Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

I ЭКОНОМИКАЛЫ ТЕОРИЯ ПНІ ЖНЕ ДІСТЕРІ

.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
58.88 Кб
Скачать

I ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

  1. «Экономикалық теория», «Саяси экономия», «Экономикс» байланысы.

Экономикалық теория пәні

«Экономия» терминіні бірінші рет Ксенофонт ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» -үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі.

Экономикалық теориядан ең алғаш мектеп – меркантелизм. Меркантилизімнің ең басты теоретиктері: Томас Ман (1571-1641, Англия) және Антуан де Монретьен (1575-1621, Франция). Антуан де Монкретьен «саяси экономия»1 терминін айналымға енгізді (1615 ж.). Меркантелистердің негізгі идейсы, қоғамның басты байлығы ақша, ал байлық көзі – сатып алушы қоғам – (айналым) деп түсіндірген. Мемлекет, олардың түсінігінше өз азаматтарының баюына мақсатты және балсеңді түрде экономикалық саясат арқылы көмектесу керек.

Экономикалық теория дамуының екінші кезеңі – классикалық саяси экономия. Ол физиократтар және Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның (1772-1823) нарық мектебіне бөлінеді. Меркантелистерге қарағанда, физиократтар қоғам баюының негізгі көзі - өндіріс, айналым емес дейді. Олар өндірісті кең түрде қарастырмай, ауыл шаруашылығы көлемінде қарастырады.

Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде А.Смит пен Д.Рикардо зерттеу ортасын жалпы өндіріске бағыттап, ал ауыл шаруашылығын оның бір саласы ретінде қарастырды. Олар классикалық анықтаманы, қоғам баюының өсуінің алғаш шарты ретінде еркін және бәсекелестік нарықтық экономика деп түсіндірді.

Экономикалық теорияның тарихи даму барысында идеологизация проблемасы болды. Мерканталистер сатып алушылардың қызығушылығын қорғаса, классиктер – капиталасттердің қызығушылығын қорғаған.

Экономикалық теорияның идеологизациясын кең таратқан марксистер. Олар теоретикалық ашық түрде жұмысшы табының мүдделерін қорғауға бағыттаған. Сондықтан экономикалық ілім оны пролетарлық саяси экономия деп атаған. Ол теорияның негізгі постулаты – қоғамдық меншік барлық экономика өндіріс құралдары мен орталықтанған жоспарлы басқару еңбектенушілер мүддесіне.

Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар:

  1. неоклассикалық;

  2. кейнсиандық;

Олардың дискуссияының негізгі мәселесі мемлекеттің экономикадағы ролі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар, экономикалық даму тиімді болу үшін мемлекеттің араласуы шектеулі болуы қажет деп тұжырымдайды. Ал, кейнсиандықтар, керісінше экономиканың прогрессивті дамуы үшін мемлекеттің бақылауы макро реттеу әдістері арқылы жүзеге асуы керек деп тұжырымдайды.

Экономикалық теория адамдардың шектеулі ресурстар әлеміндегі экономиклық тәртібін, материалдық игілік пен қызметті өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну кезіндегі экономикалық қатынас жүйесін қоғам дамуының барлық сатысын зерттеп, оқыту болып табылады. Саяси экономия – таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың экономикалық қатынасын, қызығушылықтарын зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономика ғылымында «экономикалық теория» түсінігіне жақын, бірақ ол ғылым нарықтық шаруашылықты зерттейді, яғни нарық жүйесінің объектілерін зерттеу.

2. Негізгі экономикалық түсініктер

Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс.

Экономикалық теория шектеулі ресурстар әлеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Қажетті категориялар түсінігіктерінде тоқталайық.

Тұтыну қажеттілік сияқты анықталады, индивидтің тұлғалық және мәдени даму деңгейінің спецификалық формасында. Адам қажеттіліктері материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық қажеттілікке тауар мен қызметті пайдаланғысы келетін, сонымен қатар олар тиімді. Материалдық қажеттіліктер:

А. Бірінші қажеттілік заттары \тамақ, киім, баспана\

Б. Сән заттары \асыл заттар, норка тондары, яхта т.б.\

Жеке адам қажеттіліктерінен басқа өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне өндірістік қажеттіліктер бар.

Тұтынуға әсер ететін факторлар:

А. Халық, мемлекет, фирмалардың табысы.

Б. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы.

В. Елдің экономикалық даму деңгейі.

Г. Елдің тарихи және ұлттық ерекшеліктері т.б.

