Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс1.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
117.79 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты.

Жоспар:

Кіріспе.

  1. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы.

    1. Заңсыз кәсіпкерлік.

    2. Жалған кәсіпкелік.

    3. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер    көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей   шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (216-б)

    4. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

    5. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

  2. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың сипаттамасы.

    1. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды динамикасы, криминологиялық сипаты құрылымы.

    2. Кәсіпкерлік саасындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

    3. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаты.

    4. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың алдын алу

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмысқа жалпы сипаттама. Бұл дипломдық жұмыс негізінен кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың құқықтық және криминологиялық сипатына байланысты туындайтын теориялық және практикалық проблеммаларымен күресу үшін бағытталған.Бұл жұмысты жазу барысында автор тарапынан тың деректер мен ғылыми және тәжрибиелік негіздерге сүйенген жаңа тың деректер мәлім болды. Зерттеу барысында осы қылмыспен күресу жолдарын жетілдіруге бағытталған , және алдын алу шараларын жүргізу мәселелері де қарастырылып отыр.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің алдына қоғамдағы және мемлекет ішіндегі проблеммаларды жеке өзі шешуі секілді мақсатты қойды. Сонымен қатар осының негізінде жаңа мемлекетке өзінің экономикалық жүйесін құру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] . Бұл дегеніміз мемлекеттің даму жолында эконмиканың қаншалықты маңызды, өзекті екенін көрсетіп отыр.

Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дамуына жол ашатын стратегиялық “Қазақстан – 2030” , “Қазақстан – 2050” құжаттарын бекітті. Ол стратегиялық жоспарлардың басты талаптары ретінде – нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, ірі көлемдегі шетел инвестициясын тарту сияқты мақсаттар көзделген. Осыған байланысты мемлекет тарапынан экономиканы , кәсіпкерлікті қолдау мақсатында меншік туралы, кәсіпорындар туралы, ауыл шаруашылығы туралы, кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтің еркіндігіне бағытталған заңнамаар бұл саланың тамырына қан жүгірткені хақ[2].

Мемлекет ішіндегі 90 – жылдардағы реформалар негізінен бұрынғы кеңес елінен қалған жоспарлы экономикадан бас тартып нарықтық экономикаға өтуге бағытталды. Бұл мемлекеттің эконмикалық жүйесін түбегейлі өзгертуіне алып келді. Нарықтық жүйе эконмикалық жүйенің еркіндігіне жол ашады., барлық меншік түрлерінің теңдігін, және лайықты қорғалуын қамтамасыз етеді, бәсекелестіктің дамуына жол ашады. Ал жоғарыда аталған салаларды жоспарлы экономикада дамыту мүмкін емес.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев қадағалауымен экономика саласында төмендегі мақсаттар қойылды:

  • Бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканы қалыптастыру , меншіктің негізгі түрлерінің (жеке және мелекеттік) өзара байланысын қарастыру, жалпы жүйедегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерін бірге орындауға бағытталған.

  • Мемлекет тарапынан азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуын арттыру үшін заңнамалық жағдай жасау сияқты мақсаттар қойылды [3,б.6].

Сонымен қатар ел ішінде реформалар жүргізілгеннен бастап, экономикалық қылмыстар да түпкілікті өзгерістерге тап болды. Жаңа меншік түрлерінің пайда болуы , әлемдік эконмикамен жақыннан жұмыс істеу қылмыстың кең ауқымда дамына жол ашты. Қоғамға беймәлім қылмыстар туындай бастады. Біздің мемлекеттің құқық қорғау органдары пәреқорлық , ұйымдасқан қылмыстық топтардың мемлекеттік билікте отырған тұлғалармен біріге отырып “ өз ойын ережелерін” қоюға талпынуы секілді түйіткілді мәселелерге тап болды. Бұл әрине азаматтық нарықтық экономиканың дамуына үлкен кедергі келтірді.

Осығын байланысты экономика саласындағы қымыстың алдын алуға байланысты мемлекет тарапынан реформалар жүргізіле бастады. Осыған байланысты ел ішінде алғаш рет экономикалық қылымстармен күресуге байланысты 2002 жылы, 29 – желтоқсанда үкімет тарапынан №1430 қаулы бекітілді, ол қаулыда Қазақстан Республикасында 2003 – 2004 жылдар аралығында қымыспен күресу жоспары бекітілді. Ол жоспардың негізгі мақсаты – мемлекеттің қаржы – шаруашылық саласындағы қадағалауын орнықтыру, құқық қорғау органдарынынң біліктілігін арттыру, сонымен бірге мемлекеттік органдар , құқық қорғау органдары ,фискальдық, қаржылық мекемелермен біресе отырып экономикалық, корупциялық қылмыстармен күресу болып табылды.[9]

Эконмикалық қылмыспен күресуді одан раы қарай жетілдіру мақсатында 2003 – 2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан, Пезиденттің жарғысымен – 2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында 2003 жыл , 15 тамызда үкімет жоспары бекітілді.[10]

Жоспарда мемлекеттің экономикалық қауімсіздігін қамтемасыз ету кешені, қоғамдық тәртіпті бекіту , қылмыспен күрусу , ішкі саяси тұрақтылық, сонымен қатар құқықтық нормативтік базаны жетілдіру де қарстырылды, ескерту шараларының сапалы жұмыс істеуін , Заңға бағынуға насихаттау жұмыстары жүргізіді. Жоғарыдағы Концепциияның жүзеге асуы нәтижесінде , көптеген түйіндер шешіліді, және бұдан кейінгі уақыттарда да экономикалық қымыстрмен күрсуге жүйелі түрде бару керек екенін ұғындырды, бұл туралы Қзақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бекітілген 2005 – 2007 жылдарға арналған қылмыспен күресу жоспарында көрсетілген [11]

Жоғарыдағы шараларды қолданылуына қарамай эконмикалық қылмыстар одан әрі етек жайуын тоқтатпайды, оның басты себебі эконмика саласын реттейітін зағнаманың жетілдірілмеуі болып табылады. Профессор И.И. Рогов әділетті баға беріп кеткендей “Экономикалық қылмыстар қылмыстың жалпы жағдайына айтарлықтай әсер етеді, кейбір ескертпелерді ескере отырып мына нәрсені тұжырымдауымыз мүмкін, керек болса кез келген қымыстардың бастауы да десек әбден болады.”[13,б.2]

Оның үстіне бұл дипломдық жұмысты жазуда тағы бірнеше мәселелерге тап болдым десем де болады. Себебі біріншіден менің тақырыбымда бұдан алдыңғы кезеңдерде ешбір диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылмапты. Көбі орыс тіліндегі материялдар мына менің өз бетімше ізденуіме тура келді. Екіншіден - 2014 жылы 3 шiлдеде Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі қабылданған болатын , міне осы өзгеріс мына менің жаңадан ізденуіме себепші болды.

Тақырыптқа байланысты ізденістер алып барған тұлғалар

Жалпы, экономика, саласындағы қылмыстарға қатысты өз ойларын жазып қалдырған отандық және рессейлік ғалымдар ізденістер жүргізген. Атап айтқанда: Н. М. Әбдіров , А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, А. Ф. Әубакіров, К. Ж. Балтабаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, Е. И. Қайыржанов, Г. Д. Карагусов, Г. С. Мәуленов, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. Г. Рогов және көптеген аға буын ғалымдары өздерінің құнды мәлі меттерімен бөліскен.

