Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

05-11-2013_20-41-45 / ГРПП 1

.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
71.68 Кб
Скачать

Азаматтық іс жүргізу құқығы

Адам сотта қарсы куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы:A) Өз-өзіне.C) Зайыбына.D) Жақын туысқандарына.

Азаматтық құқықтарды қорғау келесі нысандарда жүзеге асырылады:D) Соттық.F) Әкімшілік.H) Қоғамдық.

Азаматтық сот өндірісі – бұл келесі субъектілердің қызметі:B) Соттың.E) Іс жүргізуге қатысушылардың.F) Тараптардың.

Азаматтық сот өндірісі қандай түрлерге бөлінеді:A) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істеріB) бұйрық бойынша іс жүргізу істеріG) талап қоюмен іс жүргізу істері

Азаматтық сот өндірісінің түрлері:C) Ерекше өндіріс.F) Талап өндірісі.H) Ерекше талап өндірісі.

Азаматтық сот ісін жүргізуде жоғары қадағалауды жүзеге асыратын прокуратураның қызметін реттейтін заң актілері:D) «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» ҚР заңыF) ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіH) ҚР Конституциясы

Азаматтық сот ісін жүргізуде прокурордың процессуалдық орны:D) прокурор азаматттық іс жүргізу құқығының субъектісіE) егер ол басқа тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға арыз бере отырып сотқа жүгінсе, онда ол талапкердің іс жүргізу құқықтарын ішнара пайдаланады.H) прокурор іске қатысушы тұлға

Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық қағидалары:B) диспозитивтікD) тараптардың тең құқықтылығыH) тараптардың айтысуы.

Азаматтық іс бойынша түсініктеме беретін тұлға:A) талап қоюшыB) жауапкерH) үшінші тұлға

Азаматтық іс жүргізу әдісі:D) Императивтік әдісіG) Императивті-диспозитивті әдісіH) Диспозитивтік әдісі

Азаматтық іс жүргізу құқығы келесі саладағы қоғамдық қатынастарды реттейді:B) Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүргізу.C) Сот актілерін орындау.F) Сот пен іс жүргізушілердің қызметі.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы – бұл келесі білімдердің жүйесі:B) Азаматтық сот өндірісінің заңдылықтары туралы.D) Сот төрелігін жүзеге асырудың теориясы туралы.E) Сот төрелігін жүзеге асыру туралы ойлар мен тәжірибе туралы.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалар жүйесі дегеніміз:A) Қағидалардың ретке келтірілген жиынтығы.C) Логикалық өзара байланысты қағидалар жиынтығы.E)Азаматтық іс жүргізу қағидаларының тұтастығы.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары анықтайды:C) Қоғамдық өмірдің маңызды заңдылықтарын.E)Құқықтың нормативтік-басқару негіздерін.G) Азаматтық іс жүргізудің мәнісін.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары келесі түрлерге бөлінеді:A) Конституциялық, салалық, салааралықD) Сот пен іске қатысушылардың қызметін реттеуші.E) Сот құрылымын анықтаушы және қызметтік.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидасы болып табылады:B) Диспозитивтілік.D) СайысушылықG) Істі тікелей жүргізу.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздеріне жатқызылады:A) 1999 ж. 13 шілдедегі ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы.D) 2010 ж. 2 сәуірдегі ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңы.F) 1995 ж. 30 тамыздағы ҚР Конституциясы.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәнін келесі салада туындайтын қоғамдық қатынастар құрайды:A) Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу.B) Екінші сатыдағы сотта іс жүргізу.D) Атқарушылық іс жүргізу.

Азаматтық іс жүргізу нысанының белгісі болып табылады:C) ӘмбебаптылықF) Нормативтілік.H) Жүйелілік.

Азаматтық іс жүргізу сатысы болып табылады:B) Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу.C) Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу.G) Сот қадағалауы тәртібінде іс жүргізу.

Азаматтық іс жүргізу сатысы дегеніміз:A) Сот өндірісінің бір бөлігі.B) Іс жүргізу әрекеттерінің белгілі бір тобы.E) Дербес мақсатқа жетуге бағытталған.

