Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Enbek kukygy.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
60.75 Кб
Скачать

Suleyman Demirel University

Тақырыбы: Еңбек құқығы

Орындаған: Қазыбекқызы Ж.

Тексерген: Әділханова А. Б.

Қаскелең-2014

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1 Еңбек құқығының пәні

2.2 Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары.

2.3 Еңбек құқығының субъектілері

2.4 Еңбек даулары

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан кәсіпорындардың, әртүрлі мекемелердің, жекешелендірудің дамуы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.» Еңбек құқығының пәні-еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды. Еңбектік өзара қарым-қатынастар әр азаматтың тіршілік әрекетінің ажырамас және өте маңызды бөлігі болып келеді. Орта есеппен 30% жуық уақытын адам күнделікті әріптестерімен, басшыларымен және қол астындағы жұмысшылармен өзара әрекеттесумен, өз лауазымдық міндеттерін атқарумен, одан басқа, өз еңбек ұжымының «бейресми» өміріне жиі қатысумен жұмыста өткізеді. Осының бәрі және басқалары еңбек қатынастарының бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының тұрғындарының сұралғандардың жартысы - 46,9% - жұмысшының еңбек құқықтарымен өте жақсы таныс екендерін және қалған 43,1% - ол туралы жалпы көрініс бар екендігі туралы сендірді(2010 ж.)

Еңбек құқығының пəні. Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» жəне «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы алғанда, құқық адамдардың əр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни, тəртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сəйкестендіреді. Еңбек құқығы

атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Ал еңбек дегеніміз не? Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар,еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін,басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге,

адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге жəне т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы жəне тіпті санасыз ғұмырында адам əйтеуір бір нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нəрсені əкеліп береді, апарады, жылжытады жəне т.б. Адамның қолынан жасалған заттың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нəтижесінде дүниеге келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне санаткерлік құндылықтар жасалады.

Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде жəне өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайды, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі?

Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нəтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне жалданбалы еңбек. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қаты-настарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пəніне кірмейді.Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі-кəсіпкерлердің, еңбек кооперацияларының қызметі жəне т.б. қызмет жатады. Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны құрмастан дəріхана, дүкен, шаштараз жəне т.б. орындарды ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі өз дəріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның, өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын

еңбегі де еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы Күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық əскерде, ішкі жəне сыртқы барлауда əскери міндетін өткеру еңбек құқығының пəніне жатпайды, олар əкімшілік құқықтың пəнін құрайды. Аталған органдардағы қызмет қарапайым жұмыс пен еңбек қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты. Сонымен, еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан

туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады. ҚР «Еңбек туралы» заңының 5-бабының 1-тармағы Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек

туралы заңдарға сəйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледі. Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды

қарастырып өтелік:

1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер) қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін, дағдыларын жəне т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек қатынастары шарттық жəне ақылы негізде жүзеге асырылады. Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар (тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал

жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек қатынастарына қызметкер жəне жұмыс беруші өз еркі бойынша қатысады. Еңбек құқығы қатынастарын қызметкердің жұмыс берушімен еңбек жағдайларын пайдалану жөніндегі заңды байланысы (қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға, ал жұмыс беруші оған жалақыны жүйелі түрде төлеуге міндетті) құрайды.

Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:а) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзінежүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл функция тұрақты сипатқа ие жəне соңғы нəтижемен аяқталмайды, яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар. Өзге құқықтық қатынастарда, мысалы, еңбекпен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір

тапсырма беріледі, ол бұл тапсырманы орындаған соң барлық міндеттемелер де тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар тəмамдалады; ə) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар;

б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, яғни, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. таңдай алады. Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дəлел ретінде қызметкердің жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын жəне

жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді қызметке алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады; в) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің

ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлескен қызметінің жағдайлары жəне тəртібі белгіленеді. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа мерзімді жалдау шарты бойынша адвокат, аспаз немесе

құрылысшы жұмысқа тартылған кезде жұмысты орындаушының өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс уақытында əлде түнде жұмыс істей ме жəне осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мəселе – жұмыстың уақтылы жəне сапалы орындалуы;

г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты;

д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты;

е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. Еңбекпен байланысты өзге де қатынастарда жұмысты орындаушы штатқа алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек үрдісіне қарағанда еңбектің нəтижесі маңыздырақ болады;

ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.

2. Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы қатынастардан туындайтын жəне олармен тығыз байланысты қатынастарды да реттейді. Олар:

1. еңбек ұжымының жұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы еңбек-əлеуметтік сауалдар бойынша қатынастары. Олар негізінен өндірісті ұйымдастыру жəне ұжымды басқарумен байланысты, сонымен қатар, нақты

ұйымдағы еңбек жағдайына, қызметкерлерге жағдай жасаудың материалдық-тұрмыстық жəне мəдени нысандарын жақсартуға, ұйымның қорын ұтымды пайдалануға, еңбекті нормалауға жəне қызметкерлердің ұжымдық жəне жеке мүдделерін көздейтін өзгеде мəселелерге байланысты болады. Бұл еңбек қатынастары жеке жəне ұжымдық еңбек шарттарының негізінде туындайды. Осы шараттар тараптардың арасында белгілі бір еңбек қызметін жүзеге

асыруға қатысты өзара міндеттемелерінің туындауына да негіз болып табылады. Бұл қатынастар еңбек құқығының басты пəні – еңбек қатынастарына қатысты қызметтік рөлді атқарады жəне еңбек қатынастарын ұйымдастыруға, оларды нақты бір қоғамдық еңбек кооперациясының шеңберінде басқаруға бағытталған;

2. кəсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау, еңбекке ақы төлеу жəне əлеуметтік кепілдіктер мəселелері бойынша жұмыс беруші жəне оның басшылығымен арасындағы қатынастары;

3. азаматтарды жұмысқа орналастыруға жəне жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың өздерінің қабілетіне жəне кəсіби дайындығына сай жұмыс табу мақсатында, жеке мүдделері мен қоғамдық қажеттіктерді ескере отырып, мемлекеттік органдарға жүгінуімен қатысты туындайды. Қазақстан

Республикасында жұмысқа орналастыру жөніндегі органдар жүйесінің болуы азаматтардың еңбекке қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Əсіресе, азаматтар жұмыссыз қалған жағдайда жұмыс іздеуге немесе өздерінің жаңа мамандығы бойынша кəсіби дайындықтан өтуге қатысты қиындықтарға ұшыраған кезде олардың рөлі ерекше. Тəжірибе

көрсетіп отырғандай, жұмыс іздеуге қатысты жəрдемді көп жағдайда əйелдер, оқу мекемелерін жаңадан тəмамдаған жастар, жұмыстан қысқартылған қызметкерлер қажет етеді. Жалпы алғанда жұмысқа орналасуға қатысты қатынастар еңбек қатынастарының алдында жүреді. Бұл ретте жұмысқа орналастыру жөніндегі органдар кадрларды қажет ететін ұйымдар мен белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысқа орналасуды қалайтын азаматтардың арасында делдалдық функцияларды

атқарады. Ең басты міндетті – жұмысқа орналастыруды – шешу үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік қызмет органдары аумақтардағы жəне нақты ұйымдардағы бос жұмыс орындары мен қызмет туралы мəліметтер жинағына ие болады;

4. қадағалау жəне бақылау органдарының жұмыс берушімен еңбек заңдарын жəне еңбекті қорғауды сақтау мəселесіне қатысты қатынастары. Бұл қатынастар құзыретті органдардың ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі заңшығарушылық жəне өзге де нормативтік актілердің жəне еңбек туралы заңдардың, қауіпсіздік техникасының жəне еңбектің өзге де қауіпсіз

Жағдайларының сақталуына қадағалау жасау қызметі барысында туындайды. Мысалы, мұндай органдардың қатарынан санитарлық эпидемиологиялық қызметті, өрт инспекциясын жəне т.б. атауға болады. Еңбек заңдарының сақталуына жалпы қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады. Еңбекті қорғауға жəне еңбек заңдарының сақталуына қадағалауды жүзеге асыру процесінде бұл органдар ұйымдармен, кəсіпорындармен құқықтық