Ал посткеңестік кеңістік ғалымдары арасынан бұл тақырыпқа байланысты өз ойларын жазып қалдырған ғалымдар: Г. Н. Борзенков, Б. Н. Волженкин, Л. Д. Гаухман, И. И. Карпец, В. Котина, Н. А. Лопащенко, А. М. Яковлева Секілді белді ғалымдар өз еңбектерін жазып қалдырған. Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектері, біздің тақырыбымыздың, теориялық, практикалық тұрғыда кең ауқымда ашылуына себепкер болды.

Тақырыптың жаңашылдығы:

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында мен көптеген қызық жайыттарға тап болдым. Осы тақырыпқа байланысты мәліметтер негізінен орыс тілді мәліметтер және ол аталған мәліметтердің арасында да нақты кәсіпкерлік саладағы қылмыстардың барлығын алып көрсеткен ғылыми жұмысты не болмаса дисертацияларды байқамадым. Көп жұмыстар негізінен кәсіпкерік саласындағы қылмыстарға жеке жеке арналған, негізінен жазылған жұмыстар – заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік деген секілді жеке – жекке зерттелген. Сонымен қорыта келе бұл дипломдық жұмыс кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарға қатысты жазылған қазақ тілінде жазылған алғашқы дерек. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығын алып қарастырған алғашқы жұмыс. Бұл жұмыста қылмыстық құқық , криминология секілді құқық салаларының негізгі қағидалары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – теориялық және практикалық дәйектерге сүйене отырып, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың

Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттатмасы

Біздің бүгінгі зертеп отырған тақырыбымыз жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығына шолу жасай отырып оны жан – жақтама толығырақ, мағыналырақ ашып көрсетуге бағытталған. Осы күндері кез келген тәуелсіз мемлекеттің саясатының бір тармағына айналған экономика саласы мемлекет үшін де, халық үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] Сонымен қатар Конституцияның 26 – бабында әрбір азамат кәсіпкерлікпен еркін айналысу құқығына еге делінген. Сонымен қатар біздің мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікті , жалпы кәсіпкерлік саласын қорғау және қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр.

Кәсіпкерлік терминін XVIII ғасырда Р. Кантильон ғылымға енгізді. Оның берген анықтамасына қарағанда кәсіпкерлік ол алдын ала көре алу, тәуекелге бел буа алу және қылынған барша әрекеттерді өз жауапкершілігіне ала алатын субьект деп көрсетті.Бұл субьекттер негізгі капитарлдың егесі болуы міндетті емес деп айтылдып өтті.[20,86-96.б]

Саяси экономиканың класикалық мектебінің негізін қалаушы А. Смиттің анықтамасы Р. Кантальоның анықтамасынан біршама өзгешеліктері болды. Ол кәсіпкерді мүліктің иегері ретінде көрсетті және кәсіпкерлікпен пайда табу мақсатында айналысатынын айтып кетті.[21,124 – 130.б]

Ал, Й. Шумпетердің ойы бойынша кәсіпкер инаватор болуы тиіс, кәсіпкерік саланы болса шаруашылық салаларды ұйымдастырудың құралы деп есептеді. Оның ойы бойынша мүлік меншік құқығы боып есептелмеді.Шумплердің ойы бойынша кәсіпкерліктегі қандай да бір өзгерістер экономкаға да өзгерістер алып келеі деп айтып кетті.[22,169-170.б]

Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің” 10 – бабына сәйкес кәсіпкерлік дегеніміз - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Жоғарыдағы анықтаманы кеңірек ашып көрсету үшін мынандай амалды қолданғанымыз дұрыс болар. Кәсіпкерліктің басқа қызмет салаларынан ажырататын негізгі мынандай белгілері бар:

  1. Нарықта өз өнімін, жұмысын, қызметін өндіру және сату арқылы пайда табатын қызмет түрі.

  2. Бұл қызмет түрі ерікті түрде бастамашының мүддесі мен талаптары негізінде жүзеге асырылады.

  3. Кәсіпкердің өзінің жекеменшік мүлкінің негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар барша мүліктік шығындар мен шығыстаға өз атынан жауап береді.

  4. Кәсіпкер тек өз атынан қатынасады.

Жоғарыда аталған негіздердің біреуі жоқ болатын болса бұл қызмет түрін кісіпкерлік қызмет деп атауға келмейді. Бұны қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамымен ұқсатуға да болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда Астанадағы: “Қазақстан 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сратегиялық бағыты атты жолдауында : қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын реформалауы жайлы, сонымен қатар ілгерідегі ізгілендіру барысында, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарға мән беру керектігі жайында жазылған. Демек осыдан түсінуге болатыны мемлекеттің лайықты дамуы үшін маңызды екенін көрсетіп отыр.

Енділікте кәсіпкерлік жайлы шағын болса да түсінік болса өзіміздің негізгі тақырыбымыз жайлы жазайық. Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қымыстық кодексін зерттей отырып мынандай кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды таба алдық:

  1. 214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет.

  2. 215-бап. Жалған кәсіпкерлік

  3. 216-бап. Іс – жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей  шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау

  4. 364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

  5. 365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жаcау

Осы қымыстарды кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар деп қарастырғанымыз дұрыс көзқарас болар деп есептейміз. Біздің тақырыбымыз да осы баптардың негізінде жазылатын болыды.

Кісіпкерлік саласындағы қымыстардың баршасына тән ортақ белгі олар мемлекеттің, немесе жеке тұлғалардың мүддесін, құқығын таптай отырып жүзеге асырылады.

    1. Заңсыз кәсіпкерліктің обьективтік және субьективтік белгілері

Қазақстан Республикасындағы алғашқы жылдардағы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталған қылмыстық құқықыты қабыдауында айтарлықтай қиындықтарды туындатты. Алғашқы 1997 жылғы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі[72] алғаш рет барлық экономика саласындағы қылмыстарды 7-тарауға кіргізді. Бірақ бұл қылмыстық кодекс............Сілтеме табып ескі кодекс неге алынып тасталды, не үшін қала бермеді соған анықтау беріп кету керек.Жаңа кодекстің артықшылықтарын көрсететін сілтеме керек. Мысалыға : Президенттің жолдауы негізінде деген сияқты.

Қылмыстық құқық теориясында кез – келген қылмыстар обьективті және субьективтік белгілерден тұралы. Қылмыс құрамының обьективтік белгілері обьект және обьективтік жағының белгілерін сипаттайды.

Соның ішінде, қылмыстық құқықтың негізгі институттарының бірі болып табылатын, қазіргі таңға дейін түрлі пікірталастарға тақырып болып келе жатқан қылмыс обьектісін зерттеуге тоқталып өтуіміз тиісті. Осы арада професор Е.И. Қайыржанов өте мағыналы, әділетті ой қадырып кеткен: «Обьект мәселесі қазіргі таңға дейін толық зерттелмеген және ең күрделі мәселелердің бірі болып қала беруде»-, деп айтып кеткен[79,б. 88].

Қылмыстық құқықтың обьектісі ретінде қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады[80-83]. А.Н. Трайниннің пайымдауы бойынша: «Кез келген қылмыстың обьектісі ол қоғамдық қатынастар екенін толыққанды жариялау керек»[84, б.124].