Азаматтық іс жүргізуде сот қолданатын мәжбүрлеу шаралары:B) сот отырысы залынан шығарып жіберуE) еріксіз келтіруF) азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша екі мәжбүрлеу шарасы қолданылады

Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу процесінің сатылары:A) жинау және сотқа ұсыну сатысыD) зерттеу сатысыF) бағалау сатысы

Азаматтық іс жүргізудегі тараптарға түсінік беріңіздер:B) талап қоюшы мен жауапкерD) даулы материалдық құқықтық қатынастың субъектілеріE) азаматтық іс жүргізудің негізгі субъектілері, оларсыз талап қоюмен іс жүргізу мүмкін емес

Азаматтық іс жүргізудің басқа органдардың қызметінен айырмашылығы:C) Арнайы іс жүргізу нысанының болуы.F) Сот төрелігін жүзеге асыру нысаны болады.G) Қатаң іс жүргізу тәртібінде жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізудің міндеті болып табылады:D) Бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау.E) Бостандықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау.G) Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту.

Азаматтық іс жүргізудің салалық қағидасы болып табылады:C) Диспозитивтілік.E) Тараптардың тең құқықтылығы.H) Сайысушылық.

Азаматтық іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіретін процеске қатысушы:B) даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғаC) даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғаD) талап қоюшы

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптеріне жатқызамыз:B) жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуD) адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауG) сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдану құқығы тиесілі:B) Тараптарға.C) Іске қатысушы басқа да тұлғаларға.E) Сот құқықтары мен міндеттеріне қатысты акт шығарған тұлғаларға.

Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер:B) Іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі.D) Материалдық нормалардың бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы.E) Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы.

Арызды қараусыз қалдырудың негіздемелері:A) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса.D) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алыдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпте қолданудың мүмкіндігі жоғалмасаE) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе

Бұйрықтық іс жүргізуге түсінік беріңіз:F) бұйрықтық іс жүргізу-бұл міндеттерді орындамаған тарапқа қарсы даусыз құжаттарға арқа сүйейтін тұлға ретінде несие берушінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ерекше нысаны.G) бұйрықтық іс жүргізу-бұл қысқартылған сот ісін жүргізуде арызданушының талаптары негізделген және құжат түрінде құпталған жағдайда, сот бұйрығы негізінде, қарызды өндіріп алуға жол беріледі.H) бұйрықтық іс жүргізу-бұл материалды-құқықтық қатынастардың құқықтық табиғатымен шартталған сот бұйрығын беру бойынша қысқартылған құқытық процедура.

Бітімгершілік келісімін жасау құқығын кім пайдаланады:F) даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғаG) жауапкерH) талап қоюшы

Ведомстволық бағыныстылықтың түрлері:C) балама ведомстволық бағыныстылықG) тектік ведомстволық бағыныстылықH) аумақтық ведомстволық бағыныстылық

Дәлелдеуге жатпайтын фактілер:A) Жалпыға белгілі танылған.E) Бұрын белгіленген.G) Анықталды деп ұйғарылған фактілер.

Дереу орындауға жататын шешімдер:B) Алимент алып беру туралы.D) Жұмысқа қайта орналастыру туралы.H) Ереуілді заңсыз деп тану туралы.

Ерекше өндірістің ұғымын беріңіз:A) ерекше өндірісте мәлімдеушілер және мүдделі адамдар қатысады және талап қою өндірісінің кейбір институттары қолданылмайдыC) ерекше өндірісте құқық туралы дау жоқ және қарама-қарсы мүдделі тараптар жоқH) ерекше өндіріс-құқық туралы дауды шешумен байланысты емес заң деректерді сот анықтайтын және азаматтың құқықтық мәртебесі анықталатын және нотариат немесе АХАЖ органдары әрекеттерінің құқықтылығына бақылау жасау жөніндегі азаматтық іс жүргізудің түрі

Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы іс қозғалады:B) Тараптармен.C) Прокурормен.F) Үшінші тұлғамен.

Заңда көзделген келесі жағдайларда істі қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады:B) Бала асырап алу құпиясын сақтау.D) Жеке, отбасылық құпияларды сақтау.F) Коммерциялық құпияны сақтау.

Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарын қайта қарау институтының негізгі ерекшеліктері:C) апелляциялық шағымданудың, наразылық келтірудің пәні болып заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдары табылады.D) апелляциялық тәртіпте іс қаралған кезде сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді.G) істе бар материалдар бойынша ғана қарастырады.