Адам қажеттілігінің түрі шексіз. Бірақ шектеулер бар – ресустарды шығындауды шектейтін деңгей. Ресурс – ол өндірістік игілік пен қызметтерді өндіруде пайдаланатын, адам қажеттілігін қанағаттандыратын зат. Ұлттық ресурстар толығымен жұмыс істеп жатқанда, өндірістегі бір өнім көлемін ұлғайтудың бір ғана әдісі бар – басқа өндірісті қысқарту. Әрбір қоғам мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасымен жиі кезігеді. Барлығының қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес, әрбір адам, мемлекет немесе фирма тандау жасауы керек. Экономистер мұндай жағдайды альтернативтік құн арқылы сипаттайды. Альтернативтік құн – ол баға, басқа затпен өлшенеді, сонымен қатар айырбасталады. Таңдау және альтернативтің құн эффектісі өндірістік мүмкіндіктер қисығы көмегімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы сызық, ол өзінің әрбәр нүктесі арқылы өндірістегі экономикалық ресурстарды пайдаланғандағы екі өнімнің максималды көлемін көрсетеді.

Мысалы, мемлекеттегі ресурстарды пайдалана отырып, белгілі бір А және В тауарларының көлемін шығарады. Мемлекеттің өндірістік мүмкіндіктер қисығы келесідей түрде болады.

  1. Экономикалық процестерді анықтау әдістері

Экономикалық теорияны зартеуде экономикалық құбылыстарды ғылыми анықтауда келесі әдістер пайдаланылады:

а. Талдау және синтиз әдісі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бөлімдер арқылы зерттеу (талдау), және тұтас (синтез) өзара байланысы байланысы мен өзара тәуелділігі бойынша зерттеуді қарастырады;

б. Ғылыми абстаркция әдісі – кез-келген түсінікті абстракция немесе катигория арқылы анықтау;

в. Тарихи және логикалық әдіс – экономикалық процестерді тарихи кезендері мен оларды логикалық түсіндіруді зерттеп, соны жалпы бағалау және қортындылау;

г. Индукция және дедукция әдісі – жеке фактіларден жалпыға әкелуі (индукция) ал жалпы жағдайдан жеке кортындылар жасау (дедукция);

д. Сандық және сапалық талдау әдісі – экононмикалық теорияда статистикалық көрсеткішткерді, математикалық әдістерді, экономика-математикалық моделдеуді өндірістік қатынастар жүйесінде сапалық өзгерістерді анықтауда кең көлемді пайдалану.

  1. Позитивті және нормативті экономикалық ғылым.

Экономикалық тиория қызметі

Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті, немесе дискриптивті экономика обьективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы: егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе тауар бағасы өседі.

Нормативті экономика субъективті негізделген, жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер стимулының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиіс» және «лазым» түсініктері кезіксе – ол нормативті тәсілге қатысты.

Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады:

  • Танымдық (экономикалық теория қоғам экономикасын зерттеуге және түсіндіруге, алынған білімді теоретикалық түрде көрсету);

  • Методологиялық (Экономикалық теория барлық экономикалық ғылым жүйесіне теоретикалық және методологиялық база ретінде қызмет жасайды);

  • Білім беру (экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің құрылуына әсері);

  • Практикалық (экономикалық теория адамдардың практикалық мақсаттарына, қоғамның экономикалық даму жолын көрсетуге көмектеседі)

Қайталау сұрақтары:

  1. Экономикалық теория нені зерттейді?

  2. Маслоу адам қажеттіліктерін қандай деңгейлерге бөледі?

  3. «Ресурстар» мен «игіліктер» деген не?

  4. «Баламалы шығын» деген не?

  5. Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы нені көрсетеді?

  6. Экономикалық теория өзінің зерттеуінде ғылыми таңдаудың қандай әдістерін пайдаланады?

  7. «Экономикалық санат» және «экономикалық заңдар» деген не?

  8. Нормативтік экономика позитивтіктен немен ерекшеленеді?

  9. Экономикалық теория қандай қызметтер орындайды?

Үй тапсырмасы:

  1. Экономикалық заңдардың топтамасы: жалпы, ерекше, арнаулы.

  2. Маслоу бойынша қажеттіліктер топтамасы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008. – 276 б. (4-13 б.) Крымова (5-11 б.)

  2. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы, Экономика, 2003 ж.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. // Авт. ұжымы. Акад. Я.Ә. Әубәкіровтың жетекшілігімен.- Алматы, Қазақ университеті, 1999 ж. бағдарламада бұл №1 оқулық.

1 «саяси экономия» – грек тілінде полис- мемлекет, ойкос – үй шаруашылығы, номос – заң дегенді білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]