Л. Д. Гаухманның ойы бойынша «Қылмыстың обьектісі дегеніміз бағалырық және маңыздырақ қоғамдық қатынастар» [86, б. 53]. Н.И. Коржанскийдің ойы бойынша «маңыздырақ қатынастар деп – бұзылғаннан кейін мемлекетке немесе қоғамға елеулі зиян кетіретін қатынастар, ал бағалырақ қатынастар дегеніміз – әлеуметтік пайдалы қоғамдық қатынастар»-, деген[87, б.77].

Жоғарыдағы ойларға қарап отырып мына нәрсені түсінуге болады: Қылмыстық құқықтың обьектісі дегеніміз - ол мемлекет пен қоғам мүддесі үшін, сонымен қатар азаматтар үшін маңызды, конституциямен бекітілген, қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстық құқықтың теорриясында дәстүрлі түрде обьектіні жалпы, тектік және тікелей деп бөледі. Бұл сияқты үшке бөліп қарастыру үрдісі ескі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы кодексі қабылданғанда қалыптасса, кейіннен Қазақстан Республикасының 1997 ж. кодексінде де осы үрдіс сақталып қалды. Демек 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекске де осы секілді обьектіні вертикаль бойынша бөліп қарастыру тәсілі тән.

Жалпы обьект ретінде қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1-бабында заңмен қорғалатын жалпы обьектілерді көрсетеді.

Ал тектік обьектіде болса қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ғана қарастырылады. Жалпы обьектіден айырмашылығы, тектік обьекті жалпылама , кең ауқымда қарастырмайды , белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды қарастырады. Мысалыға 8-тараудағы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар»,- дың тектік обектісі экономика саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Ал Рессей Федерациясының Қылмыстық кодексінде болса обектілерді төртке бөліп қарастырады, олар: жалпы, тектік, түрлік және тікелей. А.П Гореловтың пайымдауы бойынша: «бір бөлікте жиылған қылмыстың құрамы РФ ҚК – де тектік деп аталады. Ал құрамы бір тарауда орналасқан қылмыстарды түрлік обьекті дейді »[96, б.80],- деп айтып кеткен. Көріп тұрғанымыздай Рессей Қымыстық құқығында бізге қарағанда біршама өзгешілікті байқауға болады.

Ал тікелей обьектіге келер болсақ отандық ғаымдардың көзқарастары бір жерден шығып тұр, олардың пайымдаулары бойынша заңсыз кәсіпкерліктің тікелей обьектісі заңды кәсіпкерлік қызметтпен айналысуға негіздеген қоғамдық қатынастар[77,б. 30; 103,б. 24].

Ал Рессейлік ғалымдар арасында әртүрлі ойлар қалыптасқандығы байқалады. Т.Д. Устинаның ойы бойынша жоғарыда аталған саланың обьектісі ретінде кәсіпкерлік қызметтің бақылайтын функционалыдық саласы бойынша қатысатын қоғамдық қатынастар болып табылады[104, с. 10]

Ал С.С. Нестеровтың ойы бойынша, жалған кәсіпкерліктің тікелей обьектісі мемлекеттік тіркелуге байланысты конституциялық құқығын жүзеге асыру саласындағы және арнайы рұқсат алу, заңды кәсіпкерлікпен айналысу секілді салада қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қарастырады[99,б.48].

Ал О.Г. Карповичтің ойы бойынша , заңмен және басқа да нормативтік актілермен бектітілген, кәсіпкерлік қызметпен айналысу қызметінің тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар танылады делінген[98,б.59].

Жоғарыда аталған тұжырымдарды оқи отырып мынаны айтуға болады: заңсыз кәсіпкерліктің тікелей обьектісі кәсіпкерлік қызметпен айналысу тәртібі бекітілген заңмен бақыланатын қоғамдық қатынастар.

Келесі толық және жанжақты зерттеуді талап ететін қылмыс құрамының элементі қылмыстың обьективті жағы болып табылады. Қылмысты, қылмыс құрамының элеменнетрінің барлығын түсінуде қылмыстың обьективті жағының алатын орны ерекше.

Қылмыстың обьективті жағы қоғамға қауіпті қастандықтың сыртқы жағы болып табылады. Оны мынандай белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті іс – әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап(қылмыстың нәтижесі), қоғамға қауіпті іс – әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасаған орын, уақыт, тәсіл жағдай, жасау құралы мен қаруы[1,б.94].

А.В. Наумовтың пайымдауы бойынша: «Қылмыстың обьективті жағы дегеніміз - қылмыстық жауаптылықтың өзіндік ерекше қалыпы, олсыз қылмыстың болуы мүмкін емес»-,деп қылмыстың обьективті жағына өзінше түсінік берген.

Отандық ғаымдарың арасынан осы тақырыпқа толығырақ және анығырақ мәліметті профессор И. И. Рогов пен професор С. М. Рахметов беріп кетті.

Олардың пайымдаулары бойынша: «Адаманың сыртқы мінез құлықын суреттейтін белгілердің жиынтығын қылмыстың обьективті жағы деп айтамыз. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттері(активті мінез-құлық)және әрекетсіздіктері жатады ( пассивті мінез- құлық). Сонымен қатар обьективті жақтың белгілеріне тұлғаның әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туындайтын қоғамға қауіпті зардап пен солардың арасында туындайтын себепті байланыс та жатыды. Қосымша жоғарыдағы бегілермен бірге қылмыстың обьективті жағына орыны, уақыты, тәсілі, жағдайы, жасау құралы мен қаруы да жатады.»[2.б.17]

Менің түйген ойым осы И. И. Рогов пен С. М Рахметовтың ойларымен сәйкес келеді. Осы тақырыпқа толыққанды және жан – жақты анықтаманы осы кісілер көрсетіп кеткен.

Тақырыбыма сәйкес енділікте Қазақстан Республикасының Қымыстық кодексінің 214 – бабында көрсетілген Заңсыз кәсіпкерлікке тоқталып, осы қылмыстың обьективті жағының белгілерін көрсететін боламын. Осы Бапытың диспозициясы заңсыз кәсіпкерліктің обьективті жағының белгілері деп келесі әрекеттерді танылады:

  1. Кәсіпкерлік қызметпен тіркеуден өтпей айналысу;

  2. Лицензия алу міндетті болған жағдайларда арнайы лицензиясыз айналысу;

  3. Рұқсаттар мен хабардамалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асырсу;

  4. Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу;

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеудекн өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына құқығы бар. Заңды тұғаларды тіркеу Қазақстан Ресубликасының Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңды тұлғаларды «мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы негізінде тіркеледі.

Заңды тұлға немесе жек тұлға жоғарыдағы негізде мемлекеттік тіркелгеннен кейін , сол тіркелгендігін растайтын құжат беріледі, кәсіпкерләкпен айналысатын тұлғада осы құжат болмаса , мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан болып есептеледі[3, б. 367]

Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметпен арнайы рұқсатсыз(лицензиясыз) айналысатын болса, сол арнайы рұқсаттың бомауы да заңсыз кәсіпкерлік қылмыстың құрамы болып табылады. Кәсіпкерліктің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер заңда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткеннен соң лицензия күшін жояды. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» негізінде лицензиялау қызметі жүзеге асырылады.