Заңды күшіне енген сот актілеріне өтініш беруге, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар:B) Тараптар.C) Іске қатысушы тұлғалар.E) ҚР Бас прокуроры.

Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздер:D) Арыз берушіге белгілі болмаған елеулі мән-жайлар.F) Куәнің көрінеу жалған жауаптары.H) Тараптардың, судьяның қылмысты әрекеттері.

Заңдылық қағидасы бойынша сот міндетті:C) Заң талаптарын дәлме-дәл сақтауға.G) Артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.H) Ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады.

Заңмен немесе сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімдер түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы келесіде:A) сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі азаматтық іске қатысушыларға байланысты тек сотпен бекітіледі.B) заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімін сот және тараптар, іске қатысушылар өзара келісімдер бойынша өзгерте алмайдыC) заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімі сотқа және азаматтық іске басқада қатысушыларға міндетті

Кассациялық сотта істі қарау мерзімі:B) 1 ай мерзімде қараладыC) ҚР АІЖК-нің 383-14 бапта көзделген тәртіппенF) Түскен күннен бастап бір ай ішінде үш судья қарауға тиіс

Кассциялық сатының қаулысында көрсетіледі:D) соттың тұжырымдар жасауына алып келген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме.E) қаулының шығарылған күні мен орныG) кассациялық шағым немесе наразылық берілген тұлға.

Куә ретінде жауап алуға жатпайды:B) Судья.F) Медиатор.H) Дін қызметшілері.

Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізудің қайнар көздері:B) ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларыD) ҚР КонституциясыG) ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің түрлері:B) сот қаулысыD) сот шешіG) сот ұйғарымы

Қандай шешімдер дереу орындалуға жататынын көрсетіңіз:C) алимент өндіріп алу туралыE) алимент өндіріп алу туралы, бұрынғы жұмысына қайтадан орналастыру және жұмысшыға жалақысын өндіріп беру туралы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа; мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдау арқылы, сондай-ақ асырушысынан айырылуына байланысты келген зиянды үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы.F) бұрынғы жұмысына қайтадан орналастыру және жұмысшыға жалақысын өндіріп беру туралы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа;

ҚР соттарында шетелдік тұлғалардың қатысуымен істерді қарау үшін негіздер:C) Жауапкердің ҚР-сы аумағында мүлкінің болуы.F) Талап қою ҚР аумағында орындалуға тиіс шарттан туындағанда.H) ҚР аумағында шетелдік тұлғаның филиалы болғанда.

Материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі, егер сот:C) Қолданылуға тиісті заңды қолданбаса.D) Қолданылмауға тиісті заңды қолданса.F) Заңды дұрыс түсіндірмесе.

Мемлекеттік баж салығы азаматтық іс қозғалғанға дейін төленеді:D) дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғаменF) талапкерменG) ерекше өндіріске қатысатын ары берушімен

Мемлекеттік баж төлеуден босатылады:C) Алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшыларG) Ұлы Отан соғысына қатысқан және оларға тең тұлғалар бірінші және екінші топтағы мүгедек талап етушілер –барлық істер мен құжаттар бойыншаH) Прокуратура органдары

Мемлекеттік орган мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қорытынды беру үшін процеске қатыса алады:A) Өзінің бастамашылығы бойынша.D) Іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығымен.F) Соттың бастамашылығы бойынша.

Өкілдің өкілеттіктері:D) талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішнара бас тартуғаE) талап арызға қол қоюғаH) талап қоюдың нысанасын немес негіздемесін өзгертуге.

Өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін кім қалпына келтіреді:D) ол мерзім дәлелді себептермен өткізіліп алынса, судья қалпына келтіре аладыF) істі өндірісіне қабылдағын сотH) сот

Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда міндетті болады:B) Заңда көзделгенде.D) Сот танығанда.F) Мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша.

Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты:E) заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақытылы және тиімді шара қолдануF) құқық бұзушылықтың алдын алуH) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау.

Сайысушылық қағидасын үш қырынан қарастыру қажет:B) Тараптар мен өзге тұлғалардың дәлелдемелік қызметімен байланысты.D) Тараптың өзіндік заңдық позициясын таңдап алуы.G) Іс жүргізуді өткізу нысанымен байланысты.

