:

  • адамдардың шешімге келу процесін зерттеу: олар қанша жұмыс істейді, қанша сатып алады, не сатып алады, қалай қор жинайды және оларды қайда салады.

  • Адамдардың сатушы сатып алушы, депозитор инвестор, кредитор кредит алушы қатынастарында зерттеу.

  • Экономикаға жалпы әсер ететін факторлар мен тенденцияларды зерттеу.

3. Экономикалық теорияның пәні

Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген, адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.

Экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне нарықтықтың қызмет ету механизмі, нарықта болатын жетілегн және жетілмеген бәсеке, жеке шаруашылық сфералардың монополиялану дәрежесі, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдері жатады. Өндірісті қайталап жүргізіп отыру және оның экономикалық өсуі индивидуалдық дәрежеде және қоғамдық масштабта жүріп отырады. Сондықтан экономикалық теорияның құрылымына микроэкономика мен макроэкономика жатады.

Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауар бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта т.б. жағдайлар талданады. Макроэкономика микропропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Бұның зерттеу объектісіне: ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады.

Микро жене макроэкономика жалпы талдауда және бұның нәтижесін пайдалануда, бір мақсатты – қоғамдық қажеттіктерді қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторларын зерттеуді көздейді.

Сонымен ЭТ-бұл

  • ұдайы өндірістің динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым;

  • қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік)мпайдалану туралы ғылым;

  • өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамның күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

Экономикалық өсудің мақсаты – бұл адамдардың материалдық рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, тәжірибесі, қабілеті адам капиталын құрайды. ЭТ экон-қ ғылымдар кешенінің методологиялық негізі б.т. Ол 1) салалық ғылымдардың (өнеркәсіп э-сы ауыл-ш-қ, көлік, құрылыс эк-сы), 2) функционалдық ғылымдардың (қаржы, несие, маркетинг, болжау), 3) салааралық ғылымдардың (экономика, георафия, демография, статистика, менеджмент)зерттеулерінің негізі. Сон. Қатар ЭТ социология, психология тарих ғылымдарымен тығыз байланысты. Аталған ғылымдардағы деректерді пайдаланбаса ЭТ-ның тұжырым-қорытындылары ақиқаттан алшақ болуы мүмкін.

ЭТ жалпы ғылымдар жүйесінде белгілі қызметтер атқарады. 1) танып-білу (қоғамдық эк-қ өмірдегі процестерді зерттеп, түсіндіре алу керек).

2) практикалық – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, эк-қ өмірді реформалаудың эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу.

3) қоғамдық дамудың ғылыми болжамын және перспективасын жасау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.