Лицензия ретінде құзырлы мемлекеттік орган тарапынан, белгілі бір қызмет түрімен, немесе белгілі бір саламен айналысу үшін азаматтарға немесе заңды тұлғаға берілетін рұқсат. Б. У. Сейтхожиннің пайымдауы бойынша кәсіпкердің лицензия алу міндетті болған қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған сәттен басталып және сол жерде көрсетілген мерзім аяқталғаннан соң өз қызметін тоқтатады[78,б.31]. Бұдан түсінуге болатыны лицензия алғанға дейін немесе лицензия өз күшін жойғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысса ол заңсыз кәсіпкерлік болып есептеледі.

Бірақ бұл жерде Б. У. Сейтхожин мәселені тек біржақтама қарастырып отырғаны көрініп тұр. Лицензиясы болып тұрып та өзге қызметпен айналысуы мүмкін немесе лицензияны өзге адамға беру де заңсыз кәсіпкерлік екенін ұмытпауымыз шарт.

З. О. Ашитовтың жазған еңбектерінде «лицензияны қолдануға құқығы жоқ өзге адамға берсе, кәсіпкерлікпен лицензия мерзімі өтіп кеткеннен кейін айналысса немесе лицензия мерзімі күшіне енбей жатып айналысса, лицензияда көрсетілмеген кәсіпкерлі қызметпен айналысса онда бұл лицензиялау ережелерін бұза отырып кәсіпкерлікпен айналысу балып есептелінеді»-,делінген[4, б, 235]

Ал Рессей Федерациясы Қылмыстық құқығында бұл мәселеге сәл өзгешелеу көзқарас бар.

Профессор Л.Д. Гаухман , Профессор Л. М. Колодкин және профессор Максимовтың пайымдауларынша лицензиялау шарттарын бұза отырып кәсіпкерлекпен айналысуға мына негіздер жатады: кәсіпкерлікрен лицензияны рәсімдеу әлі аяқталмай жатып айналысса немесе лицензия мерзімі өтіп кеткенненен кейін айналысса, лицензия талаптарын бұза отырып айналысса және лицензияда көрсетілмеген өзге қызметпен айналысса делінген.[5, б. 472]

Ал А. Лобков кәіпкерлік қызметімен лицензиясыз айналысудың келесі түрлерін көрсеткен:

  1. Лицензияны алуға арналған құжаттар уәкілетті органға жөнелтілген, бірақ лицензия әлі берілмеген.;

  2. Субьект кәсіпкерлік қызметпен айналыспай жатып лицнезия алу керектігін білмеген немесе біле тұра амаған;

  3. Лицензия құқық бұзушылық жүзеге асырылып алынса заңды күші болмайды.;

  4. Лицензия заңды түрде алынған, бірақ лицензия мерзімі өтіп кетсе ;

  5. Лицензия заңды түрде алынған , мерзімі де өтіп кетпеген , бірақ тәртіп сақталмаса ( лицензия шарттарын сақтамаған) , лицензияның күші тоқтатылған немесе жойылған болса (қатйтарылған) , онда мерзімі аяқталмай өзінің заңды күшін жояды; [110]

Жоғарыда аталған ойларды, тұжырымдарды оқи отырып түйгенім: Лицензиялау уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер өз қызметімен айналысқанда лицензиялау ережелерін бұза алмайды.

Кәсіпкерлік қызметтің обьективты жағының келесі белгісі – Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу.

АЛЫП ТАСТАУ КЕРЕК.......

Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрінің айнаысудың білгілі бір тәртібі жоқ.

................. егер тыйым салынған кісіпкерліктің түрімен айналысу фактісі анықталса онда жауапты адам ҚК нің лайықты бабы бойынша жауап беруі тиіс делінген. Ал егер қылмыстық кодексте арнайы бап болмаса ....РФ заңын қарау керек....................

Қылмыстық кодекстің 21- бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін тек қана жоғарыдағы әрекеттер және әрекетсіздіктердің болуы ғаны жеткілікті емес сонымен қатар сол әркететтерімен мемлекетке, азаматтарға ұйымдарға ірі мөлшерде зардап келтіруі шарт.

Заңсыз кәсіпкерліктің субьективті белгілері

Заңсыз кәсіпкерліктің қылмыс құрамын зерттей отырып , обьективті белгілермен қатар субьективті белгілерді де сараптама жасауымыз шарт. Қылмыс құрамының маңызды белгілерінің бірі субьект болып табылады.

Субьектіні зерттеу қылмыстық – құқықтық ғылымда маңызды орынға ие. Осыған байланысты отанымыздың белді ғалымы профессор Е.И. Қайыржанов айтып кеткендей «Қылмыс – ол әрдайым адамның жасаған іс әрекеті , соның үшін обьектіні оған әсерін тигізетін субьектіден бөлу мүкін емес » деп баға беріп кетті[89, с. 89]. Бұл жерде автор тарапынан субьектінің маңыздылығы және өзге қылмыс құрамы элементтермен өзара қарым қатынасы көрсетіліп отыр.

Қазіргі заманғы отандық қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыс субьектісі ретінде он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға болып табылады ( ҚР ҚК 15-бап)

Заманауй заң әдебиеттерінде жеке тұлға деп ,ең алдымен , қоғамдық қатынастарға қатысушы адамды таниды. Адамның мемлекет , қоғамдық бірлестік , кәсіборын және т.б. қоғамдық қатынастардың қатысушыларымен арақатынасқа түсуін айтады. Осы арада В.С. Орлов айтып кеткендей « қылмыс субектісі деп кез келген адам танылмайды , ол үшін белгілі бір қасиеттерге ие болуы керек»

Қылмыс субьектісінің басты белгісі ретінде есі дұрыстылық болып табылады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез-құлқының қоғамға қауіпті екенін сезінетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, онда есі дұрыс адам деп саналады[6. б. 85]

Есі дұрыстық қылмыстық жауапқа тартудың басты белгілерінің бірі болып табылады.

Қылмыс субьектісінің келесі белгісі болып субьектінің белгілі бір жасқа тоуы болып табылады. . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15- бабында қымыстық жауаптылыққа тартуға жататын тұға деп қылмыс жасау уақытында 16 жасқа толған тұлға танылады делінген. Ал ҚР ҚК – нің 15-бабының 2 – бөлігінде 14 жасқа толғаннан кейін жауаптылыққа тартыатын қылмыстар тізімі көрсетілген.

Осы қылмыстық құықтың субьектісін анықтау барысында белгілі бір қыйындықтарға тап боламыз. Осы арада азаматтық заңнамаға сүйенгеніміз дұрыс болады. ҚР АК-нің 17-бабында субьектіге мынандай анықтама беріеді: Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. Ал 17-баптың 2 – тамағында Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

Кәсіпкеріктің субьектісін анықтауға байланысты жаңалық Қазақстан Республикасының ҚР 2007.01.12 N 225Заңымен, өзгеріс енгізілді. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімді толықтырған 21-1- бап төмендегідей аталынады

«22-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке                   қабiлеттi деп жариялау (эмансипация

1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.        2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органныңшешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.        3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) мойнына алады.        Заңды өкілдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды».