Сарапшы немесе маман не аудармашы істі қарауға мына жағдайларда қатыса алмайды:E) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе туәелділікте болып келсеG) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылсаH) олардың білікті емес екені байқалса.

Сарапшының міндеттері:B) жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беругеD) өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге.H) соттың шақыруы бойынша келуге.

Сот актілеріне тән белгілерін көрсетіңіз:A) құқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасаладыF) нақты бір жағдайда қолданыладыH) ресми акт болып танылатын-құжат

Сот бұйрығы шығарылады, егер талап негізделсе:C) Жазбаша мәмілеге.E) Нотариалды куәландырылған мәмілеге.H) Төленбеген векселге наразылыққа.

Сот келесідей заңдық фактілерді анықтау туралы істерді қарайды:C) Адамдардың туыстық қатынастарын.G) Жазатайым жағдайды.H) Адамның біреудің асырауында болуы.

Сот кеңесу бөлімінде іс бойынша қорытындысын белгілеу үшін айқындайды:A) сот дәлелдемелерге баға береді (дәлелдемелердің қатыстылығы, растығы, жол берілуі, жеткілігі айқындаладыC) іс үшін маңызы бар қандай мән –жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптар мен үшінші тұлғалар сілтеме жасаған мән-жайлар орын алдыма, қандай дәлелдемелер бұл мән-жайларды растайтынын не растамайтындығын айқындайды.H) тараптардың құқықтық қатынастарын және осы іс бойынша қолдануға жататын материалдық және процессуалдық құқық нормаларын белгілейді

Сот мәжбүрлеу және жауаптылық шараларын аталған тұлғаларға мына жағдайларда қолданады:B) сотқа құрметпен қарамаған жағдайдаD) сот оытырысында тәртіп бұзғаны үшінH) сот актілерін орындамағанда қолданылады.

Сот төрелігін жүзеге асыруға көмектесуші тұлғалар тобына кіреді:A) Куә.C) Аудармашы.H) Сарапшы.

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьялардың тәуелсіздігі:D) судья тәуелсізE) судья ҚР Конституциясына бағынадыG) судья ҚР заңдарына бағынады

Сот іс бойынша іс жүргізуді қысқартады, егер:C) Талап қоюшы өз талабынан бас тартса.D) Тараптар бітімгершілік келісімін жасаса.H) Іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса.

Сот іс жүргізуді келесі негіздер бойынша тоқтата тұруға міндетті:C) Істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда.E) Істе тарап болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған, таратылғанда.G) Тарап әрекет қабілеттілігінен айырылғанда.

Сот істі басқа соттың қарауына берілетін жағдайлар:D) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмасаE) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасасаF) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылдағаны анықталса

Сот ісін жүргізу тілі қағидасы бойынша:A) Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі.B) Сотта ана тілінде сөйлеу құқығы қамтамасыз етіледі.H) Іс материалдары тегін аударылады.

Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар:D) судьяларE) тергеушілерH) прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары.

Сотта іс қараудың тікелей жүргізілуі қағидасы бойынша сот міндетті тікелей:B) Дәлелдемені зерттеуге.D) Тараптардың түсініктерін тыңдауға.G) Құжаттармен танысуға.

Сотта істі қарауға дайындау кезінде судьямен қандай процессуалдық іс әрекеттер жасалатындығын көрсетіңіз:D) судья қандай әрекеттерді жасау керектігін ҚР АІЖК-нің 170 –бабындағы процессуалдық әрекеттердің тізімі бойынша істің сипатына байланысты шешедіE) істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тіртібімен судья ҚР АІЖК-нің 170 –бабында процессуалдық әрекеттердің тізімі көрсетілген және істің сипатына байланысты қандай әрекеттерді жасау керектігін шешедіF) ҚР АІЖК-нің 170 –бабында процессуалдық әрекеттердің тізімі көрсетілген және істің сипатына байланысты судья қандай әрекеттерді жасау керектігін шешеді

Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы бойынша:A) Сотта істі қарау ашық жүргізіледі.C) Сотта істі қарау барысын жазып алуға рұқсат берілген.D) Дыбыс жазуды, бейне жазуды пайдалауға рұқсат берілген.

