Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турик алиппеси.docx
Скачиваний:
699
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
60.01 Кб
Скачать

Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Алфавит

Түрік тілінде барлығы 29 әріп (әр әріпке бір дыбыстан) бар. Олардың сегізі — дауысты (ünlü), қалған жиырма бірі — дауыссыз (ünsüz) дыбыстар.

Türkçe

Оқылуы

Қазақша баламасы

Мысал – Örnek

A a

a

А

anne [аннэ] – ана

B b

be

Б

baba – әке

C c

ce

Дж, Ж (жуан)

can [джан] – жан

Ç ç

çe

Ч

çorba – сорпа

D d

de

Д

defter – дәптер

E e

e

Ә, Е, Э

elma [эльма] – алма

F f

fe

Ф

fil [филь] – піл

G g

ge

Г

bilgin [бильгин] – ғалым

Ğ ğ *

yumuşak ge

Ғ (оқылмайды), жұмсақ Г

dağ [дааг] – тау

H h

he

Х

hasta – ауру

I ı

ı

Ы

kapı [капы] – есік

İ i

i

И

dil [диль] – тіл

J j

je

Ж

japon – жапон

K k

ke

К

kalem [калем] – қалам

L l

le

Л

bal [бал] – бал; el [эль] – қол

M m

me

М

misal – мысал

N n

ne

Н

nokta – нүкте

O o

o

О

oda – бөлме

Ö ö

ö

Ө

göz – көз

P p

pe

П

parti – партия

R s

re

Р

resim – сурет, кескін

S s

se

С

sakal – сақал

Ş ş

şe

Ш

şehir – шаһар, қала

T t

te

Т

tren [трэн] – пойыз

Uu

u

У

uzak – ұзақ

Ü ü

ü

Ү

ürkmek – үрку, шошу

V v

ve

В

vakit – уақыт

Y y

ye

Й

sayfa – бет (парақ)

Z z

ze

З

zengin – бай

* Жоғарыда Ğ ğ әрпінің белгілену себебі, ол басқа әріптерге қарағанда біраз өзгешелеу. Ğ ğ әрпі кездесетін сөздерде ол Ғ ретінде оқылмайды. Кей сөздерде жұмсақ Г ретінде оқылады, ал енді бір сөздерде өзінің алдында тұрған дауысты дыбысты ұзартады. Мысалы: dağ [дааг] тау, ağ[аач] ағаш, тал. Бұл ерекше әріппен басталатын ешқандай сөз жоқ. Түрік әліпбиіндегі әріптерді есте жақсы сақтау үшін әрі оған қосымша ретінде күнделікті көріп-біліп жүрген заттардың түрікше атауын білу, үшін назарларыңызға бейнелі алфавитті ұсынамын. Қазақ тілі мен түрік тілі ұқсас болғандықтан көп сөздердің аудармасын жазбады Алфавит кестесіне түсініктеме:Түрік тілінде Ь (жіңішкелік белгісі) жоқ. Дегенмен, көптеген сөздердің айтылуында жіңішкелік белгісінің орынын байқаймыз. Ондай мысалдардың оқылуын және оқылуы аздап өзге болып келетін мысалдардың оқылуын тік жақшаның ішіне алып жаздым.

Дауыстылардың екі түрі бар: жуан (қалың) және жіңішке Kalın Sesliler: a, ı, o, u İnce Sesliler : e, i, ö, ü Ережелері

  • Түрік тіліндегі сөздер қалай жазылса, солай оқылады;

  • Үстінде қалпағы бар «а» әрпі (â) кездессе, ол жұмсақ болып оқылады. Қазіргі кезде көп қолданылмайды.