Бұдан түсінуге болатыны ҚР АК – на сәйкес кәсіпкерлікпен айналысу үшін он сегіз жасқа толуы шарт, бірақ он сегіз жасқа дейін некеге тұратын болса бұндай тұлға толық әрекет қабілеттілігіне ие болап кәсіпкерлікпен айналыса алады, сонымен қатар ата- анасының, қамқоршысының, қорғаншысының рұқсаты негізінде еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын болса қамқоршы және қорғаншы орган тарапынан толық әрекет қабілеттілігіне ие боып танылады.

Отандық заң ғылымы мынандай ұстанымға сүйенеді , заңсыз кәсіпкерліпен айналысу үшін жалпы жасқа толуы шарт, содан кейін қыллмыстық жауапкершілік туындайды, жоғарыда аталған қымыстың субьектісі есі дұрыс, әрекет қабілеттілігіне ие болуы керек[85, б.368;78, б. 38]

Сонымен қатар З.А. Незнамовта тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысу үшін осы аталған қылмыс субьектісі он алты жасқа толған тұлға болуы керек деп есептейді. Оның ойынша азаматтық заңнамаға «эмансипация» түсінігінің енгізілуінен кейін заң әдебиеттеріндегі жауаптылыққа тарту жасына (он алты жас немесе он сегіз жас)байланысты пікірталастар өз күшін жоғалтты деп есептейді.

Осылайша заңсыз кәсіпкерліктің субьектісі он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға танылады.

Қазіргі таңда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу үшін жауаптылық жасы әлі күнге дейін өзекті болып қала беруде.

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының қылмыстық зыңнамасына сәйкес заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін заңды тұлғаларға жауаптылық қарастырылмаған. Егер заңсыз кәсіпкерлік қылмысы жасалынатын болса олардың орнына басшылары , орынбасарары және т.б. тұлғалар жауап береді.

А.В. Наумовтың пайымдауы бойынша « бұл мәселе отандық қылмыстық құқықта дәстүрлі түрде заңшығарушылық дәрежеде шешілген. Бірақ теориялық тұрғыда заңды тұлғаларлың жауаптылығы мәселесі әлі күнге дейін пікірталасқа толы»,- деген секіді ой білдіріп өткен[109. Б. 179].

Заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесінің пайда болу тарихына тоқтала кетсек, заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі ортағасырлық мемлекеттер заңнамасында да орын алған. Мысалы 1670 жылғы француз мемлекетінің ордонансында қауымдастықтар мен корпорацияларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесі қарастырылған[139. Б.250-251]

Ал неміс криминаисті Франс фон-Лист XIX-ғасырда осы тақырыпқа байланысты өзекті ой жазып қалдырғанын көреміз. Оның пайымдауы бойынша: Ерекше жарғыларды жай қалдыратын болсақ онда қазіргі империялық құқыққа сәйкес тек жеке тұлғалар қылмыстық жауаптылыққа тартылады ал заңды тұлғаларға болса ешқандай жауаптылық қарастырылмаған... Бірақ заңды тұлғалар құқықтық қатынастардың қатысушыларының бірі ретінде әрекет қабілеттілігін беру мәселесі мен корпорацияларды жауаптылыққа тарту мәселесі мүмкін және ақылға қонымды шешім екенін айтып өткен [150. Б. 124].

Ал 1953 жылы Рим шахарында өткен VI-қылмыстық құқыққа байланысты халықараық конгрессте болса заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесінің мүмкін екенін қарастырып өткен. 1978 жылы Европа кеңесінің қылмыстың мәсеелеріне байланысты комитеті заңды тұғаларды экологиялық мәселелер бойынша жауаптылыққа тартуға байланысты Батыс Европа мемекеттеріне кеңес берген. Отандық белді ғалым У.С. Джекебаевтің пайымдауы бойынша « щет ел мемлекеттерінің сонымен қатар АҚШ қылмыстық құқығының субьектісі ретінде әрі жеке тұлғалар әрі заңды тұлғалар (крпорациялар) жауаптылыққа тартылады»,-еген секілді ой білдіріп өткен [151. Б.91]

Рессей Федерациясының Қылмыстық Кодексіне Түсіндірмесінің авторларының ойынша , заңсыз кәсіпкерліктің субьектісі ретінде кәсіпорынды құрған, оның өндірістік бағдарамасын құрған,кәсіпорынды басқаруға байланысты әкімшілік – жайғастырушылық қызметті атқаратын, сонымен қатар кәсіпкерліктен түскен пайданы жайғастырушы тұлға танылады делінген.

Ал Т.Д. Устинова болса бұндай анықтаманы сынай отырып , қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын тұлғалардың қатарына еш күмәнсіз пайданы бөлуге қатысатын құрытайшыар мен акционерлер де кіререді деп ой білдірген[104,б. 38]. Өздері тікелей кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса да , бұндай тапсырманы атқарушы органға бере отырып өз ойларын еркін жүзеге асырады.

Ұлттық заңнамада заңды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тартудың жоқ екенін профессор Р. Т. Нуртаев та айтып өтеді. Оның пайымдауынша мемлекет осы ұйымдардың арқасында миллиярдттаған салық түсімдерін ала алмай отыр. Осының негізінде ол жедел түрде заңды тұлғаларға жауаптылық енгізу керек екенін атап өтеді[140, б. 10]

Заңды тұлғаны қылмыс субьектісі ретінде тануға байланысты Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексті кабылдау барысында да ұсыныстар болды.

КОНЦЕПЦИЯНЫ жазу

Бірақ заңшығарушы Қылмыстық кодексті қабылдыу барысында заңды тұғаларды жауаптылыққа тартуға байланысты ұсынысты тағы да ескерусіз қалдырды. Дәл осыған ұқсас жағдай Рессей Федерациясы Қылмыстық кодексінде де орын алған

Белгілі бір ғалымдардың пайымдауынша заңды тұлғаларды жауаптылыққа тартудан бас тарту қылмыстық құқықтың басты қағидаларының бірі - әр адамның қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін жеке өзі жауап беру принципіне сәйкес келеді деген секілді ой білдіріп өткен [142, б. 99].

Дәл осыған ұқсас ұстанымды В. Д. Филимонов та білдіріп өтеді. Оның пайымдауынша заңды тұлғаларға қылмыстық жауаптылық енгізілуі мүмкін емес себебі қылмыстық құқықтың ненгізгі қағидаларының бірі кінәға жауаптылық қағидасына қайшы келеді делінген. [143.б.101]

Заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі бірқатар шет ел заңшығарушылары үшін өзекті мәселе емес. Б.С. Никифорв пен Ф.М. Решетниковтың айтуларынша «АҚШ , Ұлыбритания секілді жалпы құқық (common law) мемлекеттерінде заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту мәселесі әлде қашан шешілген және пікірталасарлық хәлде емес»[144,б.53]

Заңды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі , оларды экономикалық қылмыстардың субьектісі деп таныған мемлекеттерде айыппұл негізінде шешілген. Мысал ретінде Нью Йорк штатының қылмыстық кодексінде заңды тұлғаға жаза ретінде 500 ден 1000 долларға дейін айыппұл салынады[145, б. 174] дәл осыған ұқсас жағдай Франция заңнамасында да қалыптасқан. « Ең жоғарғы айыппұл: қылмыс үшін – 250 млн франк ,5 – кластағы құқық бұзушылық үшін 50-мың франк . Егер қылмыстық жауаптылыққа қайта тартылатын болса онда айыппұл да ұлғаяды[146, б.77].

Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттерде, айыппұлмен қатар осындай қызметпен айналысқан ұйымға жаза ретінде заңды тұлғаның қызметін тоқтату ( ликвидация) шаралары да қарыстырылған, ал жеке тұлғаларға болса бес жылдан жоғарғы мезімде бас бостандығынан айыру шаралары қарастырылған[146, б. 77]

Дәл осы көзқарасты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевта ұстанады. Оның пайымдауы бойынша « ...конфискация имущества юридического лица , его ликвидация , как показывает зарубежный опыт, может стать весьма эффективным средством борьбы с перечисленными видами преступлений» ,-деген секілді ой қалдырып кеткен [9. Б. 2]

Біздің ойымызша отандық заңшығаруышы шет елдік тәжірибеден үлгі ала отырып, дәстүрлі түрде тек қана жеке тұлғаларды ғана жауаптылыққа тартпай заңды тұлғаларды да жауаптылыққа тартуы тиіс.

Сонымен қатар тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі. Белгілі бір ЖШС заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаннан соң өз қызметін тоқтатады да , бірақ бірнеше уақыт өткеннен соң сол сол құраммен жаңа ЖШС құрып өз қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұнымен айтқымыз келгені заңды тұлғаны жауаптылыққа тартққаннан соң оның қатысушылары алдағы уақытта кәсіпкерлік қызметімен айналыса алмайтындай етіп жазалау керек. Сонда кәсіпкерлік саласындағы қылмыстың барысын біршама бәсеңдетуге әбден болады.

Ары қарай заңсыз кәсіпкерліктің субьективті белгілерін одан ары қарай зерттейді екенбіз міндетті белгілерінің бірі болып табылатын , субьективті жағына тоқталып өтуімізге тура келеді.

Қылмыстың субьективтік жағы дегеніміз – адмамның өзі жасаған іс – әрекетіне және оның зардаптарыеа психикалық қатысы.

Қылмыстың сыртқы жағын көрсететін обьективті жаққа қарағанда субьективті жақ оның ішкі мәнін бідіреді. Және де қылмыстың обьективтік және субьективтік белгілері өзара тығыз байланысты болады, белгілі бір тұтастық құрайды. Сондықтан субьективті жақты зерделеу қылмыстың тиісісті құрамының обьективтің жағына талдау жасалынып жүргізіледі.

Қылмысық құқықта субьективті жақ мынандай белгілермен сипаттады: кінә, ниет, мақсат. Қылмыстық құқық теориясында аталған белгілері әртүрлі түсіндіріп өтеді: мақсат пен ниетке қарағанда кінә міндетті белгі болып табылады. Мақсат пен ниет бір қылмыс құрамы үшін міндетті болса ал кейбіреуері үшін факультативті белгі болып табылады.

А.В. Наумов субьективті жақтың белгілеріне , қымыс жасалу барысында тұлғаның эмоционалдық жағдайын да жатқызады [107,б.260 ]

Қазақстан Республикасның Қылмыстық құқығында субьективті жаққа мынандай пайымдау берген: « правильное устоновление субьективной стороны приступления – форм вины, мотива и цельи совершения приступления – имеет большое значение; позволяет отграничивать преступного от непреступного, точно квалицировать преступление , отграничивать друг от друга сходные по обьективной стороне составы, определять степень опасности лица, совершившего преступное деяние, индивидуализировать наказание» [85, б.68]

Ғалымдардың көпшілігі заңсыз кәсіпкерлік қасақана қылмыс деп есептейді. ҚР ҚК –нің 20 бабының , 1 – тармағында : «тiкелей немесе жанама пиғылмен жасалған іс-әрекет қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады», - деп жазылған.

Ал ҚР ҚК-нің 20-баптың, 2-тармағында болса: «Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық тiкелей пиғылмен жасалған деп танылады» ,- деп жазылған.

Заң әдебиеттерінде заңсыз кәсіпкерліктің тікелей қасақаналықпен, әлде жанама қасақаналықпен жасалады деген тақырыпқа байланысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастары қаыптасқан.

О.Г. Карповичтің ойыша , заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағы ретінде тікелей қасақана кінәнің болуы танылады [98,б.60].

Ал Ю. П. Кравец болса субьективті жағы диспозицияда көрсетілген әрекеттер бойынша тікелей қасақаналық болады, ал келіпшыққан зардаптан соң тікелей қасақаналықпен бірге жанама қасақаналық та болатынын айтып өтеді[108,б.93]

Т. Д Устинова да дәл осыған ұқсас ойды білдіріп кеткен . оныі ойынша диспозицидағы әрекеттерге қарап ол тікелей қасақаналықпен жасалады деп есептеу керек екенін айтып кеткен.[33, б.31].

Ал С.С. Нестеровтың пайымдауы бойынша ірі зардапқа алып кеген заңсыз кәсіпкерлік тек қана тікелей қасақаналықпен ғана емес, жанама қасақаналықпен де жасалынуы мүмкін, ол үшін алдын ала дайындалған жоспарланған заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу керек. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу барысында , кей зардаптары абайсызда туындауы мүмкін. Мысалыға,лиццензия шарттарын бұза отырып медициналық тәдірибелермен айналысып жүріп , адам денсаулығына зиян келтірсе онда бұл зардап абайсызда келтірілген зардап болып есептеледі[99, б. 52].

Жоғарыда аталған ғалымдардың дерлік барлығы заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағы диспозиция бойынша тікелей қасақаналықпен жасалынады , ал нақты әрекет барысында қасақаналықпен бірге жанама қасақаналықпен де жасалынуы мүмкін, ал туындаған зардап абайсызда туындауы мүмкін деген ойда.

Ал біздің ойымызша заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағын тікелей қасақаналықпен бірге жанама қасақаналықпен де сараптаған дұрыс деп есептейміз.

Отандық профессорлар И.И. Рогов пен С. М. Рахметовтың пайымдауы бойынша заңсыз кәсіпкерлік әрі тікелей қасақаналықпен әрі тікелей де қасақаналықпен де жасалынуы мүмкін.190-баптағы әрекетті жасау барысында қылмыскер кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсатсыз жасап жатқанын ұғынады, өз жасаған әрекетінен соң азаматқа, ұйымға мемлекетке ірі зардап келетінін көре біледі, немесе оның әрекеті айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен байланысты болатынын ұғынады және аталған зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде зардаптың болуына жол береді немесе оған көңіл аудармайды[153,б.368]

Дәл осындай көзқарасты Б.В. Волженкин де білдіріп өтеді, оның ойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаннан кейін ірі зардап туындаған жағдайда қылмыскер барлығын көре біледі немесе қалайды немесе соған саналы түрде жол беретінін немесе туындайтын зардапқа еш көңіл бөлмейтінін айтып кеткен[76,с.95].

Осы аталған ғалымдардың ойын сараптай келе сол зардаптың болуын қалайтын болса онда тікелей қасақаналықпен жасалынады, ал қаламаса да сол зардаптың болуына жол берсе онда жанама қасақаналықпен сипатталатынын ұғынуға болады.