Соттардың тәуелсіздігі қағидасы бойынша:B) Іс бойынша судьялар есеп бермейді.D) Судья ҚР Конституциясы мен заңға ғана бағынады.F) Сот төрелігіне араласуға жол берілмейді.

Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы бөлімдері:B) істі мәні бойынша қарау бөліміC) әзірлеу бөліміF) сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі және шешім шығару және жариялау бөлімі

Соттың мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы ұйғарымына шағым жасауға бола ма:D) наразылық келтірілуі мүмкінF) шағым беру немесе наразылық келтіру іске қатысушы тұлғаның құқығыG) жеке шағым берілуі мүмкін

Судья талап арызды қайтарады, егер:B) Дауды сотқа дейін алдын ала шешу тәртібі сақталмаса.C) Іс осы соттың соттауына жатпаса.F) Арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе.

Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау мақсаттары:B) азаматтық істі тез қарап шешуF) жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алуH) жауапкерді тәртіпке салу

Сырттай іс жүргізудің негіздері:A) Жауапкердің сот отырысына келмеуі.C) Келмей қалуының дәлелді себептері туралы хабарламауы.G) Талап қоюшының бұған қарсы болмауы.

Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар:A) мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжатF) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесіH) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері

Талап арызды қайтару:B) іс осы соттың соттауына жатпасаD) осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса.F) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе

Талап қою бағасы айқындалады:B) ақша қаражатын өндіріп алу туралы талап қоюларда-өндірілетін сомаменE) мүлікті талап ету туралы талап қоюларда- талап ету кезінде мүліктің тұрған жерінде нарық бағасы бойынша анықталатын, табылған мүліктің құныменH) алименттер өндіріп алу туралы талап қоюларда –бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен

Талаптың элементтері болып табылады:B) Пәні.D) Мазмұны.H) Негізі.

Тапсырма бойынша соттағы өкілдіктің түрлері:D) ШарттықF) ЖарғылықH) Қоғамдық.

Ұл (қыз) асырап алу туралы іс сотта кімнің қатысуымен қаралады:A) баланы асырап алушылардың өздерінің қатысуыменB) баланы асырап алушылардың өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, прокурордыңG) асырап алу туралы іс сотта асырап алушылардың өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, прокурордың қатысуымен

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға жатады:B) Жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар.D) Тараптарға хабарлау және сотқа шақыру жөніндегі шығындар.H) Сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар.

Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы және дұрыс қолданылмауы дегеніміз:C) Сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ережені бұзу.E) Шешімде көрсетілгеннен басқа судьяның қол қоюы.G) Істе сот отырысы хаттамасының болмауы.

Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы:D) айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті айы мен күнінде бітедіE) жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айынды және күнінде бітедіF) егер айлармен есептелетін мерзімнің соңғы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді

Іске қатысушы тұлға ретінде танылады:B) ТараптарD) Үшінші тұлғалар.E) Прокурор.

Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары:A) қарсылықтарын мәлімдеугеF) іс материалдарымен танысуғаH) дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға

Іске қатысушы тұлғалардың құрамына кім кіреді:A) тараптарB) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыF) прокурор

Істерді қандай сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады:A) қадағалау сатысындағыE) кассациялық сатысындағыH) кассациялық немесе қадағалау сатысындағы

Істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі келесі жағдайларда:D) Процеске қатысушылардың келмеуі.F) Қарсы талап қою.H) Қосымша дәлелдемелер ұсыну қажеттігі.

Істі мәні бойынша қарау неден басаталатынын атаңыз:B) төрағалық етуші талапкерден өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талапкердің талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны, тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы сұрауынан.E) істі мәні бойынша қарауды төрағалық етуші талапкерден өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талапкердің талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны, тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы сұрауынан бастайдыG) істі мәні бойынша қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші талапкерден өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талапкердің талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны, тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-қаламайтыны туралы сұрауынан бастайды

Істі сотта қарауға дайындау жүргізіледі:C) ҚР АІЖК-нің нормаларына сәйкес істі қарауға дайындау судьямен жүргізіледіD) істі қарауға дайындау судьямен жүргізіледіH) судьямен

Соседние файлы в папке 05-11-2013_20-41-45