Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Глоссари

.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
15.13 Кб
Скачать

  • ГЛОССАРИЙ

  • 1.Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі ол бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аймағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

  • 2. ТҚН (ОБЖ) басқару органдары – бейбіт және соғыс уақытында өмір тіршілігін қамтамасыз ететін шараларды орындауды және басқаруды жүргізетін барлық мекемелер, Қазақстан республикасының орталық және жергілікті басқару органдары нысаналық құрылым, облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқару органдарда, мекемелерде құрылған ТҚН және төтенше жағдай қызметтерінің құрылымы.

  • 3. ТҚН (ОБЖ) құрылымы – территориялық және нысаналық құрылым, облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқару органдарда, мекемелерде құрылған ТҚН және төтенше жағдай қызметтерінің құрылымы.

  • 4. ТҚН органдарының күштері - әскери бөлімшелер, территориялық, нысаналық құрылымдар, ТҚН және төтенше жағдай қызметтерінің құрылымы, оперативтік-құтқару отрядтары.

  • Республикасы Үкіметінің, Әкімдердің, орталық және жергілікті атқару органдары және мекеме басшыларының шешімімен құрылатын республикалық,облыстық, аудандық және қалалық ТҚН және төтенше жағдай қызметтерінің құрылымы.

  • 6. Оперативті-құтқару отрядтары – күрделі нысаналарда және жетуі қиын аудандарда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мекемелер.

  • 7. Эвакуациялық органдар – халықты, материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін өндіріс орындарын қауіпсіз аймаққа шығаруға арналған орталық және жергілікті атқару органдары құрған эвакуациялық және қабылдау комиссиялары.

  • 8. Қорғаныстық құрылыстар фонды – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, сонымен бірге қазіргі замандағы жаппай жоютын құралдардан халықты және өндіріс қызметкерлерін арнайы қорғауға арналған барлық инженерлік құрылыстардың бірлестігі.

  • 9. Шаруашылық объектілері – ауылшаруашылығында, өндірісте және басқада қоғамдық салаларда қолданылатын ғимараттар,құрылымдар және басқада құрылыстар.

  • 10. Улану –адамға химиялық заттар әсерінің қорытындысы, ол ауруға немесе өлімге алып келуі мүмкін.

  • 11. Дүлей зілзала (стих. бедствие) – табиғи ортаның өзгеруіне байланысты адамның өліміне немесе ден-саулығының нашарлануына және материалдық шығындарға алып келетін жағдай.

  • 12. Авария – материалдық құндылықтардың зақымдалуына және жойылуына алып келетін өндірістік кәсіпорындарда, көліктерде және басқада объектілерде жұмыстың кездейсоқта тоқталуы немесе өндірістік технология процессінің бұзылуы.

  • 13. Апат – қайғылы жағдайға алып келетін кездейсоқ зілзала. Апат жағдайларында ғимараттардың және әр түрлі құрылғылармен құрылыстардың қирауы, материалдық құндылықтардың жойылуы және адам шығындары болады.