Осылайша заңсыз кәсіпкерліктің субьективті белгілерін зерттей отырып , келесі ойды түйіндеуге болады:

  1. 16 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтары, шет ел азаматтары немесе азаматтығы жоқ есі дүрыс жеке тқлғалар қылмыс субьектісі болып табылады.

  2. Заңсыз кәсіпкерліктің субьективті жағы тікелей де жанама да қасақаналықтың болуымен сипатталынады.

Жалған кәсіпкерліктің обьективтік белгілері

Отандық заң шығарушы жалған кәсіпкерлік қызметпен айналысу қылмысын 2014 жылғы ҚР ҚК нің 8-тарауындағы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тарауына енгізіді.

Бұл жерде жоғарыдағы заңсыз кәсіпкерлікті сипаттау барысында жалпы , арнайы және тікелей обьектілер жайлы айтып өттік , олай болса тікелей обьектіге өте бергеніміз дұрыс болады.

Л.Д Гаухман жалған кәсіпкерліктің тікелей обьектісі ретіне кәсіпкерік саласындағы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды айтады[118. Б. 151

Осы тақарыпқа орай Х. Ф. Нафиев пен Г.Р. Хамидуллина айтарлықтай қызықты ой білдіріп өткен. Олардың пайымдауынша кәсіпкерлік қызметтің дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жалған кәсіпкерліктің тікелей обьектісі болып табылады деген секілді ой білдіріп өткен[119. Б. 70]

Осыған ұқсас ұстанымды отандық ғалымдар да білдіріп кеткен. Бұл қылмыстың тікелей обьектісі кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз етеуге бағытталған қоғамдық қатынастар[6. Б. 371, 7. 286]

Жоғарыдағы жалған кәсіпкерліктің обьектісін анықтауға бағытталған тұжырымдар бойынша отандық және рессейлік ғалымдардың ойы бір жерден шығып тұр деген сөз.

Бізідің ойымызша жалған кісіпкерліктің обьектісімен таныса отырып, осы қылмыстық құқықтық әрекеттің қосымша обьектілері де туындауы мүмкін екенін естен шығармауымыз шарт. Жо.арыдағы танысқан оқулықтарымның ешқайыссында қосымша факультативті обьектіер көрсетіліп кетпеген.

Осыған байланысты Т.Д. Устинова жақсы ой білдіріп кеткен. Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негізгі обьектімен қатар қосымша факультативті обьектілердің бірін тауып алуымыз керек екенін айтып өткен[96. Б. 65]

Тұлғалар тарапынан таңдалған тыйым салынған қызмет түріне байланысты жалған кәсіпкерліктің қосымша факультативті обьектілеріне, экономика саласындағы азаматтардың, мемлекетттің, ұйымның құқықтары мен мүдделері жатады.

Кредиттен босатылу, немесе өзге де мүліктік пайда табу мақсатында жалған кәсіпкерік субьектісін құру кезінде факуьтативті обьекті меншік құқығы болып табылады.

Жалған кәсіпкеріктің келесі міндетті белгісін зерттей отырып жалған кәсіпкерлік жайлы норманы толықтыру керек деп есептейміз. Ол үшін тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып , қосымша факультативті обьектіні анықтауымыз керек.

Жалған кәсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде кәсіпкерлік қызметтің қағидаларын қалыптырастыратын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.

Қылмыс құрамының келесі элементтерін тануда аса маңызды рөлге ие болып табылатын қымыстың обьективті жағын зерттеуге көшеміз.

Адамның кез келген әректтері сыртқы ( обьективті) және ішкі( субьективті) сипаттарға ие болып табылады. Сыртқы әрекеттер адамның іс –әрекетінің обьективті шындықта қолданылуын қамтамасыз етеді. Ал ішкі белгілер болса адамның санасын басқаратын психикалық процесстер ( қажеттілік, мүдде, ниет).

Қылмыстың обьективті жағын қылмыстың сартқы жағын сипаттайтын белгілер қалыптастыратыны жалпыға белгілі. Бұндай белгілердің қатарына белгілі бір обьектіге зардабын келтіретін қауіпті қоғамдық әрекеттер ( әрекеттер немесе әрекетсіздіктер); қоғамға қауіпті зардап ( қылмыс нәтижесі); қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себепті байланыс; тәсілі, құралы, орыны, уақыты, және жағдайы жатады. Қылмыстың обьективті жағы қылмыстық жауаптылықтың өзіндік қалыпы болып табылады [109. Б. 156] .

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, қылмыстық ой, қылмыстық көңіл күй, қылмыс жасауға байланысты қандай да бір сөз болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болып табылмайды. Ойластырылғар құқық бұзылушылықьы жүзеге асыру үшін қоғамға қауіпті қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздікті қолдана отырып қылмыс жасаса ғана заң қылмыстық жауаптылыққа тартуға рұқсат береді ( ҚР ҚК 4-бап).

Жоғарыдағы мыліметтермен таныса отырып ҚР ҚК-нің 215-бабының диспозициясына сараптама жүргізуіміз мүмкін. «Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе»

Бұл қылмыстың обьективті жағы кәсіпкерлік қызметімен айналысу ниетінсіз комерциялық ұйым құру арқылы азаматтарға , ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіру болып табылады.

Қазақстан Республикасының конституциясының 26-бабының 4-тармағында « Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополисттік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.»,-делінген. Осы заңнама арқылы біздің мемлекеттегі азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі көрсетілір өтілген.

Жоғарыдағы жалған кәсіпкерліктің қылмыс құрамын зерттеу барысында кәсіпкерліқ қызметтің заңды тұлғаның анықтамасына тоқталып өткеннен кейін ол жайлы қайталап жазбағанды жөн көрдік.

Енділікте ҚР ҚК-нің 215-бабында көрсетілген жалған кәсіпкерліктің обьективтік жағын сипаттауға келер болсақ бұл жерде кез келген заңды тұлғаны емес кәсіпкерлік субьектісін құруға бағытталған әрекет болуы керек. Осыған байланысты Б. И. Колб мағыналы ой білдіріп өткен. Кез- келген комерциялық ұйым кәсіпкерлік қызметпен айналысады бірақ кәсіпкерлікпен айналысатын кез- келген ұйым комерциялық ұйым емес екенін айтып өткен [124. Б. 84]. Бір нәрсені айтып кетуіміз шарт құқық қорғау қызметінде жалған кәсіпкерлікті толық түсіну үшін өзге құқық салаларына сілтеме жасалынады. Құрылғалы жатқан комерциялық ұйымды құру барысында құрылтайшылар ҚР АҚ –нің 34-бабының 2- тармағына сілтеме жасай отырып, мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құра алады.

Біздің ойымызша отандық заң шығарушының әлсіз тараптарының бірі жалған кәсіпкерлік кәсіпкерліктің проблеммаларын зерттеу барысындағы комерциялық емес ұйымдардың қызметі болып отыр. Шынында қарап отырсақ бұл аталған ұйымдар үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл жердегі кемшілік кез келген өзге ( комерциялық емес) ұйымды құру 215-бап бойынша сараланбайды.

Осыған байланысты біздің ойымызша 215-бап бойынша тек қана комерциялық ұйымды құрумен ғана шектелмей толық заңды тұлғаларды құруды да қамтуы тиіс деп есептейміз.