қатынастарға түседі. Бұл қатынастар өз бетімен пайда бола бермейді, олар еңбекті қорғау жəне қызметкерлердің құқықтарын қорғау қажеттігіне байланысты туындайды. Сондықтан, аталған қорғаушылық қатынастар қосымша санатқа жатады. Алайда, бұл қатынастар кəсіпорынның жұмысы басталмай тұрып та туындауы мүмкін (мысалы, ұйымды ұйымдастыру жəне қайта өңдеу кезеңінде еңбекті қорғауға алдын ала қадағалау жасау);

5. Өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті көтеруге қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың жеке, бригадалық немесе курстық

білім алу кезінде жұмыс мамандықтарын алуымен қатысты туындайды. Əдетте мұндай білім алмастан бұрын олар дербес жұмыс істеумен айналысады.Бұл қатынастардың мазмұнын жай еңбектің өзі емес, белгілі бір

мамандыққа жəне біліктілікке оқыту құрайды. Олардың мақсатты

бағыттылығы өндірістегі кəсіби білім алу арқылы азаматтарды білікті

қызметкерлер ретінде дайындауды қаматамасыз етуден көрініс табады.

Кəсіби дайындыққа қатысты қатынастардың туындауы азаматтардың ұйыммен шарт жасасуымен байланысты. Бұл шарт арқылы тараптар өздеріне кəсіби білім алуға қатысты өзара міндеттемелерді қабылдайды. Кадрларды кəсіби дайындауға қатысты қатынастардың ұзақтығы белгілі бір мерзіммен шектеледі. Оқуды нəтижелі аяқтаған сайын азаматтар біліктілік емтихандарын тапсырады. Оларға тиісті мамандық пен біліктілік беріледі, бұдан соң жұмыс берушінің бұйрығымен немесе өкімімен олар дербес

жұмысқа алынады жəне еңбек қатынастарының толық құқылы қатысушыларына айналады;

6. жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар. Бұлар қызметкерлердің еңбек жағдайларын жəне еңбек заңдарының нормаларын белгілеу мəселелеріне қатысты реттелмеген келіспеушіліктерді еңбек дауларын қарайтын органдардың

шешуімен байланысты туындайды. Бұл қатынастардың қатысушылары болып бір жағынан қызметкер – жұмыс беруші, еңбек ұжымы – жұмыс беруші табылса, екінші жағынан – еңбек дауларын қарау жөніндегі орган табылады. Бұл қатынастар іс жүргізушілік сипатқа ие, себебі олар еңбек дауын шешудің материалдық жағына емес, оны шешудің процедурасына қатысты болады.

Аталған қатынастардың барлығы еңбек құқығының пəні болып табылады. Ал қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастары еңбек құқығының басты пəні бола отырып, өзімен тығыз байланысты өзге де қатынастардың туындауына əсер етеді. Бұл қатынастардың кейбіреулері еңбек қатынастарымен қатар туындап, тоқтатылады. Ал басқалары (мысалы, еңбек дауларына қатысты қатынастар) қызметкердің қызметі барысында

туындамауы да мүмкін. Мұндай қатынастар (мысалы, еңбек дауларына қатысты) қызметкердің жұмысы барысында туындамауы мүмкін жəне көп жағдайда туындамайды да. Олар тек көрнеу зиян тигізген жағдайда орын алады.

Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пəнін қоғамдық қатынастардың екі тобы құрайды:

1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі;

2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты жəне солардан туындайтын өзге де қатынастар.

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары.

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз

байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың əрқайсысы өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек

үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы. Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне жəне өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан көрініс табады. Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары деңгейіне жетуге, қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған. Еңбек құқығының функциялары – бұл еңбек құқығы нормаларының күшінің негізгі бағыттары. Оларға жоғарыда аталған реттеуші жəне қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының ерекше функцияларының қатарынан əлеуметтік, қорғаушы, шаруашылық-өндірістік, тəрбиелеу жəне өндірістік демократияны дамыту функцияларын атауға болады. Əлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз

етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына жəне еңбекті қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады. Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған. Шаруашылық-өндірістік функция өндірістің тиімділігін, еңбектің өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды, еңбек тəртібін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Тəрбиелеу функциясы еңбек тəртібін сақтауды талап етуден, материалдық жəне моральдық жауапкершілік мəселелерінен көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]