А. Н. Ағыбаевтің пайымдауынша « кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз , несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтіре отырып комерциялық ұйым құру әрекетімен сипатталады.»,-делінген [8, Б. 191] Біздің пайымдауымызша бұл пайымдау әлі де толықтыруларды талап етеді.

Осы тақырыпқа байланысты отандық тағы бір ғалым З. О. Ашитов қызықты ой қалдырып кеткен. Кәсіпкерліқ қызметпен айналысу ниетінсіз жалған кәсіпкерлік арқылы, алаяқтық, алдау арқылы жүзеге асырылатын қылмыс:

  1. Жеке мүлікке негізделген жеке кәсіпкерлік құрылады;

  2. Өзге заңды тұлғаардың акцияларын сатып алу;

  3. Он басқару;[4. Б. 238]

Жалған кәсіпкерліктің обьективті жағын көрсетуге отандық ғалымдар, Бекмаганбетов А.Б., Ревин В. П., Рыхлов О.А. мағыналы ой қалдырып кеткен. Олардың пайымдауларынша қылмыс комерциялық мекемені құру және тіркеу қызметімен сипатталады. Бұндай қызметтің кезеңдері: қажетті құжаттарды дайындау, жарғының қабылдануы, тіркеу, лицензия алу және т.б. Осылайша заңды түрдегі әрекеті аяқталады да, азаматтарға, мемлекетке, қоғамға зардап алып келетін қылмыстық әрекеттер басталады. [9. Б. 603 ] .

Жоғарыдағы пайымдауларды қорытындылау отырып өз райымдауымызды бере кетейік: Жалған кәсіпкерліктің обьективтік жағы келесідей әрекеттермен, белгілермен сипатталады.

  1. яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу ;

  2. салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру;

  3. өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру;

  4. басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету;

  5. ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе;

  6. жасалған әрекет пен келтірілген зардап арасындағы себепті байланыстың болуы.

Тағы бір қоса айта кететін жайыт жалған кәсіпкерліктің құрылу барысында барлығы заңды түрде болады. Заңды түрде тіркеледі, лицензияны да алады. Бірінші қарағанда баршасы заңды түрде секілді көрінеді . бірақ бұл әрекет уақытынша ған сипат алады да заңсыз іс-әрекеттер ол тіркелгеннен кейін басталады. Мысалы : тыйым салынған қызмет түрімен айналысу деген секілді.

Жалған кәсіпкерлік материялдық қылмыс болып есептелінеді. Қылмыс ірі залал келтірілгеннен соң аяқталған деп есептелінеді. Осыған ұқсас ойларды отандық ғалымдар да пайымдап өткен[4. Б. 239; 8. Б.191 ;9. Б. 604;]

Жеке кәсіпкерлік субьектісінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде ірі залал келсе ғана жалған кәсіпкерлік үшін жауаптылық болады [10, Б. 286]

Жалған кәсіпкеріктің субьективтік белгілері

Жалған кәсіпкерлік қылмысы зерттей отырып, обьективті белгілермен қатар субьективті белгілерді де сараптама жасауымыз шарт. Қылмыс құрамының маңызды белгілерінің бірі субьект болып табылады.

Субьектіні зерттеу қылмыстық – құқықтық ғылымда маңызды орынға ие. Осыған байланысты отанымыздың белді ғалымы, отандық заң ғылымының корифейі профессор Е.И. Қайыржанов айтып кеткендей «Қылмыс – ол әрдайым адамның жасаған іс әрекеті , соның үшін обьектіні оған әсерін тигізетін субьектіден бөлу мүкін емес » деп баға беріп кетті[89, с. 89]. Бұл жерде автор тарапынан субьектінің маңыздылығы және өзге қылмыс құрамы элементтермен өзара қарым қатынасы көрсетіліп отыр.

Жалған кәсіпкерліктің субьектісін мәлімдеуге байланысты отандық та рессейлік те ғалымдардың ойлары әртүрлі.

А. Н. Ағыбаев жалған кәсіпкерліктің субьектісі ретінде кез келген 16-жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады деген пікір қадырып кеткен [8, Б. 191]. бірақ өз ойын шегелейтіндей артынан дәлелдер қалдыра алмағандықтан бұл ойға қарсы шағатындардың саны көп.

Ал тағы бір отандық ғалымдар А.Б. Бекмагамбетов, В.П. Ревин, О.А. Рыхловтың пайымдауы бойынша 18 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға немесе ата-анасының өзге де заңды өкілінің рұқсатымен 16 жасқа толғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға денен секілді қызықты ой қалдырып кеткен [9, Б. 604]

Ал рессейлік Ю.П. Кравец болса мүлде жаңаша ой білдіріп өтті. Оның пайымдауы бойынша қылмыс субьектісі ретінде 18 жасқа толған есі дұрыс адам танылады деген секілді ойды бідіріп өткен [140. Б.94]

Бұл ой біздіңше терең ойланбай жазылған пікір себебі ҚР АК-де 22-1-бап.Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке  қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) баптың болуы Ю.П. Кравецтің пайымдауларын толығымен жоққа шығарады.

Аталған мәселені шешу үшін ҚР Азаматтық кодексіне сілтеме жасауымызға тура келеді.Азаматтық кодекстің 17-бабының, 1-тармағында «Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады»,-делінген. Бірақ осы баптың 2-тармағында болса: «Заң құжаттарындаон сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады»,- делінген.

Ал М.К. Сулейменов пен Ю.Г. Басиннің пайымдауы бойынша «Несовершеннолетние, достигшие четырнадцати лет, обладают дееспособностью не в полном объеме, т.е. частичной дееспособностью. Они могут совершать сделки сами, но, как правило, с согласия родителей, усыновителей или попечителей. (22.б,1.т), Несовершеннолетние... самостоятельно на общих основаниях несут ответственность по сделкам, заключенным ими в соответствии с правилами комментируемой статьи, а также несут ответственность за вред, причиненный их действиями (22.б,1.т) » [123. С. 98]

Осы пайымдауларға қарай отырып жалған кәсіпкерлік үшін жауаптылық 16 жастан туындайды деп есептейміз. Себебі Азаматтық кодекстің 17 -бабының, 1-тармағы, және 22-1-бабына сүйене отырып осындай пайымдауды жасап отырмыз.

Осы тақырыпқа байланысты рессейлік ғалым Л.Л. Кругликов та біршама қызықты ой қалдырып өткен. «жалған кәсіпкерліктің субьектісі арнайы субьекті болады. Ол субьекті құрылтайшы болып есептелінеді»,- деген секілді ой қалдырып кеткен.

Бұл ойға отандық ғалымдар С.М. Рахметов пен И.И. Рогов өте дәйекті қарсылықтар келтіріп, бұл ойдың теріс екенін дәлелдеп кеткен. « соответсвии с п. 13 названного выше нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан « субьектами лжепредпринимательства могут являться не только участники коммерческой органмзации, но и руководитель ,а также иные лица, которые осведомлены о том, что эта организация не будет осуществлять предпринимательскую деятельность или будет заниматься запрещенной деятельностью, и дают на это согласие.»»,- деген секілді әдемі ой қалдырып өткен.

Осылайша біздің пайымдауымызша да жалған кәсіпкерліктің субьектісі 16 жасқа толған есі дұрыс, кез келген адам болуы мүмкін.